11-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде баптың мынадай редакцияда:
«34-бап. Салық берешегін өтеудің тәртібі
Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен:
1) бересі сомасы;
2) есепке жазылған өсімпұлдар;
3) айыппұлдар сомалары есептеліп жүргізіледі.»
Қолданылатыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 34-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 11-1-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-1-бап. Тоқтата тұру кезеңінде бұл тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 63-бабының 2 және 3-тармақтарының қолданысы 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын:
«2. Салық есептілігі:
1) салық төлеуші (салық агенті) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасауға және табыс етуге жататын, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны импорттаушы ұсынатын салық декларацияларын, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді;
2) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг жөніндегі есептілікті;
3) біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын адамдарға сауда объектілерін, сауда базарларында сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер табыс ететін жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін қамтиды.
Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын осы Кодекстің 65 - 67-баптарының, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабының қағидаларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Салық есептілігі импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді қоспағанда, мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша, осы баптың
2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін табыс ету бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;
2) кезекті есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша, осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін табыс ету бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін, сондай-ақ салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi шығып қалған жағдайда - салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі;
3) қосымша есептілік - осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімінде көрсетілген мәліметтер бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
4) хабарлама бойынша қосымша есептілік - салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімінде көрсетілген мәліметтер бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
5) тарату есептілігі - салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша, тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімінде көрсетілген мәліметтер бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 11-2-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-2-бап. Жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін белгілеу ерекшеліктері мен оны табыс ету мерзімдері
1. Жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімі біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын адамдарға сауда объектілерін, сауда базарларында сауда орындарын жалдауға (пайдалануға) беретін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің жалға алу (пайдалану) шарттары бойынша мынадай мәліметтерді көрсетуіне арналған:
1) жалдаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;
2) жалдаушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні;
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жалға алушы салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) жалға алушының сәйкестендіру нөмірі;
4) жалға алу (пайдалану) шартының нөмірі (болған жағдайда) мен жасасқан күні;
5) сауда орнының мақсаты, оның сауда объектісінде, оның ішінде сауда базарында орналасқан орны;
6) жалға алу (пайдалану) мерзімі;
7) жалға алу төлемінің сомасы және (немесе) өтелетін шығыстар сомасы.
2. Жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімі сауда объектілерін, сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеуші заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің орналасқан орны бойынша салық органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.
Осы баптың мақсаты үшін жалдаушы деп сауда объектілерін, сауда базарларындағы сауда орындарын жалдаушы (пайдалануға алушы) адам танылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Осы бапқа сәйкес тоқтатыла тұру кезеңіне қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктерін айқындай отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 66-бабының қолданылуы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
1. Қосылған құн салығы бойынша декларация қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының сомасын есептеуіне және мыналар:
1) салық салынатын және салық салынбайтын айналым сомасы;
2) салық салынатын импорт сомасы;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сатып алудың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетудің сомасы;
4) есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығының сомасы;
5) салық сомасын есепке жатқызудың таңдап алынған әдісі және оны қолданудың нәтижелері;
6) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі, оның ішінде салық кезеңінің соңында асып кетуі;
7) қосылған құн салығы сомасын есептеу туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
Қосылған құн салығы бойынша декларация есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуін қайтару жөніндегі талапты қамтуы мүмкін.
Бұл ретте, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кеткен сомасын қайтару жөніндегі талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) тарату декларацияларында көрсетілуі мүмкін.
2. Қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымшалар оларда салық қызметі органдарының салықтық бақылау мақсаты үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мыналар бойынша:
1) нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар;
2) қосылған құн салығынан босатылған өткізу жөніндегі айналымдар;
3)қосылған құн салығын төлеу мерзімі өзгертілген тауарлар импорты;
4) қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлар импорты;
5) резидент еместен сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және осындай резидент емес үшін төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы;
6) салық салынатын айналым көлемін және қосылған құн салығының есепке жатқызылған салық сомасын түзету;
7) сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша және өнім берушілер мен сатып алушылар бөлігінде өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар;
8) сатып алушылар бөлігінде мемлекеттік материалдық резевтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жазып берген, мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
9) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасы бойынша ақпаратты қамтуы мүмкiн.
