3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтату қажеттігі туралы судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының шешімі болса;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) кәсіби жарамсыздығына байланысты судьяның атқаратын қызметіне сәйкес келмейтіні туралы Сот жюриінің қорытындысы болса.
Судьяның өкілеттіктері тоқтатыла тұрған кезде оның тиісті соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметіндегі өкілеттіктері тоқтатыла тұрады;
4) басқа жұмысқа ауысса, тоқтатыла тұрады.
2. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұруды:
Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты - Қазақстан Республикасының Президентi;
Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты - Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады.
3. Егер судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға негiз болған мән-жай жойылса, судьяның өкiлеттiгi қалпына келтiрiледi.
34-бап. Судьяны қызметтен босату және оның өкiлеттiгiн тоқтату
1. Судьяның өкiлеттiгi мынадай негiздерде:
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) судья орнынан түскенде;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) судья өз тілегі бойынша қызметінен босағанда;
2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiптiк мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi болатын денсаулық жағдайы бойынша;
3) судьяны iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенде;
4) осы судьяға қатысты айыптау үкімі заңды күшiне енгенде;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда ;
6) судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмi заңды күшiне енген жағдайда;
7) судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмысқа ауысқан жағдайда;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) соттың таратылуына немесе өкiлеттiк мерзiмiнiң өтуiне байланысты, егер соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы немесе судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келісімiн бермесе;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)
9) Сот жюриінің қорытындысы бойынша;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
10) судья қызметінде болудың шекті жасына толғанда тоқтатылады.
2. Судьяның өкiлеттiгi судьялардың тәртiптiк-біліктiлiк алқасының судьяны тәртiптiк терiс қылықтар жасағаны немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетiлген талаптарды орындамағаны үшiн қызметiнен босату қажеттiгi туралы шешiмiне байланысты тоқтатылуы мүмкiн.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Сот төрағасының не алқа не сот алқасы төрағасының өкiлеттiктерi оның өз тілегі бойынша не олар осы Конституциялық заңның 9, 14, 15, 20, 21 және 28-баптарында көрсетiлген талаптарды орындамаған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Судьяны қызметтен босату туралы шешiм:
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) Жоғарғы Соттың Төрағасына, судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысымен;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларына, жергілікті және басқа соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 5 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Судьяны қызметiнен босату сонымен бiр мезгiлде тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына әкеп соғады.
Тиiстi соттың төрағасын немесе сот алқасының төрағасын олардың өз тілегі бойынша не өкілеттік мерзiмiнiң өтуiне байланысты қызметтен босату оларды осы соттың судьясы қызметiнен босатуға әкеп соқпайды.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 6 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 6 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Осы баптың 1-тармағының 1-1)-7), 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда, сондай-ақ төрағаның немесе сот алқасы төрағасының өкілеттіктері олардың өз тілегі бойынша тоқтатылған кезде қызметтен босатуға немесе судьяның өкілеттіктерін тоқтатуға Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымдары талап етілмейді.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 34-1 баппен толықтырылды
34-1-бап. Судья қызметінде болудың шекті жасы
Судья қызметінде болуға шекті жасқа - 65 жасқа толғанға дейін жол беріледі, оны ерекше жағдайларда Жоғарғы Соттың Төрағасы Жоғары Сот Кеңесінің келісімімен бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
35-бап. Судьяның орнынан түсуi
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мінсіз беделі, кемінде он бес жыл судьялық жұмыс стажы бар судьяның судья атағын, судьялар қоғамдастығында болуын, жеке басына тиіспеушілік кепілдігін және осы Конституциялық заңда көзделген өзге де материалдық және әлеуметтік кепілдіктерін сақтай отырып, өкілеттіктерін тоқтатуының ерекше нысаны орнынан түсу деп танылады.
Судьяны орнынан түсу нысанында қызметтен босату судьяның орнынан түсу туралы жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.
2. Судья орнынан түскен кезде судьялық жұмыс стажы жиырма және одан да көп жыл болса, жиырма төрт айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде, судьялық жұмыс стажы он бестен жиырма жылға дейін болса, он сегіз айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде оның соңғы лауазымы бойынша біржолғы шығу жәрдемақысы төленеді.
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Судьяның орнынан түсуі:
ол қылмыс жасаған немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасаған;
өз тiлегi бойынша;
Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
ол қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген жағдайларда тоқтатылады.
