3. Салық органының лауазымды адамы салық органында салықтық өтiнiштi қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасының өзгертілген тiркеу деректерi бар тiркеу карточкасын ресiмдейдi және салық төлеушiге бередi.
4. Бақылау-касса машинасының жаңа тіркеу карточкасы берілген кезде салық органы бұрын берген бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы салық төлеушінің бақылау-касса машинасының аталған тіркеу карточкасын жоғалту (бүлдіру) жағдайларын қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.»;
227) 653-бапта:
3-тармағының 227) тармақшасының екінші абзацы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтағы «осы Кодекстiң 279-бабының 2) - 4) тармақшаларында көрсетiлген акцизделетiн тауарлар» деген сөздер «алкоголь өнімдері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 227) тармақшасының үшінші - оныншы абзацтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтың 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы аумағына бажсыз сауданың кедендiк режимдерiнде орналастыру үшін көзделген бажсыз сауда дүкендерінің меншік иелері әкелетiн;»;
«5) алкоголь өнімдері мен сыраның үш литрден аспайтын шегінде, сондай-ақ темекі мен темекі бұйымдарын 200 сигареттен немесе 50 сигардан (сигарилден) немесе темекінің 250 грамынан аспайтын шегiнде не аталған бұйымдарды жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын ассортиментте Қазақстан Республикасының аумағына он сегіз жасқа толған жеке тұлға әкелетiн (жiберетiн) алкоголь өнiмдерi есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекi бұйымдары акциздiк таңбалармен мiндеттi таңбалануға жатпайды.»;
4-1-тармақтағы «Осы бапта» деген сөздер «Осы баптың 4-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «екi жылда бір реттен аспайтындай» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жекелеген жағдайларда акциздік постылар мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары, темір жол көлігі бойынша өткізуді жүзеге асыратын, сондай-ақ осы Кодекстің 279-бабының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында белгіленеді.»;
13-тармақ алып тасталсын;
3-тармағының 228) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
228) 656-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«656-бап. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау
1. Салық қызметi органдары осы бапта белгіленген тәртіппен уәкiлеттi мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне бақылауды жүзеге асырады.
Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың қызметiне бақылау бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мәліметтердің дәйекті және уақтылы табыс етілуі мәселелерi бойынша жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдардың қызметiне бақылау бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, салық органдарына мүлік, көлік құралдары салығы, жер салығы және басқа да міндетті төлемдер бойынша мәліметтердің дәйекті және уақтылы табыс етілуі мәселелерi бойынша жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша салық қызметі органдарының бақылауды тағайындау туралы шешiмi (бұдан әрі - шешім) уәкiлеттi мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі осы баптың мақсатында - уәкілетті мемлекеттік органдар) қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады, онда мынадай деректемелер:
1) шешiмнiң салық қызметi органдарында тiркелген күнi мен нөмiрi;
2) уәкiлеттi мемлекеттік органның толық атауы және сәйкестендiру нөмiрi;
3) бақылау тағайындау негiздемесi;
4) бақылауды жүзеге асыратын салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының, сондай-ақ осы бапқа сәйкес бақылау жүргiзуге тартылған басқа да мемлекеттік органдар мамандарының лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң атын (олар болған жағдайда);
5) бақылау жүргiзу мерзiмi;
6) бақылау кезеңі;
7) бақылау жүргізу мәселелері;
8) уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiммен танысқаны және оны алғаны туралы белгiсi қамтылады.
Шешім бақылау жүзеге асырыла басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есептер саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуге жатады.
2. Шешiмде көрсетiлген салық қызметi органдарының лауазымды адамдары, осы бапқа сәйкес бақылау жүргiзуге тартылған өзге де тұлғалар және уәкiлеттi мемлекеттік органдар бақылауға қатысушылар болып табылады.
Уәкiлеттi мемлекеттік органдар бақылауды жүзеге асырған кезде салық қызметi органдарына бақылау жасау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алуына, салық қызметi органдары лауазымды адамдарының салық салу объектілерін зерттеп-тексеруге кiруiне жәрдем жасайды.
