Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2012 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 г., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат):
19-бабының 4-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік» деген сөздер «Мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат, 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
741-баптағы «Кеден кодекстерiнде» деген сөздер «кодексінде, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003ж. № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж. № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж. № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; 2010 ж., № 7, 28, 32-құжаттар):
1) 209-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан» деген сөздер «Кеден одағының кедендiк шекарасынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 214-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «, лицензия бергенi үшiн алынатын алымдарды» деген сөздер алып тасталсын;
3) 250-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында:
«не есірткі заттарды» деген сөздер «тауарларды, атап айтқанда есірткі заттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«декларацияламай немесе жалған декларациялаумен ұштастыра мемлекеттiң кеден шекарасы арқылы өткізу» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу не заңсыз өткізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; 2010 ж., № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат):
1) 35-баптың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және кеден шекаралары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және кеден одағының кедендік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 45-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы «тоқтата тұру» деген сөздерден кейін «, оның ішінде тізілімнен алып тастау» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 52-бапта:
тақырып «тоқтата тұру» деген сөздерден кейін «, оның ішінде тізілімнен алып тастау» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Тізілімнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
4) 53-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«6. Жеке меншік тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
5) мынадай мазмұндағы 143-1-баппен толықтырылсын:
«143-1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу белгіленген адамның осындай қызметпен айналысуы
Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу белгіленген адамның осындай қызметпен айналысуы -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары (дивидендтері), ақшасы, бағалы қағаздары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 163-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«163-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және (немесе) олардың айналымы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін декларациялау қағидаларын, этил спирті және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы бойынша декларацияларды, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы қағидаларын:
алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбеген орындарда сақтау және өткізу;
лицензияда көрсетілмеген мекенжай бойынша этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы (экспорттан басқа);
алкоголь өнімін аралас полимер ыдыстармен, оның ішінде полиэтиленмен қапталған картон ораммен және картон қорабына салынған фольгаланған полиэтилен пакетімен өткізу, сол сияқты тұрқы бұзылған ыдыспен, анық сынған белгiлерi бар, тығыны бүлінген шөлмектермен бөлшек саудада өткізу;
алкоголь өнімін (шарап материалдарынан, сырадан және күштілігі он екі пайызға жетпейтін градусы төмен ликер-арақ өнімдерінен басқа) қаңылтыр ыдыспен, заттаңбасы жоқ шөлмектермен және пластикалық ыдыстармен сату;
алкоголь өнімінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағадан төмен бағамен айналымда болуы (экспорттан басқа);
екі және одан да көп лицензиаттың бір мекенжай бойынша, сол бір стационарлық үй-жайларда, этил спиртін (оның ішінде мұнай өнімдеріне қоспа ретіндегі денатурацияланған этил спиртін (этанолды) және (немесе) алкоголь өнімін сақтауы және өткізуі;
этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ілеспе жүкқұжаттарынсыз сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде бұзу -
жеке тұлғаларға - құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарларға акциз ставкасының бес жүз пайызы мөлшерінде, құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, лауазымды адамдарға - жүз жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарларға акциз ставкасының сегіз жүз пайызы мөлшерінде, құқық бұзушылық жасау нысанасы болған акцизделетін тауарлар және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, лауазымды тұлғаларға - жүз қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру қағидаларын:
уәкілетті органға этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы саласындағы мәліметтерді беруден бас тарту немесе дұрыс емес ақпарат беру, сол сияқты өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу;
ауыз су қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеген кезде алкоголь өнімін (шарап материалынан басқа) суды кондициялауға арналған жабдықпен жарақтандырмай өндіру;
алкоголь өнімін ақаулы бақылаушы есепке алу аспаптарымен не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын бақылаушы есепке алу аспаптарымен өндіру;
этил спиртін ақаулы, сол сияқты есептегі нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшеуіш аппараттарымен өндіру;
спирт өлшеуіш аппараттарын, бақылаушы есепке алу аспаптарын, фланецтік қосындыларды пломбасыз пайдалану немесе уәкілетті органдар салған пломбаларды алып тастау;
екі және одан да көп лицензиаттың сол бір мекенжай бойынша, бір стационарлық үй-жайларда сол бір жабдықта этил спиртін (оның ішінде мұнай өнімдеріне қоспа ретіндегі денатуратталған этил спиртін (этанолды) және (немесе) алкоголь өнімін өндіру мен сақтау түрінде бұзу -
лауазымды адамдарға - жүз жиырма, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға - жүз елу, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің және олардың айналымының шарттарын:
осындай қызмет бойынша лицензия қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметті жүзеге асыру;
тағамдық емес шикізаттан өндірілген этил спиртінен, сол сияқты денатурацияланған этил спиртінен (этанолдан) алкоголь өнімін өндіру түрінде бұзу -тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.
