4) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алған жағдайда берiледi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Шетелдiктер үшiн Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және оның аң аулау құқығын куәландыратын тұратын елінде берiлген құжаттың және жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алуының негiзiнде туындайды.
6-тарау. Балық аулау
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-бап. Балық аулау түрлері
1. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кәсіпшілік балық аулау;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
3) ғылыми-зерттеу үшін аулау;
4) бақылау үшін аулау;
5) мелиорациялық аулау;
6) өсімін молайту мақсатында аулау;
7) эксперименттік аулау.
2. Кәсіпшілік балық аулау - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін және (немесе) су айдынының (кәсіпшілік аулау құралдарымен) бір бөлігін қамтитын, бөліп тұратын аулау құралдарымен мекендеу ортасынан балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюды қамтамасыз ететін кешенді процесс.
Кәсіпшілік балық аулау кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.
Кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жағалауда аулау - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Теңізде аулау - бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Уәкілетті орган белгілеген рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.
3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау - бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау ауланған балықты кейіннен тірі күйінде табиғи мекендеу ортасына қайтадан жіберумен жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Ғылыми-зерттеу үшін аулау - жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Ғылыми-зерттеу үшін аулау кез-келген уақытта және жануарлар дүниесін пайдалануға уәкілетті орган берген рұқсаттар негізінде бүкіл су айдындарында кез-келген аулау құралдарымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ғылыми-зерттеу үшін аулау көлемін уәкілетті орган, балық шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, тиісті ғылыми ұйымның әрбір ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша аулау квотасының шамасын негіздеуі негізінде белгілейді.
Жануарларды аулау лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулауға бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жол беріледі.
5. Бақылау үшін аулау - ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарының балық өнімділігін айқындау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
6. Мелиорациялық аулау - жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Жаппай аулау - су айдынындағы балық ресурстарының және басқа да су жануарларының бүкіл кәсіпшілік қорын алып қою немесе балықтардың жеке түрлерінің кәсіпшілік қорын немесе экологиялық тобын алып қою. Жаппай аулау мелиорациялық аулау ретінде және ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.
7. Өсімін молайту мақсатында аулау - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту мақсатында оларды аулау.
8. Эксперименттік аулау - балық аулау құралдары мен тәсілдерінің жаңа түрлерінің тиімділігін зерделеу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
9. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен балық аулау ережелерінде айқындалады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-бап. Балық аулау құқығы
1. Кәсіпшілік балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға:
1) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты;
2) уәкілетті органмен балық аулауға жасасқан шарты болған кезде беріледі.
2. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау, ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиорациялық және эксперименттік аулау, сондай-ақ өсімін молайту мақсатындағы аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты немесе жолдамасы болған кезде беріледі.
3. Бақылау үшін аулауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
36-бап. Жасанды әдiспен жасалған су тоғандарында балық шаруашылығы қызметiн реттеудiң ерекшелiктерi
Өздерi жасаған жасанды су тоғандарында балықтар мен басқа да су жануарларын өсiрген жеке және заңды тұлғалар осы балықтар мен су жануарларының меншiк иесi болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларға иелiк етедi.
7-тарау. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37-бап. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу құқығын беру
1. Аңшылық шаруашылығын, сондай-ақ су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп беріле отырып, балық шаруашылығын жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы уәкілетті органмен келісілген шешімінің, уәкілетті орган мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу шартының негізінде беріледі.
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп берусіз балық шаруашылығын жүргізуді Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері жануарлар дүниесі объектілерін квота шегінде алып қою құқығын жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған сәттен бастап, ал басқа жеке және заңды тұлғалар - аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінен жолдама алғаннан кейін немесе солармен аң аулау немесе балық аулау шартын жасасқаннан кейін алады.
3. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілеріне бекітіп беру мерзімі өткен кезде олардың осы аумақтар мен акваторияларды қайта бекітіп алуына басымдығы болады.
38-бап. Аңшылық алқаптар
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аңшылық алқаптар - аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе асырылуы мүмкiн, аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң мекендеу ортасы болатын аумақтар мен акваториялар.
Сулы-батпақты алқаптар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес келген жағдайда аңшылық алқаптар құрамына енгізілуі мүмкін.
2. Аумақтар мен акваторияларды аңшылық алқаптарға жатқызу, олардың шекараларын айқындау және тиiстi сервитуттар белгiлеу шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру мен биологиялық-экономикалық зерттеу нәтижелерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға байланысты емес шаруашылық қызмет жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның сақталуын қамтамасыз ететiн әдiстермен және тәсiлдермен жүргiзiлуге тиiс.
