5.1.5. Карточканы (және) оны (оларды) кейіннен алу және осы Шартты бір жақты тәртіпте бұзу құқығымен оқшаулауға:
- Мем.мекеме және/немесе Ұстаушының(лар) осы Шарттың және/немесе Ереже талаптарын бұзу жағдайында;
- Карт-шотқа ақша қате есептелген жағдайда;
- өзге жағдайларда Банктің өз қарауы бойынша.
5.1.6. Карточканы(лар) Ұстаушының(лар) не жауапты қызметкердің Карточканы алу үшін Банкке Карточка алуға Өтініш берген күнінен бастап 3 (үш) күнтізбелік айдан аса келмеу жағдайында Карточканы жоюға және оларға шығарғаны үшін төленген сыйақыны Меммекеме қайтармауға құқылы.
5.2. Меммекеме:
5.2.1. Меммекеменің кар-шоттағы ақшасы шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және Ережеге қайшы келмейтін Карточкалық операцияларды жасауға.
5.2.2. Карт-шот бойынша үзінділер алуға.
5.2.3. Ережеде және осы Шарттар көзделген тәртіпте Карточканы (лар) оқшаулау/оқшауландырудан шығару туралы Банкке ауызша немесе жазбаша өтінішпен жүгінуге.
5.2.4. Банкті жазбаша хабардар ете отырып, Карточка (лар) бойынша Карточкалық операциялардың кейбір түрлеріне шектеу және белгілі бір уақыт ішінде Карточка (лар) бойынша қол жетімді барынша көп соманы белгілеуге.
5.2.5. Өз бастамашылығы бойынша Карточканы (лар) жабуға Карточка(лар) ұстаушының(лар) қатысуынсыз бастамашылық жасауға құқылы.
6. Тараптардың жауапкершіліктері
6.1. Банк жауапты:
6.1.1. Осы Шарттың тиісінше орындалуына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік құпияның жария етілмеуіне.
6.1.2. Меммекеменің пайдасына Банкке түскен ақшаны карт-шотқа аударуды кідірткені үшін - әрбір мерзімі өткен күн үшін уақтылы аударылмаған соманың 0,02% мөлшерінде.
6.1.3. Меммекеме осы Шарттың талаптарын сақтаған және карт-шоттан сұратылған сома бар болған жағдайда Банк Филиалында Меммекемеге қолма-қол ақша беруді кідірткені үшін өрбір мерзімі өткен күн үшін уақтылы берілмеген соманың 0,02% мөлшерінде.
6.1.4. Карт-шот бойынша қате жүргізілген операция үшін. Бұл жағдайда Банктің жауапкершілігі қате жүргізілген операцияны жоюмен шектеледі.
6.2. Банк:
6.2.1. Үшінші тараптың Карточкаға қызмет көрсетуден бас тартуына.
6.2.2. Карточка бойынша Меммекеме мүдделерін қозғауы мүмкін болған үшінші тарап белгілеген лимиттер, шектеулер және қосымша сыйақылар үшін.
6.2.3. Мем.мекеменің жоғалған және /немесе ұрланған Карточканы оқшаулау туралы өтінішті Банкке уақтылы жүгінбеу салдарына.
6.2.4. Карточка ұстаушының жұмыстан босату не қайтыс болуы туралы Банкті уақтылы жазбаша хабардар етпеу салдарына.
6.2.5. Төлем құжаттарының тиісінше ресімделмеу: Меммекеменің Банк қызметтерінің құнын дұрыс есептемеуі, Меммекеменің Карточканың(лар) нөмірін(лер), Меммекеменің атауын, Карточка ұстаушының тегін, атын, әкесінің атын дұрыс көрсетпеу және т.б. жағдайларда карт-шотқа ақша аударудың кідірісіне жауапты болмайды.
6.3. Меммекеме:
6.3.1. Осы Шарттың тиісінше - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына.
6.3.2. Реквизиттердің толықтылығы мен бар болуына, сондай-ақ Банкке электронды және қағаз нұсқаларында ұсынылған тізімдегі ақпараттың дұрыстығына.
6.3.3. Жоғалған/ұрланған Карточканың блокировкасы туралы Меммекеменің Банкке өтінішімен өз уақытысында бармауына.
6.3.4. Шарттың міндеттеріне сәйкес карт-шотқа қате аударылған ақшаның қайтарылмауына.
6.3.5. Карт-шот бойынша ақшаның бақылаусыз шығындалуына, Ереженің сақталмауына.