8. Балалар мекемелерiнде, білім беру ұйымдарында және оларға жүз метр радиуста іргелес жатқан аумақтарда алкоголь өнімін өткізу -лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.»;
7) 163-4-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
«дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға» деген сөздер «тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацында:
«дара кәсіпкерлерге - отыз бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға» деген сөздер «тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің төртінші абзацында:
«дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға» деген сөздер «тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацында:
«дара кәсіпкерлерге - отыз бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға» деген сөздер «тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 206-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Импорттаушы тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы табыс етуге тиіс өтінішті қоспағанда, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі -»;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«7. Импорттаушының тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде салық органына табыс етпеуі не уақтылы табыс етпеуі -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
9) 207-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін салық төлеушінің кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамауы да салық салу объектiлерiн жасыру деп түсініледі.»;
10) 209-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салықтың және басқа да міндетті төлемдердің сомасын декларацияда, есепте, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште төмендетіп көрсету - »;
ескерту мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін, егер тұлға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште жанама салықтардың сомаларын төмендеткені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс болған жағдайда, мұндай тұлға импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда жанама салықтардың көрсетілген сомаларын төмендеткені үшін бөлек әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.»;
11) 210, 213 және 214-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«210-бап. Салық агентiнiң салықтарды ұстап қалу және (немесе) аудару жөніндегі мiндеттердi орындамауы
1. Салық агентінің ұстап қалуға және (немесе) бюджетке аударуға жататын салық сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұстап қалмауы немесе толық ұстап қалмауы -
лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталмаған сомасының отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық агентінің бюджетке аударуға жататын ұстап қалған салық сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық аудармауы -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Тұлға салық агенті дербес анықтаған және қосымша салық есептілігінде көрсетілген салықтардың ұсталған (ұсталуға тиіс) сомалары бойынша, оларды салық органына қосымша салық есептілігін табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетке аударған жағдайда осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.»;
«213-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, акцизделетін тауарларды декларациялау қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, ілеспе жүкқұжаттарды, сондай-ақ акцизделетін тауарлардың өндірілуі мен айналымы бойынша декларацияларды табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының темекі бұйымдарының өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын:
уәкілетті органға темекі бұйымдарының өндірілуі мен оның айналымы саласындағы мәліметтерді беруден бас тарту немесе дұрыс емес ақпарат беру, сол сияқты өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу;
темекі бұйымдарын лицензияда көрсетілген мекенжайдан басқа орында өндіру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жабдықтарда өндіру;
лицензия берілген күннен бастап бір жыл ішінде темекі бұйымдарын өндіру бойынша қызметті жүзеге асырмау түрінде бұзу -
лауазымды адамдарға - жүз жиырма, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға - жүз елу, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және өткізу шарттарын:
этилдендiрiлген бензиннiң айналымы, сондай-ақ кондициялық емес мұнай өнiмдерiн өткізу және оларды одан әрі өңдемей сақтау;
мұнай өндірушілер мен жеткізушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан, автожанармай құю станцияларынан тыс орындарда өткізу;
мұнай өнімдерін ілеспе жүкқұжаттарынсыз өткізу және (немесе) тасымалдау;
бақылаушы есепке алу аспаптарына салынған пломбаларды алып тастау;
темекі бұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағалардан төмен бағаларда айналымда болуы (экспорттан басқа);
мұнай өнiмдерiн жылжымалы үлгiдегi жанармай құю станцияларынан дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден тыс орындарда өткізу түрінде бұзу -