47. ӨҮК өткізілетін мәжіліс шеңберінде мынадай іс-әрекетті жүзеге асырады:
1) қаржы агенті ұсынған ақпаратпен бірге қаржы агенті ұсынған күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
2) субсидиялауды тоқтату немесе бастау туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған жағдайда субсидиялауды қайта бастау үшін негіздеме көрсетіледі.
Осы Қағидалардың 44-тармағында көрcетiлген субсидиялауды тоқтата тұру фактілері жойылған жағдайда, ӨҮК субсидиялауды қайта бастау себептерін көрсете отырып оны қайта бастау туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағидалардың 44-тармағында көрcетiлген субсидиялауды тоқтата тұру фактілері жойылмаған жағдайда ӨҮК кәсiпкердiң жобасы бойынша субсидиялауды тоқтатады.
48. ӨҮК мәжілісінің хаттамасы ӨҮК мәжілісі өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
49. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны қаржы агентіне, банкке/лизингтік компанияға мәлімет ретінде жібереді.
50. Қаржы агенті мәжіліс қорытындылары бойынша:
1) кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім келісілген жағдайда:
банкті/лизингтік компанияны және кәсіпкерді субсидиялау төлемін қайта бастау туралы хабардар етеді;
тоқтата тұру мерзімінде олар төлемеген субсидияларды төлеуді жүзеге асырады;
2) кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешімді келіскен жағдайда кәсіпкерге, банкке/лизингтік компанияға субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда субсидиялау шартының бұзылатын күні және бұзу себептері көрсетіледі.
51. Мынадай жағдайларда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылған деп танылады:
1) кәсіпкер банктік қарыз шарты/қаржы лизингі шарты бойынша банк/лизингтік компания алдындағы кредитті/лизингті толығынан өтегенде. Кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күн субсидиялауды толық өтеген күн болып есептеледі.
2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) кәсіпкердің субсидиялау шартын бұзу туралы бастамасы бойынша.
52. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышын ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда банк/лизингтік компания қаржы агентін кредит/лизинг бойынша негізгі борышын ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.
Сонымен бір мезгілде, кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, банк/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына қосымша келісім жасаған кезде қаржы агентіне төлемдерді өтеу кестесінің өзгерістерімен бірге субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып банк/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына қосымша келісімнің көшірмесін жібереді.
53. Кәсіпкердің орынсыз пайдаланылғаны анықталған кредиті бойынша банк қаржы агентіне кредитті орынсыз пайдалану фактілерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген құжаттарды ұсынады.
3. Жобаның мониторингі
54. Жобаны іске асыру мониторингін қаржы агенті жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар жатады:
1) банк ұсынған деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатты пайдалану мониторингі;
2) жобаны іске асыру мониторингі (қаржы лизингі шарты бойынша лизингтің нысанын пайдалану);
3) банк/лизингтік компаниясы ұсынатын деректердің негізінде кәсіпкердің субсидияланатын кредитінің/лизингінің төлем тәртібінің мониторингі;
4) жобаның және/немесе кәсіпкердің Қағидалар және бағдарлама талаптарына сәйкестігі мониторингі.
55. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенті кәсіпкерден, банктен/лизингтік компаниядан барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға іске асыратын жерге барып жобаны іске асыру мониторингін жүзеге асыруға құқылы.
56. Мониторингтің тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенті дербес белгілейді.
4. Кәсіпкерлерге өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 57-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
57. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету Бағдарламаның 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының моноқалалар тізбесіне сәйкес моноқалаларда, сондай-ақ оларға әкімшілік бағыныстағы аумақта орналасқан елді мекендерде тиісті инфрақұрылымды дамыта отырып, кәсіпкерлікті және іскерлік белсенділікті дамытуға бағытталған.
58. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсетуді қаржыландыру Бағдарлама шеңберінде 014 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне индустриялдық инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» республикалық бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Өз кезегінде, жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісін айқындайды.
59. Жаңа өнеркәсіптік алаңқайларды ұйымдастыру және жұмыс істеп тұрғандарын дамыту үшін нысаналы трансферттерді беру мыналар болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) өнеркәсіп алаңқайларын дамыту жоспары;
2) бөлінген жер учаскелері;
3) мүдделі мемлекеттік органдармен және мекемелермен келісілген өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жетілдіруге арналған техникалық талаптар;
4) жаңа өнеркәсіптік алаңдар құрылысының және жұмыс істеп тұрғандарын дамытудың техникалық-экономикалық негіздемесі;
60. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бірнеше жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.
61. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау алу үшін жоба нысаналы трансферт бөлініп отырған моноқаланың аумағында іске асырылуы тиіс.
62. Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға арналған бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында моноқала дамуының әлеуеті деңгейіне байланысты олардың ұзақ мерзімді даму перспективаларын есепке ала отырып жүзеге асырылатын болады.