Судья кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқау кеңесiнiң құрамына кiрген, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетiн қызметке тұрған жағдайларда оның орнынан түсуі тоқтатыла тұрады.
Судьяның орнынан түсуін тоқтата тұруды Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады.
Егер судьяның орнынан түсуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға негіз болған мән-жайлар жойылса, судьяның орнынан түсуі қалпына келтіріледі.
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Судья орнынан түсуі тоқтатылған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігінен және осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепілдіктерден айырылады.
Судьяның орнынан түсуі тоқтатыла тұрған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігі мен осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепілдіктердің қолданылуы да тоқтатыла тұрады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 35-1-баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)
35-1-бап. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру
1. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
2. Судья үшін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша міндетті зейнетақы жарналары белгіленеді.
Судья теріс себептер бойынша қызметінен босатылған кезде аталған жарналар республикалық бюджетке алынады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
36-бап. Жоғары Сот Кеңесі
1. Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан, хатшыдан және басқа да мүшелерден тұрады.
2. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және оның жұмысын ұйымдастыру заңмен айқындалады.
37-бап. Судьялар қоғамдастығы мен оның органдары
1. Судьялар қоғамдастығының ортақ мүдделерiн iске асыру мен қорғау мақсатында судьялардың қоғамдық бiрлестiктер құруға құқығы бар.
2. Судьялық бiрлестiктер қажет болған жағдайларда заңдарда белгiленген тәртiппен өз мүшелерiнiң мүдделерiн бiлдiредi, қорғайды және сот төрелiгiнiң iске асырылуына ықпал етуге құқылы емес, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздемеуге тиiс.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 38-бап өзгертілді
38-бап. Судьялардың тәртiптiк-біліктiлiк алқалары
Судьяның орнынан түсу құқығын және оны тоқтатуды растау үшiн, сондай-ақ судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгi мәселелерiн шешу не судьяның өкiлеттiгiн тоқтату үшiн, осы Конституциялық заңмен көзделген жағдайларда, Республикалық және облыстық тәртiптiк-біліктiлiк алқалары құрылады.
Тәртiптiк-біліктiлiк алқаларын құру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртібі, сондай-ақ тәртiптiк iстердi қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережемен анықталады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 38-1-баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)
38-1-бап. Сот жюриi
Жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіби жарамдылығын анықтау үшін жеті судьядан тұратын Сот жюриі құрылады.
Облыстық немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі Сот жюриінде судьяларға қатысты материалдарды қарау үшін негіз болып табылады.
Сот жюриінде материалдарды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Ережеде айқындалады.
2-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ТӘРТIПТIК ЖАУАПКЕРШIЛIГI
39-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi
1. Судья:
1) сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты бұзғаны үшiн;
2) судья әдебiне қайшы келетiн терiс қылық жасағаны үшiн;
3) еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкін.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сот төрағалары және соттардың сот алқаларының төрағалары осы Конституциялық заңда көзделген лауазымдық мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшін тәртiптiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
3. Сот актiсiнiң күшiн жою немесе өзгерту, егер бұл орайда заңды өрескел бұзуға жол берiлмеген және ол туралы жоғары тұрған сот орнының сот актiсiнде көрсетiлмеген болса, өздiгiнен судьялардың жауаптылығына әкеп соқпайды.
40-бап. Судьяларға қатысты қолданылатын жазалардың түрлерi
1. Судьяларға тәртiптiк жазаның мына түрлерi қолданылуы мүмкiн:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше атқармағаны үшiн сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметiнен босату;
5) осы Конституциялық заңда көзделген негiздер бойынша судья қызметiнен босату.
2. Әрбiр тәртiп бұзушылық үшiн тәртiптiк терiс қылықтың сипаты, судьяның жеке басы туралы деректер және оның кiнәсiнiң дәрежесi ескерiле отырып, тек бiр тәртiптiк жаза қолданылады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 41-бап жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
41-бап. Тәртіптік іс қозғау құқығы
Тәртіптік іс қозғау құқығы:
1) Республиканың кез келген судьясына қатысты - Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасына;
2) облыстық соттың судьясына, аудандық соттың төрағасы мен судьясына қатысты - облыстық тәртіптік-біліктілік алқаларына тиесілі болады.
