1 - үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражатының есебінен;
2 - үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатының есебінен;
3 - мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаның есебінен;
4 - демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін ақша есебінен;
5 - жеке және (немесе) заңды тұлға қайтарымды шарттарда мемлекеттік мекемеге беретін ақшаның есебінен;
8 - ерекше шығыстардың есебінен;
6) «Бюджет түрі» ашық жолағында қаражатының есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрін білдіретін белгі көрсетіледі:
01 - республикалық бюджет;
02 - облыстық (республикалық маңызы бар қала (астана)) бюджет;
03 - аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті;
7) «Шығыстардың БСК» ашық жолағы бюджет қаражатының немесе мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаның есебінен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезінде ғана толтырылады; онда кезектілікпен үш мәнді бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, бюджеттік бағдарламаның, бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің кодтарын білдіретін он екі мәнді код көрсетіледі;
8) «Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды» мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаның есебінен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды көрсетіледі;
9) «Ақшаны алушы» бөлімінде:
«Атауы» ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес келетін ақшаны алушының атауы; ақша алушының және оған қызмет көрсететін банктің аумақтық қазынашылық бөлімшесінің, мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және оған қызмет көрсететін банктің жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанының атауын және ақша алушының атауын қысқартуға жол беріледі;
10) «СТН» ашық жолағында - ақша алушыға салық қызметі органы берген салық төлеушінің тіркеу нөмірі («БСН» - бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі;
11) «Банк» ашық жолағында ақшаны алушыға қызмет көрсететін банктің атауы көрсетіледі;
12) «БСК» ашық жолағында ақшаны алушы банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;
13) «ЖСК» ашық жолағында банктен ақша алушының банктік ағымдағы шотының нөмірі көрсетіледі;
14) «Түсімдер БСК» ашық жолағында - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша төлем есепке алынатын түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды (бюджетке төлемдерді жүзеге асыру кезінде ғана толтырылады) немесе шетел валютасына айырбастауға арналған төлемдерді жүргізу кезіндегі ерекшелік коды көрсетіледі;
15) «Төлем мәртебесі» ашық жолағында «ағымдағы» не «түпкілікті» деп көрсетіледі;
16) «Төлемнің мақсаты» ашық жолағында: төлемнің мақсаты, құжаттың, тауарларды беру туралы құжаттың атауы (шот немесе хабарлама-шот немесе шот-фактура), нөмірі мен күні немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе осының негізінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа құжат) және қосымша:
тіркелген шарттар (қосымша келісімдер) жөніндегі төлеуге берілетін шоттар бойынша - хабарламаның нөмірі мен күні;
жасасқан аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркеуге жатпайтын шарттар жөніндегі төлеуге берілетін шоттар бойынша - шарттың нөмірі мен күні; банк қызметтерін төлеу кезінде - жасалған шарттың талаптарына сәйкес пайыздық төлемнің мөлшері;
төлем жүзеге асырылатын кезең (бір жолғы сипаттағы және кезеңінің көрсетілуін талап етпейтін төлемдерді жүргізу кезінде көрсетілмейді);
осы аударымдар жүзеге асырылатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу кезінде мемлекеттік мекеменің заңды тұлға болып табылатын құрылымдық бөлімшелерінің атауы мен СТН-і (БСН-і);
17) «Сомасы» ашық жолағында төлеуге берілетін шоттағы теңге және тиын сомасы санмен көрсетіледі;
18) «Жазбаша сомасы» ашық жолағында - төлеуге берілетін шоттың теңгедегі сомасы жазбаша бас әріппен көрсетіледі, тиын сомасы - санмен көрсетіледі;
19) «М.О.»ашық жолағында мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрінің бедері қойылады, елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс;
20) «Басшының тегі, аты-жөні, қолы» ашық жолағында - құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бірінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының қойылған жеке қолы және қолының таратып жазылуы (атының және (немесе) әкесінің атының басқы әріптері) көрсетіледі;
21) «Бас бухгалтердің тегі, аты-жөні, қолы» ашық жолағында - құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының, ал ондайлар болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының жеке қолы және қолының таратып жазылуы (атының бас әрпі және тегі) көрсетіледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша төлем шотына орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бірінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеме басшысының, мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолы қойылады, ал ондайлар болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының бас бухгалтерінің ЭЦҚ, ал ондайлар болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының қолы қойылады.
Қол қою кезінде өшпейтін төзімді сиялар пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
«Код», «КБе», «ТМК» ашық жолақтарын толтыру Қазақстан Республикасының Банктік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 199-1-тармақпен толықтырылды
199-1. Электрондық төлеуге берілетін шоттарды жасау кезінде тиісті электрондық ашық жолақтарда төлем түрін көрсету қажет:
1 - қарапайым төлем;
2 - қосымшасы бар жиынтық 10% зейнетақы төлемі;
3 - еңбекақыны және дивидендтерді аудару;
4 - қосымшасы бар әлеуметтік аударымдар.
Шығыс есептілік нысандарында қамтылған мәліметтерді бұрмалауға жол бермеу мақсатында мемлекеттік мекеме жасаған, бірақ мемлекеттік мекеменің басшысы қол қоймаған төлеуге берілетін шоттарды айдың соңғы күнінің сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, ал ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында бұл күн ерте болуы мүмкін, қазынашылық Жүйеден алып тастайды.
200. Мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы, басқа да ақшалай төлемдер, жеке тұлғаларға стипендиялар мен төлемақы бойынша төлемдердi жүргiзуге арналған төлеуге берiлетiн шоттарда олардың сомасын қарт-шоттарға немесе ақша алушылардың жинақ ақша шоттарына есептеу жолымен «Ақшаны алушы» бөлiмiнде ақша алушы карт-шот немесе ақша алушының жинақ ақша шотын ашқан банктiң деректемелерi көрсетiледi.
«Ақшаны алушы» бөлiмiнде мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақыны, басқа да ақшалай төлемақыны, жеке тұлғаларға стипендияларды және төлемақыны төлеуге арналған чектер бойынша банкте берілген сомасын қалпына келтіруге арналған төлеуге берілетін шоттағы мемлекеттік мекеме, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi шарт жасасқан банктiң деректемелерi көрсетiледi.
201. Аванстық (алдын ала) төлемдi жүргiзген кезде төлеуге берiлетiн шотта «Төлемнiң мақсаты» ашық жолағында: «_____№______ шарт сомасының _____ % мөлшерiнде аванстық (алдын ала) төлем, № _____, хабарламаның күнi және № _____» мәтін қосымша көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 202-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 202-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
202. Төлеуге берілетін шотта «ағымдағы» не «түпкілікті» төлемінің мәртебесі көрсетіледі.
«Ағымдағы» мәртебесі бар төлеуге берілетін шот - тіркелген шарттың талаптарына сәйкес тауарларды беруге (орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) аралық төлемді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұсынатын («Қазынашылық-клиент» АЖ қалыптастырылатын) төлеуге берілетін шот.
«Түпкілікті» мәртебесі бар төлеуге берілетін шот - растайтын құжаттар қоса беріле отырып (тіркеліп), тіркелген шарттың талаптарына сәйкес берілген тауарларға (орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) түпкілікті төлемді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұсынатын («Қазынашылық-клиент» АЖ қалыптастырылатын) төлеуге берілетін шот.
Шарт жасау талап етілмейтін және аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркеу талап етілмейтін шығыстар бойынша экономикалық сыныптама шығыстарының түрлері бойынша төлеуге берілетін шотта «түпкілікті» мәртебесі көрсетіледі.
Төлеуге берілетін шотта төлемнің «ағымдағы» мәртебесі көрсетілетін жалақы бойынша аванстық төлемдерді жүргізу айырықша жағдай болып табылады, ал орындалған кезең үшін жалақы бойынша төлемдерді жүргізген кезде - «түпкілікті» мәртебесі көрсетіледі.
Үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша төлемдер бірлесіп қаржыландыру қаражаты есебінен жүргізілген кезде қаржы жылының ішінде төлеуге берілетін шотта «ағымдағы» мәртебесі, ал ағымдағы қаржы жылының түпкілікті сомасына төлеуге берілетін шотты өткізу кезінде «түпкілікті» мәртебесі көрсетіледі.
Мемлекеттік мекеме демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ арқылы төлемдер мен ақша аударымын жүргізген кезде «түпкілікті» мәртебесі көрсетіледі.
25-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа ақшалай төлемақыларды, жеке тұлғаларға стипендияларды және басқа да төлемақыларды төлеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру, мiндеттi зейнетақы жарналарын және әлеуметтiк аударымдарды аудару тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 203-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
203. Мемлекеттік мекеменiң қызметкерлерiне барлық төлем қолма-қол ақшалай емес нысанда жүзеге асырылады, бұл ретте мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақыларды төлеу олардың сомасын ақша алушының таңдауы бойынша банкте ашылған карт-шоттарға немесе жинақ ақша шотына есептеу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақыларды төлеу:
төлем карточкаларының қолданылу мерзімі бітуіне не төлем карточкаларын жоғалтқан кезде жұмысқа қайта қабылданған қызметкерлерге төлем карточкасын дайындаған;
мемлекеттік мекеменiң орналасқан жері бойынша банктің және олардың пункттарының немесе төлем карточкаларына қызмет көрсету бойынша құрылғылардың жоқ болған;
сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, консультанттардың, сарапшылардың, сараптамалық лингвистикалық комиссия мүшелерiнiң және Қазақстан Республикасының сайлау мен республикалық референдум туралы заңнамасына сәйкес сайлауды және референдумды өткізуге қатысатын басқа тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау жөніндегі заңнамасында көзделген жалақыны өтеу үшiн олардың негiзгi жұмыс орны бойынша мәслихат кандидаттарының, депутаттарының қарт-шоты немесе жинақ ақша шоты болмаған жағдайларда мемлекеттік мекеменiң кассасы арқылы жүзеге асырылады.
204. Ақша алушы банкпен осы Ереженің 77-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның жинақ ақша шоты шартын немесе 78-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменiң қызметкерiне банк карточкасын беру және оған қызмет көрсету туралы шартты (бұдан әрi - салым шарты) дербес жасасады.
205. Ақша алушы мемлекеттік мекемеге банкте ашылған салымдар бойынша қарт-шоттың немесе жинақ ақша шотының нөмiрiн, салым шартының нөмiрi мен күнiн және банк деректемелерiн көрсете отырып, ақша төлемiнiң тиесiлi сомасын аударуға өтiнiш бередi.
206. Мемлекеттік мекеме ақша алушылар салым шартын жасасқан әрбiр банкпен осы Ереженің 79-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктiк қызмет көрсету шартын жасасады және оларға қойылған қолдар мен мөр бедері үлгiлерi бар құжатты ұсынады.
Қойылған қолдар мен мөр бедерінің үлгiлерi бар құжатты мемлекеттік мекеме ҚР ҰБ белгiлеген нысан бойынша және тәртiппен ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 207-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
207. Мемлекеттік мекемелер жалақыны төлеуге арналған төлеуге берілетін шоттарды қағаз тасығышта, аумақтық қазынашылық бөлімшесімен Келісім жасасқан жағдайда «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде ай сайын 28-і күніне дейін, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында - жиырмасыншы желтоқсанға дейін аумақтық қазынашылық органдарына береді.
Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне жалақыны төлеуге арналған төлеуге берiлетiн шоттарды ұсынуды мемлекеттік мекеме орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен белгiленетiн оларды төлеу мерзiмiне және кезеңдiлiгiне сәйкес жүзеге асырады. Жалақыны төлеу мерзiмi мен кезеңдiлiгiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесiн әзiрлеу кезiнде ескеруi тиiс.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 208-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
208. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендияларды, төлемақыларды олардың ағымдағы шоттарына немесе салымдар, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша банкте ашылған жинақ ақша шоттарына аудару жөніндегі төлемдерді жүргізу үшін қағаз тасығышта төлеуге берілетін шоттармен бірге мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ҚБЕО белгілеген пішімде магниттік (электрондық) тасығышта ұсынады. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрге төлем шоттарын беру кезінде ҚБЕО белгілеген пішімде магниттік (электрондық) тасығышта ақша алушылардың тізімі қоса тіркеледі және оған бухгалтердің ЭЦҚ-мен қол қойылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 209-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
209. Мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдердi, жеке тұлғаларға стипендияларды, төлемдердi карт-шоттарға немесе мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды ақша алушылардың жинақ ақша шоттарына аудару жөніндегі төлемдердi жүргiзгеннен кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы осы Ереженің 80-қосымшасына сәйкес 5-15a «Ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірме (мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақшалай төлемақы, стипендиялар, жеке тұлғалардың карт-шоттарына немесе ақша алушылардың жинақ шоттарына төлемдер және әлеуметтік есептеулер аудару бойынша)» нысаны бойынша ақша алушылардың тиiсті шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрме (бұдан әрi - үзiндi көшірме) қалыптастырады. Үзiндi көшірме операциялық күн жабылғаннан кейiн қалыптастырылады. Үзiндi көшiрменiң әрбiр бетi төлем жүргiзу күнiн көрсете отырып, жауапты орындаушының қойылған қолымен және мөртабанының бедерімен куәландырылады және осы Ереженiң 196-тармағында көзделген құжаттармен бiрге мемлекеттік мекемеге берiледi.
«Қазынашылық - клиент» АЖ жұмыс істеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесімен Келісім жасасқан мемлекеттік мекеме осы Ереженің 80-қосымшасына сәйкес 5-15а «Ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірме (мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақшалай төлемақы, стипендиялар, жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына немесе ақша алушылардың жинақ шоттарына төлемдер және әлеуметтік есептеулер аудару бойынша)» нысаны бойынша ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірме (бұдан әрі - үзінді көшірме) қалыптастырады.
210. Үзiндi көшiрмелер мемлекеттік мекеме олардың негiзiнде ақша алушылардың тiзiмiн және тиiсiнше ақша алушылардың карт-шоттарға немесе жинақ ақша шоттарына, Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына аударылған соманы мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемақылар, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар, жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақылар бойынша бастапқы құжаттардың деректерімен жолма-жол салыстырып тексерудi жүзеге асыратын құжаттар болып табылады. Үзiндi көшiрмелерді мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерiне жалақы және басқа ақшалай төлемдер, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар, жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемдер бойынша бастапқы құжаттармен бiрге тiгедi және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде сақталады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 210-1-тармақпен толықтырылды
210-1. Жалақы бойынша төлемдерді қайтару сомасы осы Ереженің 80-1-қосымшасына сәйкес 5-56 «Жалақы бойынша төлемдерді қайтару жөніндегі есеп» нысанындағы есепте көрсетіледі, зейнетақы төлемдерін қайтару сомасы осы Ереженің 80-2-қосымшасына сәйкес 5-57 «Зейнетақы төлемдерін қайтару жөніндегі есеп» нысанындағы есепте көрсетіледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер көрсетілген есептерді дербес жасайды.
26-тарау. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарт талаптарына сәйкес төлемдердi жүргiзуге
арналған төлеуге берiлетiн шоттарды ұсынудың және орындаудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 211-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен 211-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
211. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарт талаптарына сәйкес төлемдерді жүргізу үшін мемлекеттік мекеме қағаз тасығышта төлеуге берілетін шоттардың тізілімін, төлеуге берілетін шоттарды және:
тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде - шот-фактураның, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмелерін, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде - акт жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге құжат түрінің (бұдан әрі - растаушы құжаттар) көшірмесін, сондай-ақ шарт құнына ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайлардың, ғимараттардың, құрылыстардың, жолдардың және басқа да объектілердің күрделі жөнделуіне байланысты жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын даярлау құны енген шығыстар бойынша аванстық төлемнен кейінгі төлемді жүргізу кезінде қосымша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін;
шетел валютасында төлемдер жүргізу кезінде шетел валютасын сатып алу үшін төлеуге берілетін шоттарды ұсыну кезінде шетел валютасын айырбастауға өтінімді;
осы Ереженің 81-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса қаржыландыру қаражатын немесе байланысқан гранттарды жұмсаған кезде үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысқан гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді ұсынады.
Төлем жүргізу кезінде «Қазынашылық - клиент» АЖ тіркелген шарт талаптарына сәйкес мемлекеттік мекеме осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған, мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің цифрлық қолтаңбасы қойылған сканерленген құжаттарды қамтитын файлдарды қоса бере отырып, төлеуге берілетін шоттың электрондық үлгісін толтырады.
Шетел валютасында төлемдер жүргізген кезде «Қазынашылық - клиент» АЖ тіркелген шарт талаптарына сәйкес мемлекеттік мекеме Ереженің осы тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, шетел валютасына айырбастауға арналған өтініммен төлеуге берілетін шоттың электрондық үлгісін қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 212-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
212. Тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша алдын ала (аванстық) төлеуді қоспағанда, жүргізген кезде растайтын құжаттың барғандығын тексеру үшін және төлеуге берілетін шотқа берілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеу мақсатында мемлекеттік мекеме басшысының немесе оларға уәкілетті тұлғаның қойған қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылған растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
147 «Үй-жайды жалдауға ақы төлеу», 141 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшеліктері бойынша аралық төлемдер жүргізген кезде ақы төлеуге берілетін шотқа төлем жүргізілетін есепті тоқсаннан кейінгі айдың ақы төлеу жүргізілетін бірінші күніне дебиторлық берешектің жоқтығын растайтын берушімен салыстыру актісінің көшірмесін ұсыну қажет.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 213-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
213. Аванстық (алдын ала) төлемді жүргізу үшін мемлекеттік мекеме төлеуге берілетін шоттардың тізілімін (аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне төлеуге берілетін шоттарды қағаз тасығышта берген жағдайда) және төлеуге берілетін шоттарды береді.
Шарт сомасының 100% мөлшерiнде аванстық (алдын ала) төлемдi жүргiзу үшiн төлеуге берiлетiн шот «түпкiлiктi» мәртебесiмен хабарлама жасалмай берiледi.
Аванстық (алдын ала) төлем сомасын өтеу ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік мекеме жасаған азаматтық-құқықтық мәмiле шарттарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) жеткізу көлемдерiмен және оларды жеткізу құжаттарымен қаржы жылының iшiнде расталады.
Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) келесi ақы төлеу тауарларды беруге (жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге) арналған шартта анықталған және ағымдағы қаржы жылының соңына дейiн алдын ала ақы төлеу сомасын алынған жеткізулер (жұмыстар, қызметтер) көлемiмен растауды қамтамасыз ету үшiн келесi ақы төлеудiң мөлшерiн белгiлейтiн тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
214. Егер шарт бойынша алушының жауапкершiлiк тәуекелi сақтандырылса (шартты бұзғаны үшiн алушы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасқан) онда мемлекеттік мекеменiң ақша алушының дәрменсiздiгiне байланысты онымен шарт бұзу қажеттiлiгi болған кезде аванстық (алдын ала) төлем сомасының қалдығын немесе барлық сомасын қайтаруды сақтандырушы заңды тұлға жүзеге асырады.
27-тарау. Шарт жасамай-ақ төлемдердi жүргiзуге арналған
төлеуге берілетін шоттарды ұсыну және орындау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.20.06. № 667 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 215-тармақ өзгертілді
215. Мемлекеттік мекеменің Осы Ереженiң 208-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда шарт жасамастан не аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелуді талап етпейтін БСК шығыстары бойынша шарт жасаса отырып, шығыстардың түрлерi бойынша төлемдер жүргiзуі үшiн негідеме:
тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде - шот-фактуралардың, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмелері, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде - акт жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге құжат түрі (бұдан әрі - растаушы құжаттар);