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттары
63. Моноқалаларда өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жетіспейтін инфрақұрылымды жетілдіруге негізделетін болады және жекелеген жобалар үшін де жеке, өнеркәсіп алаңдарын ұйымдастыру шеңберінде де өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар үшін жүзеге асырылады.
64. Қаражат бөлуді тек мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, су бұруды, газдандыруды, су тартқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды салуға және қайта жаңартуға, өнеркәсіптік алаңқайларға арналған қазандықтарды салуға және қайта жаңартуға, су құбырларын, темір жол тұйықтарын, телефондандыру, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін салуға және қайта жаңартуға бағыттауға болады.
65. Қаражат бөлу құрылысқа немесе қайта құруға арналған техникалық-экономикалық негіздеменің немесе бизнес жоспардың негізінде жүзеге асырылады.
66. Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
67. Инфрақұрылым құрылысының (қайта құру) құны жеке жоба үшін инфрақұрылымды жетілдіру жағдайында жоба құнынан 50 % аспауы тиіс.
68. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту моноқаланы дамытудың бас жоспарына сәйкес келуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 69-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
69. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша қолдау:
1) мұнай-газ өнеркәсібінің кәсіпорындарына;
2) тау-кен саласының кәсіпорындарына;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарына;
4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталынақатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда) болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғаларға;
5) акциздік тауарлар мен қару шығаруды көздейтін жобаларға қолданылмайды.
Өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету тетігі
70. Жетіспейтін өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету мынадай тәртіппен ұсынылатын болады:
1) кәсіпкер инфрақұрылымды жетілдіру немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесін қамтитын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның жобасын қамтамасыз ету бойынша өтініммен жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісіне жүгінеді.
2) жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қалыптастырған, іріктелген өтінімдер тізбесі ӨҮК қарауына шығарылады.
3) ӨҮК өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның құрылысы немесе қайта құруды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
4) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым салу немесе қайта жаңғырту қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік
мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау,
сондай-ақ өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды
дамыту бойынша қолдау көрсету қағидаларына
1-қосымша
Өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы төлеу ставкаларын субсидиялау шеңберіндегі ынтымақтастық туралы
үлгі келісім
Осы өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы төлеу ставкаларын субсидиялау шеңберіндегі ынтымақтастық туралы үлгі келісім (бұдан әрі - Келісім) бірлесіп «Тараптар», әрқайсысы жекелей «Тарап» деп аталатын, қаржы агенті, жергілікті атқарушы орган, банктер/лизингтік компаниялар арасында не болмаса жоғарыда көрсетілгендей «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 683 қаулысын іске асыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсаттарын басшылыққа ала отырып төмендегілер туралы жасалды:
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Терминдер мен қысқартулар
Банк Банк - төлем агенті | Келісім жасасқан екінші деңгейдегі банк; лизингтік компаниялардың қаржы лизингі шарттары бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған қаржы агентімен келісілуі және лизингтік компаниясының арнайы ағымдағы шотын жүргізу функциясын жүзеге асыруы тиіс лизингтік компанияның уәкілетті банкі; |
Мемлекеттік даму институттары | акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе экономиканың әр түрлі секторларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық холдингке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акционерлік қоғамдар; |
Субсидиялау шарты (СШ) | қаржы агенті, кәсіпкер, банк/лизингтік компания арасында жасалатын үш жақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенті кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы ставкасын ішінара субсидиялайды; |
Банктік қарыз шарты (БҚШ) | жазбаша келісім, кәсіпкер мен банк арасында жасалған келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит ұсынады. Кредит желісін ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады; |
Қаржы лизингі шарты (ҚЛШ) | кәсіпкер, банк/лизингтік компания арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк/лизингтік компания кәсіпкерге лизинг ұсынады; |
Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның Үйлестірушісі | «жалғыз терезе» қағидаты бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шешімімен айқындалатын жергілікті жерде Бағдарламаны іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі; |
Кредит | кәсіпкерге банктік қарыз шарты негізінде жедел, ақылы, қайтарымды, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында банк ұсынатын ақша қаражатының сомасы; |
Лизингтік компания | ынтымақтастық туралы келісім жасасқан лизингтік компания; |
Лизингтік мәмілелер | азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнатуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған лизингке қатысушылардың келісілген іс-қимылдарының жиынтығы; |
Бағдарлама | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы; |
Қағидалар | 201_ жылғы «___» ________ № ___ өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылатын банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидалары; |
Кәсіпкер | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының моноқалалары тізбесіне сәйкес әлеуеті төмен және орташа моноқалаларда өз қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі; |
Жоба | кәсіпкер кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын бизнестің әр түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы; |
Жұмыс органы | «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесі; |
Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) | жергілікті атқарушы органдар, банктер/лизингтің компаниялар, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері басқаратын консультативтік-кеңесші орган; |
Субсидиялау | кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде алдағы уақытта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбасқа төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны; |
Субсидиялар | өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржы агенті кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде субсидиялау шарттарының негізінде банкке/лизингтік компанияларға төлейтін кезеңді төлемдер; |
Қаржы агенті | «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы; |
Қаржы лизингі (бұдан әрі - лизинг) | лизингті беруші сатушыдан меншікке сатып алынған және қаржылық лизинг шартымен негізделген лизинг нысанын белгілі бір ақыға және белгілі бір шарттарда кәсіпкерлік мақсаттар үшін кем дегенде үш жыл мерзімге уақытша иелену және пайдалану үшін лизингті алушыға беруге міндеттенетін инвестициялық қызмет түрі. |
2. Келісім нысанасы
2.1. Жұмыс органы республикалық бюджетте қарастырылған қаражат шеңберінде моноқалалар бөлінісінде өңірлер үшін қаржыландыру лимитін айқындайды және жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісіне нысаналы трансферт түрінде қаражат бөледі.
Субсидиялау үшін қарастырылған қаражатты жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі өздерінің арасында жасалған субсидиялау туралы шарттың негізінде (Қағидаларға 2-қосымша) қаржы агентіне аударады.
Осы Келісімге сәйкес қаржы агенті банктен/лизингтік компаниядан алынған және ӨҮК бекіткен кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады.
Жергілікті деңгейде Бағдарламаның үйлестірушісі өңірдің мүдделерін ескере отырып басымдықтарды айқындайды, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушінің ресми сайтында жариялайды.
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Субсидиялау шарттары
Бағдарламаға қатысушылар: | Кәсіпкерлер |
Кәсіпкердің субсидиялауға жататын кредиттері/лизингтері: | инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін, сыйақысының номиналды ставкасы жылдық 14%-дан аспайтын, осы мақсаттарға 2012 жылғы 1 шілдеден бастап берілген жаңа кредиттер/лизингтер; |
Кәсіпкердің субсидиялауға жатпайтын кредиттері/лизингтері: | мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарының кредиттері; |
қару-жарақ және акциздік өнімдер өндіретін кәсіпорындардың кредиттері; |
құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда) болып табылатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалардың кредиттері; |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының кредиттері; |
тау-кен саласының кәсіпорындарына жататын кәсіпкерлер кредиттері |
Субсидиялау мөлшері: | номиналды сыйақы ставкасы 14%-дан аспайтын кредиттік/лизингтік мәмілелер бойынша, бұл ретте 10%-ын мемлекет өтейді |
Субсидиялауға жататын кредит сомасы: | 750,0 млн. теңгеге дейін |
Субсидиялау мерзімі: | Кейіннен 10 (он) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейін |
Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкерге қойылатын міндетті талаптар: | өтініш жасаған кезде салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болмауы |
кәсіпкердің жобасы субсидиялау қаражаты берілетін өңірдің аумағында іске асырылуы тиіс |
Субсидиялауды тоқтату негіздемелері: | Банктік қарыз шарты/қаржы лизингі шарты бойынша кәсіпкердің кредитін толығымен өтеуі. Кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредит/лизинг бойынша қаржы қаражатын толығымен өтеген күні субсидиялаудың тоқтатылған күні деп есептеледі; |
ӨҮК шешімі бойынша; |
субсидиялау шартын тоқтату туралы кәсіпкердің бастамасы бойынша. |
4. Тараптардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
1. Өзара іс-қимыл жасау тәртібі мынадай:
1) кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға жаңа кредит/қаржы лизингі шарты бойынша Бағдарламаға сәйкес келетін шарттарда кредит/лизинг беруге арналған (банкке/лизингтік компанияға ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) өтінішпен жүгінеді.
2) банк/лизингтік компания кәсіпкердің жаңа кредит/лизинг бойынша өтінішін қарайды, жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне банктің/лизингтік компанияның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте бағалау жүргізеді, осыдан кейін кәсіпкерге ұсынылған хатта көрсетілетін Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерге кредиттеу/қаржы лизингі шартын жасасу мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім шығарады.
3) кәсіпкер банктен/лизингтік компаниядан кәсіпкерге Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кредит/лизинг бойынша кредиттеу/сыйақы ставкасын төмендету мүмкіндігі туралы оң қорытындысы бар хатты алғаннан кейін мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Келісімге 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш-сауалнамасымен бірге жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісіне жүгінеді:
р/с № | Құжаттың атауы |
1. | Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі). |
2. | Лицензия - егер қызмет түрі лицензияланатын болса (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі). |
3. | Жарғы, кұрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғамдар акциялар эмиссиясының проспектісін және акционерлер тізілімінен үзіндіні (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) ұсынады. |
4. | Өтініш жасаған күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген салықтық берешегінің және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы салық органынан анықтама. |
5. | Кәсіпкердің соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының кәсіпкердің қаржылық есебі көшірмесі қоса берілген және интернет - ресурстарға орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және тауарлар мен қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі). |
6. | Банктің/лизингтік компанияның кредит/лизинг беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты (банктің/лизингтік компанияның уәкілетті органының кәсіпкердің Бағдарламаға қатысуы туралы шешімімен бірге). |
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші кәсіпкерден өтініш-сауалнаманы алғаннан кейін мыналарды жүзеге асырады:
1) 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш-сауалнамасымен бірге берілетін міндетті құжаттардың толықтығын тексеру. Толық құжаттар пакеті тапсырылмаған немесе белгіленген нысанға сәйкес келмейтін құжаттар тапсырылған жағдайда жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші тапсырылған кұжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, тапсырылған құжаттарды пысықтау үшін банкке/лизингтік компанияға қайтарып беруге құқылы;
2) жобаны алдын ала қарау және жоба бойынша ӨҮК үшін ұсынымдар әзірлеу;
3) кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуын, мемлекеттік даму институттары арқылы өзге де мемлекетік қолдау шараларын пайдалануды;
4) ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастыру, ӨҮК отырысын өткізетін күнді, уақыты мен орнын айқындау, ол туралы ӨҮК-нің барлық мүшелерін хабардар ету;
ӨҮК отырысы күн тәртібінің қалыптасуына байланысты өткізіледі;
5) кәсіпкердің жобалар тізімін ӨҮК-де қарау үшін толық құжаттар пакетімен бірге осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес нысанда қарауға енгізу.
3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші толық құжаттар пакетін алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жобаны ӨҮК-ге қарауға жібереді.
4. Өткізілетін отырыс шеңберінде ӨҮК:
1) 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Бағдарлама шарттарына сәйкестігін тексеруді;
2) кәсіпкердің жобасы мен ұсынылған құжаттарды ӨҮК мүшелерінің арасында қарауды және талқылауды;
3) кәсіпкердің басқа да мемлекеттік бағдарламаларға қатысуын, мемлекеттік даму институттары арқылы өзге де мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануын тексеру туралы өтінішінде көрсетілген ақпаратты қарауды;
4) әрбір кәсіпкер бойынша өтінішпен бірге ұсынылған құжаттар пакетін қарауды;
5) кәсіпкердің жобаларын және ұсынылған құжаттарды ӨҮК мүшелері арасында талқылауды;
6) кәсіпкердің жобасын қарау кезінде ӨҮК банктен/лизингтік компаниядан жобаны толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттар сұрауға құқылы. Бұл жағдайда кәсіпкердің құжаттары жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге пысықтауға қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қарауға жатады;
7) талқылау нәтижелері бойынша, кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдауды жүзеге асырады, ол ӨҮК отырысын өткізген күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Келісімге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, бұл ретте хаттамада кәсіпкердің Бағдарламаға қатысудан бас тарту себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
5. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші хаттамаға ӨҮК мүшелері қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттама көшірмесін банкке/лизингтік компанияға және қаржы агентіне жібереді.
5. Субсидиялау тәртібі
1. Банк/лизингтік компания жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіден ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агенті, банктің/лизингтік компанияның және кәсіпкердің арасында субсидиялау шарты жасалады (Қағидаларға 3-қосымша), оған сәйкес қаржы агенті банкке/лизингтік компанияға банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына өтеу кестесіне сәйкес және субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы ставкасын төлеуді жүзеге асырады.
2. Банк/лизингтік компания:
1) кәсіпкер бастама жасайтын кредиттеу/қаржы лизингі шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;
2) кәсіпкердің кредит/лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша өндіріп алынатындарды қоспағанда, кәсіпкер үшін кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмау және белгілемеу міндеттемелерін қабылдайды.
3. Субсидиялау шарты Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес:
1) банкпен/лизингтік компаниямен жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінен хат алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
2) қаржы агентімен банктен/лизингтік компаниядан субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасалады.
4. Субсидиялау шарты егер ол бекітілген нысанға, Бағдарлама талаптарына және ӨҮК шешіміне сәйкес келсе, оған қаржы агенті қол қойған күнге қарамастан кәсіпкердің, банктің/лизингтік компанияның қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау шартының күшіне енетін күні қаржы агенті тарапынан түзетілуге жатпайды.
5. Егер банктік қарыз шартының/қаржы лизингі шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарламаның талаптарына сәйкес келмесе қаржы агенті субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте, қаржы агенті хат арқылы Бағдарламаны үйлестірушісін, банкті/лизингтік компанияны және кәсіпкерді хабардар етеді.