«Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган әзірлейтін мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімі деп мемлекеттік қызметтерді алушылар, оларды көрсетуді қамтамасыз ететін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар және басқа да сипаттамалары көрсетіле отырып, республикалық және жергілікті деңгейлерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үнемі жаңартылып отыратын тізбесін қамтитын нормативтік құқықтық акт түсініледі.»;
2) 85-баптың 9-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері мен бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламаларына қатысты және бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерін өзгертпейтін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістерді дербес енгізеді. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне қажетті бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдерінің өзгерістері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.».
8. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар):
8-тармақтың 1) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 244-1-бапта:
1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың ережелері халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін әуежайларға қатысты қолданылады.»;
3-тармақта:
1) тармақшаның бесінші абзацы алып тасталсын;
2) тармақшадағы «қойылатын талап» деген сөздер «арналған шығыс ордері немесе қойылатын талап» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстерді қоспағанда, халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік әуе кемелеріне май құйылған жағдайда - халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанар-жағармай материалдары құйылғанын растайтын, кеден органының белгісі бар көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;»;
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамының шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен уәкiлеттi орган бекiткен нысанда және тәртiппен өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бойынша) мөлшерiн растайтын қорытындысы.
Бұл ретте, Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстер жүзеге асырылған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамы осы тармақшада көзделген қорытындыны ұсынады.»;
2) 344-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«344-бап. Төлеу мерзiмдерi
Салық төлеушi салықтың есептелген сомасын орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.»;
3) 345-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«345-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей береді.»;
4) 406-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алатын аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аймаққа бөлу коэффициентiн есептеу әдістемесіне сәйкес жергіліктi атқарушы органмен келiсiм бойынша белгілейді.
Аймаққа бөлу коэффицентін есептеу әдістемесін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.»;
5) тармақша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 534-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) жүргiзушi куәлiктерін, тракторшы-машинист куәлiктерін, механикалық көлiк құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн, халықаралық техникалық байқау сертификатын және оның телнұсқасын бергені үшін;»;
6) тармақша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 540-баптың 9) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«халықаралық техникалық байқау сертификатын және оның телнұсқасын бергені үшін - 50 пайыз;»;
7) тармақша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 547-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жүргiзушi куәлiктерін, тракторшы-машинист куәлiктерін, механикалық көлiк құралдары мен тіркемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, халықаралық техникалық байқау сертификатын және оның телнұсқасын, мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн бергені үшін - тиісті құжаттарды және мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн бергенге дейін;».
9. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 95-1) тармақшамен толықтырылсын:
«95-1) спорттық медицина - спортшыларды даярлауды медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге жауап беретін және спорттағы дәрігерлік және функционалдық бақылауды, спортшыларды функционалдық және медициналық оңалтуды, спорттық жұмыс қабілетін арттыруды, спортшылардың соматикалық ауруларының терапиясын, спорттық травматологияны, спорттағы жедел жәрдемді және спорт гигиенасын қамтитын медицина мен денсаулық сақтау саласы;»;
2) 32-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) спорттық медицина ұйымдары;».
10. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат):
1) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап Азаматтығы жоқ адамдардың баласының Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.»;
2) 17-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігі 7) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар қолданылатын, сондай-ақ осы Заңның 16-бабы бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші бөлігі мен 16-1-бабында аталған және ішкі істер органдарына шетелдік азаматтықтан бас тарту туралы нотариат куәландырған жазбаша өтінішпен өздері азаматы болып табылатын мемлекеттің азаматтық мәселелері жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адамына өтініш білдірген адамдарға қолданылмайды. Өтініш білдірген адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған жағдайда мұндай өтініш білдіру фактісі туралы ақпарат, олардың шетелдік паспорттары шет мемлекетке жіберіледі.»;
3) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру
Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес оның Қазақстан Республикасының азаматтығы қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру тәртібі мен мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.».
11. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 21, 274-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 924-құжат; 2004 ж., № 24, 150-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Экологиялық апат аймағына Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының, Ақтөбе облысының Шалқар ауданының аумақтары кіреді.»;
2) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Экологиялық дағдарыс аймағына Қызылорда облысы аудандарының (3-бапта көрсетілгендерінен басқа) аумақтары, Қызылорда қаласы және әкімшілік-аумақтық бағынысына кіретін елді мекендерді қоса алғанда, Байқоңыр қаласы кіреді.»;
3) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу тәртібі туралы
Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тұратын жері және экологиялық қасірет аймағындағы бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.»;
4) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен экологиялық қасірет аймақтарының шекараларын өзгерту
Экологиялық апат, экологиялық дағдарыс және экологиялық дағдарыс алды жағдайындағы аймақ шегіндегі экологиялық қасірет аймақтарының шекаралары, сондай-ақ экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтардың мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен осы Заңға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертіледі.»;
5) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Тамақ өнімдерімен, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудегі басымдықтар
Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар экологиялық қасірет аймағының халқын экологиялық таза тамақ өнімдерімен және сапалы ауыз сумен басымдықты түрде қамтамасыз етеді.»;
6) 12-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі экологиялық қасірет аймағы халқына:»;
7) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Экологиялық қасірет салдарынан І және ІІ топтағы мүгедектердің Қазақстан Республикасының облыс орталықтарын, республикалық маңызы бар қалаларын және астанасын қоспағанда, жаңа тұратын жері бойынша бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқығы бар.»;
8) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Осы Заңның іске асырылуын бақылау
Осы Заңның атқарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.».
12. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 23, 560-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; № 20, 252-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 923-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
1) 4-баптың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Аумақтағы шаруашылық қызмет түрлерiн және оны ұйымдастыру тәртiбiн, табиғат пайдалану көлемiн және экологиялық оңалтуды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Экологиялық апат аймақтарының шекаралары және оларға кiретiн аудандардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен осы Заңға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертіледі.»;
2) 5-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Төтенше радиациялық қауіпті аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы, Сарыжал ауылдық (селолық) округінің, Бесқарағай ауданы, Долон ауылдық (селолық) округінің, таратылған Жаңасемей ауданының Сарыапан және Иса елдi мекендерiнiң аумақтары жатады.»;
3) 6-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ең жоғары радиациялық қауіпті аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бесқарағай және таратылған Жаңасемей аудандарының, Семей қаласы Ақбұлақ, Абыралы, Алғабас, Айнабұлақ, Қараөлең және Таңат ауылдық (селолық) округтерінің, Павлодар облысы Май ауданы Ақжар және Малдар ауылдық (селолық) округтерінің елдi мекендерi жатады.»;
4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Жоғары радиациялық қауіпті аймақ
Жоғары радиациялық қауіпті аймақ - бүкiл сынақ кезеңiнде 7-ден 35 бэрге дейiн халыққа әсер ету мөлшерiндегі радиациялық ластануға ұшыраған аумақ бөлiгi.
Бұл аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха, Жарма, Аягөз, Глубокое, Шемонайха, Ұлан аудандарының елдi мекендерi, Семей, Курчатов, Өскемен және Риддер қалалары; таратылған Қазыбек би ауданының аумағы шегінде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, Павлодар облысының Май ауданы жатады.»;
5) 8-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ең төмен радиациялық қауіпті аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Уржар, таратылған Таскескен, Көкпектi, Ақсуат, Зырян, Зайсан және Тарбағатай аудандарының; Қарағанды облысының таратылған Қазыбек би ауданының аумағын қоспағанда, Қарқаралы ауданының; Павлодар облысының Лебяжi ауданының елдi мекендерi жатады.»;
6) 11-баптың екінші бөлігіндегі «Министрлер Кабинетi» деген сөздер «Үкіметі» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 17-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджетте республикалық орташа деңгеймен салыстырғанда бiр тұрғынға 1,5 еседен келетiндей есеппен медициналық мекемелердi күтіп-ұстауға арналған қаражатты ұлғайтуды қамтамасыз ететiн қаржыландыру жыл сайын көзделедi. Қазақстан Республикасының Үкіметі ядролық сынақтар әсерiне ұшыраған аумақтардағы денсаулық сақтау мекемелерi үшiн медициналық техника мен дәрілік заттардың нысаналы бөлінуін жыл сайын қамтамасыз етеді.»;
8) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Аурулардың Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарға байланыстылық себептерiн анықтау тәртібі
Ядролық сынақтарға байланыстылық себептерi бар деп танылуы мүмкiн аурулар тiзбесін және осы байланыстылықты анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
13. «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 32-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2010 ж., № 24, 152-құжат):
8-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Алкоголизмнен, нашақорлық пен уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеуге алынған адамдар мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан шығарылған соң, соттың қаулысы бойынша мерзімінен бұрын емделіп шыққандардан басқасы, тұратын жері бойынша наркологиялық ұйымдарда есепке тұруға және оларда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi белгілейтін тәртiппен сүйемелдеп емдеуден өтуге тиiс.».
14. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
1) 20-баптың 9-тармағының бірінші бөлігінде:
бірінші абзац және 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді:»;
«4) алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болу негіздері бойынша қайтарып алады.»;
2) 49-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац және в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсатты:»;
«в) банк ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметiнде осы баптың 2-тармағында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайларда қайтарып алады.».
15. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат):
22-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды тікелей орындайтын лауазымды адамдарға арнаулы атақтарды беруге құқық беретін ішкі істер органдары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ оларға сәйкес шектi арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.».
16. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат):
48-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Прокуратура органдарының негiзгi мiндеттерi мен функцияларын атқаратын прокуратура органдарының лауазымды адамдарына сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiледi.
Прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ оларға сәйкес шектi сыныптық шендердi немесе әскери атақтарды Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.».
17. «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-бапта:
16) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) міндетті техникалық байқау - механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың мерзімді процесі;»;
«19) техникалық байқаудың стационарлық желісі - міндетті техникалық байқаудан өткізу үшін көлік құралдарын техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, ғимаратта немесе құрылыста орналасқан кешен;»;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) техникалық байқау операторы - міндетті техникалық байқаудан өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;»;
21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«21) техникалық байқау орталығы - механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйін диагностикалау жұмыстарын орындауға арналған, осы мақсаттар үшін стационарлық және (немесе) ұтқыр техникалық байқау желісі бар кешен;
22) техникалық байқау операторларының тізілімі - техникалық байқау операторларының бірыңғай тізбесі, оны жүргізуді көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады;»;
2) 7-1-баптың 3), 5 және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) техникалық байқау операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
«5) техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізу;»;
«7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне түсетін, бланк өнімін өткізу қызметін көрсету төлемінің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылатын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін техникалық байқау операторларына беру;»;
3) 18-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«18-1-бап. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмi»;
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізеді, оның мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялануын жүзеге асырады және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық байқау операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу жөніндегі қызметті көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізген күннен бастап жүзеге асырады.»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу мақсатында көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттар:»;