Туроператорлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1670 Қаулысы
(2015.04.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 606 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ҚР Үкіметінің 2015.04.06. № 405 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті туроператорлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып белгіленсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 481 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 210-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі № 879 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 39, 428-құжат);
3) «Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 481 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1587 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 9, 185-құжат).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Туроператорлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі. ҚР Үкіметінің 2015.04.06. № 405 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)