4. Аңшылық алқаптары бар жерлер мен акваторияларды иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығы аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдалану құқығын бермейдi.
5. Мына жағдайларда:
1) аңшы куәлiгiнсiз;
2) атыс қаруын сақтау мен пайдалану құқығын беретiн iшкi iстер органдары рұқсатынсыз атыс қаруын қолданып;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзiлмеген иттердi және қыран құстарды қолданып;
4) аң аулау ережелерiнде қолданылуы көзделмеген аулау құралдарын пайдаланып;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта;
6) егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында;
7) елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен iргелес аумақтарда аң аулау ережелерiне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмейтiн қашықтықта;
8) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;
9) күйзелiстi және дәрменсiз жағдайдағы жануарларды (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалағандарды, су тоғандарынан өту кезiнде, көктайғақ кезiнде, аштықтан әлсiрегендердi, жусанды паналаған суда жүзетiн құстарды);
10) қозғағышын iске қосып, авиа-, авто-, мотокөлiк құралдарын, қарда жүретiн техниканы (қасқыр аулауды қоспағанда), шағын көлемдi кемелердi, түнде көру құралдарын, лазерлiк нысана көрсеткiштерiн, жарық беру және дыбыс шығару құралдарын қолдана отырып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта;
11) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында аң аулауға тыйым салынады.
39-бап. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, өсіру және көбейту үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін не олардың қорларының өсімін молайту үшін маңызы бар су айдындары не олардың бөліктері (өзендер және оларға теңестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңіз сулары.
Сулы-батпақты алқаптар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген белгілерге олар сәйкес келген жағдайда балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің құрамына енгізілуі мүмкін.
2. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері маңызы жағынан халықаралық, республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.
3. Халықаралық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне Қазақстан Республикасының және онымен шектес мемлекеттердiң аумақтарында орналасқан су тоғандары жатады.
Республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне екi және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері жатады.
Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне облыстық атқарушы орган бекiткен тiзбеге енгiзiлген қалған барлық балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері жатады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері биологиялық негіздемесі болған кезде акваөсіру мақсаттары үшін пайдаланылуы мүмкін.
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі балық шаруашылығын жүргізу ережелеріне сәйкес ихтиофаунаның толығымен немесе ішінара ауысуымен балық өсіру мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
4. Балық шаруашылығы су тоғандарында:
1) елдi мекендердiң, балық қабылдау пункттерiнiң жанына бакендер орнату үшiн, аялдауды және аса қажет жағдайды қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған жерлерде су көлiгiнiң тоқтауына;
2) балық аулайтын түрлi құралдарды бiр балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінен басқаларына арнайы өңдеусiз апаруға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өзендерде жаңа балық шаруашылығы учаскелерiн, ұйықтар (ұйықтық учаскелер) ашуға, салдар мен қалқымалар орнатуға;
4) су тоғандарында немесе оған тiкелей жақын жерде балық аулау ережелерiнде қолдану көзделмеген балық аулау құралдарымен болуға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) балықтарды ноқталарында сақтауға, жүзу құралдарынан және балық аулау құралдарынан шыққан өлi және ауру балықты суға және жағалау белдеуiне лақтырып тастауға;
6) балық аулау ережелерiнде белгiленген кәсiпшiлiк шаралардан кем балық аулауға, қабылдауға, сатуға және сақтауға;
7) уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсатынсыз балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде суда жүзетiн құстар өсiруге және құндыз өсiру немесе басқа кәсiпшiлiк мақсатта мелиорациялық жұмыстар жүргiзуге;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) мұз қатқан кезеңде балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне уәкілетті органның келісімінсіз көлік және өзге де механикалық жылжымалы құралдармен баруға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) жеке және заңды тұлғаларға түрін көрсетпестен немесе «басқа» және «майда» деген атаумен тапсыруды және қабылдауды жүзеге асыруға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) екі және одан да көп аумен (құлыптаудағы) сүзуді бір мезгілде жүргізуге, сондай-ақ алдыңғы ауды жағалауға толық лақтырғанға дейін ауды сүзуді бастауға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде уәкілетті органмен келісусіз двигательдері қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруіне тыйым салынады.
