94) шаруашылық жүргізуші субъектілерге аттестаттауды жүргізу тәртібі, асыл тұқым мал зауыты, асыл тұқымды шаруашылық, малды асылдандырушы және дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру тәртібі туралы ережелерді әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
95) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымды малдардың гендік қорын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
96) асыл тұқымды өнімді (материалды) бағалауға және генетикалық бақылауға арналған әдістемелер мен техникалық құралдар әзірлеуді жүзеге асырады;
97) асыл тұқымды малдардың гендік қорын дамыту, сақтау және пайдалану бағдарламасы шеңберінде ғылыми ұйымдармен бірлесіп, асыл тұқымды орталықтардағы тұқымдық малдардың тұқымдық және сандық құрамын айқындайды;
98) асыл тұқымды өнімнің (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын айқындау және малдың өсімін молайту жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
99) асыл тұқымды өнім (материал) есебінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
100) асыл тұқымды малдардың өсімін молайту процесін жетілдіру әдістері мен тәсілдерін әзірлеуді жүзеге асырады;
101) ұлттық қауіпсіздікке, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда және су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында республиканың немесе өңірдің экономикасы үшін елеулі стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын мемлекеттік уақытша басқаруды енгізу жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
102) бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша су пайдалану лимиттерін бекітеді;
103) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғат-қорық қоры объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;
104) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
105) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрудың немесе кеңейтудің табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздерінің жобаларын әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
106) республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін әзірлейді және бекітеді;
107) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жеке тұлғалардың келу ережесін әзірлейді және бекітеді;
108) табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының нысанды киім үлгілерін (погонсыз), оларды кию тәртібін және оларды киіммен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
109) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жеке тұлғалардың пайдалану тәртібін белгілейді;
110) табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын бекітеді;
111) мемлекеттік табиғат қорықтарының аймақтарында жасанды шығарылатын шу және өзге де дыбыстық әсерлердің жол берілген нормаларын әзірлейді;
112) мемлекеттік табиғат қорықтарында аса құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерінде реттелетін экологиялық туризм жүргізу үшін экскурсиялық соқпақтар мен бағыттар жасау тәртібін әзірлейді және белгілейді;
113) мемлекеттік ұлттық табиғат парктерінің аумақтарында реттелетін туризм және рекреация қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
114) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келіседі;
115) егістіктердің жойылу алаңдарын анықтау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
116) өсімдік шаруашылығын дамытуға арналған құқықтық және экономикалық шарттарды жетілдіреді және республикадағы және шетелдердегі өсімдік шаруашылығы саласы жай-күйінің ахуалын зерделейді;
117) сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның оларға бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсыну нысаны мен мерзімдерін әзірлейді және белгілейді;
118) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ақысыз негізде ұсынуға жататын ақпарат пен қызметтер тізбесін әзірлейді;
119) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылық машина жасауды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
120) агроөнеркәсіптік кешен салаларын халықаралық стандарттарға көшіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
121) мыналардың мониторингін жүргізеді:
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және осы саладағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру;
далалық жұмыстарды жүргізу;
азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтары;
биоотын өндірісі;
азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйі;
122) агроөнеркәсіптік кешенде кредит беруді жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктер жүйесін дамыту үшін, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредит ресурстарына қол жеткізуін жақсарту үшін жағдайлар жасайды;
123) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының оңтайлы нысандарын дамытады;
124) мыналарды:
қызмет салалары мен түрлері бойынша өндірістік-шаруашылық қызметтің, ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерін тұтыну мен өндіру теңгерімінің жай-күйі мен нәтижелерін;
агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту жөніндегі статистикалық ақпаратты талдауды жүзеге асырады;
125) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, баға, техника, кеден, салық, кредит, сақтандыру қызметінің, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттік саясат аясындағы мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
126) ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылған схемаларын әзірлейді және бекітеді;
127) мамандандырылған ұйымдарды құру, дамыту, қайта ұйымдастыру, тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
128) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
129) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
130) агроөнеркәсіптік кешен саласында нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
131) мыналардың:
мақта нарығының мониторингін жүргізу;
мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу;
мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану;
шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру;
мақта қолхаттарын беру, оның айналымы, күшін жою және өтеу;
мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу;
биоотын өндірушінің өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту қағидаларын әзірлейді;
132) биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін бақылау есебі аспаптарын қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
