2. Осы баптың талаптарын сақтауға байланысты тасымалдаушыда немесе өзге де тұлғаларда туындаған шығыстарды кеден органдары өтемейді.
258-бап. Шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан кеткен кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
1. Шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан кеткен кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органы кеден одағының кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсат берген кезден бастап туындайды.
2. Шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан кеткен кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:
1) тауарлар кеден одағының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткен кезде;
2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, егер тауарлар кеден одағының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге дейін жоғалған болса, шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан кеткен кезде тауарларды жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса кеден органы кеден одағының кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсат берген күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.
4. Кедендік әкелу баждары, салықтар тауарларды ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсімімен орналастыру кезінде төленуге тиісті болған кедендік әкелу баждарының, салықтардың кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын, кедендік құнды, олардың табиғи мәндегі физикалық сипаттамасын (мөлшерін, массасын, көлемін немесе өзге де сипаттамасын) және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген және тауарларды жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаған болса, кеден органы тауарларды кеден аумағынан әкетуге рұқсат беру күні қолданыста болған валютаның нарықтық бағамын басшылыққа ала отырып есептелген сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.
30-тарау. Тауарларды уақытша сақтау
259-бап. Тауарларды уақытша сақтау туралы жалпы ережелер
1. Шетелдік тауарларды кедендік бақылаумен мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес оларды кеден органы шығарғанға дейін не кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттерді жасағанға дейін уақытша сақтау орындарында кедендік баждар, салықтар төлеместен сақтау тауарларды уақытша сақтау болып табылады.
2. Тауарларды уақытша сақтау құбыржол көлігімен және электр желiлерi арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты, сондай-ақ кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда қолданылмайды.
3. Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдардың немесе олардың өкілдерінің уақытша сақтаудағы тауарларды пайдалануға, оның ішінде мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарғанға дейін оларды уақытша сақтау орны аумағынан әкетуге не осы Кодексте көзделген өзге де іс-әрекеттерді жасауға құқығы жоқ.
260-бап. Тауарларды уақытша сақтау орындары
1. Мыналар:
1) уақытша сақтау қоймалары;
2) өз тауарларын сақтау қоймалары;
3) кедендік және еркін қоймалар;
4) үй-жайлар, ашық алаңдар және уәкілетті экономикалық операторлардың өзге де аумақтары;
5) осы Кодекстің 265-бабына сәйкес өзге де орындар тауарларды уақытша сақтау орындары болып табылады.
2. Тауар иесінің өз тауарларын уақытша сақтауға арналған, кедендік бақылаудағы үй-жайы және (немесе) ашық алаңы өз тауарларын уақытша сақтау қоймасы болып табылады.
Өз тауарларын сақтау қоймалары мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
1) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында немесе жалдауында үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар болуға;
2) қажетті тиеу-түсіру механизмдері және арнаулы техникасы болуға, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығы, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есепке алу аспаптары болуға;
3) жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленуі және онда бетон немесе асфальт төсемі болуға;
4) техникалық жарамды кіреберіс жолдар, сондай-ақ тауарларды тексеріп қарауға арналған орындар, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған жабық алаңдар болуға;
5) аумақ, жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары және алаңдарды) қоса алғанда, біртұтас және ажырамас кешен болуы, бір почта мекенжайы бойынша орналастырылуы және барлық периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс.
Кеден және еркін қойма үй-жайларның бір бөлігі өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізбесіне енгізілместен өз тауарларын сақтау қоймасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Кеден немесе еркін қойма үй-жайының бір бөлігін өз тауарларын сақтау қоймасы ретінде пайдаланған жағдайда ол үй-жайдың қалған бөлігінен тұтас қоршаумен оқшаулануға тиіс.
Өз тауарларын сақтау қоймалары осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес қана пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген қоймаларды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
3. Уақытша сақтау орындары кедендік бақылау аймағы болып табылады.
4. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе ерекше сақтау жағдайларын қажет ететін тауарлар мұндай тауарларды сақтау үшін арнайы лайықталған уақытша сақтау орындарында сақталуға тиіс.
Кеден органының қызмет аймағында мұндай тауарларды сақтау үшін лайықталған уақытша сақтау орындары болмаған жағдайда, алушының жазбаша өтініші бойынша кеден органының рұқсатымен осы тауар алушы айқындаған уақытша сақтау орындарына оның жауапкершілігімен, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу міндетті түрде қамтамасыз етілген кезде орналастырылады.
5. Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен расталады.
261-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі
1. Заңды тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін өз тауарларын сақтау қоймасының иесі болып танылады.
2. Үй-жайларды немесе ашық алаңдарды өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу үшін тұлға өтініш берушінің атауы және құрылатын қойманың орналасқан орны туралы мәліметтерді көрсете отырып, қызмет аймағында өз тауарларын сақтау қоймасы құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне еркін нысанда өтініш береді.
3. Иесі өтінішпен бірге мынадай құжаттарды:
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
2) тұлғаны салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың түпнұсқасын (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін кеден органы өтініш берушіге түпнұсқаны қайтаруға міндетті) не нотариат куәландырған көшірмесін;
3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
4) осы Кодекстің 260-бабының 2-тармағында айқындалған талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды;
5) өз тауарларын сақтау қоймасын құруға арналған аумақтардың жоспарларын, үй-жайдың немесе ашық алаңның жобалары мен сызбаларын табыс етуге тиіс.
4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтінішті оның тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 260-бабының 2-тармағында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарайды.
5. Тізілімге енгізу туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
6. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш беруші осы Кодексте белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады. Өтініш беруші осы бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.
7. Тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген немесе енгізуден бас тартылған жағдайда, кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.
8. Тұлғаны қайта тіркеген кезде өз тауарларын сақтау қоймасының иесі кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін қайта тіркеу фактісі туралы хабардар етуге міндетті.
262-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің міндеттері
Өз тауарларын сақтау қоймаларының иелері:
1) үй-жайды немесе ашық алаңды тиісінше, осы Кодекстің 260-бабында белгіленген талаптарға сәйкес кедендік бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті түрде жайластыруға;
2) үй-жайдан немесе ашық алаңнан кедендік бақылаудан басқа уақытша сақтаудағы тауарлар мен көлік құралдарын алып қою мүмкіндігін болдырмауға;
3) үй-жайдағы немесе ашық алаңдағы тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
4) кедендік бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
5) есепке алуды (оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып) жүргізуге және кеден органына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалатын тәртіппен кеден органына келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы есептілікті ұсынуға;
6) сақталатын тауарларға және (немесе) көлік құралдарына бөтен тұлғалардың кеден органдарының рұқсатынсыз қолжетімділігін болдырмауға;
7) кеден органдары лауазымды адамдарын олардың талабы бойынша сақталатын тауарларға және (немесе) көлік құралдарына қолжетімділігін қамтамасыз етуді қоса алғанда, кеден органдарының талаптарын орындауға;
8) тауарларды жоғалтқан не кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берген кезде кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге;
9) кеден органын жөндеу жұмыстарын жүргізу, өз тауарларын сақтау қоймасы алаңының ұлғаюы не азаюы туралы, осы жұмыстарды, оның ішінде орындау жоспарлаған мерзімді көрсете отырып, жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
263-бап. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру
1. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қызмет аймағында қойма құрылған кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі:
1) өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы, өз тауарларын сақтау қоймасы алаңының ұлғаюы не азаюы туралы өтініші бойынша - өз тауарларын сақтау қоймасының иесі айқындаған мерзімге;
2) өз тауарларын сақтау қоймасының иесі өз тауарларын сақтау қоймасына осы Кодексте белгіленген талаптар мен міндеттерді сақтамаған кезде - бір айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.
2. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім, мұндай тоқтата тұрудың себептері көрсетіле отырып, қызмет аймағында қойма құрылған кеден ісі саласындағы кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.
3. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметі оның қызметін тоқтата тұрған себептер жойылған кезде қайта жаңғыртылады.
264-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару
1. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін:
1) осы Кодексте белгіленген талаптар мен міндеттерді қатарынан алты ай ішінде бірнеше рет бұзу;
2) заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылуы;
3) қайта құруды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
4) шешімнің қолданылуын бұрын тоқтата тұрған себептердің осы Кодекстің 263-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзім ішінде жойылмауы;
5) өз тауарларын сақтау қоймасына қатысты мүліктік құқықтардың тоқтатылуы немесе өзгеруі;
6) өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің өтініші негіздеме болып табылады.
2. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару туралы шешім, мұндай тоқтатудың себептері көрсетіле отырып, қызмет аймағында қойма құрылған кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді.
Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат жазбаша нысанда иесінің назарына жеткізіледі.
3. Тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығарылған кезде оларда сақтаудағы тауарлар осы баптың 2-тармағында айқындалған бұйрық қабылданған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уақытша сақтау қоймасына орналастырылуға тиіс.
265-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын өзге де орындарда уақытша сақтау
1. Тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның жазбаша өтініші бойынша тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау:
1) уақытша сақтау орындары немесе қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілмеген алушының қоймасында;
2) көлік құралы алушыға тиесілі немесе ол жалдау құқығында пайдаланатын аумақта болған жағдайда автомобиль көлік құралдарында;
3) тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның меншігі болып табылатын не көрсетілген тұлға жалдау құқығында пайдаланатын теміржол жолының учаскесіндегі теміржол көлік құралдарында жүзеге асырылады.
2. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуді міндетті қамтамасыз ете отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Кодекстің 325-бабының талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарындағы тауарларды уақытша сақтау мұндай тауарларды уақытша сақтаудың бүкіл мерзімі ішінде сәйкестендіру құралдарының тұтастығы қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асырылады.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау кезінде тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлға осы Кодекстің 260-бабында белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
266-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттар
1. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттар ретінде өткізу пунктінде орналасқан кеден органы көлік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттардың көшірмелерін қабылдайды, ал межелі кеден органы транзиттік декларацияны немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған өзге де құжаттарды қабылдайды.
2. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды қабылдау және тіркеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
267-бап. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операциялар
1. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін тасымалдаушы, тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге де тұлғалар немесе олардың өкілдері кеден органына көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) тауарлар, тауарларды жөнелтуші (алушы), оларды жөнелтуші (межелі) ел туралы мәліметтер бар кеден құжаттарын ұсынады.
Мұндай құжаттар кеден органына электронды құжаттар түрінде ұсынылуы мүмкін.
2. Кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаға құжаттарды тіркеу туралы растауды бере отырып, мұндай құжаттар кеден органына берілгеннен кейін бір сағаттан аспайтын мерзімде тіркейді.
3. Кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күннен бастап тауарлар уақытша сақтаудағы тауарлар болып саналады.
268-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі
1. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі екі айды құрайды.
2. Тауарларға қатысты өкілеттігі бар тұлғаның немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша кеден органы көрсетілген мерзімді ұзартады.
Тауарларды уақытша сақтаудың шекті мерзімі төрт айдан, ал халықаралық почта алмасу орындарында (мекемелерінде) сақталатын халықаралық почта жөнелтімдеріне, сондай-ақ әуе көлігімен өткізілетін, жолаушы алмаған немесе талап етпеген багажға қатысты алты айдан аспауға тиіс.
Тауарлардың жекелеген санаттары үшін Кеден одағы комиссиясының шешімімен осы баптың 1-тармағында белгіленген уақытша сақтау мерзімнен аз мерзім белгіленуі мүмкін.
3. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.
4. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін кедендік рәсіммен орналастырылмаған тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстайды.