Бұл ретте уәкiлеттi мемлекеттік органдардың бақылауы салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң бір түрi бойынша және бірнеше түрi бойынша да бір мезгiлде жүргiзiлуi мүмкiн.
Құжаттар мен мәліметтер алуға, сондай-ақ салық салынатын объектілерді зерттеп-тексеруге кедергi жасалған кезде, салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының бақылау жүргізу үшін кiруге жіберiлмегенi туралы акт жасалады.
Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының бақылау жүргізу үшін кiруге жіберiлмегенi туралы актiге бақылау жүргізетін салық қызметі органының және уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары қол қояды. Көрсетiлген актiге қол қоюдан бас тартқан кезде уәкілетті мемлекеттік орган бас тарту себебi туралы жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi.
Уәкілетті мемлекеттік орган шешімнің данасын (көшірмесін) алған күн немесе уәкілетті мемлекеттік органның шешімге қол қоюдан бас тартуы туралы акт жасалған күн бақылау жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.
Уәкілетті мемлекеттік орган шешімінің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бақылау жүргiзетiн салық қызметi органының қызметкерi куәгерлердi (кемінде екеу) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актiде:
1) оның жасалған орны мен күнi;
2) акт жасаған салық қызметi органының лауазымды адамының тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған жағдайда);
3) тартылған куәгерлердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке куәлiгiнiң нөмiрi, тұрғылықты жерiнiң мекенжайы;
4) шешімнің нөмiрi, күнi, уәкілетті мемлекеттік органның атауы, оның сәйкестендiру нөмiрi;
5) шешім данасына қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетiледi.
Уәкілетті мемлекеттік органның шешімді алудан бас тартуы салықтық тексерудің күшін жоюға негіз болып табылмайды.
3. Бақылау жүргiзу мерзiмi уәкiлеттi мемлекеттік органға бақылау тағайындау туралы шешiм тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Бақылау тағайындаған салық қызметi органы көрсетiлген мерзiмдi елу жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау жылына бір реттен жиі жүзеге асырылмайды.
4. Бақылау жүргiзу мерзiмiнiң барысы уәкiлеттi мемлекеттік органға салық қызметi органының құжаттарды табыс ету туралы талаптарын тапсыру күнi мен уәкiлеттi мемлекеттік органның бақылау жүргiзу кезiнде сұрау салынған құжаттарды табыс ету күнi арасындағы, сондай-ақ салық қызметi органының басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға сұрау салу жiберiлген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәлiметтер мен құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңiне тоқтатыла тұрады.
5. Бақылау мерзiмiн тоқтата тұрған (қайта бастаған) кезде салық қызметi органдары уәкілетті мемлекеттік органдарға мынадай деректемелерді:
1) бақылау жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның салық органында тiркелген күнi мен нөмiрiн;
2) салық органының атауын;
3) тексерiлетiн уәкiлеттi органның толық атауы және сәйкестендiру нөмiрiн;
4) тоқтатыла тұрған (қайта басталған) бұйрықтың күні мен тіркелген нөмірін;
5) бақылауды тоқтата тұру (қайта бастау) қажеттігінің негіздемесін;
6) бақылау жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның тапсырылған және алынған күні туралы белгіні көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Бақылау мерзімін, кезеңін ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) бақылауға қатысушылардың тізбесін өзгерту кезінде шешімге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қосымша шешім ресімделеді.
6. Бақылау аяқталған кезде салық қызметi органының лауазымды адамы:
1) бақылау жүзеге асырылған жердi, бақылау актiсi жасалған күндi;
2) салық қызметi органының атауын;
3) бақылау жүргiзген салық қызметi органының лауазымды адамдарының лауазымдарын, тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда);
4) уәкiлеттi мемлекеттік органның толық атауын, сәйкестендiру нөмiрiн және мекенжайын;
5) уәкiлеттi мемлекеттік орган басшысының және лауазымды адамдарының тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда);
6) олардың келiсiмiмен және қатысуымен бақылау жүргiзiлген уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды адамдарының лауазымдарын, тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда);
7) алдыңғы бақылау және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәлiметтердi;
8) жүргiзiлген тексеру нәтижелерiн;
9) бақылау жүргізуге тартылған басқа да мемлекеттік органдардың мамандарының лауазымдарын, тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда) көрсете отырып, бақылау актiсiн жасайды.
