3) қылмыстық iс жүргiзу заңының едәуiр бұзылуы;
4) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;
5) жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес келмеуi бiрiншi сатыдағы сот үкімінiң күшiн жоюға не оны өзгертуге негiз болып табылады.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 413-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
413-бап. Сот тергеуiнiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi
1. Анықталған жағдайда iстiң дұрыс шешiлуi үшiн елеулi мәнi болуы мүмкiн мән-жайларды ашылмаған күйi қалдырған сот тергеуi бiржақты немесе толық емес деп танылады.
2. Iс бойынша:
1) айғақтарының iс үшiн елеулi мәнi бар адамдардан жауап алынбаған немесе заң бойынша жүргiзiлуi мiндеттi болып табылатын сараптама жүргiзiлмеген, сол сияқты елеулi мәнi бар құжаттар немесе заттай дәлелдемелер сұратып алынбаған;
2) iстi соттың жаңадан қарауына берген сот қаулысында аталған дәлелдемелер зерттелмеген;
3) сотталғанның жеке басы туралы деректер жеткiлiктi дәрежеде толық анықталмаған барлық жағдайда сот тергеуi толық емес деп танылады.
3. Сот тергеуі олқылықтарының орнын толықтырғаннан кейін апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 411-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдайды.
4. Осы Кодекстің талаптары сақтала отырып, қысқартылған тәртіппен жүргізілген сот тергеуі толық емес немесе біржақты деп қарастырылмайды және ол осы негіздер бойынша сот үкімінің (қаулысының) күшін жоюға әкеп соқпайды.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 414-бап өзгертілді
414-бап. Соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының iстiң нақты мән-жайына сәйкес келмеуi
1. Егер
1) сот тұжырымдары сот отырысында қаралған дәлелдемелермен расталмаса;
2) сот өз тұжырымдарына едәуiр ықпал ете алатын мән-жайларды ескермесе;
3) сот тұжырымдары үшiн елеулi мәнi бар қарама-қайшы дәлелдемелер болған жағдайда, үкiмде (қаулыда) соттың бұл дәлелдемелердiң бiреулерiн қабылдап, екiншiлерiн қабылдамай тастауына қандай негiздер болғаны көрсетiлмесе;
4) соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарында елеулi қайшылықтар болып, олар iстiң шешiлуiне, соның iшiнде сотталғанның, ақталғанның кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi туралы мәселенi соттың шешуiне, қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығына немесе жазалау шараларын анықтауға ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн болса үкiм (қаулы) iстiң нақты мән-жайына сәйкес келмейдi деп танылады.
2. Іс материалдарын, тараптар табыс еткен және істі апелляциялық қарау барысында алынған дәлелдемелерді қарап шығып, сот оларды жаңадан бағалауға және осы Кодекстің 411-бабының бірінші бөлігінде көзделген жаңа шешім қабылдауға құқылы.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 415-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 415-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
415-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының елеулi түрде бұзылуы
1. Алдын ала тергеу барысында немесе істі сотта қарау кезінде жол берілген осы Кодекстiң принциптерi мен өзге де жалпы ережелерін бұзушылықтар, сондай-ақ iске қатысушы адамдарды заңда кепілдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым көрсету, сот iсiн жүргiзу рәсiмiн сақтамау жолымен немесе өзгедей жолмен iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге кедергi жасаған, сот төрелігінің үкімін немесе соттың өзге де шешімдерін шығаруға ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін заңды өзге де бұзушылықтар қылмыстық iс жүргізу заңын елеулi түрде бұзушылық болып танылады.
2. Бірінші сатыдағы сот міндетті түрде зерттелуге тиіс дәлелдемелердің зерттелмеуі салдарынан жол берген сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі жол берілетін дәлелдемелерді талқылаудан қателесіп алып тастаудың немесе тарапқа іс үшін маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерді зерттеуден негізсіз бас тартудың не жол берілмейтін дәлелдемелерді зерттеудің нәтижесі болып табылса, үкімнің күші жойылуға немесе ол өзгертілуге жатады.
