54) ҚР Үкіметінің 2010.15.11. № 1201 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
55) ашытқы - арнайы таңдап алынған және сүтті қайта өңдеу өнімдері өндірісі үшін пайдаланылатын қышқылды сүт микроорганизмдері басым патогенсіз, токсигенсіз микроорганизмдер және (немесе) микроорганизмдер ассоциациясы;
56) ашыту - ашытатын микроорганиздер қысымымен сүтте және оны қайта өңдеу өнімдерінде ұйыған сүт жасау процесі. Ашыту белсенді қышқыл көрсеткішін (рН) төмендетумен және сүт қышқыл құрамының артуымен ілесе жүреді;
57) ұйыту - сүттегі және оның қайта өңдеу өнімдеріндегі ақуыз коагуляциясы процесі. Ұйыту сүт ұйытқыш ферменттер препараттары және ақуыз коагуляциясына ықпал ететін заттар мен факторлар әсерімен жүзеге асырылады;
58) қоюлату (қойыту) - қоюлатылған және қойылтылған сүтті қайта өңдеу өнімдері өндірісі кезінде қолданылатын және сүтті қайта өңдеу өнімдерінен суды ішінара жою жолымен жүзеге асырылатын процесс;
59) кептіру - сүтті қайта өңдеудің құрғақ өнімдері өндірісі кезінде қолданылатын және құрғақ заттардың үлес салмағын 90 пайыз және одан да артық мәнге жеткізгенге дейін сүтті қайта өңдеу өнімдерінен ылғалды жою жолымен жүзеге асырылатын процесс;
60) көпірту - сүтті қайта өңдеу өнімдері өндірісі кезінде қолданылатын және өнімді қарқынды араластыру жолымен жүзеге асырылатын және оның көлемін ұлғайтумен бірге жүргізілетін процесс;
61) сүттің құрамдас бөліктері - құрғақ заттар (сүт майы, сүт ақуызы, сүтті қант (лактоза), ферменттер, витаминдер, минералды заттар), су.
3. Сүтті және сүт өнімдерін сату кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
6. Сүт және сүт өнімдерін өткізу, олардың нормативтік құжаттамаларына сәйкес тамақ өнімдерін қабылдау, бақылау, сәйкестендіру және сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ішкі сауда объектілерінде санитарлық-гигиеналық нормативтерді сақтай отырып жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Сүтті және сүт өнімдерін өткізу үшін негізгі шарттар мыналар болып табылады:
1) ілеспе құжаттардың болуы;
2) сүт және сүт өнімдері, оны қолдану және сақтау шарттары туралы ақпараттың болуы;
3) сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттың (санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының, ветеринариялық-санитарлық қорытындының, ветеринариялық куәліктің, ветеринариялық сертификаттың, ветеринариялық анықтаманың, сәйкестік сертификатының) болуы.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 8-тармақ редакцияда жазылды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Сүт және сүт өнімдерін өткізу сүт және сүт өнімдерінің нақты түрлерін сақтау шарттары сақталған кезде нормативтік құжаттармен белгіленген жарамдылық мерзімі шегінде жүзеге асырылады.
9. Сүт және сүт өнімдері тұтынушылық немесе топтық орамда (ыдыста), немесе оларсыз: құйылып немесе таразыға тартылып өткізіледі.
Сүт және сүт өнімдерін бүлінген және (немесе) тығыз жабылмаған орамда (ыдыста) өткізуге жол берілмейді.
Сүт және сүт өнімдерін құйылмалы немесе таразылап өткізу кезінде кесуге және таразылауға арналған арнайы жабдық, сондай-ақ таңбаланған сауда мүкәммалы (төсеніштер, қысқыштар, қалақшалар және т.б.) пайдаланылуы тиіс.
Буып-түйілмеген сүт өнімдерін тікелей таразыларда орама материалдарсыз тартуға жол берілмейді.
10. Сүт және сүт өнімдерін өткізуге белгіленген тәртіппен міндетті түрде медициналық тексеруден өткен адамдар жіберіледі.
Сүт және сүт өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын адамдардың арнайы киімі болуы тиіс.
4. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын
шикізат қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған сүт-шикізаты және кілегей шикізаты, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жеке тапсырушылардан немесе жұқпалы аурулар бойынша салауатты шаруашылық жүргізуші субъектілерде ұсталатын дені сау жануарлардан алынады.
12. Жануарларды ұстау, азықтандыру және сауу, жануарлардың жай-күйін бақылау шарттары, шикі сүтті өндірудің технологиялық процестері, шикі сүтті жинауды, суытуды, сақтауды және тасымалдауды қоса алғанда, ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың белгіленген талаптарына сәйкес келуі тиіс.
13. Сүт-шикізат сауылғаннан кейін 2 сағат ішінде кешіктірілмей шаруашылық жүргізуші субъектілерінде сүзілуі (тазалануы) және (4 + 2)оС темпертурасына дейін суытуға қамтылуы тиіс.
Сүт-шикізатын өндірушіде (дайындаушыда) қайта өңдеу жеріне тасымалдауға арналған уақытты ескере отырып, 24 сағаттан аспайтын (4 + 2)оС температурада сақтауға жол беріледі.
14. Сүт-шикізатын қайта өңдеу орнына тасымалдау уақытында және тіпті оны қайта өңдеу басталғанға дейін оның температурасы
8оС-дан аспауға тиіс.
Қайта өңдеу үшін келіп түскен сүт-шикізатты қайта өңдеуші кәсіпорнында сақтауда тұрған сүтпен араластыруға жол берілмейді.
Сүт-шикізатты өндірушіде (дайындаушыда) бұрын сақтауда тұрған сүттен басқа:
1) 4оС температурасына дейін суытылған - 6 сағаттан аспайтын;
2) 6оС температурасына дейін суытылған - 4 сағаттан аспайтын сүт-шикізатты қайта өңдеушіде сақтауға (резервтеуге) жол беріледі.
Қабылдау кезінде температурасы бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін сүт-шикізат дереу қайта өңделуі тиіс.
15. Бұзаулағаннан кейінгі алғашқы жеті күнде және суалту алдындағы соңғы бес күнде сиырлардан алынған, сондай-ақ нормативтік құжаттарда анықталған қышқылдық титрі жоғары, термикалық өңдеуге жатпайтын сүт және сүт қамтылған өнімдер қайта өңдеуге жатпайды.
Ветеринарлық анықтамасы жоқ сүт-шикізат қабылданбауы тиіс.
16. Сүт-шикізатты, оның ішінде қайта өңдеу басталғанға дейінгі термикалық өңделген сүт-шикізатты сақтау (резервтеу) оған арналған жекелеген таңбаланған ыдыстарда жүзеге асырылады.
17. Жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылық субъектілері үшін, сау жануарлардан алынған сүт-шикізаттың өндірістік қайта өңдеуге жарамдылығы ветеринарлық анықтамамен және пероксидазасы жоқ деген сипаттағы термикалық қайта өңдеудің тиімділігін зертханалық зерттеумен расталады.
Жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылық субъектілері үшін сүт-шикізатпен ілесе жүретін ілеспе құжаттарда өңдеу температурасы мен уақыты көрсетіле отырып, жүргізілген термикалық өңдеу туралы белгі қойылуы міндетті.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18. Сүт шикізатында және кілегей шикізатында уытты элементтердің, микотоксиндердің, антибиотиктердің, ингибирлейтін заттардың, пестицидтердің, радионуклидтердің, сондай-ақ микроорганизмдер мен соматикалық жасушалардың болу деңгейі ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерде белгіленген, рұқсат етілген шекті деңгейден (нормадан) аспауға тиіс.
Сүт шикізатында және кілегей шикізатында жуу, дезинфекциялау, бейтараптандыру құралдарының қалдықтары болуына жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 19-тармақ редакцияда жазылды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19. Өндірісте пайдаланылатын сүт шикізаты, кілегей шикізаты, сүтке жатпайтын компоненттер, тағамдық қоспалар, технологиялық заттар кіріс биқылауға ұшырайды. Оларды сақтау және сүт пен сүт өнімдерін өндіруге дайындау қайта өңдеу өнімдерінің адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне ластануды болдырмайтын шарттармен жүзеге асырылады.
