2. Кредиттiк есептi алушылар кредиттiк бюролар жүйесіндегі ақпаратты:
1) кредиттер беру, мониторинг жасау және кредиттердiң мерзiмiн ұзарту кезiнде тәуекелдердi бағалау;
2) кредиттiк шарттардың талаптары өзгерген кезде тәуекелдердi бағалау;
3) мерзiмi ұзартылған төлемдермен жасалатын өзге де мәмiлелер бойынша тәуекелдердi бағалау;
4) кредиттік есептегi ақпараттың дұрыстығын растау мақсатында пайдалануы мүмкiн.
3. Кредиттік бюролар ақпарат берушiлерден алған мәлiметтердi маркетингтiк және статистикалық зерттеулердi жүзеге асыру үшiн пайдалануға құқылы.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісім болған кезде, кредиттік бюро шет мемлекеттердің кредиттік бюроларына субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат беруге және олардан ақпарат алуға құқылы.
6-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жөніндегі қатынастар
27-бап. Ақпарат берушiлермен және кредиттік есептерді алушылармен жасалатын шарттар
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюромен ол мемлекеттік тіркелген және (немесе) ақпарат берушілер осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған белгілерге сәйкес келген күннен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде ақпарат беру туралы шарттар жасасуға міндетті.
Осы Заңның 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру туралы шартта айқындалған мерзімдерде өзге де кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарт жасасуға құқылы.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ақпарат беру туралы шартта мынадай талаптар:
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жеке кәсiпкердің деректерi немесе тараптардың толық атауы, олардың тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы немесе орналасқан жері, банк деректемелерi туралы ақпарат;
2) шарттың қолданылу мерзiмi, оны өзгерту, тоқтату және бiржақты тәртiппен бұзу негiздемелерi мен тәртібі, сондай-ақ шарт бойынша мiндеттемелердi бұзғаны үшiн айыппұлдардың мөлшерi;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнің өзi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келiсiмiн мiндеттi түрде алу;
4) кредиттiк тарихты қалыптастыратын ақпараттың түрлерi, көлемi, мерзiмi (кезеңдiлiгi), беру тәртібі, шарт тараптары көрсететін қызметтерге ақы төлеу талаптары, сондай-ақ кредиттiк тарихтың деректер базасын және пайдаланылатын ақпараттық жүйелердi қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шаралар мен технологиялық талаптарды бiрлесіп iске асыру талаптары;
5) кредиттiк бюроның берiлетiн ақпаратты тек осы Заңда көзделген мақсаттарға сәйкес пайдалану туралы мiндеттемесi;
6) кредиттiк бюроның барлық алынатын ақпаратқа қатысты құпиялылық режимiн сақтау және оны тек осы Заңда көзделген негіздемелерде, шарттарда және тәртіппен ашу туралы мiндеттемесi;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) ақпарат берушінің кредиттік бюроға жіберілетін барлық ақпаратқа қатысты құпиялылық режимін сақтауы туралы міндеттемесі;
8) 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) ақпарат берушiнiң кредиттік бюроға дәйектемесiз ақпарат берген жағдайдағы жауапкершiлiгiн қоса алғанда, тараптардың жауапкершiлiгi болуға тиiс.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Кредиттік есептерді алу туралы шартта мынадай талаптар:
1) жеке тұлғаның деректері немесе тараптардың толық атауы, олардың тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы немесе орналасқан жері, банк деректемелері туралы ақпарат;
2) шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту, тоқтату және біржақты тәртіппен бұзу негіздері мен тәртібі, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімін міндетті түрде алу;
4) кредиттік есептерде қамтылған ақпараттың көлемі және кредиттік есептерді алу тәртібі;
5) кредиттік есептерді алушының кредиттік есептерде қамтылған ақпаратты таратпау туралы міндеттемесі;
6) кредиттік есепті алушының берілетін ақпаратты тек осы Заңмен көзделген мақсаттарға сәйкес пайдалануы туралы міндеттемесі;
7) тараптардың жауапкершілігі қамтылуға тиіс.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Уәкілетті органның кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесі қатысушыларының қызметін қамтамасыз етуге қоятын талаптарына ақпарат берушінің сәйкес келуін растайтын құжаттың болуы ақпарат беру туралы шартты жасасудың міндетті талабы болып табылады.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен бап 5 тармақпен толықтырылды
5. Егер кредиттік бюроға ақпарат беру туралы шартта өзгеше көзделмеген болса, көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан бір жақты тәртіппен бас тартуға жол берілмейді.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-бап өзгертілді
28-бап. Кредиттiк есептi алушы ретiнде кредиттiк бюрода тiркеу
Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4-2) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалар кредиттік бюрода тiркелу үшiн мынадай құжаттар:
1) кредиттiк бюрода тiркеу туралы өтiнiш;
2) уәкілеттi органның лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге жасыруға беретiн лицензияларының нотариат куәландырған көшiрмелерiн (лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар үшiн);
3) заңды тұлға (жеке кәсіпкер) ретiнде мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
4) сауал жолдауға уәкiлеттi тұлғалардың тегi, аты, әкесiнің аты және лауазымы туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға табыс етедi. Қажет болған жағдайда көрсетiлген ақпарат осы тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
29-бап. Кредиттік есептi беру
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Кредиттiк есептi беруге:
1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы кредиттiк есептi беруге келiсiмiнiң болуы;
2) кредиттiк есептi алушының осы Заңда қойылатын талаптарға сәйкестiгi;
3) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк есептi алушының кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептi беруге келiсiмiнiң болуы туралы растаған сауалы негiздеме болып табылады.
Осы тармақтың талаптары кредиттік есептің уәкілетті органның сауал салуы бойынша табыс етілу жағдайларына қолданылмайды.
2. Кредиттiк бюро кредиттiк есептер беру туралы сауалдарды және табыс етiлген кредиттiк есептердi есепке алып отырады.
3. Сауалды алушының атынан, кредиттiк бюроға сауал беруге жауапты оның арнайы уәкiлеттi тұлғасы бередi, ол туралы ақпарат кредиттiк бюроның алушылары тiзiлiмiнде болады.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3.1. Кредиттік тарих субъектілерінің өздері жөніндегі кредиттік есепті қағаз жеткізгіште беру туралы келісімін кредиттік есептерді алушылар кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиіс.
4. Кредиттiк бюро кредиттiк тарих субъектiсiне қатысты кредиттiк есептi оған берудi кредиттiк тарих субъектiсiнiң жазбаша сауалы негiзiнде жүзеге асырады.
5. Кредиттiк тарих субъектісi үшiн кредиттiк есепте осы субъектiнiң кредиттiк тарихы бойынша кредиттiк есептердi берудiң бұрын орын алған барлық фактілері туралы, берiлген күнi, алушылардың атаулары мен деректемелерi көрсетілген ақпарат болуға тиiс.
6. Кредиттiк бюро кредиттiк есептi беру кезiнде барлық ақпарат берушiлердi және кредиттiк бюроның осы ақпаратты алған күнiн көрсетуге мiндеттi.
7. Кредиттiк есептi беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелерде, жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады.
8. Кредиттiк бюро ақпаратты берушіден алынған ақпаратты бұрмалағаны үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 30-бап өзгертілді
30-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi беру жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу
Ақпарат берушiлер және кредиттiк бюролар көрсететiн қызмет үшiн ақы белгiленедi, оның мөлшерi және өндiрiп алу тәртібі шартқа сәйкес айқындалады.
Кредиттік бюро ақпарат берушілердің кредиттік бюроға ақпарат бергендері үшін , уәкілетті органның ақпаратты және кредиттік есептерді алғаны үшін ақы алмайды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-1-тараумен толықтырылды
6-1-тарау. Банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат берудің және кредиттік есепті алудың ерекшеліктері
30-1-бап. Кредиттік бюроға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат беру
1. Банктер тізбесі осы баптың 3-тармағында белгіленген банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпаратты мемлекет қатысатын кредиттік бюроға және өзі туралы және өзінің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің беруіне борышкер тұлғаның келісімі болған кезде ақпарат беру туралы шарттардың негізінде өзге де кредиттік бюроларға береді.
2. Борышкер тұлғаның өзі туралы және өзінің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісім нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Банк шығарған кепілдіктер мен кепілгерліктер жөнінде кредиттік бюроға берілетін ақпаратта:
1) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілдеме шығарған борышкер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер кредитор заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
4) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған кредитор жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі;
5) кепілдік немесе кепілгерлік берген банктің атауы;
6) банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартының нөмірі мен күні, айы, жылы;
7) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шарты бойынша төлеуге жататын ең көп ақша сомасы;
8) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шығарылған мерзім немесе осы жағдай басталған кезінде банк кепілдігін немесе кепілгерлігін берген банктің міндеттемесі (банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің қолдану мерзімі) тоқтатылатын жағдай (оқиға);
9) банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің шығарылым нөмірі және күні, айы, жылы, қамтылуға тиіс.
Егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, осы тармақта көзделген ақпарат тізбесі кредиттік бюро мен банк жасасқан ақпарат беру туралы шарт негізінде олардың арасындағы келісім бойынша толықтырылуы мүмкін.
4. Банктердің шығарылған банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде кредиттік бюроға ақпарат беру талаптары осы Заңның 27-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шартта айқындалады.
5. Банктер кредиттiк бюроларға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөніндегі ақпаратты электронды жеткізгіште бередi. Ақпаратты қағаз жеткізгіште беру жағдайлары кредиттiк бюролардың iшкi құжаттарында және олардың ақпарат берушiлермен жасалатын шарттарында айқындалады.
6. Банктер борышкер тұлғалардың өздері туралы және шығарылған банк кепілдігі немесе шығарылған кепілгерлік туралы мәлiметтердi банктің кредиттiк бюроға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруіне өздері алған келiсiмдерді есепке алуды жүргiзедi.
30-2-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыру
1. Кредиттік бюро осы Заңның 30-1-бабының 3-тармағына сәйкес банк берген ақпараттың негізінде банк кепілдігі немесе кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыруға міндетті.
2. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есеп банк шығарған әрбір кепілдік немесе әрбір кепілгерлік бойынша жеке қалыптастырылады.
30-3-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібі
1. Пайдасына банк кепілдігін немесе кепілгерлігін банк шығарған тұлғаға банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті кредиттік бюроның беруіне борышкер тұлғаның келісімі бұл есепті беруге негіз болып табылады.
2. Банк кепілдігі немесе кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7-тарау. Қорытынды ережелер
31-бап. Дауларды шешу ерекшелiктерi
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептегi ақпаратқа дауласу туралы кредиттiк бюроға немесе ақпарат берушiге беретін өтiнiшiнде жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ дауласатын ақпаратқа нұсқау және дұрыс ақпарат беру туралы талап болуға тиiс. Өтiнiш берушi немесе оның уәкiлеттi адамы өтiнiшке қол қояды. Өтiнiш берушi сiлтеме жасаған құжаттардың көшiрмелерi өтiнiшке қоса берілуi мүмкiн.
2. Ақпарат берушi немесе кредиттiк бюро өтiнiштi алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде оны қарап, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген екi iс-әрекеттiң бiрiн жүзеге асыруға мiндеттi.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кредиттiк бюро алған ақпараттағы бұрмалау ақпарат берушiнің немесе кредиттiк бюроның техникалық қателерiнiң салдарынан, олардың қызметкерлерiнiң өзге де iс-әрекеттерiнiң немесе әрекетсіздiгiнiң салдарынан орын алған жағдайда, ақпарат берушi жіберілген бұрмалауды анықтаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұрмалауды анықтаған күнге ақпарат берушіде бар ақпаратты кредиттік бюроға беруге міндетті. Кредиттiк бюро алушыға түзетілген кредиттiк есепті беруге мiндеттi.
4. Егер дау тудырған ақпарат кредиттiк бюроның, ақпарат берушiнiң мәлiметтерiне сәйкес келсе, онда ақпарат берушi және (немесе) кредиттiк бюро даулы ақпаратты алу көздерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi қанағаттандырудан жазбаша түрде бас тартады.
5. Өтiнiшi қанағаттандырылудан бас тартылған өтiнiш беруші қайтадан жүгiнген жағдайда оны беруге, қарауға және дәлелдi жауап жiберуге байланысты шығындар өтiнiш берушiге жүктеледi.
Шығындарды бөлу жөнiнде келiспеушiлiктер болған жағдайда даулар сот тәртібімен қаралады.
32-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н.А. Назарбаев |