38. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар, 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат, 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат):
10-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органына елдi мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету қағидаларын бекiту үшін жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiндегi ұсыныстар енгізу;».
39. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат):
1) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушымен келiсе отырып, электрондық құжат айналымы үшiн қажеттi қосымша ақпаратты тiркеу куәлiгiне енгiзеді.»;
2) 17-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.
40. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат):
9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды;
2) еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлейді;
3) құжаттардың дұрыстығын тексереді;
4) әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға қажеттi құжаттарды қабылдау және беру жөнiндегi талаптарды белгiлейді.».
41. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат):
1) 3-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уәкiлеттi орган Қорға осы бапта айқындалған шектеулi ықпал ету шараларының кез келгенiн, бұдан бұрын да оған қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан қолданады.»;
2) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкiлеттi орган Қордан қатысушы-сақтандыру ұйымының мiндеттi және төтенше жарналарды төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн тиiсiнше орындамағаны туралы хабарлама алған кезде мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де ықпал ету шараларын қолданады.».
42. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат):
7-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы баптың 1-тармағын бұзғаны үшін тасымалдаушы лицензиясының қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.».
43. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) қысқа мәтінді және мультимедиалық хабарлама - ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызметі;»;
2) 7-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) байланыс саласындағы басым дамудың, мемлекеттік саясатты жетілдірудің негізгі бағыттарын әзірлеу және дамудың салалық бағдарламаларын бекіту;»;
3) 8-баптың 2-тармағының 2), 8) және 9-4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) байланыс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне және радиожиілік спектрінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;»;
«8) үкіметтік байланыс желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттары, телекоммуникация желілері құрылысының жоспарларын келісуге және пайдалануға қабылдануына қатысу;»;
«9-4) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;»;
4) 9-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес радиобақылауды жүзеге асыру;»;
5) 11-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Радиожиілік спектрі байланыс саласындағы шектеулі ұлттық ресурс болып табылады.»;
6) 12-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Жеке және заңды тұлғаларға өздеріне иелікке берілген жиілік белдеулеріне, радиожиіліктерге (радиожиілік арналарына) құқығын басқа жеке немесе заңды тұлғаларға уақытша немесе тұрақты пайдалануға беруге тыйым салынады.»;
7) 22-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
8) 36-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Телефон байланысы арқылы (ұялы байланысты қоса алғанда) зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну кезінде тарифтелетін жалғаным басталғанға дейін байланыс операторы осы жалғанымның құны туралы абонентті хабардар етуге міндетті.
Абонент телефон жалғанымына келісім берген жағдайда (яғни, абонент мұндай жалғанымды үзбесе), осы жалғанымның төлемі тарифтеудің толық бірліктерінің тарифке көбейтілген саны бойынша телефон жалғанымының ұзақтығы негізге алынып айқындалады.
Егер абонент мұндай жалғанымға келіспесе (яғни тиісті хабардар етуді алғаннан кейін мұндай жалғанымды үзсе), онда жалғанымды орнатуды ұйымдастырғаны үшін төлем алынбайды.
Егер байланыс операторы тарифтелген жалғаным басталғанға дейін осы жалғанымның құны туралы абонентті хабардар етпеген жағдайда, онда зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізу ұсынылғаны үшін төлем алынбайды.
1-2. Қысқа мәтінді хабарлама жіберу арқылы зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізу ұсынылған кезде ұялы байланыс операторы қысқа мәтінді хабарлама арқылы осы қызметті көрсетудің құны туралы абонентті хабардар етуге міндетті. Абонент осы хабарламаның жіберілгенін растаған жағдайда, аталған қызметті көрсеткені үшін төлем алынады, бұл ретте растағаны үшін абоненттен төлем алынбайды.
Егер байланыс операторы зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну бойынша қысқа мәтінді хабарламаның құны туралы абонентті хабардар етпесе, онда бұл қызметті көрсеткені үшін төлем алынбайды.».
44. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат):
1) 9-2-бапта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына әкімшілік етуді және сервистік қолдауды, аппараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық іс-шараларды жүзеге асырады;
4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына және әлемдік ақпараттық ресурстарға қосуды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылған жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік органдарға және олардың аумақтық бөлімшелеріне байланыс қызметтерін көрсетеді;
6) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының байланыс арналарының қорғалуын ұйымдастыруды жүзеге асырады.»;
2) 32-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына өздерінің ведомстволық желілерін қосуға міндетті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
45. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат):
5-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.».
46. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі - куәландырушының электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық-цифрлық нысанда қағаз жүзіндегі түпнұсқа құжаттағы ақпаратты толық көрсететін электрондық құжат;»;
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) үстемдікке ие жылжымайтын мүлік объектісі - меншік иесінің (өзге құқық иесінің) бөтен жылжымайтын мүлікті шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитуты) бар жылжымайтын мүлік объектісі;»;
1) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
«31) электрондық тіркеу - мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылатын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу.»;
2) тармақша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түссе, онда тіркеуші органның жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жіберуі арқылы оның туындауын растау кезі жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу кезі болып табылады.»;
3) 9-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Құқықты (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеуді болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде тұлға ауыртпалықты тоқтату үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.»;
4) тармақша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тіркеу ісі әрбір жер учаскесіне жүргізіледі және онда құқық белгілейтін әрі тіркеуге берілген өтінішке қоса тіркелген басқа да құжаттардың көшірмелері, оның ішінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттардың көшірмелері, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің осы объектісіне немесе оның құқық иелеріне қатысты тіркеуші органның құжаттары және электрондық құжаттардың қағаздағы көшірмелері қамтылады.»;
5) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке немесе заңды тұлғаның өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған, тіркеуші орган растаған деректер құқық иесінің (уәкілетті өкілдің) сұрау салуы бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген олардың құзыретіне сәйкес іс жүргізіліп жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша адвокаттардың, құқық қорғау, сот органдарының, сот орындаушыларының, салық органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың, нотариустардың, мұрагерлердің, банкроттық рәсімдеріндегі конкурстық және оңалтушы басқарушылардың, сырттай байқау әкімшілерінің, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының), қорғаншы және қамқоршы органдардың дәлелді сұрау салулары бойынша беріледі.»;
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) 20-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:»;
6) тармақшасының төртінші - жиырма бірінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) нотариус мәмілені куәландырғаннан кейін:
құқық иеленушiнің жазбаша келісімімен, өзiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшірмесін бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жiбередi;
жылжымайтын мүлікті сатып алушыны:
құқық белгілейтін құжатқа бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде берілген бірегей нөмір туралы;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс алым сомасы туралы немесе алымды төлеуден босату туралы хабардар етеді;
жылжымайтын мүлікті сатып алушы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босатылған жағдайда, жеңілдік құқығын растайтын құжатты сканерлейді;
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне:
бар болған жағдайда мәмілеге қатысушылардың Интернет желісіндегі электрондық мекенжайларын;
тұлғаның жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босатылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін жібереді;
2) құқық иеленуші немесе оның уәкілетті өкілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеушінің деректерін және құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, ақпараттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган көздеген кез келген тәсілмен «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік тіркеуге алым төлейді.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгеннен кейін чектің деректемелері (төлеудің бірегей коды, төлемді алушының атауы, бюджеттік сыныптаманың коды, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, төлем төлеушінің деректері, оның ішінде оның сәйкестендіру нөмірі, алым сомасы, ақының күні мен уақыты, құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірі) электрондық чек түрінде ЭҮТШ-те сақталады және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберіледі;
3) тіркеуші орган:
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде, ал қажет болған жағдайда ЭҮТШ-те жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын электрондық чектің болуын, төленген алымның толықтығын және электрондық чек пен құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесінде көрсетілген құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірінің сәйкестігін тексереді;
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгені немесе алым төлеуден босатылғаны расталған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады;
осы Заңда көзделген негіздер бойынша тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған жағдайда мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жібереді;
тіркеу ісінде сақтау үшін құқық белгілейтін құжатты, тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру туралы хабарламаны және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын электрондық чекті қағаз жеткізгіште басып шығарады.»;
7) тармақша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 21-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы баптың ережелері жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу кезінде қолданылмайды.»;
8) 22-бапта:
8) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу мәмілеге қатысушылардың өтінішінсіз жүзеге асырылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Деректері құқық белгілейтін құжатта көрсетілмеген жұбайының біреуінің құқығын тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес неке жасына жеткен өтініш беруші тіркеуге берілген өтініште неке қатынастарында тұрғаны туралы фактінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді не неке қатынастарының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өзінің жұбайы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
Егер неке шартында жұбайлардың жылжымайтын мүлікке үлестік немесе бөлек меншік режимі белгіленсе, онда тіркеуші органға неке шарты ұсынылады.»;
9) 23-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың 1-1, 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.»;
9) тармақшаның төртінші және бесінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгені туралы немесе алым төлеуден босату туралы растау келіп түскен күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.»;
10) 24-бапта:
10) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмелерінде тараптардың қолтаңбалары болмауы мүмкін және олар нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасымен міндетті куәландыруға жатады.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Неке шарты екі данада беріледі, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады.»;
10) тармақшаның алтыншы және жетінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық тіркеу кезінде тіркеуші органға сенімхат ұсынылмайды.»;
11) 25-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы «ұсынғанда жол беріледі.» деген сөздер «ұсынғанда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) құқықты (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеуді болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде жол беріледі.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабында құжаттарды қабылдау туралы жазба жүргізілмейді. Өтініш берушінің талабы бойынша тіркеуге құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орган бас тарту себептерін көрсете отырып, хабарлама береді. Мұндай хабарламаның, тіркеу туралы өтініштің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сақталуға жатады.»;
12) 27-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде белгіленетін тіркеу объектісінің және өтініште көрсетілген тіркеу объектісінің сәйкессіздігі кезінде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін;»;
12) тармақшаның бесінші - он үшінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым толық төленбеген кезде;
7) егер құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгені туралы немесе тұлғаны алым төлеуден босату туралы растау түспесе, тоқтатыла тұрады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Электрондық тіркеу осы баптың 1-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатыла тұрмайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тіркеу тоқтатыла тұрған кезде тіркеуші орган өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін, құжаттың күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Хабарламада тіркеуді тоқтата тұрудың себептерін жою үшін өтініш берушінің кейінгі іс-әрекеттері және осы үшін қажетті мерзімдер көрсетілуге тиіс.
Электрондық тіркелген жағдайда тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған аталған хабарлама бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған кезде - мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.