42-бап. Тәртiптiк iс қозғау және қарау мерзiмдерi
1. Судьяға қатысты тәртiптiк iс қарау, қызметтiк тексеру мен судьяның дәлелдi себептермен жұмыста болмаған уақытын есепке алмағанда, терiс қылық анықталған күннен бастап - үш айдан кешiктiрiлмей және терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктірiлмей қозғалуы мүмкiн.
Жоғарғы тұрған сот инстанциясының заңдылықтың бұзылу фактiсi анықталған сот актiсi заңды күшiне енгiзiлген күн судьяның сот iсiн қарау кезiнде заңдылықты бұзуына байланысты тәртiптiк терiс қылықтың анықталған күнi болып есептеледi, ал заңсыз сот актiсi шығарылған күн осындай терiс қылықтың жасалған күнi болып есептеледi.
2. Тәртiптiк iс қозғалған күнiнен бастап екi ай мерзiм iшiнде қаралуға тиiс.
43-бап. Тәртiптiк iстердi қарау жөніндегі органдар
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Республикалық тәртiптiк-біліктiлiк алқасы Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына, облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағаларына қатысты тәртіптік іс қозғау туралы мәселені, тәртiптiк iстердi, сондай-ақ облыстық тәртiптiк-біліктiлiк алқаларының шешiмдерiне қатысты шағымдарды қарайды.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Облыстық тәртiптiк-біліктiлiк алқалары облыстық соттардың судьяларына, сондай-ақ аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғау туралы мәселені, тәртiптiк iстердi қарайды.
3. Тәртiптiк iстердi қарау тәртібі және тәртiптiк алқалардың қызметi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережемен регламенттеледi.
44-бап. Тәртiптiк iстер бойынша қабылданатын шешiмдер
Тәртiптiк iс жөніндегі тәртiптiк-біліктiлiк алқа:
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген тәртіптік жаза қолдану туралы;
2) тәртiптiк iс жүргiзудi қысқарту туралы;
3) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) төменгi тұрған тәртiптiк-біліктiлiк алқаның шешiмiн өзгерту не оның күшiн жою және iстi жаңадан қарауға жiберу туралы не шешімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.
45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi
1. Егер судья жаза қолданылған күннен бастап бiр жыл бойы жаңадан тәртiптiк жазаға тартылмаса, онда ол тәртiптiк жазаға тартылмаған деп есептеледi.
2. Судья мiнсiз тәртібімен өз мiндеттерiн адал атқарған жағдайда, тәртiптiк жаза қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн мерзiмiнен бұрын алынуы мүмкiн.
Тәртiптiк жазаны берген тәртiптiк-біліктiлiк алқасы оны мерзiмiнен бұрын алуы мүмкiн.
46-бап. Тәртiптiк-біліктiлiк алқаларының шешiмдерiне шағымдану
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Облыстық тәртiптiк-біліктiлiк алқасының шешiмiне өзiне қатысты шешiм шығарылған судья Республикалық тәртiптiк-біліктiлiк алқасына шағымдануы мүмкiн.
2. Республикалық тәртiптiк-біліктiлiк алқасының шешiмi түпкiлiктi болып табылады және шағымдануға жатпайды.
3-тарау. СУДЬЯЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТIК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
47-бап. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету
1. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету оның мәртебесiне сай болуға және сот төрелiгiн толық әрi тәуелсіз жүзеге асыру мүмкiндiгін қамтамасыз етуге тиiс және оны азайтуға болмайды.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Судьялардың еңбегiне ақы төлеудi Конституцияның 44-бабының 9) тармақшасына сәйкес судьяның мәртебесін, оны тағайындау және сайлау тәртібін, сондай-ақ ол жүзеге асыратын функцияларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
48-бап. 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
49-бап. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары
Судьяларға сауығуы үшiн лауазымдық екi айлықақы мөлшерiнде жәрдемақы төлене отырып, күнтiзбелiк отыз күнге жыл сайынғы демалыс берiледi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 50 - бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
50-бап. Көшкен кездегi өтемақы
Қызметi бойынша Қазақстанның бір өңірінен екінші өңіріне судья болып тағайындалған (сайланған) судьяларға, қайта тағайындалған (қайта сайланған) судьяларға және олардың отбасы мүшелерiне көшуге байланысты шығыстары шыққан шығынының көлемiнде төленедi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 51 - баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
51-бап. Тұрғын үймен қамтамасыз ету
1. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет есебiнен жүргiзiледi.