6.3.6. Банктің Карточка(лар)ды ұстаушы(лар)ның кінәсінен болған сот шешімдері және шығыстары үшін толық көлемде жауапты.
7. Шарт қолданысының мерзімі және оны өзгерту және бұзу тәртібі
7.1. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей екі данада жасалады, бір данадан екі тілде әр Тарапқа жасалады. Шарт оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 200 __ жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді.
7.2. Шарттың өзгеруі тек тараптардың уәкілетті тұлғаларымен хат түрінде енгізіледі.
7.3. Әр тарап, егер ол басқа тарапқа бұзу туралы 10 күн бұрын оны хабарласа осы Шартты бұзуға құқығы бар.
8. Даулардың шешілуі
8.1. Барлық дау-жанжалдар тараптар арасында Шарт бойынша сөйлесулер арқылы шешіледі.
8.2. Барлық пайда болған даулар тараптар арасында ол басталған күннен бастап 10 күн ішінде қаралады.
9. Форс-мажор
9.1. Тараптар жауапкершіліктен Шарттың міндеттемелері бойынша толықтай немесе толық емес босатылады, егер ол көрсетілмеген жағдайларда орындалған болса, оның ішінде қауіпті табиғи жағдайлар, өрт, сел тасқыны, жер сілкіну, соғыс жағдайлары, жылудың уақытша тоқтауы, эпидемия, яғни осы Шарттың орындалуына бөгет болған жағдайларда.
9.2. Тараптар реквизиттері ауысқан жағдайда бір-бірін хабарлайды (заңды мекен-жайлары, шот нөмірлері т.б.).
9.3. Тараптардың қайта ұйымдастырылуы кезінде барлық құқықтары мен міндеттері оның мирасқорларына беріледі.
10. Тараптардың орналасқан жері, банктік реквизиттері мен қолдары:
Банк:__________________, мекен-жайы,_________________________________________________________________________________
(пошталық индекс)
Банк телефондары____________________________________________________________________________________________________,
телеграмма үшін пошталық мекен-жай:_________________________________,
Облыстық авторизациялық орталықтардың телефондарын Банк филиалдарының орналасқан жері бойынша анықтауға болады.
Карт-шотқа ақшаны аудару үшін деректемелер:
Алушы:_____________________________________________________________________________________________________________
Алушы банк:_________________________________________________________________________________________________________
Банктің коды:________________________________________________________________________________________________________
БСК:_______________________________________________________________________________________________________________
СТН:_______________________________________________________________________________________________________________
«төлемді жүргізу» жолында көрсетіледі: карточканың нөмірі, карточканы ұстаушының тегі, аты, әкесінің аты.
Мем.мекеме:________________________________________________________________________________________________________
ЖСК________________________________________________________________________________________________________________
СТН:________________________________________________________________________________________________________________
БСК_________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________
(аумақтық қазынашылық бөлімшенің атауы)
Код:_________________________________________________________________________________________________________________
телефон:______________________________________________ факс:__________________________________________________________
Банк Мемлекеттік мекеме
________________________ ______________________________
________________________ ______________________________
М.О. М.О.
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 89-қосымша
_______________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы және коды)
Корпоративтік карточкаларды тіркеу
Журналы
_______________ж. басталды
______________ж. аяқталды
сақталу мерзімі.__________
номенклатура бойынша істің №____
журналдың барлық парағы осы Үлгі бойынша басылсын
Р/с N | Банктен карточка алған күн | Корпоративтік төлем карточкасының иесі | Ескертпе |
| | Аты-жөні | корпоративтік карточка беру үшін негіздеме (бұйрықтың күні, нөмірі) | корпоративтік карточка алу туралы белгі (қолы) | корпоративтік карточканы қайтару туралы белгі (қолы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
| | | | | | |
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 90-қосымша
2-38-нысан
№______ Төлем тапсырмасы
______»____»____________
Жіберуші:__________________ СТН:________________ КОд: 11 Жіберушінің банкі: | ЖСК | Сома |
БСК |
Бенебициар:________________ СТН:_________________ Кбе:12 Бенефициардың банкі:________________ Делдал-банк: | ЖСК |
БСК |
| | |
сомасы жазбаша:_____________ ___________________________ СТК | | КБКД КБКР | | Валюта күні. | | Төлем мақсаты:_______________ Басшы: Бас бухгалтер: |
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 91-қосымша
5-17 нысаны
Есеп жүргізілді:
Күні - Уақыты
1 -ден №-ге дейін
Қалпына келтіру және көшіру тізілімі
Өңір:______________________________
Бюджет түрі:_______________________
Қаржыландыру көзі:_________________
Мем.мекеме коды:___________________
Мем.мекеме атауы:__________________
Мерзімі:___________________________
Өлшем бірлігі: теңге_______________
Бюджеттік сыныптаманың коды | түрі | құжаттың N | күні | Дебет бойынша сомасы | Кредит бойынша сомасы | Тапсырыс N | төлеуге берілетін шоттың N |
(1) | (2) | (3) | (4) | (5) | (6) | (7) | (8) |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Жиыны | | | | |
Барлығы | | | | |
Жауапты орындаушылар ___________________ _________________
(қолы) (қолы)
М.О. М.О.