3. Егер:
1) сот осы Кодекстiң 37-бабында көзделген негiздер болғанда қылмыстық iстi қысқартпаса;
2) үкiмдi соттың заңсыз құрамы шығарған болса;
3) осы Кодекстiң 315-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген реттердi қоспағанда, iс сотталушы жоқта қаралса;
4) заң бойынша қорғаушының немесе жәбірленушінің өкілі қатысуы мiндеттi болғанда, сотта iс олардың қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының қорғалу құқығы өзгедей жолмен бұзылса;
5) сотта сотталушының немесе жәбірленушінің ана тілін немесе өздері білетін тiлдi не аудармашының қызметiн пайдалану құқығы бұзылса;
6) сотталушыға сот жарыссөзiне қатысу құқығы берілмесе;
7) сотталушыға соңғы сөз берiлмесе;
8) үкім шығару құпиясы бұзылса;
9) үкiмге судья қол қоймаса;
10) iсте сот отырысының хаттамасы болмаса, кез келген жағдайда үкімнің (қаулының) күшi жойылуға тиіс.
416-бап. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң жалпы бөлiмi талаптарының бұзылуы;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi ерекше бөлiмiнiң қолданылуға тиiстiсiнен басқа баптың, бап бөлiгiнiң, бап бөлiгi тармағының қолданылуы;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабының санкциясында көзделгендегiден неғұрлым қатаң жазаның белгiленуi қылмыстық заңды дұрыс қолданбау болып табылады.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 417-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
417-бап. Сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабының санкциясында көзделген шектен шықпағанымен, өзінің түрі мен мөлшері бойынша шектен тыс жеңілдігі немесе шектен тыс қатаңдығы салдарынан әділетсіз болып табылатын жаза қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейді деп танылады.
2. Апелляциялық сатыдағы сот жазаны жеңілдетуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға байланысты, сондай-ақ сотталған адамның іс-әрекетін қайта сараламастан неғұрлым қатаң жаза тағайындау туралы шешім қабылдауға құқылы. Айыптау тарапының шағымдарында немесе прокурордың наразылығында тиісті дәйектер бар болған кезде және солардың шегінде ғана сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға жол беріледі. Неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану сотталушыға тағылған және бірінші сатыдағы сотта айыптау тарапынан қолдау тапқан айыптау шегінен шықпауға тиіс.
3. Бірінші сатыдағы сот қылмысты мемлекеттік және жеке айыптаушылардың айыпты неғұрлым ауыр емес айыпқа өзгертуіне байланысты осы Кодекстің 317-бабы жетінші бөлігінің негізінде саралау туралы шешім қабылдаған жағдайларда, апелляциялық сатының неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ, алайда ол жазаның мерзімін немесе мөлшерін шағымдардағы, наразылықтағы дәйектер шегінде арттыруға не сотталған адамға үкімде көрсетілгеннен гөрі жазаның неғұрлым қатаң түрін тағайындауға құқылы.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 418-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
418-бап. Істі қысқарта отырып айыптау үкімінің күшін жою
1. Апелляциялық шағымдарды, наразылықты қараған кезде апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 37-бабы бірінші бөлігінің 3) - 10) тармақтарында және 38-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған жағдайда үкімнің күшін жойып, істі қысқартады.
2. Іс осы Кодекстің 37-бабы бірінші бөлігінің 9) тармағында көзделген негіздер бойынша қысқартылған кезде апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 516-бабында көрсетілген мәселелерді шешеді және осы Кодекстің 517-бабына сәйкес қаулы шығарады.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 419-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
419-бап. Ақтау үкімінiң күшiн жою
1. Апелляциялық саты тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негiздемелерiмен келiспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімiнiң, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоя алады.
2. Егер ақталған адамның кiнәсiздiгiне немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң мәнiне дау айтылмаса, осы Кодекстің 415-бабында көрсетілген қылмыстық iс жүргiзу заңы елеулi бұзылды деген себеппен ақтау үкімінiң, iстi қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоюға болмайды.
3. Істі аппеляциялық тәртіппен қарау кезінде мемлекеттік айыптаушының және жәбірленушілердің айыптаудан бас тартуына байланысты істі қысқарту туралы сот қаулысының күші жойылмайды.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 420-бап өзгертілді
420-бап. Жаңадан сот талқылауына жiбере отырып, алқабилердің қатысуымен шығарылған үкiмнiң күшiн жою
1. Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкім істі үкiм шығарған сотқа, бiрақ соттың өзге құрамында жаңадан сот талқылауына жiбере отырып, осы Кодекстің 575-бабында көрсетілген негіздер бойынша толық немесе бiр бөлiгiнде күші жойылуға жатады.
