2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жергілікті бюджеттің атқарылуын сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар болып табылады.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының жұмыс жоспарларында көзделмеген тексерулер жүргізу үшін мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін тартуға жол берілмейді.
245-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның өкілеттіктеріне қатысты 136-баптың 4-тармағында көзделген нормалар 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болды
4. Республикалық деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
245-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның өкілеттіктеріне қатысты 136-баптың 5-тармағында көзделген нормалар 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болды
5. Жергілікті деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
245-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның өкілеттіктеріне қатысты 136-баптың 6-тармағында көзделген нормалар 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болды
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды тиісті қаржы жылына бекітілген жоспар бойынша жүргізеді.
Жоспардан тыс бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, осыған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша жүргізіледі.
137-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері мен стандарттары
1. Мемлекеттік қаржылық бақылау принциптері:
1) тәуелсіздік принципі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының және олардың қызметкерлерінің қызметті жүзеге асыруы кезінде тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін араласушылыққа жол бермеу;
2) объективтілік принципі - бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау;
3) анықтық принципі - бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен және бақылау объектісінің өзге де құжаттарымен растау;
4) ашықтық принципі - бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мәслихаттарға, мемлекеттік органдардың басшыларына, жұртшылыққа есеп берушілігі;
5) құзыреттілік принципі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы;
6) жариялылық принципі - құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелерін міндетті түрде жариялау болып табылады.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу стандарттарымен айқындалады.
245-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның өкілеттіктеріне қатысты 137-баптың 3-тармағында көзделген нормалар 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болды
3. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органмен бірлесіп әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
4. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары орындауға міндетті.
138-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай үлгілерге бөлінеді:
1) сәйкестікке бақылау жасау - бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;
2) қаржылық есептілікті бақылау - бақылау объектісінің қаржылық есептілікті жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) тиімділікті бақылау - сәйкестікке және қаржылық есептілікті бақылау негізінде жүргізілетін бағалау, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізілуін, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе жеке алғанда экономика саласының, әлеуметтік саланың, мемлекеттік басқарудың басқа салаларының дамуына тигізетін әсерін кешенді және объективті талдау.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 138-1-баппен толықтырылды
138-1-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы
1. Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру кезінде бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен келісім бойынша Бұзушылықтар сыныптауышын әзірлейді және бекітеді.
2. Бұзушылықтар сыныптауышы мынадай бұзушылықтар топтарын қамтиды:
1) бюджетке (кіріс бөлігі) қаражат түсуі кезінде - тиісті бюджетке салықтық, салықтық емес міндеттемелерді орындамау, негізгі капиталды сатудан түсімдерді және (немесе) олардың орындалуын қамтамасыз етпеу, сондай-ақ бюджетке түсімдерді уақтылы, толық аудармау, түсімдердің артық төленген сомаларын бюджеттен қайтарудың және (немесе) есепке жатқызудың тәртібін бұзу;
2) бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде - бюджет қаражатын, трансферттерді, кредиттерді, бюджеттік инвестицияларды, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын бұза отырып пайдалану;
3) бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау кезінде - бастапқы құжаттаманың белгіленген нысандарына сәйкес бастапқы есеп жүргізуді сақтамау салдарынан бухгалтерлік есеп деректерінің бастапқы құжаттарға сәйкес келмеуіне жол беру, тауар-материал құндылықтары мен ақшалай қаражаттың жетіспеуі, активтерді, материалдарды, құндылығы төмен тез тозатын заттарды негізсіз есептен шығару;
4) мемлекетке және бюджет қаражатын алушыларға залал (зиян) келтіруге әкеп соқпаған және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайтын, бюджеттік рәсімдерді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының рәсімдерін орындаудың белгіленген мерзімдерін, тәртібін сақтамау.
Осы тармақта көзделген бұзушылықтар топтары түрлерге сыныпталады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалпына келтірілуге жататын, бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар сомалары жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтірілуге жатады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелуге жататын, бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар сомалары тиісті бюджет кірісіне қайтарылуға жатады.
Бюджетке қайтару мемлекеттік қаржылық бақылау органының шешімі және (немесе) сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген бұзушылықтарға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
139-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өкілеттігі шегінде бақылаудың мынадай түрлерін жүзеге асырады:
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) кешенді бақылау - бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер бойынша бақылау және бағалау;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тақырыптық бақылау - бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша бақылау және бағалау;
3) үстеме бақылау - тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы;
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) бірлескен бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары келісілген мерзімде басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау;
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) қосарлас бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары кейіннен олардың нәтижелерімен алмаса отырып, келісілген мәселелер мен жүргізу мерзімдері бойынша өз бетінше жүргізетін бақылау.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 140-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 140-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
140-бап. Бақылау нәтижелерi бойынша қабылданатын актiлер
Бақылау нәтижелерi бойынша мынадай актiлер қабылданады:
1) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган:
бақылау актiсi - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша жасаған құжат;
бақылаудың қорытындылары туралы есеп - белгiлi бір уақыт кезеңi iшіндегi бақылау бойынша жүргiзiлген жұмыс нәтижелерi туралы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жасаған құжат;
қаулы - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы қабылдайтын, бақылау нәтижелерін растайтын және ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi шешімдерді қамтитын құжат;
қорытынды - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының бақылау актілері және (немесе) аудиторлық есептер негiзiнде жасалатын құжаты;
ұсыну - анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшiлiктердi жою үшін бақылау объектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға жіберілген мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының орындауға міндетті құжаты;
2) ішкі бақылау қызметі:
ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды - жүргізілген бақылау қорытындылары бойынша жасалатын, ішкі бақылау қызметі және ішкі бақылау объектісі қол қоятын құжат;
ішкі бақылау нәтижелері туралы есеп - ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды негізінде жасалған, жұмыс тиімділігін арттыру, ішкі бақылау объектісі қызметінің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ішкі рәсімдерді, қағидаларды, процестерді жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын, мемлекеттік органның басшысына табыс етілетін құжат.
