Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
Осы редакция 2012 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2012 жыл - 1 200 000 000 мың теңге;
2013 жыл - 1 200 000 000 мың теңге;
2014 жыл - 1 200 000 000 мың теңге.
2-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011-2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2010 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 23, 135-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қарашаның 15-і.
№ 491-ІV