2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 51-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
51-бап.
1. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн қаржы лизингiне берiлген мүлiк бойынша «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 78-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда, босатылған айналым мөлшерiне «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген күннен бастап салық салынады деп танылады.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдай 2009 жылы басталса, лизинг берушi осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кешiктiрмей қосымша шот-фактура жазуға мiндеттi.
3. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдай 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн басталса, лизинг берушi осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен, аталған бұзушылық болған күннен бастап бес күннен кешiктiрмей қосымша шот-фактура жазуға мiндеттi.
4. Осы бапта көрсетiлген жағдайларда, лизинг берушi:
сыйақы сомасын қоспағанда, қосылған құн салығының сомасын көрсете отырып, босатылған айналымның терiс мәнi мен салық салынатын айналымның оң мәнi қамтылуға тиiс қосымша шот-фактура;
қосылған құн салығының сомасын көрсете отырып, босатылған айналымның терiс мәнi мен салық салынатын айналымның оң мәнi қамтылуға тиiс сыйақының есептелген сомасы бөлiгiнде қосымша шот-фактуралар жазып бередi.
5. Егер мүлiктi қаржы лизингiне 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн беру кезiнде шот-фактура жазылмаса, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жағдай басталған кезде лизинг берушi 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кешiктiрмей:
сыйақы сомасын қоспағанда, қосылған құн салығының сомасын көрсете отырып, салық салынатын айналымның мөлшерi барлық лизинг төлемдерiнiң жалпы сомасына негiзделiп көрсетiлетiн шот-фактура;
сыйақы мен қосылған құн салығының сомасы көрсетiлетiн, сыйақысының есептелген сомасы бөлiгiнде шот-фактуралар жазып беруге мiндеттi.
6. Қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын лизинг алушы осы бапта көрсетiлген жағдайларда, қосылған құн салығын «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген, лизинг берушiнiң өткізу бойынша айналым жасау күнiне дәл келетiн нақ сол салық кезеңiнде есепке жатқызады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 52-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiледi)
52-бап. 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 249-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу айналымдары салықтан босатылатын объектiлердiң құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушiлерге 2009 жылғы 1 қаңтар - 30 маусым аралығындағы кезең үшiн қосылған құн салығы бойынша салықтық мiндеттемелердi орындау бөлiгiнде салықтық тексеру (қарсы тексерудi қоспағанда) жүргiзiлмейдi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 53-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiледi)
53-бап. Осы Заңның 48-бабының 1) тармақшасы үшiншi абзацының және 52-бабының ережелерi «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 260-бабының 2-1-тармағы күшiне енгенге дейiн өткізу айналымдары «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын объектiлердiң құрылысы бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабар әдiсiн қолданған қосылған құн салығын төлеушiлерге қолданылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 54-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
54-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 56-бабы 3-тармағының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«3. Патент негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды дербес және (немесе) жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі арқылы ұйымдастырады және мыналарды:
1) салық кезеңі ішінде салық төлеуші (салық агенті) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және дәйекті ақпараттың қалыптастырылуын;
2) салық есептілігі нысандарының әрбір жолының таратып жазылуын;
3) салық есептілігінің дәйекті жасалуын;
4) салықтық бақылау үшін салық қызметі органдарына ақпарат берілуін қамтамасыз ету үшін ақпаратты салық мақсатында қорыту мен жүйелеудің салық тіркелімдері түріндегі нысандарын айқындайды.
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есебін жүргізуді жүзеге асырады.».
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 55-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
55-бап. Тоқтата тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
«386-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары үшін бөлiнген не казино орналасқан жер учаскелерiне салынатын салық ставкалары
1. Егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, елдi мекендердiң автотұрақтар (паркингтер) мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлiнген жерлерi, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, осы Кодекстiң 381-бабында белгіленген елдi мекендер жерлерiне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, автотұрақтар (паркингтер) мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлiнген басқа санаттағы жерлер, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекеннің жерлерi үшін осы Кодекстің 381-бабында белгiленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешiмi бойынша салық ставкасы азайтылуы мүмкін, бiрақ ол осы Кодекстiң 381-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
1-1. Жобалау құжаттамасымен ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлiнген елдi мекендердiң жерлерi осы Кодекстiң 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады.
Жобалау құжаттамасымен ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттарға жататын жерлер осы Кодекстiң 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген жақын жатқан елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.
Осы тармақтың ережелері автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлiнген жерлерге ғана қолданылады, ол бір мезгілде мынадай:
жобалау құжаттамасымен ғимараттың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген;
автотұрақтар (паркингтер) жалпы алаңы ғимараттың жалпы алаңының 50 пайызынан аспайтын шарттарға сәйкес келеді.
2. Казино орналасқан елді мекендер жерлері осы Кодекстің 381-бабында белгiленген елді мекендер жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Казино орналасқан басқа санаттағы жерлер, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекеннің жерлерi үшiн осы Кодекстің 381-бабында белгiленген елді мекендер жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешiмi бойынша салық ставкалары азайтылуы мүмкін, бiрақ ол осы Кодекстiң 381-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.».
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 56-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
56-бап. Тоқтата тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 387-бабы 1-тармағының қолданысы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрсын:
«387-бап. Базалық салық ставкаларын түзету
1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының ставкаларын осы Кодекстің 386-бабының 1-1-тармағында көрсетілгеннен басқа, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, осы Кодекстiң 378, 379, 381, 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық ставкаларының 50 пайызынан аспайтындай етiп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушiлер үшiн жер салығының ставкаларын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.».
2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 57-баппен толықтырылды
57-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 2-тармағы және 151-4-бабының 2-тармағы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 58-баппен толықтырылды
58-бап. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 12-бабы 1-тармағының 39) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз беруші қарыз алушы үшін өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға берілген өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты;
кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты;».
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 59-баппен толықтырылды; 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 59-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
59-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің (Салық кодексi) 90-бабында:
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1-1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:
1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқығын қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады.»;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге 2-тармақтың 5) тармақшасындағы «алынған жағдайларда, провизиялардың (резервтердің) бұрын шегерімге жатқызылған, борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кездегі сомасы осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды» деген сөздер «алынған» деген сөзбен ауыстырылып, 6) тармақшадағы «банк басқаға берген» деген сөздерден кейін «жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы - осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды» деген сөздермен толықтырылсын;
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге 2-тармақтың 6) тармақшасы «банк басқаға берген» деген сөздерден кейін «жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы - осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды» деген сөздермен толықтырылсын.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 60-баппен толықтырылды
60-бап. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 90-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымның кредитi (қарызы) бойынша талап ету құқықтарын - банктің басқаға берген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен банктің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күнiне банктің борышкерден алуына жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде банк басқаға берген;».
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 61-баппен толықтырылды
61-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 90-бабының 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымның кредитi (қарызы) бойынша талап ету құқықтарын - банктің басқаға берген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен банктің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күнiне банктің борышкерден алуына жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде банк басқаға берген.».
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 62-баппен толықтырылды
62-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 99-бабының 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бас банктің күмәнді және үмітсіз актвитерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының жылдық жиынтық табысынан Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін, мұндай ұйымның жылдық жиынтық табысына енгізілген және мұндай ұйымға күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған табыстар алып тасталады.
Бұл ретте, алуға жататын табыстарды Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Банктің жылдық жиынтық табысынан талап ету құқықтарын беруден түсетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтары мұндай ұйымға бұрын берілген ұйымнан сатып алуына байланысты алынған табыстар алып тасталады.».
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 63-баппен толықтырылды
63-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 106-бабы мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Банктің еншілес ұйымына күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқықтарын сатып алуға берілген күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизияларды (резервтерді) құру шығыстарының сомасын банктердің шегеруге құқығы бар.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға берілген рұқсаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Бұл ретте шегерімге уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) сомасы шегінде күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын бас банктен еншілес ұйымның сатып алуына бас банк берген күмәнді немесе үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру шығыстарының сомасы жатқызылады. Күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша бас банктің талап ету құқықтарын еншілес ұйымның сатып алуына берілген күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстардың сомасы банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша берген талап ету құқықтары мөлшерінің еншілес ұйым қызметінің мерзіміне арақатынасы шамасынан аспауға тиіс.
Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу тәртібін, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Банктер екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымнан сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру шығыстары сомасын шегерімге жатқызуға құқылы емес.».
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 64-баппен толықтырылды
64-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 115-бабы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы:
осы ұйымның Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес алған және мұндай ұйымға күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған ақша түріндегі;
Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырумен байланысты емес шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы емес.».
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 65-баппен толықтырылды
65-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға арналған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандарында 2011-2018 жылдар ішіндегі салық кезеңдерінде мынадай:
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 135-2-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар жөніндегі;
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 135-2-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру мақсатында шеккен шығыстар жөніндегі ақпарат қамтылуға тиіс деп белгіленсін.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 66-баппен толықтырылды
66-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексi (Салық кодексi) мынадай мазмұндағы 135-2-баппен толықтырылсын:
«135-2-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға салық салу
1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымның табыстары, егер мұндай табыстар мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған жағдайда, салық салудан босатылуға жатады:
1) екінші деңгейдегі банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алу және оларды өткізу;
2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның екінші деңгейдегі банктерден оларға қойылатын талап ету құқықтарын сатып алған заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акцияларды және (немесе) қатысу үлестерін иелену және өткізу;
3) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын сатып алған екінші деңгейдегі банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иеленуі және өткізуі;
4) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның заңды тұлғаларға талап ету құқықтарын екінші деңгейдегі банктерден сатып алу бойынша алынған мүлікті жалға беру немесе өтемін төлеп уақытша пайдаланудың өзге нысанында пайдалану;
5) ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру.
Бұл ретте алынуға жататын табыстарды осы тармақта көрсетілген табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылатын табыстар бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.