133) мақта қолхатының нысаны (үлгісі) мен сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
134) мыналарды:
шитті мақта сапасын сараптауды жүргізу және шитті мақта сапасы туралы куәлікті беру қағидаларын;
шитті мақта сапасы туралы куәліктің нысандарын (үлгілерін);
мақта талшығы сапасы паспортының нысандарын (үлгілерін) әзірлейді;
135) мақта нарығының мониторингін жүргізеді;
136) есеп құжаттарының тізбесі мен нысандарын, мақта нарығының мониторингін жүргізу бойынша есептілік ұсыну мерзімдерін әзірлейді;
137) кепіл туралы мәліметтер бар қойма куәлігін ұстаушының талабы бойынша мақтаны беру тәртібін айқындайды;
138) мақта қолхаттарын берумен қоймалық қызмет бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын орындау мәселелері бойынша есеп құжаттарының, есептілік ұсыну мерзімдерінің тізбесі мен нысандарын әзірлейді;
139) азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша орман қорын қорғау және сақтау жөніндегі авиациялық жұмыстар туралы ережені бекітеді;
13-тармақтың 140) тармақшасы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
140) шитті мақтаны сақтау және оны мақта талшығына қайта өңдеу шарттарының үлгі нысандарын әзірлейді;
141) мыналардың:
мақта талшығының сапасын сараптауды жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру қағидаларының;
мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының қызметі мен оларды тарату қағидаларының;
мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысуы қағидаларының;
мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының кепілдік алуы қағидаларының;
мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу қағидаларының;
мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауды субсидиялау қағидаларының жобаларын әзірлейді;
142) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді;
143) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді;
144) суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйіне мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің мониторинг және бағалау жүргізуін ұйымдастырады;
145) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік байқаудан өткізу қағидаларын әзірлейді;
146) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктерді беру қағидаларын әзірлейді;
147) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп, халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелді бағалаудың ғылыми қағидаларының негізінде карантиндік шаралар әзірлейді;
148) мемлекеттік орман қоры аумағында шайыр, ағаш шырынын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидасын, сондай-ақ сүрекдіңдерден сөл алынуы мүмкін аймақтарды әзірлейді;
149) орман қарау аймақтарына тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді;
150) ағаш кесу билетінің және орман билетінің нысанын, олардың есебін жүргізу, сақтау, толтыру мен беру тәртібін, сондай-ақ ағаш кесу билетінің, орман билетінің қолданылуын тоқтату тәртібін әзірлейді;
151) мемлекеттік орман қоры аумағында мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар мен жұмыстарды жүргізуге арналған өрт сөндіру құралдарының нормаларын әзірлейді;
152) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген жағдайда есептік кеспеағаш аймағын белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
153) мемлекеттік орман қорындағы ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
154) мемлекеттік орман қоры аумағында орман жайластыруды жүргізу қағидаларын әзірлейді;
155) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша орман қорын мемлекеттік есепке алу нысанын әзірлейді және бекітеді;
156) мемлекеттік орман кадастры көрсеткіштерінің тізбесі мен ормандарды экономикалық бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
157) ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді;
158) ормандағы санитарлық қағидаларды әзірлейді;
159) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді;
160) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөлу және оларды мөлшерлеу қағидаларын әзірлейді;
161) селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді анықтау мен құру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
162) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
163) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау және есепке алу тәртібін әзірлейді;
164) ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру тәртібін әзірлейді;
165) орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды және олардың сапасына бақылауды ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;
166) мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларын әзірлейді;
167) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын әзірлейді;
168) залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге жатпайтын карантиндік объектілермен залалданған карантинге жататын өнімді алу және жою жөніндегі қағидаларды әзірлейді;
169) әкелінетін карантинге жататын өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды әзірлейді;
170) карантинге жататын өнім тізбесін әзірлейді;
171) ауыл шаруашылығы техникасының және жабдықтарының лизингін ұйымдастыру, селекцияны және тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдар өсіру технологиясын дамыту, топырақ құнарлылығын сақтау, өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді;
172) тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады, байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
173) ортақ су пайдаланудың үлгі қағидаларын әзірлейді;
174) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру және ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйесінен ауыз су беру жөніндегі қызметтер құнын субсидиялау тәртібін әзірлейді;
175) су шаруашылығында инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады;
176) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын әзірлейді;
177) судың бастапқы есебінің қағидаларын әзірлейді;
178) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және нормативтерді, нормативтік құжаттарды әзірлейді;
179) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органдарды құрады;
180) өсімдіктер карантині саласында жасалған келісімдерге сәйкес халықаралық нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;
181) өз құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы халықаралық жобаларды іске асырады;
182) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жер үсті және жер асты су объектілеріне беретін оң қорытындысын жергілікті атқарушы органдардың тіркеу тәртібін белгілейді;
183) тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді;
184) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің, сондай-ақ олар құпиялы еткен мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді;
185) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлерін әзірлейді;
186) жерлерді гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындайды;
187) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттауды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді;
188) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
189) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
190) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын білдіреді, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
191) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізеді;
192) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
193) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді;
194) аумақты аймақтарға бөлу тәртібін айқындайды;
195) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келіседі;
196) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және есептен шығару тәртібі мен нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
197) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және есептен шығаруды ұйымдастырады;
198) ветеринариялық препараттарды, азық және азықтық қоспалар пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
199) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
200) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін әзірлейді;
201) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат беретін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығарады;
202) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықты және азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлейді және береді;
203) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушы штамдардың пайдаланылуын, тасымалдануын (жеткізілуін), сақталуын және жойылуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
204) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамаларын іріктеу қағидаларын әзірлейді;
205) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды келіседі;
206) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ережені әзірлейді;
207) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлейді;
208) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
209) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат ұсынады;
210) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;
211) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
212) нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығаруға қатысушы ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағалары жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
213) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастырады;
214) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
215) субсидиялар алушы міндеттемесінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
216) өндіріс паспортын бекіту үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;
217) биоотын өндірісі саласында ғылымды қажетсінетін технологияларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
218) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
219) азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотынға қайта өңдеу үшін пайдаланатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу тәртібін әзірлейді;
220) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндік схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзірлеу мен бекіту тәртібін әзірлейді;
221) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру тәртібін әзірлейді;
222) судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, орналастыру және пайдалануға беру тәртібін, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын әзірлейді;
223) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін әзірлейді;
224) республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу тәртібін әзірлейді;
225) республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін әзірлейді;
226) ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін әзірлейді;
227) су объектілеріне шекті жол берілетін зиянды әсер ету нормативтерін әзірлеу мен бекіту тәртібін әзірлейді;
228) экономиканың су секторын дамыту, оның ішінде жерлерді гидромелиорациялау бағдарламаларын әзірлейді;
229) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді айқындайды;
230) арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш нысанын бекітеді;
231) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу әдістемесін бекітеді;
232) бассейн ішіндегі су объектілері жай-күйінің мақсатты көрсеткіштеріне кезең-кезеңмен көшу мерзімдерін айқындау әдістемесін бекітеді;
233) су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын әзірлейді;
234) сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін әзірлейді;
235) балық аулаудың қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құрал түрлері мен тәсілдері тізбесіне енгізілмеген балық аулаудың жаңа құрал түрлері мен тәсілдерін қолдануға (эксперименттік аулау тәртібімен) рұқсаттар беру тәртібін белгілейді;
236) ішкі және сыртқы нарықтарда саудалау үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау тәртібін айқындайды;
237) балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу шартының үлгі нысанын белгілейді;
238) аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын бекітеді;
239) балық аулаудың қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құрал түрлері мен тәсілдері тізбесін белгілейді;
240) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздену жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
241) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар тізімдерін бекітеді;
242) су жинау құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды айқындайды және оларды орнатуды келіседі;
243) резерв қорының аңшылық алқаптарын, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін биологиялық-экономикалық байқап тексеруді жүзеге асырады;
244) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
245) рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілейді;
246) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін айқындайды;