2. Бұл ретте апелляциялық сатыдағы сот айыптаудың дәлелденгендігі немесе дәлелденбегендігі туралы, қандай да бір дәлелдемелердің дәйектілігі немесе дәйексіздігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкін тұжырымдарды алдын ала шешуге құқылы емес.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 420-1-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 420-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 420-1-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
420-1-бап. Жаңа үкім шығара отырып, үкімнің күшін жою
1. Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 44-тарауының талаптарын сақтай отырып:
1) осы Кодекстің 37-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер болған кезде айыптау үкімінің күшін жоюға және ақтау үкімін шығаруға;
2) айыптау тарабының шағымы немесе наразылығы бойынша ақтау үкімінің күшін жоюға және айыптау үкімін шығаруға құқылы.
2. Жаңа айыптау үкімін шығарған кезде апелляциялық сатыдағы сот тағылған айыптың шегінен, сондай-ақ басты сот талқылауы кезінде мемлекеттік немесе жеке айыптаушы қолдаған айыптаудың және жаза мөлшерінің шегінен шығуға құқылы емес.
3. Осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары бойынша шығарылған апелляциялық сатының үкімдеріне ол жарияланған күннен бастап алты ай ішінде прокурор кассациялық наразылық немесе осы Кодекстің 396-бабында аталған тұлғалар, ал күзетпен қамауда отырған сотталған адам өзіне үкімнің көшірмесі табыс етілген кезден бастап нақ сондай мерзімде кассациялық шағым беруі мүмкін.
4. Заңды күшіне енген айыптау үкімін сотталған адамның кінәсіздігі себептері бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына қарай онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкелетін өзге негіздер бойынша кассациялық сатыда қайта қарау туралы шағым, наразылық беру мерзімдермен шектелмейді.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 420-2-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
420-2-бап. Істі қосымша тергеуге жібере отырып үкімнің күшін жою
Апелляциялық сатыдағы сот тараптардың өтініш жасауы бойынша үкімнің күшін жоюға және істі осы Кодекстің 303-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қосымша тергеуге жіберуге құқылы.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұрынғы ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 421-бап өзгертілді
421-бап. Yкiмдi өзгерту
1. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді өзгертуге:
1) сот белгілеген жазаны немесе түзеу мекемесiнiң түрiн жеңiлдетуге;
2) онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдануға және қылмыс дәрежесiнiң өзгеруiне сәйкес жаза белгiлеуге, сондай-ақ түзеу мекемесiнiң неғұрлым жеңiл түрiне ауыстыруға;
3) 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) егер жаза мөлшерiн ұлғайту арифметикалық қателердi немесе алдын ала қамауда ұстауды есептеу кезіндегі қателердi жоюға байланысты болса, қылмыстар жиынтығы бойынша немесе үкiмдер жиынтығы бойынша, сондай-ақ қылмыстардың кәнігiлігi кезiнде жаза белгiлеудi реттейтiн қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауын жоя отырып, жаза мөлшерiн ұлғайтуға;
4-1) дұрыс белгіленген жағдайлар, дәлелдерді толық зерттеген және талдаған, сотталғанның іс-әрекетін дұрыс құқықтық дәрежелеген және негізгі жаза дұрыс тағайындалған жағдайда қосымша жаза қолдануға;
5) 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) сотталған адамға түзеу мекемесiнiң заңда көзделгенiнен неғұрлым жұмсақ түрiн тағайындаудың күшiн жоюға және түзеу мекемесiнiң түрiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес тағайындауға;
7) егер бiрiншi сатыдағы сот жасамаса немесе дұрыс жасамаса, тиiстi қылмыстардың кәнiгiлiгi бар екендiгiн тануға және түзеу колониясы режимінің неғұрлым қатаң түрін тағайындауға;
8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 64-бабының бесiншi бөлiгiне сәйкес бұрынғы үкiм бойынша шартты соттаудың күшiн жоюға және осыған байланысты, егер бiрiншi сатыдағы сот жасамаған болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 60-бабының ережелерi бойынша жаза белгiлеуге;
9) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 70-бабы жетінші бөлігінің б) және в) тармақтарында көзделген жағдайларда шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюға және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға;
10) үкімге азаматтық талап арыз, оның ішінде іс жүргізу шығындарын өндіріп алу мәселелері бойынша, заттай дәлелдемелер туралы шешім бөлігінде өзгерістер енгізуге;
11) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 95-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға;
12) айыптау тарапының неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану немесе неғұрлым қатаң жаза тағайындау қажеттігі туралы шағымын, наразылығын қанағаттандыру үшін негіздер болған кезде неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға, неғұрлым қатаң жаза тағайындауға немесе қосымша жаза қолдануға құқылы.
