165. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Тайынша аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі.
166. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Тимирязев аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі.
167. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Уәлиханов аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі.
168. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шал ақын аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі.
169. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Петропавл қалалық жер ресурстарын 6acққу бөлімі.
170. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Арыс аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі.
171. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық -- жер ресурстарын басқару басқармасының Бәйдібек аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі.
172. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қазығұрт аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі.
173. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Мақтаарал аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі.
174. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ордабасы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі.
175. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Отырар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі.
176. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Сайрам аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі.
177. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Сарыағаш аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі.
178. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Созақ аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі.
179. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Төлеби аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі.
180. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Түлкібас аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі.
181. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шардара аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі.
182. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шымкент қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі.
183. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Түркістан қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі.
184. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Кентау қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі.
ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен 3-қосымша алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 2 тамыздағы
№ 730 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 26-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және пайдалану жөніндегі қызмет;
шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу.";
реттік нөмірі 27-1-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Ветеринария саласындағы қызмет, ветеринарлық мақсаттағы препараттарды өндіру және өткізу; ветеринарлық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды сату; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу; ветеринарлық емдеу-алдын алу қызметі;
астық сақтау;
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және пайдалану жөніндегі қызмет.".
2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
3-тармақтың 3) тармақшасындағы "және оның аумақтық бөлімшелері" деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын;
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
11-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобасын әзірлеуді қамтамасыз ету;";
"2-1) құнды сәулет-қала құрылысы мұрасының сақталуын, сәулет пен қала құрылысында ұлттық және мәдени дәстүрлерді дамытуды ескере отырып, аумақтарды және елді мекендерді игеру мен дамытудың басым бағыттары жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;";
"3-1) тапсырысшының объектілерді салуын техникалық қадағалауын жүзеге асыру ережесін әзірлеу және бекіту;";
9) тармақша "астананың" деген сөзден кейін ", халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметін, сондай-ақ облыстық және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметтерін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету;";
12-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) республикалық маңызы бар объектілер құрылысының сапасын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыру, олар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісіне рұқсаттар ресімдеу және беру, осы құрылыстарда қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртіптерін бұзушыларға заңнамалық кесімдерде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау;";
7) тармақшадағы "стандарттау, метрология және сертификаттау" деген сөздер "техникалық реттеу және метрология" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша алынып тасталсын;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің құрылымы осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 1, 7-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ережеде:
6-тармақтағы ", аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда" деген сөздер алынып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Агенттіктің негізгі міндеттері:
1) жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және картография саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жерге орналастыру, геодезия және картография жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
3) мемлекеттік геодезиялық қадағалауды жүзеге асыру және тиісті ақпаратты қорғау болып табылады.
Агенттік заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:
жер заңнамасын қолдану практикасын жинақтау және оны жетілдіру геодезия және картография саласында бірыңғай мемлекеттік және ғылыми-техникалық саясат жүргізу;
нормативтік құқықтық кесімдер мен геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық талаптарды әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің осы талаптарды сақтауын қадағалауды жүзеге асыру және олардың дұрыс қолданылуын бақылау мемлекеттік құпияларға жататын топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэросуретке түсіру материалдарын пайдаланудың тәртібін белгілеу;
жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Yкіметінің бекітуіне енгізу;
жерге орналастыру және мемлекеттік жер кадастры жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекіту;
жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгілеу;
өз құзыретіне кіретін, жерді беру және оны алып қою, жерді бір санаттан басқасына ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметінің нормативтік құқықтық кесімдерінің жобаларын дайындау;
2) мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функциялар:
мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер теңгерімінің деректері негізінде Қазақстан Республикасының жер теңгерімін жасау;
жердің мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;
жерге орналастыруды республикалық деңгейде жүргізуді ұйымдастыру жер ресурстарын пайдалану жөніндегі жинақтар мен басқа да материалдарды басып шығару және тарату;
Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарымен жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекараның өзгерістерін, сондай-ақ жергілікті жердің өзгерістерін және географиялық объектілердің атауларын көрсете отырып, кезекші анықтамалық карта жүргізy;
ұйымдардың жерге орналастыру жөніндегі, топографиялық-геодезиялық, инженерлік-геодезиялық, маркшейдерлік, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық жұмыстарды және басқа да зерттеу және іздестіру жұмыстарын белгіленген тәртіппен жүргізуі бөлігінде олардың қызметін үйлестіру;
мемлекеттік, арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор қалыптастыру және жүргізу;
географиялық ақпараттық жүйелер құру және жүргізу;
халықаралық ұйымдарда жер ресурстарын басқару, геодезия және картография мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру, басқа елдердің тиісті қызметтерімен қатынастарды қолдау;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялауды, демаркациялауды және өту сызықтарын тексеруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының теңіз кеңістігін делимитациялауды геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу органдарын жер кадастр карталарымен және жер учаскелерінің жоспарларымен қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылау жөніндегі функциялар:
белгіленген тәртіппен жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау тәртібін анықталған бұзушылықтары жоюды, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарды немесе аэроғарыштық түсірулер жүргізу нәтижесінде алынған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректерді шоғырландыруды, есепке алуды, сақтауды, пайдалануды және іске асыруды талап ету;
жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;
Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасы мен техникалық талаптардың бұзылу фактілері белгіленген жағдайда лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұру;
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсірулердің деректері мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтарды, нормалар мен ережелерді бекіту; геодезиялық пункттерді есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етуді қадағалау;
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылау;
мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторигін жүргізудің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
4) экономикалық қызметті мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін функциялар:
топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау мен есепке алу;
аэротүсірілімдік, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тіркеу, есепке алу және оларды жүргізуге рұқсат беру;
геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелеріндегі орындардың геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы мәліметтер беру;
жерлерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын республикалық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізу;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген Каспий теңізі түбінің қазақстандық учаскесі шегінде келісім-шарттық аумақтан тыс мұнай-газ құбырын салуға қоршаған ортаны қорғау; су қорын пайдалану және қорғау, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жер қойнауын пайдалану жөніндегі, төтенше жағдайлар жөніндегі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларындағы және сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат беру.".
12-тармақта:
"енгізуге" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) геодезиялық, картографиялық және топографиялық өнімді міндетті сертификаттау жөніндегі жұмысты жүргізуге;
5) геодезиялық және картографиялық жабдықтарды, аспаптарды және құралдарды метрологиялық бақылау мен қадағалауды жүргізуге";
осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
4. ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірден № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПКҮЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
2-тармақтың 1) тармақшасында:
"атап айтқанда" деген сөздерден кейін "агроөнеркәсіптік кешен," деген сөздермен толықтырылсын;
"астық рыногын реттеу," деген сөздерден кейін "өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау," деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
11) тармақша алынып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) астық қолхаттары жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, сақтау, айналымы, өтеу және жою тәртібін, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгілеріне қойылатын талаптарды бекітеді;";
15) тармақшада:
"тұлғаларға тіркеу жүргізудің және есепке алудың тәртібін белгілейді" деген сөздер "тұлғаларды тіркеу және есепке алу ережесін бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
"машиналары мен механизмдеріне" деген сөздерден кейін ", өтімділігі жоғары арнайы машиналарға" деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақшада:
"мемлекеттік техникалық байқау жүргізудің тәртібін белгілейді" деген сөздер "жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау ережесін бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
"машиналары мен механизмдеріне" деген сөздерден кейін ", өтімділігі жоғары арнайы машиналарға" деген сөздермен толықтырылсын;
17) тармақшада:
"жүргізу тәртібін белгілейді" деген сөздер "қабылдау тәртібін бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
"машиналары мен механиздерді" деген сөздерден кейін ", өтімділігі жоғары арнайы машиналарды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31) және 32) тармақшалармен толықтырылсын:
"25) асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандарын әзірлейді және бекітеді;
26) пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша запас нормативін белгілейді;
27) мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін айқындайды;
28) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекітеді;
29) асыл тұқымды малдың мемлекеттік кітабын және асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін әзірлейді және бекітеді;
30) астық сақтау жөніндегі лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
31) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша астық сапасын сараптау тәртібіне және астық сапасы сертификатын беруге қойылатын талаптарды әзірлейді;
32) астық қабылдау кәсіпорындарында астық сақтау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін әзірлейді және бекітеді.";
11-тармақта:
16) тармақшадағы "асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік тізілімін және" деген сөздер алынып тасталсын;
22) тармақшадағы «мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық іс-шаралар, пестицидтерді зарарсыздандыру жөнінде жұмыстар» деген сөздер «зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық іс-шаралар» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) тармақшада «жүргізеді» деген сөз «жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 35), 36), 37), 38) және 39) тармақшалармен толықтырылсын:
"35) республика бойынша тұқымдар теңгерімін жасайды;
36) экспорттаушы елдердің ресми органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген сәйкестік сертификатының (асыл тұқымдық куәліктің) қолданылуын тануды жүзеге асырады;
37) асыл тұқымды малдың тектік қорын дамыту, сақтау және пайдалану бағдарламасының шеңберінде ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, малды асылдандыру орталықтарындағы тұқымдық малдың тұқым және сан құрамын айқындайды;
38) өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау жөнінде мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келіседі;
39) астық қабылдау кәсіпорнына уақытша басқаруды енгізу туралы, сондай-ақ уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдайды.";
12-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялауды, лицензиялар беруді, қайтарып алуды, тоқтата тұруды, тоқтатуды, олардың қолданылуын жаңғыртуды жүзеге асырады;";
4) тармақша "машиналары мен механиздерді" деген сөздерден кейін ", өтімділігі жоғары арнайы машиналарды" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы "механизмдеріне" деген сөзден кейін "жыл сайынғы" деген сөздермен толықтырылсын;
"машиналары мен механиздеріне" деген сөздерден кейін ", өтімділігі жоғары арнайы машиналарға" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша "машиналары мен механиздерді" деген сөздерден кейін ", өтімділігі жоғары арнайы машиналарды" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"тұқымның сандық-салалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"9-1) астық қабылдау кәсіпорындарының:
мемлекеттік ресурстар астығы бойынша - тоқсан сайын уәкілетті органның облыстық аумақтық органдарының бастықтары бекіткен мемлекеттік ресурстар астығының сақтауын тексеру кестелері негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) болған кезде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда);
өзге де иеленушілердің астығы бойынша - астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық сақтау; астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
9-2) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астық қолхаттары тізілімі мәліметтеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
9-3) мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жіберуді және тасымалдауды (алып жүруді) бақылауды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 15-1), 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
"15-1) мыналарды:
фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін;
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды, тасымалдауды және қолдануды фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізуді және табыс етуді;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндіру сынақтарын жүргізуді;
пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйін;
лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;";
"20) өсімдіктерді қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді бақылайды;
21) "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздемелер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп-жөнелтуге тыйым салады;
22) жыл сайын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен кестелер негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) болған кезде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда), астық сапасының сараптамасы жөніндегі аккредиттелген зертханалардың астық сапасын сараптау мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, уәкілетті орган белгілеген астық сапасы сертификатын беру тәртібін және техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі талаптарын сақтауы тұрғысынан олардың қызметін бақылау.";
13-тармақ мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның, субъектілердің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) кері қайтарып алу туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізуге.";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережеде:
11-тармақтың 9) тармақшасындағы "cу пайдаланушылар" деген сөздер "облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана)" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 2 тамыздағы
№ 730 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігi
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істерi
комитетінің құрылымы
Басшылық
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, аккредиттеу және аттестаттау басқармасы
Техникалық нормалау және құрылыс индустриясын дамыту басқармасы
Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Жобалық жұмыстар және сметалық нормалар басқармасы
Әкімшілік басқармасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 2 тамыздағы
№ 730 қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 14 қаңтардағы
№ 14 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің
аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.