174. Қосымша келісімді тіркеуге арналған өтінім қосымша келісімнің деректемелерін ескере отырып, осы Ережеде көзделген тәртіппен толтырылады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ-де өтінімді қалыптастыру кезінде мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойған өтінімнің электрондық түріне растау құжаттарымен бірге Міндеттемелердің тіркелгені туралы хабарлама нөмірі (Шарттың нөмірі мен күні және болған кезде қосымша келесімнің нөмірі мен күні) көрсетілген мемлекеттік мекеменің хаты тіркеледі.
Шарт сомасы, шарттың жалпы сомасы (жылдар бойынша бөлінген шығыстардың БСК бойынша сомасы) немесе тараптардың деректемелері (атауын қоспағанда) өзгерген кезде мемлекеттік мекеме бұрын орындалған міндеттемелерді (кассалық шығыстарды) шегере отырып, шарттың жаңа сомасына арналған өтінімді ұсынады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша жібереді).
Өткен қаржы жылында орындалмаған және бюджет қаражатының қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға қосымша келісімді тіркеу үшін өтінім өткен қаржы жылында тіркелген, іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламалары және әзірлену және жеткізілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтер мен басқа да тауарларды, көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша міндеттемелердің төленбеген бөлігінің сомасына жасалады және беріледі («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қалыптастырылады және жіберіледі).
Өткен қаржы жылында орындалмаған және өткен қаржы жылында жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылындағы шығыстардың бюджет қаражаты қалдықтарының есебінен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға қосымша келісімді тіркеу үшін өтінім олардың ағымдағы қаржы жылының басында пайдаланылмаған қалдығының сомасына жасалады және ұсынылады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қалыптастырылады және жіберіледі).
Өткен қаржы жылында республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттер сомасы есебінен ағымдағы қаржы жылында көзделген бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген шарттың сомасын ұлғайтатын қосымша келісімді тіркеу үшін өтінім ағымдағы қаржы жылының жалпы сомасына және өткен қаржы жылында тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің сомасына жасалады және беріледі («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қалыптастырылады және жіберіледі).
Тараптардың атауына өзгерістер енгізілетін қосымша келісімдерді ұсыну үшін өтінім жасалмайды.
21-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң шарттарын және азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеуге арналған өтiнiмдердi тексеру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 175-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 175-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
175. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тіркеуге берілген шартты (қосымша келісімді) «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электронды түрде мыналарға:
1) мемлекеттік мекеме атауының көрсетілу дұрыстығына;
2) ҚР ББС сәйкес бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер кодының және атауының болуына және дұрыстығына;
3) шарт мәнінің Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына сәйкес шығыстар бағытына сәйкестігіне;
4) аванстық төлем пайызының осы Ережеде белгіленген мөлшерден асып түспеуіне;
5) жазумен көрсетілген соманың санмен көрсетілген сомаға сәйкестігіне;
6) қағаз тасығыштағы шартта қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедері үлгілері бар құжатқа сәйкестігіне, бұл ретте қолдар жарыққа төзімді сиялармен қойылуы тиіс, елтаңбалы мөрдің бедері дәл және анық болуы тиіс. Мемлекеттік мекемелер мен ақша алушыларға ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрі ұсынылған кезде ЭЦҚ түпнұсқалығы тексеріледі;
7) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асуы мүмкін шарттарды қоспағанда, шарттың қолданылу мерзімін ағымдағы қаржы жылының шегінен асып кетпеуіне;
8) шарт сомасының қабылданбаған міндеттемелер сомасынан асып кетпеуіне;
9) қолданылу мерзімі тек осы Ережеде көзделген жағдайларда ғана ағымдағы қаржы жылынан асатын қосымша келісімдердің, сондай-ақ шарттардың жасалуына;
10) осы Ереженің 155-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі шарттарды тіркеуге ұсынуға;
11) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттың және жұмыстар көлемдерінің жалпы сомасын тиісті қаржы жылдары бойынша шартты түрде бөлісудің бар-жоғына тексеруді жүзеге асырады;
12) шарттың (қосымша келісімнің) талаптарын қолмен қандай да бір түзетулерге не дұрыстауға жол берілмейді;
13-14-подпункттар 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) егер ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты аванс төлеу шартпен көзделген жағдайда бұрын төленген авансты тепе-тең ұстау туралы шарттың болуы;
14) ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға байланысты шарттарда ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқтағаннан кейін шарттың сомасынан бес пайызды тапсырыс берушінің түпкілікті төлеуі жөніндегі шарттардың және тапсырыс берушінің аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы объектілерді пайдалануға беру туралы мемлекеттік немесе жұмыс комиссиясының бекітілген актісін беруге қоятын талаптарының болуы.
176. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi өтiнiмдi мыналарға:
белгiленген нысанға сәйкестiгiне;
өтiнiм деректемелерiнiң шарт деректемелерiне сәйкестiгiне;
мемлекеттік мекеме атауының және кодының оның Мемлекеттік мекемелер анықтамалығында көзделген атауына және кодына сәйкестiгiне;
ақша алушы деректемелерiнiң Ақша алушылар анықтамалығында көзделген деректемелерге сәйкестiгiне;
өтiнiмдегi қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедері үлгiлерi бар құжатқа сәйкестiгiне;
осы Ереженiң 165, 167-тармақтарында көзделген құжаттардың бар болуына;
жазылған соманың санмен берiлген сомаға сәйкестiгiне;
шартты бiрнеше бюджеттік бағдарлама бойынша немесе бюджет шығыстарының әрбір БСК бойынша бір бюджеттік бағдарлама шеңберiнде жасасқан жағдайда, барлық өтiнiмдердiң бiр уақытта берiлуіне;
өтiнiмнiң қолданылу мерзiмiнде берiлуiне тексерудi жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 177-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 177-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
177. Өтінім оған қоса берілген құжаттарға не шарт осы Ереженің 175, 176-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, аумақтық қазынашылық бөлімшесі өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды мынадай жағдайларда:
1) қабылдау кезеңінде сәйкессіздік байқалса, мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге өтінім тізіліміне қайтару туралы соғылған белгімен хат ресімдемей;
2) қабылдағаннан кейін тексеру барысында сәйкессіздік байқалса, оларды аумақтық қазынашылық бөлімшесіне берген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының қойылған қолымен жазбаша түрде қайтарады, бұл ретте өтінімнің екінші данасы хаттың екінші данасымен қалады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша өтінімнің электрондық түрі оған тіркелген құжаттарға не осы Ереженің 175, 176-тармақтарымен белгіленген шарт талаптарына сәйкес келмеген кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі қабылдамау себептері көрсетілген өтінімді қабылдамайды.
22-тарау. Шартты тiркеу туралы хабарламаны қалыптастыру және беру
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 178-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
178. Шартты тiркеу туралы хабарлама (бұдан әрi - хабарлама) мемлекеттік мекеменiң ақша алушымен жасасқан шартының тiркелуiн растайтын құжат болып табылады.
Хабарлама аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде шарт (қосымша келісім) нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеген кезде ғана берiледi.
Хабарлама ҚБАЖ-да бекітілген өтiнiм деректемелерiнiң негiзiнде ҚБАЖ-да қалыптастырылады.
5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға хабарландыруды сипаттау жолында төлемнің тағайындалуын сипаттаудан басқа бенефициардың ИИК-і және банктің БИК-і көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 179-тармақ жаңа редакцияда
179. Хабарлама мемлекеттік мекемеге аумақтық қазынашылық бөлімшесіне өтінімді берген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде беріледі.
Шартты (қосымша келісімді) тіркеу кезінде хабарлама осы Ереженің 69-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі - 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама) беріледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ пайдалану кезінде мемлекеттік мекемелер 5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сомаға 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны дербес қалыптастыра алады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ-да 5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға хабарлама қалыптастыруды аумақтық қазынашылық бөлімшесі жүзеге асырады және мемлекеттік мекемеге қағаз тасығышта береді.
180. Шартты (қосымша келісімдi) тіркеу кезінде мынадай:
5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сомаға тiркеу кезiнде 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама үш данада қалыптастырылады;
5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тiркеу кезiнде 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама төрт данада қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 181-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
181. Мыналар:
тiркелген шарттың сомасы;
шарттың қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн ағымдағы қаржы жылына арналған тiркелген шарттың сомасы;
тараптардың атауларын қоспағанда, тараптардың деректемелерi;
бұрын ҚБАЖ-да қалыптастырылған хабарлама жабылатын және 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа Хабарлама қалыптастырылатын қосымша келісім тіркелген жағдайда өзгертіледі.
Тараптардың атауы өзгергертілген қосымша келісім ұсынылған жағдайда, 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны жаппастан Хабарлама түзетiледi.
ҚБАЖ-да, оның негiзiнде қолданылу мерзiмi бiр қаржы жылынан асып кететiн бұрын тiркелген шарттың ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасы тiркелетiн өтiнiмдi бекiткен кезде 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама ағымдағы қаржы жылының сомасына қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 182-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
182. Қағаз тасығыштағы 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаға аумақтық қазынашылық бөлімшесінің бірінші басшысы (немесе ол уәкілеттік берген тұлға) қол қояды, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты атқарушысының қолымен, мөртабан бедерімен ресімделіп құжаттың қайта өңдеу күні қойылады, сондай-ақ елтаңбалық мөр бедерімен куәландырылады.
Бұл ретте 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама бірнеше бетте қалыптастырылған жағдайда құжаттың әр бетіне қол қойылып, мөр бедерімен ресімделіп құжаттың қайта өңделген күні қойылады.
Мемлекеттік мекеме «Қазынашылық-клиент» АЖ электрондық түрде қалыптастырылған хабарламаға аумақтық қазынашылық бөлімшесі қол қоймайды.
183. Хабарламаның 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiр данасы шарттың (қосымша келісімнің) көшірмесімен бірге аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады, қалған даналары шарттың (қосымша келісімнің) әр бетi мөртабандалған түпнұсқасымен бірге мемлекеттік мекемеге беріледі.
184. Мемлекеттік мекеме ақша алушыға орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi қол қойған және мемлекеттік мекеменiң елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылған мыналарды:
шартты (қосымша келісімдi) 5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сомаға тiркеу кезiнде алынған 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi хабарламаның бiреуiн;
осы шартты (қосымша келісімдi) 5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тiркеу кезiнде алынған 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш хабарламаның екеуiн бередi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 185-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
185. Ақша алушы 5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тiркелген шарт (қосымша келісім) бойынша алынған 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi хабарламаны алғаннан кейін 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаның бiр данасын оған ағымдағы шотты ашқан екiншi деңгейдегi банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға (бұдан әрi - банк) бередi.
Ақша алушы 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаның кейіннен мемлекеттік мекемеде қалатын екінші данасына қол қояды және дәл және анық мөр бедерімен куәландырады. Бұл ретте ақша алушы қол қоюды және мөр бедерін басуды мемлекеттік мекеменiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарт (қосымша келісім) бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзуi үшiн жүзеге асырады. Ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
Мемлекеттік мекеме ақшаны алушымен тиісті бюджеттің кірісіне ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсім) сомасын мемлекеттік мекеменің аударуы туралы қосымша келісім жасасқан жағдайда 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаға қол қойылмайды.
Егер ақша алушы жеке кәсiпкер ретiнде тiркелмеген жеке тұлға болып табылатын жағдайда 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламада оның қойылған қолы ғана болады.
186. Мемлекеттік мекеме «түпкiлiктi» мәртебесi бар төлеуге берiлетiн шотқа қоса аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ақша алушының қойылған қолдары және мөр бедерлері бар 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарламаны ұсынады.
«Түпкiлiктi» мәртебесi бар төлеуге берiлетiн шотты жүргiзгеннен кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi осы Ереженің 70-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарламаны (бұдан әрі - 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама) екi данада қалыптастырады. Хабарламаға 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің жауапты атқарушысы қол қояды және құжатты қайта өңдеу күнiн қоя отырып, оның мөртабанымен куәландырады. 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаның бiр данасы орындалған және тіркелген міндеттемелердің есебін жүргізу үшін мемлекеттік мекемеге, екінші данасы - мемлекеттік мекеменің қабылданған міндеттемелерін жабу үшін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 187-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
187. Бюджет қаражатының жұмсалуына мониторингті және мемлекеттік мекеменің қабылданған міндеттемелері бойынша егжей-тегжейлі ақпарат алуды қамтамасыз ету үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ереженің 71-қосымшасына сәйкес 4-09 «Мерзімді міндеттемелер бөлшектері» нысанындағы есебін және қажеттілігіне қарай мемлекеттік мекеменің сұратуы бойынша берілетін осы Ереженің 72-қосымшасына сәйкес 4-12 «Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері» нысанындағы есебін және ай сайын осы Ереженің 31-қосымшасына сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысанындағы есепті қалыптастырады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 4-09 «Кезеңді міндеттемелердің бөлшектері», 4-12 «Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері», 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» есептерін дербес қалыптастырады.
23-тарау. Төлемдер мен ақша аударымдарын ұлттық валютамен жүзеге асыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.08.12. № 1321 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 188-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 188-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 188-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
188. Мемлекеттік мекемелердің төлемдері мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттік мекемелер шоттарындағы қалдықтар, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке жоспардың жоспарлы тағайындаулары мен шартты тіркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегінде жүргізіледі. Мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының және шетел валютасындағы шоттарының жеке сәйкестендіру кодтары осы Ережеде белгіленген тәртіппен беріледі және тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшелері мен мемлекеттік мекемелердің назарына жеткізіледі.
Жеке жоспар шығыстарының бюджеттік сыныптамасының тиісті коды бойынша жоспарлы тағайындау болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлімшесі төлеуге берілетін шотты орындамай қайтарады.
Тиісті бюджеттердің ҚБШ-да ақша жеткіліксіз болған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесі бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалған бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдер жүргізеді, қалған төлемдер төлеуге берілетін шоттардың түсу кезектілігі тәртібімен жүргізіледі. Бұл ретте қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде түскен ҚБАЖ-ға енгізілген төлеуге берілетін шотты орындау үшін ақша болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда, төлеуге берілетін шот қайтару себебін негіздей отырып, келесі күні орындалмастан мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында ақша жеткіліксіз болған жағдайда салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, салық органдары және (немесе) уәкілетті органдардың құзыреті шегіндегі салықтық емес төлемдердің артық төленген сомаларын салық төлеушілерге қайтаруға төлем тапсырмаларын аумақтық қазынашылық бөлімшесі орындауға қабылдамайды.
БҚШ-дан ақшаны есептен шығару бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен ҚБЕО төлем жүйелері арқылы жіберілген электрондық төлем құжаттары негізінде жүргізіледі.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның немесе мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе мәслихатқа енгізілген күннен бастап, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынған деректердің негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның нұсқауы бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесі жоспарлы тағайындауларды азайту жоспарланатын бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар), ерекшеліктер бойынша төлемдер жүргізуді тоқтата тұрады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша төлемге шоттарды Мемлекеттік мекеме қалыптастырғанға дейін осы Ереженің 118-қосымшасы бойынша 0_07 «Бюджет бойынша мемлекеттік мекеменің бос қалдықтары бойынша есеп» есебіне сәйкес шығыстардың бюджеттік сыныптамасының, төлемдер бойынша жеке жоспардың тиісті коды бойынша жоспарлы жұмсалымдардың жеткіліктілігін тексеру жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 189-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 189-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
189. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекемелерден төлеуге берілетін шоттарды қағаз тасығышта қабылдауды аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы бекіткен және мемлекеттік мекемелерге берілген мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесіне сәйкес жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырады. Бұл ретте банк кассасынан чек бойынша қолма-қол ақшаны алуға арналған құжаттар жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00-ге дейін қабылданады.
Аумақтық қазынашылықтың бөлімшесі бүкіл жұмыс күні ішінде электронды түрде «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша мемлекеттік мекемелерден түсетін төлем шоттарын қабылдауды жүзеге асырады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекемелерден 16.00 сағаттан кейін қағаз тасығышта түскен құжаттар келесі жұмыс күні түскен болып есептеледі.
Электронды түрде «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша мемлекеттік мекемелерден жергілікті уақытпен сағат 16.00-ден кейін түскен төлем шот келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады не орындаусыз қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 190-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 190-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.20.06. № 667 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 190-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2012.16.04. № 466 Қаулысымен 190-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
190. Мемлекеттік мекеме мыналарды:
1) құжаттарды қағаз және магнитті тасығышта ұсынған кезде мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесінің сақталуын;
2) төлеуге берілетін шотты ұсыну заңдылығы мен негізділігін;
3) төлеуге берілетін шотта көрсетілген деректемелердің дұрыстығын;
4) ақша алушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді орындаудың уақтылылығы мен толықтығын;
5) жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетілген қызметтердің жеткізілуін растаудың дұрыстығын;
6) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша аванстық төлемнің сомасын қоспағанда, төлем жүргізген кезде, тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде шот-фактуралардың немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмелерін, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді орындау кезінде көрсетілген жұмыстар актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмесін беруді;
7) олар бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы дайындау құны ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша аванстан кейінгі төлемді жүргізу кезінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын ұсынуды;
8) «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде - мемлекеттік мекеменің басшысы мен бухгалтерінің ЭЦҚ қолы қойылған сканерленген бейнесін жапсыруды;
9) «Қазынашылық-клиент» АЖ пайдалану кезінде заңды тұлғаның құжат топтамасында берген мемлекеттік мекеменің уәкілетті басшының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Аванстық төлемдердің сомаларын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншікте тұрған мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін төлемдер жүргізген кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шот-фактуралардың, тауарды жеткізу туралы жүкқұжаттың немесе мемлекеттік мекемеге мемлекеттік кәсіпорын беретін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады. Бұл ретте көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеме мөрінің түпнұсқасымен куәландырылады және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты жатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлғаның), ал ондайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен дәйектеледі.
Аванстық төлем сомасын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша қайта жасасқан және бұрын мемлекеттік кәсіпорындар жасасқан ұзақ мерзімді шарттар бойынша ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жүргізу үшін төлем жүргізу кезінде мемлекетті мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесін не Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеге берген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады.