Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 Қаулысы
(2009.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 қарашадағы
№ 1149 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді
қалыптастырудың және оны жүргізудің
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді әрі олар Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер веб-порталда орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қол жетімді болуы тиіс.
2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру
және оны жүргізу тәртібі
4. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) тапсырыс берушілердің тізілімі;
2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізілімі (жіктеуіш);
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі;
4) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі.
§1. Тапсырыс берушілердің тізілімі
5. Тапсырыс берушілердің тізілімі тапсырыс беруші туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) тапсырыс берушінің атауы;
2) тапсырыс берушінің орналасқан орны - мекен-жайы, почталық индексі;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
4) тапсырыс берушінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелгені туралы құжаттың нөмірі және күні.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен Ереже 5-1 тармақпен толықтырылды өзгертілді
5-1. Тапсырыс берушілер тізілімін жүргізу осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 6 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Тапсырыс беруші мәліметтерді оның әділет органдарында тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес веб-портал арқылы тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізеді. Қайта ұйымдастырылған (таратылған) не бұрынғы енгізілген мәліметтерге өзгерістер енгізген жағдайда тапсырыс беруші мұндай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген өзгерістерді тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 7 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7. Ұсынылған құжаттарда қажетті мәліметтер болмаған, сондай-ақ оларда сәйкессіздік табылған жағдайда веб-портал бас тарту себептерін көрсете отырып, тапсырыс беруші мәліметтерінің жоқтығы немесе сәйкессіздігі туралы хабардар етеді.
Тапсырыс берушіні тізілімдегі жазбаның берілген нөмірін көрсете отырып, тиісті мәліметтердің тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етуді веб-портал автоматты режимде жүргізеді.»;
8. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 9 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілген тапсырыс беруші туралы мәліметтер заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық түрінде сақталады.
§2. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің тізілімі (жіктеуіш)
10. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізілімі жіктеуші (бұдан әрі - жіктеуіш) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) өлшем бірлігі - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тиісті өлшем бірлігі;
2) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;
3) белгісі - тауар (G), жұмыс (R), көрсетілетін қызмет (S).
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 11 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Тапсырыс беруші осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіктеуішке енгізу үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді жіктеуіште олардың болмағанын тапсырыс беруші анықтаған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға веб-портал арқылы электрондық түрде жібереді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 12 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
12. Жіктеуішті жүргізуді осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган веб-портал арқылы жүзеге асырады.
§ 3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі
13. Шарттардың тізілімінде шарт (оның өзгеруі) туралы мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
1) тапсырыс берушінің атауы;
2) қаржыландыру көзі - республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен қаражаты, мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен қаражат (бұдан әрі - бюджеттен тыс қаражат), меншікті қаражат;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік сатып алуды Заңға сәйкес жүзеге асырудың, сондай-ақ осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды реттейтін нормаларын қолданбастан жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу тәсілі;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) конкурстың қорытындылары, бір көзден сатып алуды өткізу қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргізудің қорытындылары шығарылған күн, сондай-ақ шарттың жасалу негізін растайтын құжаттың деректемелері;
5) шартты жасасқан күн - шарттың жасалған жылы, күні, айы;
6) аумақтық қазынашылық бөлімшелерде мемлекеттік мекемелердің шартты тіркегені туралы мәліметтер - өтінім нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркеу туралы хабарламалардың деректемелері;
7) шарттың мәні, бағасы және оның орындалу мерзімі - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық атауы, олардың құны, сондай-ақ шарттың орындалатын айы және жылы;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) заңды тұлғалар үшін - атауы, орналасқан орны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) және өнім беруші (орындаушы, мердігер) болып табылатын жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
9) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер - тауарларды беруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттың орындалуы туралы не оның бұзылуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша шарттың қолданылуын тоқтату туралы ақпарат.
Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізіледі, оны жүргізудің тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді. Мұндай мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заннамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 23) және 32) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге болмайды.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 14 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14. Тапсырыс беруші шартты жасасқан (оны өзгерткен) күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді веб-порталға енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 15 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
15. Тапсырыс беруші шарт қолданылуын тоқтатқан (орындалған немесе орындалмаған) күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді веб-портал арқылы енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 16 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16. Ұсынылған құжаттарда қажетті мәліметтер болмаған, сондай-ақ оларда сәйкессіздік табылған жағдайда веб-портал бас тарту себептерін көрсете отырып, тапсырыс беруші мәліметтерінің жоқтығы немесе сәйкессіздігі туралы хабардар етеді. Тапсырыс берушіні тізілімдегі жазбаның берілген нөмірін көрсете отырып, тиісті мәліметтердің тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етуді веб-портал автоматты режимде жүргізеді.
17. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 18 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
18. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталына шарттың өзгеруі туралы мәліметтерді немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді ұсынған жағдайда, шарт туралы бастапқы мәліметтер мұрағатын сақтай отырып, тізілімдегі жазбаны автоматты түрде жаңарту жүргізіледі.
19. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
20. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
21. Шарттардың тізіліміне енгізілген шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер және (немесе) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді оған енгізген күннен бастап үш жыл бойы шарттардың тізілімінде сақталады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 22 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
22. Көрсетілген мерзім өткен соң шарттардың тізілімінен шығарылған шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық түрінде сақталады.
§ 4. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың
тізілімі
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 23 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
23. Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес мұндай өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық және қағаз түрінде уәкілетті органға береді.
24. Тізілімді жүргізу осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
25. Тізілімге мәліметтерді енгізген кезде:
1) жазбаның нөмірі және жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді уәкілетті органның тізілімге енгізген күні;
2) заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты;
3) заңды тұлғаның орналасқан орны немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері туралы мәліметтер:
заңды тұлға үшін - елі, почталық индексі, елдің, елді мекеннің әкімшілік-аумақтық бөліну бірлігінің және көшесінің атауы, үйінің (иелігінің), корпусының (құрылысының) және офисінің нөмірі;
жеке тұлға үшін - елі, почталық индексі, елдің, елді мекеннің әкімшілік-аумақтық бөліну бірлігінің және көшесінің атауы, үйінің (иелігінің), корпусының (құрылысының) және жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша тіркелген пәтерінің нөмірі;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);
5) конкурстың өткізілген, конкурстың қорытындылары шығарылған, өнім берушіні жосықсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күні;
6) растаушы құжаттың деректемелері: өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сот шешімі;
7) мемлекеттік сатып алу шарты туралы мәліметтер: мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімдегі жазбаның нөмірі (егер шарт жасалса), тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің жіктеуіш бойынша коды, шарттың валютасы, жасалған шарттың бағасы, шарттың орындалған мерзімі;
8) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылуы тоқтатылатын шартты бұзу туралы соттың шешімі шығарылған күні көрсетіледі.
26. Жосықсыз өнім беруші туралы мәліметтер қамтылған тізілімдегі жазбаны уәкілетті орган Заңда белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір күннен кешіктірмей тізілімнен шығарады.
Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
2-қосымша
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 2 қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Тапсырыс берушілердің тізілімі
Р/с № | Тізілімдегі жазбаның нөмірі | Өзгерістің нөмірі | Тапсырыс берушінің атауы | Тапсырыс берушінің орналасқан жері | СТН | БСН | Тапсырыс берушінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелгені туралы құжаттың нөмірі мен күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 6-1 | 7 |
| | | | | | | |
| | | | | | | | |
Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
3-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тізілімге
(жіктеуішке) енгізу үшін тапсырыс берушілер ұсынатын
мәліметтер
Өлшем бірлігі | Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы |
| |
Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
4-қосымша
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізілімі
(жіктеуіші)
Р/с № | Код жолы | Өлшем бірлігі | Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы | Тауар (G), жұмыс (R), көрсетілетін қызмет (S) |
| | | | |
Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
5-қосымша
5-қосымша ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
6-қосымша
6-қосымша ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 7 қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.20.12 № 2138 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-қосымша өзгертілді
Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
7-қосымша
Шарттардың тізілімі
Тізілімдегі жазбаның нөмірі | Жазбаның соңғы өзгерген күні | Тапсырыс беруші | Шартты қаржыландыру көзі | Мем.сатып алуды жүзеге асыру тәсілі | Мемл.сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі | Мемл.сатып алудың қорытындысын шығару күні | Шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері | Шарт |
| | атауы | СТН | БСН | | | | | | күні | нөмірі |
| | | | | | | | | | | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Шарт валютасының коды | Шарттың аумақтық қазынашылық органдарында тіркелгені туралы мәліметтер (мемлекеттік мекемелер үшін) | Шарттың мәні |
шартты аумақтық қазынашылық органдарында тіркеуге өтінім | шарттың аумақтық қазынашылық органдарында тіркелгені туралы хабарлама | тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы | өнімнің жіктеуіш бойынша коды | бірлік үшін бағасы, теңгемен | саны | сомасы, теңгемен |
күні | нөмірі | күні | нөмірі | | | | | |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
| | | | | | | | | |
Шарт бойынша өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы мәліметтер | Шарттың орындалу күні | Шарттың қолданылуын тоқтату күні |
заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні) | орналасқан жері (мекен-жайы) | СТН | БСН, ЖСН | мәртебесі | телефон (факс) | шарт бойынша | іс жүзінде | тапсырыс беруші іс жүзінде төлегені, теңгемен | күні | негізі және себебі |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 |
| | | | | | | | | | |
Тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыруы жөніндегі нұсқамалар
Веб-портал тапсырыс берушіге ақпараттық жүйеде автоматтандырылған жұмыс орнын береді, сол арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізілімінің электрондық нысанына кіру жүзеге асырылады.