7. Бақылаудың нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған кезде, салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап қояды.
Салық қызметi органының уәкiлеттi мемлекеттік органға бақылау актiсiнде көрсетiлген бұзушылықтарды жою қажеттiгi туралы қағаз жеткізгіште жiберген хабарламасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы талап (бұдан әрi - талап) болып танылады. Талап нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Талапта:
уәкiлеттi органның толық атауы;
сәйкестендiру нөмiрi;
талапты жiберу үшiн негiз;
талап жiберiлген күн;
уәкiлеттi мемлекеттік орган бюджетке өндiрiп алуға жататын сома көрсетiледi.
Тексерілетін уәкiлеттi мемлекеттік органның бірiншi басшысына (бірiншi басшының орнындағы адамға) бақылау актiсiн табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, талап өз қолын қойғызып не оны жiберу және алу фактісін растайтын өзге тәсiлмен жiберiлуге тиiс.
Талапты уәкiлеттi мемлекеттік орган оны тапсырған (алған) күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.
8. Бақылау нәтижесi бойынша анықталған салық берешегi сомаларын өндiрiп алуды салық және бюджетке төленетін басқа мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы үшiн жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
9. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар салық және бюджетке төленетін басқа мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ мәліметтердің салық органдарына дәйекті және уақтылы табыс етілуі үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.»;
229) 667-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық төлеушінің (салық агентінің) тақырыптық тексеру жүргізуді тағайындаған күннен бастап шағым бойынша шешім шығарылғанға дейінгі кезеңде шағымды қайтарып алуды жүргізуге құқығы жоқ.».
4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж. №15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж. № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж. № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
4-тармағының 1) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 50-бапта:
6-1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мемлекеттік лауазымдағы адамға және осы кезеңде оның жұбайына (зайыбына) қатысты;»;
екінші бөлікте:
«тармақта» деген сөздерден кейін «және осы баптың 6-тармағының д) тармақшасында» деген сөздермен толықтырылсын;
«уәкілетті орган» деген сөздер «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-1-тармақтағы «Осы баптың» деген сөздер «Егер осы баптың 6-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 51-баптың 1-тармағында:
екінші бөліктегі «салық және (немесе) кеден органдарының бірiншi басшысы қол қойып, мөрiмен куәландырылған» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Бұл ретте салық және (немесе) кеден органдарының өкімдері қағаз жеткізгіште немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық түрде банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
Қағаз жеткізгіште жіберілетін өкімге салық және (немесе) кеден органдарының бірiншi басшысы қол қойып және мөрiмен куәландыруы тиіс.
Электронды түрде жіберілетін өкім салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген форматтарға сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісім бойынша жасалады.».
5-тармақ 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат, № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат):
22 -бапта:
4-1-тармақтың 1) тармақшасындағы «төлейтін» деген сөз «төленген» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері агенттер ретінде қаралуы мүмкін.».
6-тармақ 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат):
15-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері әлеуметтік аударымдарды төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.».
7. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж. № 3, 32-құжат):
14-баптың 7) тармақшасы «өтінішті» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
8. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
2-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережесі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент негізінде арнаулы салық режимінен басқа, біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін және өзге салық салу режимдерін бір мезгілде қолданатын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.».
9. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат):
9-тармағының 1) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптағы «2011 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздер «2011 жылғы 1 шілдеден» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармағының 2) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) мынадай мазмұндағы 1-2-баппен толықтырылсын:
«1-2-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 113-бабына сәйкес топтың (кіші топтың) тиісті құндық теңгерімін ұлғайтуға жатқызылатын немесе топтың (кіші топтың) тиісті құндық теңгерімін қалыптастыратын 2008 жыл ішінде жүргізілген негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығыстар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 113-бабында белгіленген тәртіппен 2009 жылдың басына тіркелген активтер тобының (кіші тобының) тиісті құндық теңгерімін ұлғайтады немесе қалыптастырады деп белгіленсін.»;
9-тармағының 3) тармақшасы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 3-3-бапта:
үшінші абзацтағы «Мынадай» деген сөз «Қазақстан Республикасы өткізу орны болып табылатын мынадай» деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзацтағы «өткізу» деген сөз «тарату» деген сөзбен ауыстырылсын;
он үшінші абзацтағы «244-бабына» деген сөздер «244 және 276-12-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармағының 4) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 9-1-баптағы «2011» деген цифрлар «2014» деген цифрлармен ауыстырылсын;
9-тармағының 5) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 9-2-баптағы «2009» деген цифрлар «2011» деген цифрлармен ауыстырылсын;
6) 11-1-баптың алтыншы абзацындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 12-баптың бірінші абзацындағы «2012» деген цифрлар «2016» деген цифрлармен ауыстырылсын;
9-тармағының 8) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8) мынадай мазмұндағы 19-1-бапппен толықтырылсын:
«19-1-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 624-бабының 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларының және 3-тармағы 1) және 2) тармақшаларының қолданылуы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын.»;
9) 20-1-бап алып тасталсын;
9-тармағының 10) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 22-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацындағы «308» деген цифрлар «308-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
9-тармағының 11) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
11) 25-бапта:
13-тармақта:
бірінші және екінші бөліктерде:
«уәкiлеттi орган», «уәкiлеттi органға» деген сөздер тиісінше «салық қызметі органы», «салық қызметі органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «Уәкілетті орган», «уәкiлеттi органда бар мониторинг бойынша есептіліктің» деген сөздер тиісінше «Салық қызметі органы», «мониторинг бойынша есептіліктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың бірінші және төртінші бөліктеріндегі «уәкiлеттi органға» деген сөздер «салық қызметі органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармағының 12) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 35-баптағы «2011» деген цифрлар «2012» деген цифрлармен ауыстырылсын;
9-тармағының 13) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) мынадай мазмұндағы 36-1-баппен толықтырылсын:
«36-1-бап. Тоқтата тұру кезеңінде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 656-бабы 1-тармағының қолданылуы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
«1. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне осы бапта белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асырады.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мәліметтердің дәйекті және уақтылы табыс етілуі мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы, салық органдарына мүлік, көлік құралдары салығы, жер салығы және басқа да міндетті төлемдер бойынша мәліметтердің дәйекті және уақтылы табыс етілуі мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдар біржолғы талондар беру үшін айқындаған органдардың қызметіне бақылау:
бюджетке берілген біржолғы талондар сомаларының дұрыс есептелуі, толық әрі уақтылы аударылуы (есепке жатқызылуы);
біржолғы талонды, біржолғы талон түбіртегінің толық және дұрыс толтырылуы, біржолғы талондар түбіртектерінің сақталуы;
салық органдарына мәліметтердің дұрыс және уақтылы табыс етілуі;
біржолғы талондарды беру есебінің дәйекті жүргізілуі мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
Салық қызметi органдарының уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша бақылауды тағайындау туралы шешiмi (бұдан әрі - шешім) уәкiлеттi мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар біржолғы талондар беру үшін айқындаған органдардың (бұдан әрі осы баптың мақсатында - уәкілетті мемлекеттік органдар) қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады, онда мынадай деректемелер:
1) шешiмнiң салық қызметi органдарында тiркелген күнi мен нөмiрi;
2) уәкiлеттi мемлекеттік органның толық атауы және сәйкестендiру нөмiрi;
3) бақылауды тағайындау негiздемесi;
4) бақылауды жүзеге асыратын салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының, сондай-ақ бақылау жүргiзуге тартылатын басқа да мемлекеттік органдар мамандарының лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (олар болған жағдайда);
5) бақылауды жүргiзу мерзiмi;
6) бақылау кезеңі;
7) бақылауды жүргiзу мәселелері;
8) уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiммен танысқаны және оны алғаны туралы белгiсi қамтылады.
Шешім құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдарда бақылауды жүзеге асыру басталғанға дейін мемлекеттік тіркелуге жатады.»;
9-тармағының 14) тармақшасының бірінші, екінші абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«42-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 272-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарына дейiн тоқтатыла тұрсын: