257) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
258) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоса алғанда, олардың сақталуын, тасымалдануын (жеткізілуін) және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
259) ішкі сауда объектілерінде, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орны ауыстыру) кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
260) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, хаттама толтырады және әкімшілік жаза белгілейді;
261) жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуын және олардың улануының себептері мен шарттарын анықтайды және белгілейді;
262) ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткізуді, бақылауды, олардың тіркеу сынақтарын жүзеге асырады;
263) Қазақстан Республикасының ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
264) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін анықтау бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
265) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
266) ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын қауіпті тамақ өнімдерін анықтау және өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілеріне ветеринариялық-санитариялық бақылауды, қадағалауды және мониторингін жүзеге асырады;
267) жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекітеді, ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
268) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
269) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
270) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;
271) ветеринария саласындағы, оның ішінде лицензияланатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырады;
272) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
273) биоотын өндірісі және айналымы саласындағы мәселелер бойынша техникалық регламенттер әзірлейді;
274) биоотын өндірісі мониторингін жүргізеді;
275) биоотын өндірушісінің өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту қағидаларын әзірлейді;
276) биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін бақылау есебі аспаптарын қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
277) өндіріс паспортын бекіту үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;
278) биоотын өндірісі саласында ғылымды қажетсінетін технологияларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
279) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
280) азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотынға қайта өңдеу үшін пайдаланатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу тәртібін әзірлейді;
281) биоотын өндірісі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
282) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың көлемдері шегінде биоотын өндіретін зауыттар салуға рұқсат береді;
283) биоотын өндіретін зауыт салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемеге салалық сараптама жүргізеді;
284) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіреді;
285) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
286) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;
287) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 23-бабының 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
288) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату тәртібін әзірлейді және олардың аумақтарын кішірейту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
289) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
290) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді келіседі;
291) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды таратуды және олардың аумағын кішірейтуді келіседі;
292) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктердің санатына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар береді;
293) заңды тұлға мәртебесіндегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекітеді;
294) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлейді, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету тәртібін бекітеді;
295) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлейді және бекітеді;
296) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың техникалық-экономикалық негіздемелерін түзету жобаларын әзірлейді және бекітеді;
297) табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;
298) өзінің қарауындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін әзірлейді және бекітеді;
299) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін бекітеді;
300) республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
301) табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
302) жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
303) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын балықтың қырылуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
304) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
305) өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктердің санатына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
306) табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
307) ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамын және ережесін әзірлейді және бекітеді;
308) мемлекеттік табиғат қорықтарында аса құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерінде реттелетін экологиялық туризм жүргізу үшін экскурсиялық соқпақтар мен бағыттар жасау тәртібін әзірлейді және белгілейді;
309) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарайды;
310) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту бағдарламаларын әзірлейді;
311) өзінің қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, экологиялық дәліздерді құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер жобаларының әзірленуін ұйымдастырады және бекітеді;
312) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады;
313) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық жасауды, оларда күзету, қорғау және қалпына келтіру іс-шараларын, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізілуін қамтамасыз етеді;
314) уәкілетті орган белгілеген жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыру мен жерсіндіруді жүзеге асыру тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
315) мемлекеттік табиғат қорықтарының аймақтарында жасанды шығарылатын шу және өзге де дыбыстық әсерлердің жол берілетін нормаларын әзірлейді;
316) шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердің нормаларын әзірлейді;
317) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызметті ұйымдастырады;
318) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізеді;
319) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін келіседі;
320) өздеріне туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат береді;
321) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға рұқсат береді;
322) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
323) айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
324) мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметтерді жүзеге асыру мен мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің туристік және рекреациялық қызметтерді жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген учаскелерін құрылыс объектілерін салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді;
325) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;
326) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін әзірлейді;
327) республикалық маңызы бар табиғаттың мемлекеттік ескерткіштері аумағының шекарасын және қорғау режимі түрін бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
328) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың биоалуандылығын сақтауға және дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар тізбесін бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
329) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын келіседі;
330) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін қордағы жерлерге ауыстыру тәртібін әзірлейді;
331) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалды аймақтарға бөлуді түзету жобаларын келіседі;
332) сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізбесін әзірлейді;
333) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келіседі;
334) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық шарттарды іске асыруды жүзеге асырады;
335) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келіседі;
336) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
337) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
338) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі салалық (секторлық) бағдарламаларды әзірлейді;
339) тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
340) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды толтыру мен берудің тәртібін әзірлейді және бекітеді;
341) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді әзірлейді;
342) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
343) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн айқындаудың әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
344) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастықтарының, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен, бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесін алу квоталарын бөледі;
345) аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру тәртібін айқындайды;
346) балық аулаудың кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттарды беру тәртібін белгілейді;
347) ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
348) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгі ережені әзiрлейді;
349) жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерін әкелуге және әкетуге рұқсаттар береді;
350) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындаудың тәртібін әзірлейді және бекітеді;
351) балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын белгілейді;
352) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын әзірлейді және бекітеді;
353) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
354) жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзiрлейді;
355) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерінің тізбелерін айқындайды және оларды бір санаттан екіншісіне ауыстырады;
356) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
357) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін әзірлейді және бекітеді;
358) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
359) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ жасанды түрде өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
360) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
361) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді және оларды орнатуды келіседі;
362) аңшылық алқаптарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорын биологиялық-экономикалық тексеруді жүзеге асырады;
363) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттандыруды жүргізеді;
364) рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілейді;
365) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді және бекітеді;
366) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашып, жабады;
367) жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидаларын әзірлейді;
368) сыртқы нарықта сату үшін бекіре тұқымдас балықтар түрлерінің уылдырығы маркасының нысанын әзірлейді және бекітеді және оны ішкі нарықта сату маркасын беруді жүзеге асырады;
369) балық аулаудың кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау ретінде) қолдануға рұқсаттар береді;
370) бақылау үшін аулауды, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады;
371) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар береді;
372) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
373) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
374) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
375) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу жөнінде ұсыныс жасайды;
376) дериваттар тізбесін әзірлейді;
377) аншлагтарының үлгілерін және аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын әзірлейді және бекітеді;
378) жануарлар үйірімен мекендейтін жерлерді периметрі бойынша олардың індері орналасқан жерлерге жиырма метр жақындап немесе оларды алдын ала басқа жерге көшірмей жыртуға келісім беруді жүзеге асырады;
379) ұшақтардың, тікұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтін аумақтардың үстінен бір километрден төмен биіктікте ұшып өтуіне келісім беруді жүзеге асырады;
380) жерсіндіруге рұқсат береді;
381) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
382) балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе олардың бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
383) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
384) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
385) қорықшының төс белгісінің және айырым белгісі бар арнайы киімінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
386) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
387) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
388) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
389) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;
390) аңшы куәлігін беру жөніндегі есептіліктің нысанын белгілейді;
391) жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
392) су қоймаларына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су объектілерін балық шаруашылығы үшін мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
393) Қазақстан Республикасының Үкіметіне сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын алу жөнінде ұсыныс енгізеді;