10) белгіленген тәртіппен бекітілген және қажетті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілген авария жағдайында персоналды және халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының;
11) авария жағдайында персоналдың іс-қимылын пысықтау үшін бекітілген аварияға қарсы жаттығулар жүргізу әдістемелерінің, бағдарламалары мен кестелерінің;
12) тиісті есептеулермен негізделген көлемде объектіні пайдаланудан қауіпсіз шығару жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету үшін қажетті қаржы ресурстарының;
13) белгіленген тәртіппен бекітілген объектіні пайдаланудан шығарудың түпкілікті жоспарының;
14) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;
15) мәлімделген қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалардың;
16) қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде, оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;
17) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;
18) міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.
9. Атом энергиясын пайдалану объектілерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде:
1) қажетті әкімшілік басқару мен ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық регламенттері мен ережелерінде бекітілген, қауіпсіздік мақсаттарына қол жеткізу үшін жобаны басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымының;
2) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталатын тиісті білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, қауіпсіздік ережелерін білудің біліктілік тексеруінен өткен техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;
3) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;
4) мәлімделген қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалардың болуын қамтиды.