Тізілімнің электрондық нысанына тапсырыс беруші мәліметтерді былайша енгізеді:
«Жазбаның соңғы өзгерген күні» деген 2-бағанда күні мемлекеттік сатып алу шартына өзгеріс енгізілген жағдайда «жыл, күн, ай» (0000.00.00. мысалы, 2008.28.10.) форматында көрсетіледі.
«Атауы» деген 3-бағанда тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі.
«СТН» деген 4-бағанда салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
«БСН» деген 5-бағанда тапсырыс берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
«Шартты қаржыландыру көзі» деген 6-баған мәтіндік бөлік пен кодтық аймақ мәнінің мынадай сәйкестігіне сүйене отырып толтырылады:
Республикалық бюджет - 01;
жергілікті бюджет - 02;
бюджеттен тыс қаражат - 03;
меншікті қаражат - 04.
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі» деген 7-баған мәтіндік бөлік пен кодтық аймақ мәнінің мынадай сәйкестігіне сүйене отырып толтырылады:
конкурс - 1;
баға ұсыныстарын сұрату - 2;
бір көз - 3;
ұйымдастырылған электрондық саудада - 4;
тауар биржалары арқылы - 5;
ерекше тәртіп - 6;
арнайы тәртіп - 7;
шарттың өзгеруі - 8;
Заңның нормаларын қолданбастан - 9.
«Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі» деген 8-бағанда конкурс өткізу туралы хабарламаға ресми баспа басылымдарында, веб-порталда және тапсырыс берушінің веб-сайтында берілген нөмірлер, мемлекеттік сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізу туралы хабарламаға тапсырыс берушінің интернет-ресурсында берілген нөмір көрсетіледі.
«Мемлекеттік сатып алуды өткізу күні» деген 9-бағанда конкурстың қорытындыларын, баға ұсыныстарын сұрату қорытындыларын, бір көзден сатып алу қорытындыларын, тауар биржасындағы сауда қорытындыларын шығару күні «жыл, күн, ай» (0000.00.00.) форматында көрсетіледі.
«Шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері» деген 10-бағанда күні «жыл, күн, ай» (0000.00.00.) форматында, құжаттың нөмірі мен атауы (мысалы, № 54, конкурс қорытындыларының хаттамасы) көрсетіледі.
«Шарт» деген 11-12-бағандарда «жыл, күн, ай» (0000.00.00.) форматында шарт жасасқан күн және шартқа берілген нөмір көрсетіледі.
«Шарт валютасының коды» деген 13-бағанда шарт валютасының коды валюталардың жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі.
«Шарт бойынша өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы мәліметтер» деген 14-17-бағандарда өтінімнің нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркелгені туралы хабарламаның деректемелері көрсетіледі.
«Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы» деген 18-бағанда тапсырыс беруші шартқа сәйкес сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы көрсетіледі.
«Өнімнің сыныптағыш бойынша коды» деген 19-бағанда тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жіктеуішіне сәйкес 18-бағанда аталған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің кодтары көрсетіледі.
«Бірлік үшін бағасы» деген 20-бағанда тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бір бірлігі үшін баға теңгемен (нүктеден кейінгі екінші ондық белгіге дейінгі дәлдікпен) көрсетіледі.
«Саны» деген 21-бағанда тауарлардың саны 20-бағанда аталған тауарлардың өлшем бірлігіне сәйкес көрсетіледі.
«Сомасы, теңгемен» деген 22-бағанда шарттың бағасы теңгемен (нүктеден кейінгі екінші ондық белгіге дейінгі дәлдікпен) көрсетіледі.
«Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)» деген 23-бағанда заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның - шартқа сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді берушінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
«Орналасқан жері (тұрғылықты орны)» деген 24-бағанда заңды тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы субъектісінің, қаланың (елді мекеннің), көшенің почталық мекен-жайы, атауы, үйінің, кеңсесінің (егер бар болса) нөмірі, жеке тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы субъектісінің, қаланың (елді мекеннің), көшенің почталық мекен-жайы, атауы, жеке тұлғаның тұрғылықты орны бойынша тіркелген үйінің, пәтерінің нөмірі.
«СТН» деген 25-бағанда салық төлеушінің - өнім берушінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
«БСН, ЖСН» деген 26-бағанда заңды тұлғалар үшін - бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендіру нөмірі: (ЖСН) көрсетіледі.
«Мәртебе» деген 27-бағанда мәтіндік бөлік пен кодтық аймақ мәнінің өнім берушіге заңнамада көзделген мемлекеттік қолдауға құқық беретін мәртебенің коды көрсетіледі.
отандық тауар өндірушілер - 1;
жұмыстарды, қызметтерді отандық берушілер - 2;
қылмыстық-түзету жүйесі мекемелері - 3;
мүгедектердің республикалық қоғамдық ұйымдары - 4.
«Телефон (факс)» деген 28-бағанда өнім берушінің телефоны мен факсі (егер ол бар болса) көрсетіледі.
«Шарт бойынша орындалу күні» деген 29-бағанда шарттың талаптарына сәйкес шарттың қолданылуы аяқталуының жоспарлы күні «жыл, ай» форматында (0000.00) көрсетіледі.
«Шарттың орындалу күні «Іс жүзінде» деген 30-бағанда шарттың орындалатын күні шарттың «жыл, күн, ай» форматында (0000.00.00) көрсетіледі.
«Тапсырыс беруші іс жүзінде төлеген» деген 31-бағанда шартты төлеу шотына теңгемен не валютамен шартта көрсетілген төлемдердің жүзеге асырылған сомасы (бұл ретте бөлшек бөлігі нүктемен бөлінеді) көрсетіледі.
«Шарттың әрекетін тоқтату күні» деген 32-бағанда шарттың қолданылуының орындалуын немесе өзге себептермен орындалмауын тоқтату күні «жыл, күн, ай» форматында (0000.00.00) көрсетіледі.
«Шарттың әрекетін тоқтатуының негізі мен себебі» деген 33-бағанда шарттың қолданылуының оның бұзылуына байланысты немесе өзге себептермен тоқтатылуына негізі мен себебі көрсетіледі.
Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
8-қосымша
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 8 қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтер
Жосықсыз өнім беруші және оның орналасқан жері (тұрғылықты жері) туралы ақпарат |
заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты | елі | почталық индексі, елдің, елді мекеннің әкімшілік-аумақтық бөліну бірлігінің атауы (заңды тұлға) | көшесі, үйінің (иелігінің), корпусының (құрылысының), офисінің, пәтерінің нөмірі (жеке тұлға) | СТН | БСН, ЖСН |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 5-1 |
| | | | | |
| | | | | |
Өткізілген конкурстар туралы мәліметтер | Шарт туралы мәліметтер | Шартты бұзу үшін негіз | Шарттың қолданылуы тоқтатылатын күн |
құжаттардың деректемелері, конкурсты өткізу, конкурстың қорытындыларын шығару күні | орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалған күні | мемлекеттік сатып алу туралы шарттың тізілімдердегі жазбасының нөмірі | тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы | тауар лардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жіктеуіш бойынша коды | Шарттың валютасы | Шарттың бағасы | Шарттың орындалу мерзімі (айы, жылы) | | |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
| | | | | | | | | |