Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік
қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесiн қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
508-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«508-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамауы
Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде дәлелдi себепсiз келмеуi -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.».
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 14-1-бапта:
1-тармақтың 14) тармақшасындағы «дайындау;» деген сөз «дайындау жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 15) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтың 13) тармақшасы алып тасталсын;
2) 43-бапта:
7-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын дайындауды және беруді мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алты жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.»;
9-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар беретін мынадай құжаттар:»;
3) 47-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің төртінші абзацы алып тасталсын;
4) 153-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы «дайындауды» деген сөзден кейін «және беруді» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 557-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай тiркеу деректерi:
сәйкестендiру нөмiрi;
жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда);
дара кәсiпкердiң, заңды тұлғаның атауы;
салық төлеушiнi (салық агентiн) тiркеу есебiне қою күнi, тiркеу есебiнен шығару күнi, тiркеу есебiнен шығару себебi;
қызметтi тоқтата тұрудың басталған және аяқталған күнi;
салық төлеушiнiң резиденттiгi;
бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;
бақылау-касса машинасын пайдалану орны туралы;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік органдарға береді.
Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік органдармен бірлесіп, уәкілетті орган белгілейді;
12) салық құпиясын құрайтын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер бөлігінде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және таратуды, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді.»;
2) 565-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«565-бап. Дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою
1. Жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды салық органы Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бере отырып жүргiзедi.
2. Салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасымен дара кәсiпкер ретiндегі қызметіне жол берiлмейтiн жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргiзбейдi.
3. Жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою жеке тұлғаның нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi жүзеге асыруды бастағанға дейiн орналасқан жерi бойынша салық органына ұсынылған дара кәсiпкердi, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.
Жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою үшiн ұсынылған салықтық өтiнiшке түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:
жеке басын куәландыратын құжаттың;
жеке нотариаттық, адвокаттық қызметпен, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның;
жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жерiн растайтын құжаттың көшірмелері қоса берiледi.
Жылжымайтын мүлiкке меншiк немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.
Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған жағдайда, осы тармақта көзделген құжаттар ұсынылмайды.
4. Салық органдары салықтық өтінішті алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргізеді не мұндай тіркеуге қоюдан бас тартады.
Салық органы, егер:
1) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;
2) салықтық өтініште көрсетілген нотариаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметті, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның деректері лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;
3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайда, жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қоюдан бас тартуды жүргізеді.»;
3-тармақтың 3) тармақшасы 2013 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 581-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) көлік құралына салық төлеуге төлем құжаттарын қабылдаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органның деректеріне сәйкес көлік құралының сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.
Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлем құжатында көрсетілген көлік құралының сәйкестендіру нөмірі жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган ұсынған деректерге сәйкес келмеген жағдайда, көлік құралына салық төлеуге арналған төлем құжатының акцептінен бас тартады;»;
4) 598-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алу үшін салықтық өтініш беруге құқылы.».
4. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 7-баптың 1-тармағы 72) тармақшасындағы «бекiту жөнiндегi функцияларды жүзеге асырады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 73) тармақшамен толықтырылсын:
«73) көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарға медициналық тексеріп-қарау жүргізу тәртібін бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;
2) 28-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстарын қалыптастыру үшін жеке тұлғалардан (пациенттерден) денсаулық жағдайы туралы мәліметтер ұсыну жеке тұлғаның (пациенттің) немесе оның заңды өкілінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.»;
3) 88-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Азаматтар денсаулық сақтау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуға құқылы.».
5. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
11-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кеден органдары кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың, темiржол станцияларының аумағында және (немесе) үй-жайларында, халықаралық почта алмасу орындарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға тиесiлi аумақта және (немесе) үй-жайларда орналасуы мүмкiн.».
6. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат):
1) 188-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Баланың тууын мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi органдар баланың туған жерi бойынша немесе ата-анасының не олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша жүргiзедi.
Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды тіркеуші орган, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары жүзеге асырады не ол «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Ата-анасының тұрғылықты жерi олардың заңды мекенжайына сәйкес айқындалады.»;
2) 190-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«190-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
1. Баланың тууын мемлекеттік тiркеу туралы өтінішті ата-анасы немесе олардың бiреуi, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өзге де себептермен өтініш жасау мүмкiн болмаған жағдайда - мүдделi адамдар немесе бала туған кезде анасы жатқан медициналық ұйымның әкiмшiлiгi жазбаша нысанда бередi. Өтінішке ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың, сондай-ақ неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмелері қоса беріледі.
Баланың тууы белгіленген мерзімді бұза отырып тіркелген жағдайда ата-анасының түсініктемесі, баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбаның болмауы туралы анықтама, баланың денсаулығы туралы анықтама қосымша беріледі.
Егер баланың тууын мемлекеттік тіркеуге ата-анасы емес, басқа адамдар өтініш жасаса, онда осы адамдар өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ баланың тууын тіркеуге оның өкілеттігін растайтын құжатты ұсынуы тиіс.
Екі немесе одан да көп баланы мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш әрқайсысына қатысты бөлек беріледі.
2. Халыққа қызмет көрсету орталығына не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес беріледі.».
7. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру;»;
2) 5-1-баптың 1-тармағының 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«28) жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ұйымдастырылуын үйлестiредi, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу тәртібін әзірлейді, оларды пайдаланатын, оның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланатын адамдарды тiркеу және есепке алу, жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру тәртiбiн айқындайды, көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн жол жүрісіне қатысуға жiберуді жүргізеді және оларды жүргізу құқығын бередi;».
8. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 10-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі - көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иелері, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі міндетті түрде қамтылған көлік құралдары және олардың тіркемелері туралы, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы берілген куәліктер, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе;»;
«11-1) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі - көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде көлік құралын сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін, көлік құралын шығарушы берген, тізбектелген әріптік-цифрлық белгілер түрінде көрсетілген көлік құралының жеке сериялық нөмірі;»;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
«- көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу тәртібін айқындау;»;
8-тармақтың 3) тармақшасы 2013 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 7-бап мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
«- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген міндеттерді банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы үшін оларға көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша деректерді ұсыну тәртібін айқындау және ұсыну;»;
4) 15-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Адамдарды көлік құралдарын жүргізу құқығына емтихандарға жіберу, оларды тапсыру, көлік құралдарын жүргізу құқығына куәліктерді беру тәртібін жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган белгілейді.»;
5) 18-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.».
9. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж, № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат):
50-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өздерінің қызметтік және функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты зейнетақы жинақтары құпиясын құрайтын мәлiметтерге қол жеткізуге мүмкіндік алған жинақтаушы зейнетақы қорларының, Орталықтың, халыққа қызмет көрсету орталықтарының лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар зейнетақы жинақтары құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария етуге құқылы емес және оларды жария еткені үшiн, осы баптың 3 - 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
4-тармақтың 7) тармақшасындағы «ұйымдарға берiлуi мүмкiн.» деген сөздер «ұйымдарға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) алушының не нотариат куәландырған сенімхат негізінде оның өкілінің өтініші негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына берiлуi мүмкiн.».
10. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат):