қатысу үшін өтінімді қамтамасыз ету енгізіліп отырған электрондық конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауын;
банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтінімді қамтамасыз етудің сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
3) конкурстық өтінімді қамсыздандыруға конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізілсе.
Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді енгізілген қамтамасыз етуді өзге негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.
27. Электрондық конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
3) оның электрондық конкурсқа қатысуға өтінімі КҚ талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, оның ішінде, егер ол электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурстық құжаттама мен Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынбаса, электрондық конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).
28. Конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру үшін Заңның 17-бабының 4-тармағында санамаланған өлшемдерді ескереді және конкурсқа қатысуға бір конкурстық өтінім ұсынылған жағдайларды қоспағанда, оларды электрондық конкурсқа қатысуға арналған барлық өтінімдерге тең мөлшерде қолданады.
Әлеуетті өнім беруші осы өлшемдерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды. Шартты жеңілдікті қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілуі тиіс.
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі электрондық конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы электрондық конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің нарықта болған жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5%) мөлшерінде, бірақ бес пайыздан аспайтын шартты жеңілдік береді. Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда осындай пайыз белгіленбейді. Конкурстық өтінімнің шартты бағасына осы өлшемнің жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспауы тиіс.
Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеудің ең аз құны бар электрондық конкурсқа өтінімді айқындайды және оған екі пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Конкурстық өтінімнің шартты бағасына осы өлшемнің жиынтық пайыздық әсері екі пайыздан аспауы тиіс.
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес отандық тауарөндіруші үшін ұсынылған тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия екі пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия үш пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер жөніндегі мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған орта басқармасының сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжаты болған кезде және (немесе) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растайтын құжаты болған кезде конкурстық комиссия екі пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Конкурстық комиссия жеткізілетін тауарларының функционалдық сипаттамалары ең үздік конкурстық өтінім айқындалған кезде, жарты пайыз (0,5%) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Конкурстық комиссия жеткізілетін тауарларының техникалық сипаттамалары ең үздік конкурстық өтінім айқындалған кезде, жарты пайыз (0,5%) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Конкурстық комиссия жеткізілетін тауарларының сапалық сипаттамалары ең үздік конкурстық өтінім айқындалған кезде үш пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Жергілікті мазмұнның болуын қарау кезінде конкурстық комиссия жергілікті мазмұнның әрбір бір пайызы үшін электрондық конкурсқа қатысу өтінімнің шартты бағасын оннан бір (0,1) пайызға азайтады.
Тауарда жергілікті мазмұнның болуы СТ-КZ нысанды тауардың шығуы туралы сертификатпен расталады.
Егер тауарлардың әлеуетті өнім берушісі сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысу өтінімнің бағасын жергілікті мазмұн болғаны үшін он пайызға азайтады.
Жұмыстардың, қызметтердің әлеуетті өнім берушісінің жергілікті мазмұны жалпы еңбекақы қорынан және осы электрондық конкурс (лот) бойынша жұмыстарды, қызметтерді тікелей де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шартын жасасу арқылы да мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші сатып алатын тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасының резиденттері жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндіру өлшемдеріне сәйкес тауардың (тауарлардың) белгіленген қазақстандық шығу тегі үлесінің (үлестерінің) құнынан мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.
Конкурстық комиссия отандық тауар өндірушіге он пайыз мөлшерінде, жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушіге бес пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
29. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:
1) біліктілік талаптарына және КҚ талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
2) Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес КҚ-да көзделген шартты жеңілдіктердің мөлшерлерін анықтайды.
30. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылданған (конкурс қатысушылары деп танылған) күні электрондық конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің барлығына автоматты түрдегі хабарламалар тарата отырып, веб-порталда жариялайды. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
6. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуi
31. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілер (электрондық конкурсқа қатысушылар) конкурстық баға ұсынысын (бұдан әрі - КБҰ) веб-порталды пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында осы КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес береді.
32. Отандық әлеуетті өнім берушілердің КБҰ теңгемен берілуге тиіс.
33. Ұлттық валютада берілмеген КБҰ-н Қазақстан Республикасының валютасына - КБҰ берілген күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге веб-портал автоматты түрде қайта есептейді.
34. КБҰ берген өнім берушіге веб-портал тиісті хабарламаны жібергеннен кейін КБҰ қабылданған болып есептеледі.
35. Веб-портал мынадай:
1) конкурс қатысушысы бір және тағы сол конкурсқа (лотқа) біреуден артық КБҰ берген;
2) электрондық конкурсты жүзеге асыруға бөлінген сомадан асып кеткен;
3) конкурстық баға ұсынысы рұқсат беру туралы хаттама жарияланған сәттен бастап, үш жұмыс күнінен кешігіп түскен жағдайларда КБҰ-н қабылдаудан автоматты түрде кері қайтарады.
36. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде, КБҰ-н ұсынудың соңғы мерзімі біткенге дейін КБҰ-ны кез келген уақытта өзгертеді немесе қайтарып алады.
7. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау
37. Әлеуетті өнім берушілер берген КБҰ туралы мәліметтер автоматты түрде веб-порталда тіркеледі.
38. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні мен уақыты веб-портал электрондық конкурсқа қатысушылардың КБҰ-н бағалау және салыстыруды автоматты түрде жүргізеді:
Қағидаларға сәйкес анықталатын демпингтік баға есептеледі және конкурсқа қатысушының демпингтік болып табылған КБҰ қабылданбайды;
егер бағасы демпингтік болған КБҰ қабылданбағанынан кейін электрондық конкурсқа қатысушылардың екі және одан да көп КБҰ электрондық конкурсқа қатысатын болса, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген шартты жеңілдіктерді электрондық конкурстың қабылданған КБҰ-на қатысты қолдану арқылы осы электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы айқындалады;
электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы салыстырылады, ең төмен шартты баға негізінде электрондық конкурстың жеңімпазы анықталады;
КБҰ-лардың шартты бағасы теңескен кезде отандық тауар өндіруші, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушісі жеңімпаз болып танылады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушілерінің КБҰ-ларының шартты бағасы теңескен кезде электрондық конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында көбірек тәжірибесі бар отандық тауар өндіруші, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушісі жеңімпаз болып танылады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушілерінің КБҰ-ның шартты бағасы теңескен және электрондық конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы тәжірибесі бірдей болған кезде жеңімпаз болып бұрын түскен КБҰ танылады.
39. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-портал автоматты түрде қалыптастырады және конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен веб-порталда тіркелген әлеуетті өнім берушілердің барлығын электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, жариялайды.
8. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
40. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
2) электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай электрондық конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
3) электрондық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған электрондық конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және электрондық конкурс жеңімпазы КҚ-да көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;
5) әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
41. Ұйымдастырушы электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) әлеуетті өнім беруші электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырған;
2) электрондық конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің КБҰ-н белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алған;
3) электрондық конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
4) электрондық конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.
9. Электрондық конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
42. Электрондық конкурстың жеңімпазы деп анықталған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге электрондық көшірме түрінде қоса берілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалдық расталған көшірмелерін және электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою құқығын беретін сенімхаттың түпнұсқасын веб-порталда электрондық конкурстың қорытындыларының хаттамасын жариялаған күннен бастап, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейін бес жұмыс күні ішінде ұсынады.
43. Электрондық конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.
44. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі тиіс.
45. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізіледі.
46. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін, мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы авансқа тең мөлшерде белгілейді, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызы болуы тиіс.
47. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін таңдауға құқылы.
48. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
49. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
50. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
51. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
52. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт оны бір қаржы жылынан артық мерзімге жасасу туралы ережелерді қамтуы тиіс.
53. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.
54. Отандық тауар өндірушілермен және жұмыстарды, қызметтерді отандық берушілермен жасалған шартта тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтерді көрсеткені үшін алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуы тиіс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.
55. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, КҚ-да көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып танылады.
56. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс берушi
1) ол электрондық конкурсқа қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және уәкілетті органға тиісті мәліметтерді ұсынады әрі мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;
2) қажет болған кезде, сотқа мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындардың орнын толтыру туралы талап-арызбен жүгінеді.
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына
1-қосымша
Аукционның мәні (лот)
(бекітілген жылдық жоспардың негізінде қалыптастырылады)
Аукционның № _____________________________
Аукционның атауы __________________________
Лоттың № | Тапсырыс берушінің атауы | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) атауы | Өлшем бірлігi | Саны, көлемi | Беру шарттары (ИНКОТЕРМС 2000 сәйкес) | Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімi | Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны | Аванстық төлем мөлшері % | Лот бойынша бөлінген сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| | | | | | | | | |
* Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледi
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына
1-қосымша
Лоттар тізбесi
(бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптасады)
Электрондық конкурстың № ______________________________
Электрондык конкурстың атауы ___________________________
Лоттың № | Тапсырыс берушінің атауы | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) атауы | Өлшем бірлігi | Саны, көлемi | Беру шарттары (ИНКОТЕРМС 2000 сәйкес) | Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімi | Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны | Аванстық төлем мөлшері % | Лот бойынша бөлінген сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| | | | | | | | | |
* Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледi
Электрондық мемлекеттік сатып
алуды жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Ашу хаттамасы
(әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)
Электрондық конкурстың № __________________________________________
Электрондық конкурстың атауы _______________________________________
Лоттың нөмірі ______________________________________________________
Лоттың атауы ______________________________________________________
Конкурстық комиссияның құрамы:
№ | Т.А.Ә. | Ұйымдағы лауазымы | Комиссиядағы рөлi |
Конкурстық құжаттама мынадай әлеуетті өнім берушілерге ұсынылған:
№ | Өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) | Деректемелерi | Конкурстық құжаттама алынған күн мен уақыт |
| | | | |
Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді мынадай әлеуетті өнім берушілер берді:
№ | Өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) | Деректемелерi | Өтінім берілген күн мен уақыт |
| | | | |
Конкурстық құжаттамада көзделген құжаттардың болуы (болмауы) туралы ақпарат:
№ | Өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) | Құжаттың атауы | Болу белгісi |
| | | | |
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына
2-қосымша
Сатып алынатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)
техникалық ерекшелігi
Аукционның № _____________________________
Аукционның атауы __________________________
Осы техникалық ерекшелікте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) толық сипатын және талап етілетін техникалық және сапалық сипаттамасын беруі тиіс және берілетін тауарлар (орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сәйкес болуы тиіс халықаралық немесе ішкі стандарттарды көрсетуі тиіс. Қажет болған кезде тиісті нормативтік-техникалық құжаттамаға сілтеме жасалуы тиіс.
Қажет болған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы техникалық ерекшелікте:
1) тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін:
тауарларды/қызметтерді беру кезінде тапсырыс берушіге қажет ілеспе қызметтерді (монтаждау, оңдау, оқыту, тауарларды тексеру әрі сынау және т.б.) және олар қай жерде жүргізілуі тиіс, тауардың шыққан жылын, кепілдік мерзімін көрсетеді;
2) жұмыстар үшін: сатып алуды ұйымдастырушы құрылыс алаңының, географиялық, инженерлік-геологиялық және басқа да ерекше табиғи жағдайлардың қысқа сипатын, инфрақұрылым мен коммуникацияның бар-жоғын, жергілікті ресурстардың сипатын, стандарттар мен техникалық нормативтер жүйесін беруі тиіс және объектіні пайдалануға беру кезінде қайшылықтарды болдырмайтын объектінің толық құрамын, аумақты инженерлік дайындау, өндіріс технологиясы мен жабдық, инженерлік қамтамасыз ету, пайдаланылатын материалдар мен конструкциялар, объектіні жарақтандыру жөніндегі талаптарды көрсетуі тиіс.
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына
2-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)
техникалық ерекшелігі (әрбір лотқа жеке беріледі)
Электрондық конкурстың № _______________________________
Электрондық конкурстың атауы ____________________________
Лоттың № ______________________________________________
Лоттың атауы ___________________________________________
Осы техникалық ерекшелікте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) толық сипатын және талап етілетін техникалық және сапалық сипаттамасын беруі тиіс және берілетін тауарлар (орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сәйкес болуы тиіс халықаралық немесе ішкі стандарттарды көрсетуі тиіс. Қажет болған кезде тиісті нормативтік-техникалық құжаттамаға сілтеме жасалуы тиіс.
Қажет болған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы техникалық ерекшелікте:|
1) тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін: тауарларды/қызметтерді беру кезінде тапсырыс берушіге қажет ілеспе қызметтерді (монтаждау, оңдау, оқыту, тауарларды тексеру әрі сынау және т.б.) және олар қай жерде жүргізілуі тиіс, тауардың шыққан жылын, кепілдік мерзімін көрсетеді;
2) жұмыстар үшін: сатып алуды ұйымдастырушы құрылыс алаңының, географиялық, инженерлік-геологиялық және басқа да ерекше табиғи жағдайлардың қысқа сипатын, инфрақұрылым мен коммуникацияның бар-жоғын, жергілікті ресурстардың сипатын, стандарттар мен техникалық нормативтер жүйесін беруі тиіс және объектіні пайдалануға беру кезінде қайшылықтарды болдырмайтын объектінің толық құрамын, аумақты инженерлік дайындау, өндіріс технологиясы мен жабдық, инженерлік қамтамасыз ету, пайдаланылатын материалдар мен конструкциялар, объектіні жарақтандыру жөніндегі талаптарды көрсетуі тиіс.
Электрондық мемлекеттік сатып
алуды жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Рұқсат беру туралы хаттама
(әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)
Электрондық конкурстың нөмірі ___________________________
Электрондық конкурстың атауы ___________________________
Лоттың нөмірі __________________________________________
Лоттың атауы __________________________________________
Конкурстық комиссияның құрамы:
№ | Т.А.Ә. | Ұйымдағы лауазымы | Комиссиядағы рөлi |
Электрондық конкурсқа қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат:
№ | Өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) | Деректемелерi | Өтінім берілген күн мен уақыт |
| | | | |
Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігі туралы сарапшылар қорытындысы (егер тартылған жағдайда):
Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:
№ | Өнім берушінің атауы | Т.А.Ә., лауазымы, комиссиядағы рөлi | Комиссия мүшесінің шешімi | Ауытқу себебі | Негіздеме (ауытқыған жағдайда көрсетілетіледі) |
| | | | | |