2. Апелляциялық сатыдағы сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешімдерді осы негiздер бойынша прокурор наразылық келтiрген немесе жеке айыптаушы, жәбiрленуші, олардың өкiлдерi шағым жасаған жағдайда ғана қабылдауға құқылы.
2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен 422-бап тоғызыншы бөлікпен толықтырылды; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 422-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 422-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
422-бап. Апелляциялық үкімнің, қаулының мазмұны
1. Осы Кодекстің 411-бабы бірінші бөлігінің 1)-3) және 8) тармақтарында көзделген жағдайларда (бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы, үкімді өзгерту туралы, істі тоқтатып, істі қосымша тергеуге жібере отырып үкімнің күшін жою туралы) апелляциялық қаулы шығарылады.
Апелляциялық қаулы кiрiспе, сипаттау-дәлелдеу және қарар бөлiктерiнен тұрады.
2. Қаулының кiрiспе бөлiмiнде:
1) қаулы шығарылған уақыт пен орын;
2) қаулыны шығарған соттың атауы және соттың құрамы;
3) апелляциялық наразылық немесе апелляциялық шағым жасаған адамдар;
4) iстi апелляциялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетiлуге тиiс.
3. Қаулының сипаттау-дәлелдеу бөлiгiнде сот актісінің мәнін, берiлген шағымдардың, наразылықтың, оларға қарсылықтардың уәждерін, апелляциялық сатыдағы сотқа қатысқан адамдардың пiкiрлерiн, сондай-ақ қабылданған шешiмнiң себептерiн қысқаша баяндау қамтылуға тиiс.
4. Жаңа уәждердің болмауына байланысты шағым, наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған кезде, апелляциялық қаулының сипаттау-дәлелдеу бөлiгiнде сот актісіне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Апелляциялық шағымда бірінші сатыдағы сотта қарау нысанасы болып табылмайтын жаңа уәждер келтірілген жағдайда, сипаттау-дәлелдеу бөлiгiнде жаңа уәждер негізсіз деп танылған негіздер көрсетілуге тиіс.
5. Yкiмнiң күшi жойылған немесе ол өзгертiлген жағдайда, қаулыда қылмыстық немесе қылмыстық iс жүргiзу заңының қандай нормаларының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылық неден көрiнетiнi, бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiне олар бойынша өзгерiстер енгiзілген негiздер көрсетiлуге тиiс.
6. Апелляциялық қаулының қарар бөлігінде апелляциялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешімі көрсетіледі.
7. Осы Кодекстің 411-бабы бірінші бөлігінің 4) және 6) тармақтарында көзделген жағдайларда (айыптау үкімінің күшін жою туралы және ақтау үкімін шығару туралы, ақтау үкімінің күшін жою туралы және айыптау үкімін шығару туралы), осы Кодекстің 44-тарауының қағидалары бойынша апелляциялық үкім шығарылады.
8. Апелляциялық үкімде қылмыстық немесе қылмыстық iс жүргiзу заңының қандай нормаларының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылықтар неден көрiнетiнi, бiрiншi сатыдағы соттың үкiмi олар бойынша заңсыз болып танылатын негiздер көрсетiлуге тиiс.
9. Егер апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 421-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдердi қабылдаса, қаулының сипаттау-дәлелдеу бөлiгiнде бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi олар бойынша дұрыс емес деп танылған себептер, сондай-ақ сотталған адам жағдайының нашарлау негiздерi келтiрiлуге тиiс.
10. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық үкімнің немесе қаулының мәнін өзгертпей, жіберілген айқын қате жазуларды түзету туралы және олардағы түсініксіздіктерді түсіндіру туралы қосымша қаулы шығаруға құқылы.
2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен 423-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 423-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 423-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
423-бап. Апелляциялық үкім, қаулы шығару және олардың заңды күшіне енуі
1. Апелляциялық үкім, қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылады, оларға судья (судьялар) қол қояды және олар судья (судьялар) кеңесу бөлмесінен қайта оралғаннан кейін отырыс залында оқылады.