Технологиялық мақсатта пайдаланылатын су ауыз су қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес болуы тиіс.
5. Ұйытқылар мен пробиотикалық дақылдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
20. Ұйытқылар және (немесе) пробиотикалық дақылдардың қауіпсіздігін оларды өндірушілер (дайындаушылар), ал олардан дайындалған өндірістік ұйытқылар - үй-жайларға (олардың өндірістік тізбекте орналасуына, құрамына және жай-күйіне) және жабдыққа (көрінісі мен жай-күйіне) қойылатын техникалық талаптар, сондай-ақ ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар (өндірістің технологиялық режимі мен өндірістік бақылау бағдарламасы) кешенін және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
21. Орамалары (ыдыстары) ашылған және (немесе) бүлінген және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен ұйытқыларды сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.
Сүт және сүт өнімдерін өндіруде пайдаланылатын өндірістік ұйытқыларды дайындауға арналған ұйытқылардың және (немесе) пробиотикалық дақылдардың әрбір партиясы белгіленген нысандағы құжаттармен ілесе жүруі тиіс.
22. Ұйытқылардан және (немесе) пробиотикалық дақылдардан өндірістік ұйытқыларды және жандандырылған бакконцентраттарды дайындау мен шығару кезіндегі ұйытқылардың және (немесе) пробиотикалық дақылдардың сапасын бақылауды өндірістік циклдің барлық кезеңдерінде арнайы дайындалған және кезеңділігімен аттестатталатын персонал жүзеге асырады.
23. Ұйытқыларды және (немесе) пробиотикалық дақылдарды дайындау процесі (құрғақ азықтық ортаны немесе құрғақ сүтті қалпына келтіруді, пастерлеуді және (немесе) залалсыздандыруды, суытуды, ашытуды, топырақ баптауды және ұйтқыны суытуды қоса алғанда) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүргізіледі.
6. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде олардың
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
24. Технологиялық үй-жайларда өндіру (дайындау) процесінде бекітілген санитарлық және гигиеналық нормативтерге сәйкес жарықтың, микроклиматтың, шудың, дірілдің және жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттар құрамының қажетті деңгейі қамтамасыз етілуі тиіс.
25. Технологиялық үй-жайларда сүт және сүт өнімдерінің ластануын болдырмау үшін темекі өнімдерін, сағыз резеңкелерін тұтынуға және тамақ өнімдерін қабылдауға медициналық аптечкалар мен жеке заттарды сақтауға, персоналдың әсемдік заттар мен бижутерияларды тағып жүруіне рұқсат етілмейді.
Медициналық аптечкалар технологиялық үй-жайлар мен учаскелердің тамбурларында немесе тұрмыстық үй-жайларда орналастырылуы мүмкін.
Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) процесінде персоналдың жеке гигиена ережелерін орындауын, әсіресе жұмыс алдында, жұмыстағы үзілістерден және дәретхананы пайдаланғаннан кейін қол жууға қатысты қатаң бақылауды жүзеге асырады.
Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) жөніндегі технологиялық үй-жайларда кемірушілер мен жәндіктердің (оның ішінде шыбындардың, тарақандардың) болуына жол берілмейді.
Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) объектісінің аумағына құстар мен жануарлардың болуына жол берілмейді.
26. Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілген деңгейін анықтау әр өндіру (дайындау) объектісі үшін шығарылатын сүт өнімдерінің түрлері мен санитарлық және гигиеналық нормативтерге сәйкес технологиялық процестерді жүргізу ерекшеліктеріне қарай жеке белгіленеді.
Желдету, ауаны тазалау, ауалық жылыту жүйесінің тасқынды ауасындағы зиянды заттардың шоғырлануы, оның рұқсат етілген шегінің 30%-нан аспауға тиіс. Егер шаң зиянды фактор болып табылса, онда келетін тасқынды ауаны тазартуды көздеу қажет.
27. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) өндірісіне арналған, технологиялық жабдық, оның ішінде сауу-сүт жабдығы сүт және сүт өнімдерімен байланысуға арналған материалдардан дайындалуы және машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігі саласындағы заңнамада көзделген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 28-тармақ редакцияда жазылды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28. Ластанудың ықтимал қатері бар сүт және сүт өнімдерін өндірудегі сындарлы нүктесі мынадай технологиялық процестер болып табылады: көпірту, қалпына келтіру, ингредиенттерді қосу, қоюлату, нормалау, байыту, тазалау, балқыту, рекомбинирлеу, ұйыту, қойылту, ұйыту, ашыту, еріту, кептіру, термо өңдеу, буып-түю, орама, сақтау, өнімнің ерекшелігіне және өндірілген сүт өнімінің түріне байланысты тағы басқа арнайы технологиялық процестер. Көрсетілген процестер шикізаттардың және жартылай фабрикаттардың екінші рет ластануын болдырмау үшін нормативтік және техникалық құжаттарда белгіленген режимдер мен талаптарды орындау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Өндіріс және технологиялық жабдықтар жұмыс үшін (техникалық қызмет көрсету, тазарту және майсыздандыру) қызмет көрсетуші персоналдың жұмысқа еркін кіруін қамтамасыз ететіндей болып құрастырылуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 29-тармақ өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау), термикалық өңдеу, суыту және сақтау үшін пайдаланылатын жабдық қауіпсіз өнім өндіруді (дайындауды) қамтамасыз ету үшін барынша тез талап етілетін температураға қол жеткізу және ұстап тұру қамтамасыз етілуі тиіс.
Жабдық Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес, мақсатына қарай пайдалану үшін сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне немесе жарамдылығына теріс әсер етуі мүмкін температураны, ылғалдылықты, ауа ағыны мен басқа да сипаттамаларды бақылау және өлшеу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Өлшеу құралдары белгіленген тәртіппен тексерілген және (немесе) аттестатталған және Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін рұқсат берілген өлшеу құралдарының тізіліміне енгізілген болуы тиіс.
Сүтті тазалауға арналған жабдық коррозияға берік материалдардан дайындалуы және жеңіл тазалау мүмкіндігі болатындай етіп құрастырылуы тиіс.
Ластануды болдырмау мақсатында кешенді технологиялық желілерге жатпайтын сүтті тазалау, қосалқы шикізатты дайындау, қайта өңдеу, өнімді буып-түю жөніндегі қондырғылар бір-бірінен оқшауландырылған үй-жайларда, сондай-ақ қойма үй-жайларынан бөлек орналастырылады.
30. Өндірістік процестердің қауіпсіздігіне өндірудің (дайындаудың) температуралық режимін және дайын сүт өнімдерін өткізуді қоса алғанда, олардың сақталуы үшін тұрақты бақылау кепілдігі беріледі.
31. Қауіпсіздікті, өнеркәсіптік зарарсыздандыруды және сақтау мерзімдерін ұзартуды қамтамасыз ету үшін сүт және сүт өнімдері термоөңдеуден, оның ішінде термизациядан, пастерлеуден, зарарсыздандырудан, ультрапастерлеуден немесе ультражоғары температуралық өңдеуден өтеді.
Сүт және сүт өнімдерінің термизациясы 600С-дан 680С-ға дейінгі температурада, кейіннен 30 секундқа дейін ұстала отырып жүзеге асырылады.
Сүт және сүт өнімдерін (төменгі температуралық, жоғары температуралық) пастерлеу сүттегі және оның қайта өңдеу өнімдеріндегі кез-келген патогенді микроорганизмдер адам денсаулығына зиян келтірмейтіндей жағдайда санының азаюын қамтамасыз ететін уақыт бойы 630С-дан 1000С-ге дейінгі температура диапазонында ұстала отырып, әртүрлі режимдерде (температура/уақыт) жүзеге асырылады.
Сүт және сүт өнімдерін төмен температуралы пастерлеу 760С-дан аспайтын температура жағдайында жүргізіледі және сілтілік фосфотаза инактивациясымен ілесе жүреді.