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен мазмұн 3-тармақпен толықтырылды
3. Шот-фактураны көрсетуге арналған ұялардың саны электронды түрде мыналарды:
1) есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары);
2) есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін табыс ету кезінде шектелмейді.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 90-бабы 2-тармағының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйым құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түскен, бұрын шегерімге жатқызылған провизиялардың (резервтердің) сомалары борышкерге талаптар мөлшерін азайтқан кезде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен борышкер заңды тұлғаның таратылуына байланысты Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған;
2) борышкер заңды тұлға соттың күшіне енген шешімі негізінде хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған І, ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайларда, сондай-ақ борышкер жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;
3) борышкерде және борышкермен бірге ортақ немесе субсидиялық жауапкершілігі бар үшінші тұлғаларда банктің немесе немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымның алдында мүлік, оның ішінде өндіріп алуды жүргізуге болатын ақша, бағалы қағаздар немесе табыстары болмаған жағдайда, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымға орындау құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген, оларға өндіріп алуды жүргізуге болатын және сот орындаушысының Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген оның мүлкін немесе кірістерін анықтау жөнінде қолданған шаралары нәтижесіз болып шыққан;
4) банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымға борышкердің мүлкін, оның ішінде ақшасын, бағалы қағаздарын және кірістерін өндіріп алудан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
5) екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын басқару және (немесе) оларды одан әрі өткізу, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ұйымның кредиті (қарызы) бойынша салық төлеушінің талап ету құқықтары, - салық төлеушінің басқаға берген талап ету құқығы бойынша кредит (қарыз) жөніндегі талап ету құны және аталған салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күніне салық төлеушінің борышкерден алуына жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы теріс айырма бөлігінде талап ету құқығын басқаға берген;
6) борышкер дара кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен шығарылған жағдайларда, талап ету құқығы кiрiс деп танылмайды.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
13-1-бап. Осы бапта көрсетiлген активтер 2009 жылғы 1 қаңтардағы бухгалтерлiк есепке сәйкес, көрсетiлген күннен кейiн жүргiзiлген құнсыздану мен қайта бағалау есепке алынбай 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап тиiстi топтардың (кiшi топтардың) құндық балансын құрайды немесе оны көрсетiлген активтердiң баланстық құнына ұлғайтады деп белгiленсiн.
Осы бап бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
1) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 116-бабына сәйкес тiркелген активтер ретiнде танылған;
2) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебiнде ескерiлген;
3) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн тиiстi топтардың (кiшi топтардың) құндық балансына енгiзiлмеген активтерге қолданылады.
14-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде 103-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда:
«3) қаржы ұйымдары үшін шекті коэффициент - 9-ға тең, өзге заңды тұлғалар үшін - 6-ға тең.» деп қолданылатыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 103-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
15-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 123-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«123-бап. Инвестициялық салық преференциялары
1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрі - преференциялар) осы бапқа және осы Кодекстің 124, 125-баптарына сәйкес салық төлеушінің таңдауы бойынша қолданылады және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған кейінгі шығындарды шегерімге жатқызудан тұрады.
Преференцияларды қолдануға, осы баптың 6-тармағында аталғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құқығы бар.
2. Преференциялар объектілеріне пайдалануға беру кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:
1) осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған негізгі құралдар немесе активтер болып табылатын;
2) преференцияны қолданған салық төлеуші кіріс алуға бағытталған қызметінде пайдаланатын;
3) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, олардың пайдаланылу ерекшеліктеріне қарай жер қойнауын пайдалануға қызметті келісімшарт (келісімшарттар) бойынша жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар активтер болып табылмайтын;
4) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының осы активтер бойынша салықтық есепке алуда шеккен шығындары жер қойнауын келісімшарт (келісімшарттар) бойынша пайдалану қызметі мен келісімшарттан тыс пайдалану қызметі арасында бөлуге жатпайтын;
5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлетiн активтер болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берiлетiн өндiрiстiк мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар жатады.
3. Мұндай ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар бір мезгілде мынадай талаптарға сай келсе:
1) салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасы талаптарына сәйкес негізгі құралдар ретінде есепке алынса;
2) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асырғаннан кейін пайдалануға берілетін салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде кіріс алуға бағытталған қызметінде пайдалануға арналса;
3) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру кезеңінде уақытша пайдаланудан шығарылса;
4) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, олардың пайдаланылу ерекшеліктеріне қарай жер қойнауын пайдалануға қызметті келісімшарт (келісімшарттар) бойынша жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар активтер болып табылмаса;
5) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының осы активтер бойынша салықтық есепке алуда шеккен шығындары жер қойнауын келісімшарт (келісімшарттар) бойынша пайдалану қызметі мен келісімшарттан тыс пайдалану қызметі арасында бөлуге жатпаса, өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға кеткен кейінгі шығыстар нақ сол салық кезеңіндегі шегерімге жатқызылуға тиіс.