2. Сот осы баптың бірінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып, апелляциялық үкімнің, қаулының қарар бөлімін шығара алады. Бұл жағдайда апелляциялық үкімнің, қаулының толық мәтіні іс қаралған күннен бастап он тәулік ішінде жасалып, оларға судья (судьялар) қол қояды.
3. Апелляциялық үкім, қаулы оларды жариялаған кезден бастап заңды күшіне енеді.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 423-1-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 423-1-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
423-1-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың үкімін, қаулысын орындауға кiрiсу
1. Апелляциялық сатының үкімі немесе қаулысы олар шығарылған күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей, ал осы Кодекстiң 423-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда, оның толық мәтiнi дайындалған күннен бастап iспен бiрге бірінші сатыдағы сотқа жiберiледi.
2. Осы Кодекстiң 303-бабына сәйкес iс қосымша тергеуге қайтарылған кезде апелляциялық сатының қаулысы iспен бiрге тиiстi прокурорға жiберiледi. Бұл жағдайда бiрiншi сатыдағы сотқа апелляциялық саты қаулысының көшiрмесi жiберiледi.
3. Сотталған адам соған сәйкес қамаудан босатылуға тиiс болатын үкім, қаулы, егер сотталған адам апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысып отырса, бұл бөлiгiнде дереу орындалады. Өзге жағдайларда апелляциялық үкімнің, қаулының көшiрмесi немесе оның қарар бөлiгiнен үзiндi сотталған адамды күзетпен қамауда ұстаудан босату туралы шешiмдi орындау үшiн қамау орнының әкiмшiлiгiне дереу жiберiледi.
4. Апелляциялық сатыдағы сот жаңа үкім шығарған кезде, іс үкімді орындауға кірісу үшін бірінші сатыдағы сотқа жіберіледі.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 423-2-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 423-2-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
423-2-бап. Істі апелляциялық сатыда қайтадан қарау
1. Егер:
1) белгіленген мерзімде берілген, кейбір сотталған адамдарға қатысты апелляциялық шағымдар, наразылық, үкімге (қаулыға) апелляциялық шағымдану құқығы берілген процестің басқа қатысушыларының шағымдары апелляциялық сатыдағы сотқа істерді процестің басқа қатысушыларының шағымдары бойынша қарағаннан кейін келіп түссе;
2) шағымданудың, наразылық келтірудің өтіп кеткен мерзімін сот істі апелляциялық сатыда процестің басқа қатысушыларының шағымдары бойынша қарағаннан кейін осы Кодексте көзделген тәртіппен қалпына келтірсе, бірінші сатыдағы сот үкімінің заңдылығын тексеру кезінде шығарылған бірінші апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылмастан істі апелляциялық сатыда қайтадан қарауға жол беріледі.
2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталған адамның, оның қорғаушысының немесе өкілінің шағымдарын осы адамға қатысты іс процеске қатысушы басқа да адамдардың апелляциялық шағымдары, наразылығы бойынша қаралған жағдайда да қарауға міндетті.
3. Егер жаңадан шығарылған үкім, қаулы апелляциялық сатының бұрын шығарылған үкіміне, қаулысына қайшы келсе, алқа төрағасы облыстық және оған теңестірілген соттың кассациялық алқасына туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыным енгізеді.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 423-3-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 423-3-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
423-3-бап. Алқабилердің қатысуымен шығарылған бастапқы үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iстi бiрiншi саты бойынша қарау
1. Бастапқы үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iс осы Кодекстің 57-тарауында көзделген тәртiппен қаралуға жатады.
2. Апелляциялық саты сотталған адамға онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған әрекеттің өзгертілген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы. Бұл ретте апелляциялық сатының неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға немесе тағайындалған жазаны күшейтуге құқығы жоқ.
3. Алқабилердің қатысуымен болған соттың ақтау үкімін апелляциялық саты, прокурордың, жәбірленушінің немесе оның өкілінің дәлелдемелерді ұсыну құқығын шектеген қылмыстық іс жүргізу заңын бұзған, сондай-ақ осы Кодекстің 575-бабы бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, күшін жоя алмайды.
4. Істі жаңадан қараған кезде бірінші сатыдағы сот шығарған үкімге жалпы тәртіппен шағымдануға болады.
ҚР 11.07.01 Ж. № 238-II Заңымен 48-тарау алып тасталды
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 48-1-тараумен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)