Сүт және сүт өнімдерін жоғары температуралы пастерлеу 770С-дан 1250С-ға дейінгі температура диапазонында жүргізіледі және сілтілік фосфотаза мен пероксидаза инактивациясымен ілесе жүреді.
Сүт және сүт өнімдерін пастерлеу өнімнің өнеркәсіптік зарарсыздандыру талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ететін 1000С-дан жоғары температурада ұстала отырып, тығыз жабылған тұтынушы орамында (ыдысында) жүзеге асырылады.
Сүтті және сұйық сүт өнімдерін қайта өңдеу кезінде ультрапастерлеу:
1) кейіннен асептикалық буып-түю кезінде - өнімнің өнеркәсіптік зарарсыздығы талаптарына сәйкестігін;
2) кейіннен асептикалық емес буып-түю кезінде - өнімнің қалдық микрофлорасының елеулі азаюы мен сақтау ұзақтығының ұлғаюын қамтамасыз ететін 1250С-1380С температура кезінде кемінде 5 секунд ұстай отырып, жүзеге асырылады.
Сүт және сүт өнімдерін ультражоғары температуралық өңдеу жабық жүйе ағынында 1350С-1400С температура кезінде жылытылған үстіңгі бетімен жанасу немесе зарарсыздандырылған буды өніммен тікелей араластыру жолымен кемінде 2 секунд ұстай отырып жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32. Нақты өнім түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы технологиялық процестердің кезеңділігі мен тиімділігін бақылау әдістері өндірістік бақылау бағдарламасында белгіленеді.
Сүт және сүт өнімдерін термикалық өңдеуді бақылау кезінде қолданылатын әдістер дайын сүт өнімі қауіпсіздігінің берілген деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Термикалық өңдеуден өтетін сүтті және сүттің қайта өнімдерін суыту 40С +±20С-дан аспайтын температураға дейін жүргізіледі.
7. Дайын сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 33-тармақ өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33. Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы кезіндегі ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу өндіріс процесіне қойылатын талаптарды сақтау жолымен қамтамасыз етіледі.
Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне, жарамдылық мерзіміне қойылатын талаптар оны әзірлеу (жасау) кезіндегі нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленеді.
34. Өткізуге арналған сүт және сүт өнімдерінде уытты элементтердің, микотоксиндердің, антибиотиктердің, пестицидтердің, радионуклидтердің болуы, сондай-ақ тотығып бүліну көрсеткіштерінің мәні осы техникалық регламентке 4-қосымшада көрсетілген рұқсат етілген деңгейден аспауы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 35-тармақ редакцияда жазылды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35. Сатуға арналған сүт шикізатында, кілегей шикізатында, сүт және сүт өнімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелерде және нормаларда белгіленген деңгейден жоғары микроорганизмдердің болуына жол берілмейді.
36. Дайын сүт өнімдерінде фосфотазаның және (немесе) пероксидазаның болуына жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 37-тармақ редакцияда жазылды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37. ҚР Үкіметінің 2010.15.11. № 1201 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38. Мерзімінен бұрын бүлінуі туындау қаупінің алдын алуды қамтамасыз ететін дайын сүт өнімдерін шығару кезіндегі температура нақты сүт өнімдерінің түріне арналған гигиеналық нормативтер мен нормативтік құжаттарға сәйкес дайын сүт өнімдерін өткізу мерзімін ескере отырып белгіленуге тиіс.
39. Аралас құрамдағы сүт өнімдері қауіпсіздігінің көрсеткіштерін анықтау салмақтық үлесі бойынша да, сол сияқты нормаланатын контаминанттардың рұқсат етілген деңгейі бойынша да негізгі шикізат түрі бойынша жүргізіледі.
40. ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен алынып тасталды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41. ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен алынып тасталды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 42-тармақ өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
42. Сүтті және сүт өнімдерін тағамдық қоспалармен және витаминдермен байыту Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Байыту өнімдердің тұтынушылық қасиетін төмендетпеуі, оның ішінде тағамдық заттарда қамтылғанды және олардағы басқа да қамтылғандарды игеру деңгейін төмендетпеуі және олардың қауіпсіздігіне әсер етпеуі тиіс.
