6) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алымның толықтығы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тiркеу, ақпарат беру тәртібін бұзу, ақпарат мазмұнын бұрмалау арқылы келтiрiлген зиянды тiркеушi орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы өтеуге тиiс. Мәлiметтердi қасақана бұрмалау және заң бойынша беруге болатын және берiлуге тиiс ақпаратты жасыруға ықпал жасайтын өзге де әрекеттер заңда белгiленген тәртiппен қудаланады.
4-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
22-бап. Заңның күшiне енгiзiлуi
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiледi және ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн туындаған құқық қатынастарына осы Заңның 23-бабының ережелерi ескерiле отырып қолданылады.
23-бап. Өтпелi ережелер
1. Осы Заң күшiне енгiзiлгеннен кейiн 60 күн iшiнде мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiнiң белгiлi бiр мәнi жөніндегі басымдыққа оны тiркеу кезiнде осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн кепiл туралы шарт жасасқан кепiл ұстаушылар ғана ие болады.
Мұндай кепiлдердi тiркеу осы Заңның ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы бапқа сәйкес тiркелген кепiлдердiң басымдығы кепiл туралы шарт жасалған күнмен айқындалады.
Қазақстан Республикасының