Преференцияларды қолдану мақсаттары үшін негізгі құралдарды реконструкциялау, жаңғырту - кейінгі шығындардың түрі, олардың нәтижелері бір мезгілде:
негізгі құрал конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңарту;
негізгі құрал қызметінің мерзімін үш жылдан аса ұзарту;
негізгі құралдың техникалық сипаттамаларын осы негізгі құралды реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін уақытша пайдаланудан шығарылған күнтізбелік айдың басындағы оның техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда жақсарту болып табылады.
4. Мыналардан:
сауда ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бір бөлігінен);
мәдени-ойын-сауық мақсаттағы ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
қонақүйлер, мейрамханалар ғимараттарынан және қысқа мерзімде тұруға, қоғамдық тамақтандыруға арналған басқа да ғимараттардан (осындай ғимараттардың бір бөлігінен);
офистік ғимараттардан (осындай ғимараттардың бір бөлігінен);
автомобильдерге арналған гараждардан (осындай ғимараттардың бір бөлігінен);
автотұрақтардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен) басқасы өндірістік мақсаттағы ғимараттарға преференцияларды қолдану мақсаттарына тұрғын үй емес ғимараттар (тұрғын үй емес ғимараттардың бір бөлігі) жатады.
Өндірістік мақсаттағы құрылыстарға преференцияларды қолдану мақсаттары үшін спортқа және демалыс орындарына, мәдени-ойын-сауық, қонақүйлерге, мейрамханаға, әкімшілік мақсаттарына, автомобильдердің тұрақтары мен қойылатын орындарына арналған құрылыстардан басқа құрылыстар жатады.
5. Преференцияларды қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан тұрғызылған ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) бірінші пайдалануға беру:
құрылыс мердігері шартын жасасу жолымен құрылыс салған кезде - ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) пайдалануға беру актісіне мемлекеттік қабылдау комиссиясы қол қойғаннан кейін құрылыс салушының құрылыс объектісін тапсырыс берушіге тапсыруы;
қалған жағдайларда - ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) пайдалануға беру актісіне мемлекеттік қабылдау комиссиясының қол қоюы болып табылады.
6. Мынадай талаптардың біріне немесе одан да көбіне сәйкес келетін салық төлеушілер:
1) салық төлеушіге салық салу осы Кодекстің 5-бөліміне сәйкес жүзеге асырылса;
2) салық төлеуші осы Кодекстің 279-бабының 1) - 4) тармақшаларына көрсетілген акцизделетін тауарларды өндіруді және (немесе) сатуды жүзеге асырса;
3) салық төлеуші осы Кодекстің 63-тарауында көзделген арнайы салық режимін қолданса, салық төлеушілердің преференцияларды қолдануға құқығы жоқ.
7. Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын пайдаланушыға:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде жасалған, олар бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейін өндіру нақ осы кезеңде басталған пайдалы қазбаларды игеруге келісімшарт (келісімшарттар) шеңберінде жүзеге асырылатын қызметте пайдалануға арналған преференциялар объектілері бойынша;
2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде жасалған, пайдалы қазбаларды өндіруге келісімшарт (келісімшарттар) шеңберінде жүзеге асырылатын қызметте пайдалануға арналған (пайдаланылатын) ғимараттар және өндірістік мақсаттағы машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға кейінгі шығыстар бойынша преференцияларды қолдануға рұқсат етуге құқылы.
Осы тармаққа сәйкес преференцияларды қолдануға рұқсат етілген жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстің 120-бабының 6-тармағын қолдануға құқығы жоқ.».
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
15-1-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 137-бабы 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiнгi салық кезеңдерiнде туындаған залалдарға қолданылады деп белгiленсiн.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi салық кезеңдерiнде туындаған залалдар 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 124-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерге ауыстырылады.
Бұл ретте, хеджирлеу операцияларының ерекшелiктерi ескерiле отырып, туынды қаржы құралдары бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi салық кезеңдерiнде туындаған залалдар келесi үш жылды қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады және туынды қаржы құралдары бойынша түсетiн табыстар есебiнен өтеледi.
16-бап. 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
16-1-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 143-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын қолдану мақсатында:
1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн есепке жазылған және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап төленетiн, осындай сыйақы есептелген күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмiнде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлем көзiнен салық салуға жатпайды;
2) сыйақы есептелген күнi қор биржасының ресми тiзiмiнде болмаған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы осындай сыйақы төленетiн күнi белгiленген ставка бойынша төлем көзiнен салық салуға жатады деп белгiленсiн.
17-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде төлем көзінен алынатын табыс салығының ставкасын 10 процент көлемінде қолданылады деп белгілей отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 194-бабы 3) тармақшасының қолданылуы төлем көзінен алынатын табыс салығының ставкасы көлемі бөлігінде 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.