43. Сүт өнімдерін витаминдермен және тағамдық қоспалармен байыту кезінде байытылатын қоспалардың өзара және байытылатын өнімнің компоненттерімен химиялық өзара іс-әрекетке түсу мүмкіндігін ескеру және байытылған өнімдердің айналымы процесінде барынша сақталуын қамтамасыз ететін олардың үйлесімін, нысанын, тәсілдері мен енгізу дәйектілігін таңдау қажет.
44. Сүт өнімдерін пробиотикалық микроорганизмдермен байыту үшін пробиотикалық қасиеттері тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған дақылдардың ресми коллекцияларында сақтауға берілген штаммаларды пайдалануға жол беріледі.
45. Экологиялық таза сүт пен сүт өнімдері генетикалық түрлендірілген объектілерді қамтымауы тиіс, ал контоминанттарды, микроорганизмдерді, уытты элементтерді, радионуклидтерді, пестицидтерді, микотоксиндерді қамту деңгейі бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген экологиялық тазалық стандарттарына сәйкес келуі тиіс.
8. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде пайдаланылатын ғимараттардың,
құрылыстардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 46-тармақ өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
46. Сүт және сүт дайындау өндіру (дайындау) жөніндегі ғимарат пен оған іргелес маңдағы аумақ объектісі ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтай отырып пайдаланылады.
47. Сүт өнімдерін дайындау кезінде қолданылатын ұйытқылар мен пробиотикалық дақылдар нормативтік және техникалық құжаттамаларға сәйкес мамандандырылған кәсіпорындарда дайындалуы тиіс.
Өндірістік ұйытқыларды және (немесе) пробиотикалық дақылдарды дайындау арнайы бөлінген және тиісті үлгіде ұйымдастырылған ұйытқы бөлімшесінде жүргізіледі, ол мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) өндірістік цехтардан оқшауландырылған үй-жайларда негізгі тұтынушы-цехтармен бірге бір өндірістік корпуста орнастырылуы;
2) ұйытқылар мен дақылдарды микроорганизмдердің, бактериофагалар мен басқа да ластаушылардың ластауынан қорғауды қамтамасыз ететін жағдайларды жасайтын және күтіп ұстайтын жекелеген үй-жайлары болуы;
3) тасқынды-сорғыш желдеткіші және (немесе) ауаны тазалау мен өңдеудің басқа да тиімді жүйесінің болуы.
48. Кәсіпорынның кәріз жүйесінің құрылғысы құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарын қанағаттандыруға тиіс.
Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды бұру үшін ұйымдар жалпы қалалық кәрізге қосылуы немесе дербес кәрізі және су объектісіне ағын суларды шығаратын тазалау құрылыстары болуға тиіс.
Ашық су тоғандарына өндірістік, тұрмыстық және нөсер жауынның ағын суларын қашыртқылауды тиісті тазалаусыз жүргізуге жол берілмейді.
Фекальді-шаруашылық және ластанған өндірістік ағын суларды жұтып қоятын құдықтарға және бұрғылау ұңғымаларына жіберуге тыйым салынады.
Ағын суларға арналған қайта айдау стацияларының тазалау құрылыстары мен өзге де қондырғылар жарамды қалпында, таза ұсталуға әрі суларды, топырақты және ауаны ластау көздері болмауға тиіс.
49. Өндіру (дайындау) объектілері:
1) қоршаған ортаны ластау объектілерінен және сүтті және сүт өнімдерін ластау қауіпін тудыратын өнеркәсіптік қызметтен;
2) жеткілікті алдын алу шараларының қабылданған жағдайларынан басқа, су тасқынына душар болған өңірлерден;
3) зиянкестердің шабуылына ұшыраған аудандардан;
4) қатты немесе сұйық өндіру (дайындау) қалдықтары тиімді аласталмайтын аудандардан қашықта орналасуы тиіс.
Сүт және сүт өнімдерін өндіретін (дайындайтын) кәсіпорынның ішкі схемасы мен орналасуы шикізат пен дайын сүт өнімдерінің тоғыспалы қозғалысына жол бермеуге тиіс.