2. Судьяға және оның отбасы мүшелерiне кезектен тыс, бiрақ қызметiне кiрiскен күнiнен бастап алты айдан кешiктiрiлмей, нақты жер жағдайына қарай, мемлекеттік тұрғын үй қорынан, судьяны тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтардың санатына жатқызбайтын нормалар бойынша тұрмысқа жайлы тұрғын үй берiледi. Лауазымында он жылдан астам уақыт жұмыс iстеген судьялардың тұрақты тұруға арналған қызметтiк тұрғын үйi оның қалауы бойынша қалдық құны бойынша сатып алынуы мүмкiн.
3. Судья қызметiнен босатылғанда оны және отбасы мүшелерiн басқа тұрғын үй бермей тұрып қызметтiк тұрғын үйден шығаруға болмайды.
52-бап. Судьяларды мантиямен қамтамасыз ету
Барлық соттардың судьялары республикалық бюджет қаражаты есебiнен судьялық мантиямен қамтамасыз етiледi.
53-бап. Судьяларға медициналық қызмет көрсету
1. Судьялар және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi тиiстi мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерiнде медициналық қызмет көрсетумен белгiленген тәртiппен қамтамасыз етiледi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Судьяларға медициналық қызмет көрсетудiң тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
54-бап. Судья мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайдағы өтемақы
1. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіксе (жарақаттанса, жараланса, контузия алса, кәсіби ауруға шалдықса), оған осы бапта белгіленген мөлшерде біржолғы өтемақы төленеді.
2. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда не қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігу (жарақаттану, жаралану, контузия алу, кәсіби ауруға шалдығу) салдарынан судья өкілеттігін тоқтатқаннан кейін бір жылдың ішінде оны алуға құқығы бар адамдарға соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық лауазымдық айлықақысы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
3. Судьяның қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуінің (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының, кәсіби ауруға шалдығуының) нәтижесінде мүгедек болғаны белгіленген жағдайда, оған:
1) І топтағы мүгедекке - отыз айлық лауазымдық айлықақы;
2) II топтағы мүгедекке - он сегіз айлық лауазымдық айлықақы;
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
4. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедектік белгілеуге әкеп соқтырмаған ауыр мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) жағдайда оған бір жарым айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде, жеңіл мертіккен жағдайда - жарты айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
5. Біржолғы өтемақы төлеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6. Егер судьяның қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес жағдайларда мертіккені (жарақаттанғаны, жараланғаны, контузия алғаны, кәсіби ауруға шалдыққаны) немесе қаза тапқаны (қайтыс болғаны) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 55-бап толықтырылды (бұр. ред. қара)
55-бап. Жерлеуге жұмсалатын шығыстардың өтемақысы
Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметiнен зейнеткерлiкке шыққан зейнеткерлердi жерлеу үшiн судья қайтыс болған сәттегi тиiстi лауазымы бойынша судьяның үш айлық жалақысы мөлшерiнде бiржолғы ақшалай өтемақы төленедi.
Біржолғы ақшалай өтемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 55-1-баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)
55-1-бап. Судьяны материалдық және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі кепілдіктерден айыру
Судья өзінің қылмыс жасауына немесе сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасауына, сот әдебі талаптарын сақтамауына және осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетілген өзге де талаптарды орындамауына байланысты судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының шешімі бойынша оның өкілеттіктері тоқтатылған кезде, сондай-ақ кәсіби жарамсыздығына байланысты Сот жюриінің қорытындысы бойынша:
1) орнынан түсу құқығынан және жеке басына тиіспеушілік кепілдігінен;
2) осы Конституциялық заңның 51, 53, 54 және 55-баптарында көзделген барлық материалдық және әлеуметтік кепілдіктерден айырылады.
4-бөлiм. СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ( бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 56-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
56-бап. Соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
1. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ сот статистикасын жүргізуді Қазақстан Республикасының Президенті құратын уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органның бірыңғай жүйесін тиісті мемлекеттік орган мен облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы соттардың кеңселері құрайды.
3. Уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ережеде айқындалады.
4. Уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін Жоғарғы Сот Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді.