Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 мамырдағы № 695 қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 11-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрлері: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою";
реттік нөмірі 38-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрлерінен басқа";
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 53, 527-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі туралы Ережеде:
11-тармақтың 21) тармақшасы "лицензиялауды" деген сөзден кейін ", соның ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрлері: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою" деген сөздермен толықтырылсын;
3) "Қазақстан Республикасындағы есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 556-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Ережесінде:
3-тармақта:
жетінші абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі;
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі";
9-тармақтың 2-тармақшасында "есірткі құралдары," деген сөздердің алдынан "денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерінен басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақта:
бірінші абзац мынадай мазмұнда жазылсын:
"13. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі";
2) және 3) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1 Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі:
өнеркәсіп саласында пайдалану үшін есірткі құралдарын психотроптық заттарды және прекурсорларды тұтынудың нормаларын қорытады және белгілейді және оларды белгіленген тәртіппен Комитетке ұсынады;
өз құзыретінің шегінде есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар өндірісінің, сондай-ақ құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлары бар шикізаттарды өңдеу саласына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.".
20-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады.";
22-тармақтың 5) тармақшасында "есірткі құралдары" деген сөздердің алдынан "денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерінен басқа" деген сөздермен толықтырылсын.";
47-тармақтың 1) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Энергетика,
индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының
Экономика және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
55-тармақтың 1) тармақшасында "өндіруші кәсіпорын" деген сөздердің алдынан "дәріхана жағдайында дәрілік құралдар дайындауды қоспағанда" сөздермен толықтырылсын:
63-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"медициналық ұйымдарға.";
119-тармақтың бірінші абзацында "пайдалану-" деген сөзден кейін "соның ішінде, дәріхана жағдайында дәрілік құралдарды дайындаумен байланысты" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған мемлекеттік лицензиялардың нысандарындағы қосымшаларда:
"Берілді" деген жолдағы "лицензиаттың" деген сөзден кейін "филиалының, өкілдігінің" деген сөздермен толықтырылсын;
қосымшаларға сәйкес Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет түрлеріне мемлекеттік лицензия нысанымен және оған қосымшамен толықтырылсын;
4) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті туралы ережеде:
11-тармақтың 2) тармақшасында "есірткі құралдары" деген сөздердің алдынан "денсаулық сақтау жүйесіндегі: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерін лицензиялауды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
11-қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі
ҚР елтаңбасы
Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар
айналымымен байланысты қызмет түрлеріне
Мемлекеттік лицензия
_______________________________________________________ берілді
лицензиаттың толық атауы, заңды мекен-жайы, Е-mail
Лицензия кімге берілген, Т.А.Ә. _______________________________
Қоса беріліп отырған Қосымшаға сәйкес _________________________
____________________________________________________ айналысуға
("Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар
және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуын
іс-әрекет шаралары туралы" ҚР Заңына сәйкес түрінің атауы)
Лицензияны қолданудың ерекше шарттары ________________________
Лицензиар-орган ______________________________________________
(лицензиар органының толық атауы)
Басшысы _______________________________________ _____________
(лицензия берген орган басшысының Т.А.Ә.) (қолы)
Лицензия берілген күн 200__жылғы "___" _______________________
Лицензияның нөмірі ___________________________________________
Лицензияның қолданылу мерзімі ________________________________
Мөр орны ___________ қаласы
№ 00000
Түсі күңгірт-жасыл
12-қосымша
Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар
айналымымен байланысты қызмет түрлеріне
мемлекеттік лицензияға
қосымша
200__жылғы "___"_____№
(лицензиясыз жарамсыз)
_________________________________________________________________
лицензиаттың толық атауы, заңды мекен-жайы
Мекен-жайында орналасқан ____________________________ объектісіне
дәріхана ұйымының түрі
_________________________________________________ берілді
Олардың шегінде 200__ жылға арналған айналым жүзеге асырылатын,
құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар
бар дәрі-дәрмек құралдарының тізбесі мен саны
_________________________________________________________________
Атауы Саны
_________________________________________________________________
1 2
_________________________________________________________________
1.
_________________________________________________________________
2.
_________________________________________________________________
3. және т.б.
_________________________________________________________________
Қосымшаны берген орган __________________________________________
(лицензиялайтын органның толық атауы)
Басшысы __________________________________________ _____________
(лицензия берген орган басшысының Т.А.Ә.) (қолы)
Берілген уақыты 200___жылғы "__"_________
________________
Қосымшаның нөмірі _______________________________________________
Қолданылу мерзімі _______________________________________________
Мөр орны __________ қаласы
,