Қазақстан Республикасының
Заңы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 - 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 - 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2011 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., №19, 146-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2012 жыл - 1 380 000 000 мың теңге;
2013 жыл - 1 380 000 000 мың теңге;
2014 жыл - 1 200 000 000 мың теңге.».
2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы наурыздың 16-ы.
№ 5-V