3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
4-тармақтың 7) тармақшасының жетінші - он бірінші абзацтары 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болды
«4) өткен күнтізбелік жыл үшін электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары бойынша, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей уәкілетті органға беруге;
5) келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 желтоқсаннан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
6) келісімде өткен жыл үшін көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
7) жария тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды жария тыңдауларды өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, келісімдерді орындау нәтижелері бойынша жария тыңдауларды мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей өткізуге;
8) уәкілетті органның талап етуі бойынша осы Заңның 5-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес ақпаратты ол белгілеген, тиісті сауал алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;
9) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның талап етуі бойынша осы Заңның 7-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес ақпаратты ол белгілеген, тиісті сауал алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;
4-тармақта:
4-тармақтың 7) тармақшасының он алтыншы абзацы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
4-тармақтың 7) тармақшасының он жетінші - жиырмасыншы абзацтары 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болды
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Энергия өндіруші ұйым келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым көтерме сауда нарығының субъектілеріне инвестициялық міндеттемелерді орындауға арналған келісімде көзделген және оларды іске асыруға пайдаланылмаған, алынған қаражатты электр энергиясының келесі күнтізбелік жылға арналған босату бағасын төмендету арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, осы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра отырып, қайтаруға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндет келесі күнтізбелік жылға келісім жасасу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім жасасу күнгі қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, орындалмаған сомаға қосымша инвестициялық міндеттемелер қабылдаған энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды.
Энергия өндіруші ұйым келісімде көзделген қосымша инвестициялық міндеттемелерді келесі күнтізбелік жылда орындамаған жағдайда энергия өндіруші ұйым кейінгі жылдарға осы міндеттемелерді қабылдай алмайды және олар осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес көтерме сауда нарығының субъектілеріне қайтарылуға жатады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) 12-1-бапта:
4-тармақтың 8) тармақшасының төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың 8) тармақшасының он үшінші - он сегізінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағамен өткізу үшін уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен келісім жасасады.
Келісім энергия өндіруші ұйымның жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, ұстап тұруға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі инвестициялық міндеттемелерін көздейді.
Келісімде электр энергиясын өндіруге байланысты іс-шаралар тізбесі әрбір іс-шара бойынша инвестициялардың нақты көлемі мен сомалары көрсетіле отырып айқындалады.
Келісім жасасу кезінде жабдықтың техникалық жай-күйін растау үшін тәуелсіз энергетикалық сараптаманың қорытындысы ескеріледі.
Электр энергиясының шекті тарифі, оны өндіру көлемі шеңберінде электр энергиясына арналған босатылатын бағаны төмендету жағдайларын қоспағанда, келісімге инвестициялардың жалпы сомасын төмендете отырып өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
4-тармақтың 8) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болды
Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерді орындауының, электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындарының, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемдерінің мониторингін жүргізеді.
4-тармақтың 8) тармақшасының жиырмасыншы - жиырма жетінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
Энергия өндіруші ұйым жоспарланатын амортизациялық аударымдарға және электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізуден алынған таза табыстың деңгейіне сәйкес өзінің инвестициялық міндеттемелерін дербес айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Энергия өндіруші ұйым уәкілетті органға келісім жасалған жылдың алдындағы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде келісімнің жобасын ұсынады.
Уәкілетті орган қараудың нәтижелері бойынша келісімнің жобасын уәкілетті орган алған күннен бастап есептелетін күнтізбелік қырық күн ішінде энергия өндіруші ұйымға қол қойылған келісімнің бір данасын не келісім жасасудан бас тарту туралы дәлелді шешімді жібереді.
Тараптардың келісімді жасасудан негізсіз бас тартуына немесе оны жасасудан жалтаруына жол берілмейді.
Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда келісім жасалды деп есептеледі.
Уәкілетті органның келісім жасасудан бас тарту туралы дәлелді шешімін энергия өндіруші ұйым алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде келісім жобасының шарттары бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, келісімді жасасу кезінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес реттелуге тиіс.
Энергия өндіруші ұйым дауды реттеу кезеңінде электр энергиясын амортизацияға және пайдаға кететін шығындарды есептемей, электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан аспайтын баға бойынша өткізеді.»;
4-тармақтың 8) тармақшасының жиырма сегізінші абзацы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4, 5 және 6-тармақтар алып тасталсын;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) 13-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау бойынша қызметтер көрсету үшін электрмен жабдықтаудың үлгілік шартына сәйкес электрмен жабдықтауға арналған шарт жасасуға міндетті.»;
3-1-тармақтың 1) тармақшасындағы «және электр энергиясын» деген сөздер «және Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес электр энергиясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2. Энергия өндіруші ұйымға:
1) электр энергиясының экспортын қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектiлері болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлғаларға электр энергиясын өткiзуге (сатуға);
2) электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығу және (немесе) электр энергиясын өз мұқтаждарының көлемінде сатып алу жағдайларын қоспағанда, электр энергиясын энергия өндіруші басқа ұйымнан алуға (сатып алуға);
4) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын алуға (сатып алуға) тыйым салынады.»;
3-3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3-3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға өткiзуге (сатуға), сондай-ақ оны энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымнан алуға (сатып алуға) тыйым салынады.»;
4-тармақта:
4-тармақтың 9) тармақшасының он төртінші абзацы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші бөліктегі «ережелерiнде» деген сөз «қағидаларында, электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
10) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2 және 15-3-баптармен толықтырылсын:
«15-1-бап. Электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлеу және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі
1. Жүйелік оператор жыл сайын он бесінші қазанға дейінгі мерзімде алдағы жеті жылдық кезеңге электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімін әзірлейді және оны бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.
2. Уәкілетті орган электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерінің негізінде жыл сайын электр қуатының болжамды тапшылығын белгілейді, сондай-ақ электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді, өзінің интернет-ресурсында орналастыра отырып, оған тендер өткізілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар басымдықпен енгізіледі.
3. Уәкілетті орган электр қуатының болжамды тапшылығын жабу үшін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді.
4. Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыруды тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті инвесторлардың тендерге қатысуға құжаттар мен материалдарды табыс етуінің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
5. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама топтамасы:
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипатын және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын;
2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарттың жобасын қамтиды.
6. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге:
1) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;
2) генерациялайтын қондырғылар құнының жалпы көлемінің кемінде отыз пайызын өз қаражаты есебінен қаржыландыру есебімен алғанда, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін жеткілікті қаржы және материалдық ресурстарының бар екенін растайтын құжаттарды;
3) тендерлік өтінімдерді берген күнге үш айдан аспайтын мерзімде салық берешегінің жоқтығы туралы салық органының анықтамасын ұсынған әлеуетті инвесторлар қатысады.
7. Тендерлік комиссия жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер қорытындыларын тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде шығарады.
Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы деп танылған әлеуетті инвесторға жібереді.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген шартқа қол қояды.
8. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер:
1) әлеуетті инвесторлар екеуден кем болған;
2) барлық әлеуетті инвесторлар ұсынған құжаттар осы баптың 6-тармағына сәйкес келмеген жағдайларда өтпеді деп танылады.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер өтпеді деп танылған жағдайда, уәкілетті орган қайтадан тендер өткізеді.
9. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындыларын шығарған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазымен шарт жасасады, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімін және тендер жеңімпазының қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті айқындайды.
10. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шартты жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүйелік оператор уәкілетті орган белгілеген бағамен, көлемде және мерзімге тендердің жеңімпазымен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөнінде шарт жасасады.
11. Осы баптың 9 және 10-тармақтарында көзделген шарттар үлгілік шарттар негізінде жасалады.
4-тармақтың 11) тармақшасының жиырма төртінші абзацы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15-2-бап. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау
4-тармақтың 11) тармақшасының жиырма алтыншы - отыз сегізінші абзацтары 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
3. Жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша жылына бір рет энергия өндіруші ұйыммен келісілген мерзімде, бірақ аттестаттауды өткізуге арналған өтінімді алғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізу кезінде жүйелік оператор:
1) энергия өндіруші ұйымда бар және оған сәйкес энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіруге техникалық мүмкіндігі болатын генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының шамасын;
2) генерациялайтын қондырғылардың талап етілетін параметрлерінің энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізуге арналған өтінімінде көрсетілген мәндерге сәйкестігін айқындайды.
4. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудың нәтижелері бойынша жүйелік оператор аттестаттау өткізілгеннен кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау актісін ресімдеп, энергия өндіруші ұйымға жібереді, онда электр энергиясын өндіруге дайын болған энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының аттестаттаудан өткен электр қуатының шамасы көрсетіледі.
5. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
1) жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының нақты шамасы мен параметрлерінің аттестатталғандарға сәйкес келмеуі анықталған кезде;
2) энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша өткізіледі.
15-3-бап. Электр қуатының нарығы
1. Электр қуатының нарығы жаңа электр қуаттарын енгізу үшін инвестициялар тарту, электр энергиясына сұранысты қанағаттандыруға және электр қуатының болжамды теңгерімінің негізінде айқындалған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр қуатының шамасын ұстап тұруға жеткілікті көлемде жұмыс істеп тұрған электр қуаттарын қолдау мақсатында жұмыс істейді.
2. Көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын және қуатын өндіруге-тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді айларға бөле отырып, алдағы жылға қалыптастырады және есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді.
Жүйелік оператор есепті жылдың алдындағы жылдың он бесінші қазанынан кешіктірмей, көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын және қуатын өндіруге-тұтынуға арналған болжамды өтінімдерінің негізінде электр энергиясының және қуатының алдағы жылға арналған болжамды теңгерімін әзірлейді.
4-тармақтың 11) тармақшасының қырық екінші абзацы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. Энергия өндіруші ұйымдар электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор аттестаттаудан өткізгеннен кейін жіберіледі.
4-тармақтың 11) тармақшасының қырық сегізінші - елуінші абзацтары 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен ұйымдастырады және өткiзедi.
Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындыларын өтеусіз тіркеуді жүзеге асырады.
Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жүйелік операторға және нарық субъектілеріне электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткізу бойынша шарттық негізде қызметтер көрсетеді.
12) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) 18-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, тұтынушылардың тұтынған электр энергиясы үшін төлемақы коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйым берген төлем құжаты бойынша, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.»;
4-тармақтың 14) тармақшасы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
14) 25-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы Заңның 12-1-бабының 3-1-тармағында көзделген тәртіппен келісім жасасу бойынша шаралар қабылдамаған және уәкілетті органмен келісім жасаспаған энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын амортизация мен пайдаға кеткен шығындарды есепке алмай, электр энергиясын өндіруге кеткен шығыннан аспайтын бағамен өткізеді.».
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 1) тармақшасының он бірінші, он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы - жиырма төртінші абзацтарын, 6) тармақшасының жетінші және он бірінші абзацтарын, 11) тармақшасының жиырма төртінші, жиырма алтыншы - отыз сегізінші, қырық екінші, қырық сегізінші - елуінші абзацтарын;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 7) тармақшасының төртінші абзацын;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 1) тармақшасының бесінші, он үшінші, отыз төртінші және отыз алтыншы абзацтарын, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 8) тармақшасының төртінші және жиырма сегізінші абзацтарын, 9) тармақшасының он төртінші абзацын;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацын, 4) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 7) тармақшасының бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 8) тармақшасының он үшінші - он сегізінші, жиырмасыншы - жиырма жетінші абзацтары және 14) тармақшасы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 7) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтары, 8) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
3. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 6) тармақшасының үшінші - алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтары, 4-тармағы 7) тармақшасының жетінші - он бірінші, он жетінші - жиырмасыншы абзацтары, 8) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
4. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 13) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«қырық төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бірінші бөлігі), 147-13, 223 - 225, 225-1, 356-баптар);»;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«қырық үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бiрiншi бөлiгi), 147-6 (2-2, 2-3-бөлiктерi), 147-13, 219-8 (екінші және үшінші бөліктері), 223 - 225, 225-1 (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356, 357-1-баптар);».
5. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4 және 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;»;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;»
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 4) тармақшасының алтыншы абзацы 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7) тармақшадағы «12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында» деген сөздер «12-бабының 3-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 4) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4 және 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады;»;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады;»
9. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін:
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы жиырма бірінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«үшiншi абзацтағы «екiншi және үшінші» деген сөздер «екiншi» деген сөзбен ауыстырылсын.