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 92-қосымша
_____________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы және коды)
_____________________________________________
(бюджет түрі)
_____________________________________________
(қаржыландыру кезі)
Инкассалық өкімдерді есепке алу
Журналы
_______________ж.басталды
_______________ж.аяқталды
сақтау мерзімі___________
Номенклатура бойынша істің №____
Р/с№ | Мемлекеттік мекеме | Инкассалық өкім | Өндіріп алу кімнің пайдасына | Берілген күні | Оқшау-ландыр-ылған күн | Орындалуы туралы белгі |
Атауы | Коды | Кім шығарған | БСК | күні | нөмірі | сома | Орындалған күні | Жауапты орындаушы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 93-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.08.12. № 1321 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 93-қосымша өзгертілді
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
93-қосымша
Нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы
үлгі келісім
1. Тараптарды анықтау
«Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің атауы» (бұдан әрі - ЖТББӘ) атынан бірінші басшысы «Т.А.Ә.» бір тараптан және «облыстың республикалық маңызы бар қала, астананың әкімі, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі» атынан _ бірінші басшысы «Т.А.Ә.» (бұдан әрі - Әкім) бірлесіп төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.
2. Келісім мәні, мақсаттары мен міндеттері
2.1 Осы Келісімге сәйкес _____ қаржы жылына арналған _______ бюджеттік бағдарлама бойынша ________ бюджетте көзделген нысаналы трансферттер шегінде тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша міндеттемені ЖТББӘ береді, ал Әкім өзіне қабылдайды.
2.2 Мақсаттар:
2.2.1
2.2.2
2.3 Міндеттер:
2.3.1
2.3.2
2.4 Тікелей нәтижелер:
2.4.1
2.4.2
(Мысал: магистралдық газ құбырын салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемін орындау және оны белгіленген тәртіппен қаржыландыру, магистралды газ құбырын салуды іс жүзінде аяқтау және оны пайдалануға тапсыру жылу энергетикалық жүйесінің (магистралды газ құбырының) объектісін салуға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тікелей нәтижелер болып табылады.
Дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша халыққа иммунопрофилактика өткізу, ересек гемотологиялық ауруларды химиялық терапиямен қамсыздандыру, халықты вакциналауды қамту және т.б.) тікелей нәтижелер болып табылады.
2.5 Түпкілікті нәтижелер:
2.5.1
2.5.2
(Мысал: жылу энергетика жүйесінің объектілері бойынша аймақты тұрақты газбен қамтамасыз ету, тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру, өндірісті дамыту мен жұмыс орындарын құру түпкілікті нәтиже болып табылады
Дәрілік заттарды вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып any бойынша халықтың ауруға шалдығу көрсеткіштерін төмендету, күтілетін өмір сүру ұзақтығын арттыру, медициналық қызметтердің сапасына шағымдарды төмендету және т.б.) түпкілікті нәтиже болып табылады.
3. Нысаналы трансферттердің сомасы және төлем тәртібі
3.1. ______ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)/аудан (облыстық маңызы бар қала) үшін ______ бюджеттік бағдарламасы бойынша нысаналы трансферттің сомасы _______ мың теңгені құрайды, нысаналы трансферттер сомасының айлар бойынша бөлінуі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада келтірілген.
3.2. ЖТББӘ-нің ________ облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті кірісіне нысаналы трансферттің сомасын аударуы:
- ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша Келісімнің 1-қосымшада келтірілген нысаналы трансферттер сомасының айлар бойынша бөлінуіне сәйкес айдың (қаңтар, 25-күнінен кешіктірмей) бірінші 5 жұмыс күнінде;
- нысаналы даму трансферттері бойынша Келісімнің 1-қосымшасында келтірілген нысаналы трансферттер сомасының айлар бойынша бөлінуіне сәйкес аударымдар осы Келісімнің 3.3-тармағына сәйкес 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
3.3. Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансфертті төменгі тұрған бюджеттің кірісіне аудару үшін мынадай құжаттар қажет:
- Нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы Келісім;
- төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Әкім:
- осы Келісімде келтірілген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді толық көлемде және кепілдендірілген сапада, уақтылы қамтамасыз етуге;
- 10-тармақта көрсетілген мерзімде және нысанда ЖТБНӘ-ге тікелей және түпкілікті нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізу туралы есепті ақпарат беріп отыруға;
- қызметтің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу тәуекелдерін басқару бойынша шараларды уақтылы қабылдауға;
- мемлекеттік орган қызметінің жоспарланған көрсеткіштеріне барынша табысты қол жеткізу үшін заңнамаға сәйкес барлық қажетті шараларды, оның ішінде қосымша іс-шаралар жүргізуді қолдануға;
- тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу үшін жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді уақтылы, тиімді және мақсатқа сай пайдалануға;
Тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
- жоғары тұрған бюджеттен дамуға арналған нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын әрбір жаңа жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға жергілікті бюджеттен қаражат бөлуге;
- республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен орындалатын іс-шаралармен байланысты шығыстарды, объектілердің техникалық параметрлері, өндірістік қуаттары өзгерген жағдайларда жергілікті бюджеттен бірлесе қаржыландыруға;
- өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде жоғары тұрған бюджеттің бюджет қаражатының қалдығы есебінен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы трансферттердің сомасын және ол ағымдағы қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған жағдайда тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейін қайтаруға;
- өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттердің бюджет қаражатының қалдығы есебінен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы трансферттердің сомасын және ол ағымдағы қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған жағдайда тиісті бюджетті түзету және бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның «Пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару» түсімдер кодына аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей жоғары тұрған бюджеттің кірісіне қайтаруға;
- өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомасы, ол бойынша ағымдағы қаржы жылында одан әрі пайдалану (жете пайдалану) туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдамаса, жыл басына арналған бюджеттік қаражат қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтаруға;
- мемлекеттік қаржылық бақылау органы нысаналы трансферттер сомасының мақсатқа сай пайдаланылмағанын айқындаған жағдайда, бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін бір ай ішінде осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтаруға міндеттенеді.
4.2. Әкімнің:
- ЖТББӘ-нен нысаналы трансферттердің уақтылы аударылуын;
- ЖТББӘ-нен нысаналы трансферттердің уақтылы аударылмауы жағдайында бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін (аудан әкімі, бірінші басшы - облыс әкімін) хабардар етуге;
- нысаналы даму трансферттерін пайдалану кезінде үнем пайда болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар үнемнің тиісті сомасын жоғары тұрған бюджеттен дамуға арналған нысаналы трансферттер есебінен жергілікті инвестициялық жобаларды іске асыру жүзеге асырылған бюджеттік бағдарламалардың нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға пайдалануға;
- ЖТББӘ-нің келісімі бойынша Келісімге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс енгізуге құқығы бар.
4.3. ЖТББӘ:
- облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті кірісіне нысаналы трансферттің сомасын осы Келісімнің 3.2-тармағында көрсетілген мерзімде аударуға;
- жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен орындалатын іс-шаралардың мониторингін жүргізуге;
- конкурстық рәсімдерді уақтылы жүргізуге міндеттенеді1.
4.4. ЖТББӘ:
- Келісімнің қосымшасына сәйкес тікелей және түпкілікті нәтижелерге уақтылы, толық, сапалы қол жеткізуді талап етуге;
- мемлекеттік орган қызметінің көрсеткіштеріне қол жеткізу кемшіліктерін жедел жоюды, қызметтің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу тәуекелдерін басқару бойынша шараларды уақтылы қабылдауды талап етуге;
- Үкіметті:
1) Әкімнің осы Келісімге сәйкес міндеттемелердің орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынбағаны туралы;
2) Келісімге қосымшаға сәйкес олардың орындалуы үшін жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінген іс-шараларды әкім уақтылы және тиісінше орындамауы туралы;
- осы Келісімнің міндеттемелерін бұзған үшін әкімге әкімшілік шаралар қолдану туралы Үкіметке ұсыныс беру;
- осы Келісімге әкіммен келісу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабардар етуге құқылы.
5. Ресми хабарламалар
5.1. Егер Әкім Келісімді орындау кезінде нысаналы трансферттер шеңберінде тіке және соңғы нәтижелерге жету бойынша міндеттемелерді уақтылы орындауға кедергі болатын жағдайларға тап келсе, әкім кешіктірілу фактісі, оның болжамды ұзақтығы мен себебі туралы ЖТББӘ кідірмей хабардар етуі тиіс.
Бұл ретте, Келісімге өзгерістер енгізу осы Келісімнің 7-т. сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.
5.2. Бір Тарап екінші Тарапқа жіберетін кез келген хабарлама Келісімге сәйкес кейіннен хабарламаның түпнұсқасын жібере отырып, жеделхат немесе факс түрінде жіберілуі мүмкін.
6. Тараптардың жауапкершілігі
6.1. ЖТББӘ өзіне алған міндеттемелер үшін қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:
- нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді уақтылы жасамағаны үшін;
- осы Келісімнің 3.2-тармағына сәйкес төменгі тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді уақытылы аудармағаны үшін;
- конкурстық рәсімдерді уақытылы өткізбегені үшін жауапты болады2.
6.2. Әкім өзіне алған міндеттемелерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:
- осы Келісімге сәйкес нысаналы трансферттерді пайдаланғаны үшін;
- Келісімді уақтылы жасаспағаны үшін;
- тікелей және түпкілікті нәтижелерге нақты жету туралы есептік ақпаратты ұсынбағаны немесе уақтылы, толық ұсынбағаны үшін;
- мақсаттарға, міндеттерге, тікелей және түпкілікті нәтижелерге жетпегені үшін жауапкершілік тартады.
7. Келісімге өзгерістер енгізу
Келісімге өзгерістер енгізу мынадай жағдайларда:
- нысаналы трансферттер сомасы анықталған немесе түзетілгенде;
- осы Келісімге 1-қосымшада келтірілген нысаналы трансферттер сомасын айлар бойынша бөлулер түзетілгенде;
- бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде объектілер арасында сомаларды қайта бөлу;
- күтпеген мән-жайлар туындаған жағдайда өзара келісім бойынша жүргізіледі.
8. Форс-мажорлық мән-жайлар
Тараптардың біреуі шартты толық немесе ішінара орындауды мүмкін емес ететін жағдайлар, атап айтқанда: тараптарға байланысты емес өрт, дүлей апаттар, әскери қақтығыстардың барлық түрлері және баска да тежеусіз күштік мүмкін жағдайлары туындаған кезінде Міндеттемелердің орындалу мерзімі осы жағдайлардың әрекеті ішіндегі уақытқа ұзартылады.
9. Дауларды шешу
9.1. Осы Келісімнен туындайтын немесе оған байланысты кез келген дау мен келіспеушілік ЖТББӘ бірінші басшысы мен әкім арасында өзара келіссөздер жүргізу жолымен шешілетін болады.
9.2. ЖТББӘ және әкім:
- олардың арасындағы өзара қолайлы шешімді іздеу мақсатында туындаған мәселенің талдануын қамтамасыз етуге;
- олардың арасындағы өзара қолайлы шешімді таппаған жағдайда Премьер - Министрге туындаған жағдай туралы ұсыныс енгізуге тиіс.
10. Есепті ұсыну нысаны мен мерзімі
10.1 Әкім 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге нақты жету туралы аралық және қорытынды есепті ЖТББӘ және бюджета атқару бойынша орталық уәкілетті органға ұсынады.
10.2 Әкімнің тікелей және түпкілікті нәтижелерге нақты жету туралы аралық есебі ағымдағы жылғы 30 шілдеден кешіктірілмей жарты жылдық қорытынды бойынша берілуі тиіс.
10.3 Әкімнің тікелей және түпкілікті нәтижелерге нақты жету туралы қорытынды есебі келесі қаржы жылының 15 ақпанынан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.*
11. Қолданылу мерзімі
Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
12. Заңды мекен жайлары мен банктік деректемелері
Екі тараптың банктік деректемелері көрсетіледі.
____________________ _____________________
(қолы) (қолы)
Мемлекеттік органның бірінші Облыстың (республикалық маңызы
басшысы - жоғары тұрған бар қаланың, астананың),
бюджеттік бағдарламалар ауданның (облыстық маңызы бар