269-бап. Уақытша сақтауда тұрған тауарлармен жасалатын операциялар
1. Тауарларға қатысты өкілеттілігі бар тұлғалар немесе олардың өкілдері уақытша сақтауда тұрған тауарлармен оларды өзгермейтін жай-күйде сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті кәдімгі операцияларды жасауға, оның ішінде тауарларды қарауға және өлшеуге, оларды уақытша сақтау орны шегінде ауыстыруға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген операциялар, оның ішінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу, бүлінген орамды түзету, сондай-ақ тауарларды кейіннен тасымалдауға дайындау үшін қажетті операциялар кеден органының рұқсатымен жүргізілуі мүмкін.
Егер оларды жүзеге асыру тауарларды жоюға немесе олардың жай-күйін өзгертуге әкеп соғатын болса, кеден органы мұндай операцияларды жасауға рұқсат беруден бас тартады.
270-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
1. Тауарларды уақытша сақтауға орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:
1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезде тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғада - тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған осы құжаттарды кеден органы тіркеген кезден бастап;
2) уақытша сақтау қоймасының иесінде - тауарларды уақытша сақтау қоймасында орналастырған кезден бастап;
3) тауарларды уақытша сақтау қоймалары болып табылмайтын орындарда уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада - тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Уақытша сақтауға орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:
1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезде тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғада - тауарларды уақытша сақтау қоймасына орналастырған не өзге тұлға оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға уақытша сақтауға қабылдаған кезде;
2) уақытша сақтау қоймасының иесінде - тауарлардың кедендік рәсіммен орналастырылуына байланысты оларды уақытша сақтау қоймасынан берген кезде;
3) тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада - тауарларды кедендік рәсіммен орналастырған кезде;
4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда - тауарлар осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес, сондай-ақ осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда ұсталғанда тоқтатылады.
3. Тауарларды уақытша сақтау кезінде:
1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезде тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғада:
авария немесе еңсерілмейтін күш әсерi салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға не оларды өзге тұлға уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға қабылдағанға дейін жоғалған жағдайда - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн;
уақытша сақтауға орналастырылған тауарларды алушыға немесе өзге де тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға не оларды өзге тұлға уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға қабылдағанға дейін берген жағдайда - мұндай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн;
2) тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада:
авария немесе еңсерілмейтін күш әсерi салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырғанға дейін жоғалған жағдайда - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн;
уақытша сақтауға орналастырылған тауарларды алушыға немесе өзге де тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырғанға дейін берген жағдайда - мұндай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн;
3) уақытша сақтау қоймасының иесінде не тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада:
авария немесе еңсерілмейтін күш әсерi салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақталатын тауарлар жоғалған жағдайда - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырған күн;
уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақталатын тауарларды алушыға немесе өзге де тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз берген жағдайда - мұндай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды уақытша сақтау қоймасына не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырған күн;
тауарларды алушының қоймасында сақтаудағы тауарларды уақытша сақтау мақсатынан өзге түрде пайдаланған жағдайда - мұндай пайдалану күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.
4. Кедендік әкелу баждары, салықтар, осы баптың 3‑тармағында белгіленген жағдайларда, тауарларды ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсімімен орналастыру кезінде тарифтік преференциялар және кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі жеңілдіктер ескерілместен, төленуге тиісті болған кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын, кедендік құнды, олардың табиғи мәндегі физикалық сипаттамасын (мөлшерін, массасын, көлемін немесе өзге де сипаттамасын) және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген және тиісінше осы баптың 3‑тармағында көзделген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімдері күні қолданыста болған валютаның нарықтық бағамын басшылыққа ала отырып есептелген сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.
5-бөлім. ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДІК РӘСІММЕН ОРНАЛАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ
ЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР
31-тарау. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар туралы жалпы ережелер
271-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасаудың және тауарларды кедендік тазартудың тәртібі
1. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар және тауарларды кедендік тазарту кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және жағдайларда жасалады.
Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгіленген тауарларды ішкі тұтынуға енгізу үшін, олардың экспорты үшін немесе тауарларға өзге кедендік рәсімдерді қолдану үшін қажетті кедендік операцияларды жасау кедендік тазарту деп түсініледі.