Ішкі бақылау қызметі ішкі бақылау нәтижелері туралы есептің негізінде мемлекеттік органның басшысы ішкі бақылау қорытындылары бойынша қабылдайтын құжаттың жобасы болып табылатын, ішкі бақылау объектісінің жұмыста анықталған бұзушылықтар мен кемішіліктерді жоюы, сондай-ақ ондағы ұсынымдарды орындауы үшін міндетті болатын ұсыну жобасын жасайды.
28-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары
141-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құзыреті
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті:
1) республикалық бюджеттің атқарылуын, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес бағалауды жүзеге асырады;
2) өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті бақылауды жүзеге асырады;
3) бақылау объектілерінің есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
4) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады;
5) республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының Парламентіне қарау мен бекіту және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат үшін ағымдағы жылдың 5 мамырынан кешіктірмей өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де жеке тапсырмаларын орындайды;
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, оның ішінде тиімділікті бақылау нәтижелері бойынша ұсынулар енгізеді, сондай-ақ лауазымды адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы тиісті мемлекеттік органдарға немесе оларды тағайындаған адамдарға ұсыныстар енгізеді;
9) республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетін түсімдер сомаларының қайтарылуын, салықтық және кедендік әкімшілік ету тиімділігін бақылауды жүзеге асырады;
10) мемлекеттік төтенше бюджеттің атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
11) республикалық бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен ғана немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық деңгейдегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау мен жүргізуге қатысты мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы және ақпаратты сұратады және өздеріне белгіленген мерзімде алады;
14) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілері лауазымды адамдарының тиісті есептерін тыңдайды;
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларын (олармен келісім бойынша), сондай-ақ қажет болғанда республикалық бюджеттен олардың көрсететін қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады;
16) бақылау және талдамалық іс-шаралар барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
17) бақылау объектісінен Қазақстан Республикасының құжаттандыру және сақтандыру мәселелерін реттейтін заңнамасын сақтай отырып, бақылау қорытындысын растайтын тиісті материалдарды (дәлелдемелерді) кедергісіз алады;
18) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау актілерін талдайды және мемлекеттік қаржылық бақылаудың сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар береді;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган республикалық бюджеттің атқарылуы бөлігінде жүргізген бақылау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді сұратуға құқылы;
19) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу тәртібін айқындайды, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлейді, олардың сақталуына бақылау жүргізеді;
20) талдау мен зерттеулер жүргізеді, мемлекеттік қаржылық бақылау саласында әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы оқыту бағдарламаларын іске асырады;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21) тармақша өзгертілді
21) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізеді, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, келіседі және қабылдайды;
22) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарға және бақылау объектілеріне жіберілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуына мониторинг, сондай-ақ бақылау жүргізеді;
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына әдістемелік көмек көрсетеді;
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды
23-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережені әзірлейді және бекітеді;
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 23-2) тармақшамен толықтырылды
23-2) мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатын олардың пайдалануының қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкестігін бақылауды, бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалауды, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару тиімділігін бақылауды жүзеге асырады.
25) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 142-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
142-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының құзыреті
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы:
1) жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалауды, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес жүзеге асырады;
2) өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті бақылауды жүзеге асырады;
3) бақылау объектілерінің есепке алу және есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жергілікті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады;
5) жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, байланысты гранттар, жергілікті атқарушы органдардың қарыздары, мемлекет активтері түрінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлінген қаражатты пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихатқа белгіленген мерзімде жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді, ол өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылады;
7) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне жергілікті бюджеттерге нысаналы трансферттер, кредиттер және қарыздар түрінде бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат беруге құқылы;
8) 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығының қамтамасыз етілуін, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтарудың және (немесе) есепке жатқызудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
10) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін лауазымды адамдардың сақтамауының анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділікті бақылау нәтижелері бойынша мәслихатқа ұсыныстар енгізеді;
11) мемлекеттік органдардан, бақылау объектілерінен, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектісіне қатысты ақпаратты сұратады және алады;
12) бақылау объектілері лауазымды адамдарының сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге байланысты мәселелер бойынша есептерін тыңдайды;
13) бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын, сондай-ақ қажет болғанда жергілікті бюджеттен олардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады;
14) бақылау объектісінен құжаттандыру және сақтандыру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бақылау қорытындысын растайтын тиісті материалдарды (дәлелдемелерді) кедергісіз алады;
15) бақылау және талдамалық іс-шаралар барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтарды болғызбау жөнінде шаралар қабылдайды;
16) жергілікті бюджеттерге нысаналы трансферттер, кредиттер және қарыздар түрінде бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалану мәселелері бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізетін бақылау іс-шараларына қатысуға құқылы;
17) жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік органдарға және мемлекеттік қаржылық бақылау объектілеріне жіберілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуына мониторинг пен бақылау жүргізеді;
18) лауазымды адамдардың кінәсінен болған бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдарға немесе оларды тағайындаған адамдарға осы лауазымды адамдардың атқарып отырған лауазымдарға сәйкестігі туралы ұсыныстар енгізуге құқылы;
19) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган жергілікті бюджеттің атқарылуы бөлігінде жүргізген бақылау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді сұратуға құқылы;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20-1) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізеді;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
245-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның өкілеттіктеріне қатысты 143-бапта көзделген нормалар 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болды
143-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган:
1) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;