3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;
6) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың өтініш берушіге лицензия алуына тыйым салған жағдайларда бас тартылады.
2. Порталда:
ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленуші, егер:
1) сұрау салынатын электрондық ақпараттық ресурсқа қатысты қол жетімділікке шектеулер болғанда және сұрау салуды жіберген адамның сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қол жеткізу құқығы болмаса;
2) сұратылған электрондық ақпараттық ресурс болмаса және оның кімнің иелігінде екені оған белгісіз болса;
3) сұрау салудың мәнін нақтылау кезінде сұрау салушы адамның нақты қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы өтінім жасағанын анықтау мүмкін болмаса;
4) егер шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделсе, электрондық ақпараттық ресурсты сұратушы адам орындау шығыстарын төлемесе;
5) сұрау салу «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе сұрау салуды орындаудан бас тартады.
6) Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Құжаттардың толық ұсынылмаған фактісі анықталған жағдайда лицензиар өтінішті әрі қарай қарастырудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 1-тармағында белгіленген мерзімде мемлекеттік органда немесе электрондық құжат түрінде порталдағы «жеке кабинетінен» алады.
Ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленуші сұрау салуды жіберген адамға бес жұмыс күні ішінде осы стандарттың 2-тармағы 1-тармақшасында көзделген негіздер бойынша сұрау салуды орындаудан бас тарту туралы хабарлайды.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етуқағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңсесі уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс, № 1021 және (немесе) № 925 бөлмелер мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7172) 74-07-68, 74-07-97 телефондары арқылы түсіндіреді және шағым даярлауға жәрдем көрсетеді.
Портал жұмысының әрекеттеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталық телефоны (1414) бойынша алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым:
1) уәкілетті органдарға «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда,жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түске үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүгіну арқылы мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша жіберіледі. Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен басшыларының телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
2) Порталда call-орталық телефонының нөмірі (1414) бойынша жіберіледі.
22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тиісінше қызмет көрсетілмеуіне шағымды мемлекеттік қызмет алушы:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түске үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүгіну арқылы жіберіледі.Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен басшыларының телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген;
2) порталда call-орталық телефонының нөмірі (1414) бойынша жіберіледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы:
1) уәкілетті органдарға «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түске үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүгінеді. Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен басшыларының телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
2) порталда call-орталық телефонының нөмірі (1414) бойынша жүгінеді.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
24. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағым уәкілетті орган басшысының атына беріледі, басшылардың мекенжайы мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
Қажет болғанда мемлекеттік қызмет алушы шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсетуін немесе оның қызметкерінің тиісінше қызмет көрсетпеуін растайтын құжаттарды қоса тіркейді.
Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болғанда), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызмет алушы қол қоюға тиіс. Шағымды берген кезде әрекетіне шағым жасалып жатқан лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптар көрсетіледі.
25. Уәкілетті органда қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ) тіркелуі болып табылады, уәкілетті органның кеңсесінде мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады.
Субъектіге тікелей жазбаша жүгінген мемлекеттік қызмет алушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Шағымның қаралу нәтижелері туралы мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Порталда:
портал арқылы электрондық өтініш жіберілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту) мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетінен қолжетімді болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.
26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz.
«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткізу және
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен телефондары
№ | Уәкілетті органның атауы | Орналасқан мекенжайы және электрондық мекенжайы | Телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Астана қаласының Әділет департаменті | 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 15 www.astanajust.kz | (87172) 39-12-13 | (87172) 32-55-22 |
2 | Алматы қаласының Әділет департаменті | 050000, Алматы қаласы, Зенков көшесі, 47 www.justalmaty.kz | (87272) 91-88-16 | (87272) 91-88-44 |
3 | Ақмола облысының Әділет департаменті | 020000,Көкшетау қаласы, М.Горький көшесі, 37 Akmola_just@mail.ru. | (87162) 25-29-16 | (87162) 40-23-21 |
4 | Алматы облысының Әділет департаменті | 040000,Талдықорған қаласы, Қаблиса Жырау көшесі, 69 «а» propaganda_ust@mail.ru | (87282) 24-32-54 | (87282) 21-08-15 |
5 | Ақтөбе облысының Әділет департаменті | 0300000, Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, «а» otd_pravo@mail.ru | (87132) 56-22-26 | (87132) 56-30-80 |
6 | Атырау облысының Әділет департаменті | 060000, Атырау қаласы, Азаттық көшесі, 140-үй aqilet_qep37@ mail.ru | (87122) 35-75-37 | (87122) 35-75-38 |
7 | Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | 070000, Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 6 justvko@ustk.kz | (87232) 22-19-83 | (87232) 75-46-33 |
8 | Жамбыл облысының Әділет департаменті | 080000, Тараз қаласы, Достық алаңы Әділет үйі depjust-taraz.kz | (87262) 51-35-45 | (87262) 43-05-05 |
9 | Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті | 090000, Орал қаласы, Достық көшесі, 208 Uralsk_DU@mail.ru | (87112) 42-05-33 | (87112) 51-50-55 |
10 | Қарағанды облысының Әділет департаменті | 1000000, Қарағанды қаласы, Ленин көшесі, 72/2-үй du_karaganda51@ mail.ru. | (87212) 42-05-33 | (87212) 42-02-13 |
11 | Қостанай облысының Әділет департаменті | 110000, Қостанай қаласы, Таран көшесі, 38 kost_yust@minjust.kz | (87142) 53-11-38 | (87142) 54-82-23 |
12 | Қызылорда облысының Әділет департаменті | 120000, Қызылорда қаласы, Әйтеке Би көшесі, 29 www.adiletkyzylorda.kz | (87242) 27-04-72 | (87242) 27-04-72 |
13 | Маңғыстау облысының Әділет департаменті | 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 11. www depjust_mangistau.kz | (87292) 42-05-70 | (87292) 42-11-17 |
14 | Павлодар облысының Әділет департаменті | 140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 18 propaganda_08@mail.ru | (87182) 32-73-10 | (87182) 32-09-55 |
15 | Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | 150000, Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 72 www.dj-sko.kz | (87152) 33-26-35 | (87152) 33-26-35 |
16 | Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | 160000, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16 ukodu@mail.ru | (87252) 33-79-29 | (87252) 23-23-76 |
17 | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті | Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, № 8 www.minjust.kz | (87172) 74-07-87 | (87172) 74-02-76 |
«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткізу және
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Комиссияның нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына үміткерді аттестаттау туралы шешімі
_______________ қаласы 20_____ жылғы « ___» ___________
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелері бойынша
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
тестілеу бойынша _____________________ балл
емтихан билеті бойынша _______________ балл жинады.
Мына құрамдағы Комиссия:
Төраға
Мүшелері
___________________________________________ аттестатталсын деп шешті.
(Т.А.Ә.)
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткізу және
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
Комиссияның нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына үміткерді аттестаттамау туралы шешімі
_____________ қаласы 20_____ жылғы « ___» _________
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелері бойынша
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
тестілеу бойынша ___________________________ балл
емтихан билеті бойынша ______________ балл жинады.
Мына құрамдағы Комиссия:
Төраға
Мүшелері
шешім шығарды:
_________________________________ аттестаттаудан өтпеді деп саналсын.
(Т.А.Ә.)
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткізу және
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Ақпаратқа электронды форматқа қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) | | | |