5. Мына жағдайларда:
1) бөгеттердiң, шлюздердiң және көпiрлердiң жанында, көлдердi өзара және негiзгi өзенмен жалғастыратын тармақтарда, мелиорациялық жүйелердiң жеткізу арналары мен бұрылыстарында, балық аулау ережелерiнде белгiленген шекаралардан тыс өзендер мен арналардың сағалары алдында;
2) балық аулау ережелерiнде көзделмеген балық аулау құралдарымен;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңмен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеменің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мерзімде және орындарда қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде;
5) балық аулау құқығын беретiн рұқсатқа сәйкес ұйымның атауы және балық аулау құралдарының параметрлерi көрсетiлген жапсырмалары жоқ балық аулау құралдарымен;
6) теңiзде және өзендерде бекiре балықтарды аулауға арналған құрылған аулау құралдарымен;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) балық аулау ережелерімен, шектеулермен және тыйымдармен жол берілмейтін тәсілдермен;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) уәкілетті органның рұқсатынсыз балық аулаудың жаңа түрлері мен тәсілдерін қолданумен, сондай-ақ ұясы рұқсаттарда көзделгендерден кем мөлшердегі аулау құралдарымен;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) аулау құралдары өзеннің немесе өзен тармағы енінің үштен екіден астамын қамтып;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) құрмалы аулау құралдарын шахматтық тәртіппен, вентерлер мен секреттерді өзендер мен бастаулардың, құятын каналдардың сағасынан бес жүз метр радиуста орнатумен;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру кезінде бөгеттерден, шлюздер мен көпірлерден бес жүз метрден жақын қашықтықта;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңмен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеменің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін орындарда және мерзімде балық ресурстарының және басқа да су жануарларының көбею кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) жарылғыш және уландыратын заттарды, сондай-ақ атыс қаруын пайдаланумен;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) уәкілетті органның рұқсатынсыз кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат берілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолданумен балық аулауға тыйым салынады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 39-1-баппен толықтырылды
39-1-бап. Сулы-батпақты алқаптар
1. Сулы-батпақты алқаптар - табиғи (тереңдігі судың қайтуы кезінде алты метрден аспайтын теңіз суларын қоспағанда) және сирек кездесетіндерін әрі құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, су маңындағы жануарлар түрлерінің жаппай мекендейтін, ұя салатын, өсімін молайтатын орны болып табылатын жасанды акваторийлер.
2. Сулы-батпақты алқаптар маңызы бойынша халықаралық және республикалық болып бөлінеді.
3. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген алқаптар жатады.
4. Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген барлық қалған алқаптар жатады.
5. Сулы-батпақты алқаптарда, сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаралар көзделеді.
6. Сулы-батпақты алқаптарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган даму жоспарын бекітеді.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40-бап. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібi
1. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері конкурс қорытындысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бассейндік принцип ескеріле отырып, бекітіп беріледі.
Конкурсты конкурс өткізу ережелеріне сәйкес құрылған, құрамына уәкілетті органның, облыстың жергілікті атқарушы органының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері енгізілетін комиссия өткізеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда конкурсты Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын комиссия өткізеді.
Конкурсқа шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен паспорттандыру, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын биологиялық-экономикалық тексеру негізінде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге перспективті деп танылатын резервтік қордың аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қойылады.
Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толығымен орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері олар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтінімі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен конкурс өткізілмей-ақ және уәкілетті органның ұсынымынсыз соларға бекітіп беріледі.
Бекітіп беру мерзімі өткен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда олар бұрын бекітіп берілген адамдардың өтінімі бойынша конкурс өткізілмей-ақ және уәкілетті органның ұсынымынсыз қайта бекітіп беріледі.
Жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген адамдар қабылдаған шаралардың нәтижесінде байланысты қырылу қаупі белгілерін жоғалтса, олар біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда бекітіп берілу мерзімі өткен соң олардың өтінімі бойынша конкурс өткізілмей-ақ және уәкілетті органның ұсынымынсыз бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге қайта бекітіп беріледі.
Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері, ұйықтар (ұйықтық учаскелер) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өсімін молайту мақсаттары үшін уәкілетті органның ұсынымы бойынша конкурстан тыс негізде қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарына бекітіп берілуі мүмкін.
2. Бекітіп беру:
1) аңшылық алқаптар үшін аңшылық шаруашылығын жүргізу мақсатында - он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;
2) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;
3) жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында - бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімді құрайды.
3. Бұрын ұйымдастырылған аңшылық және балық шаруашылықтары шекараларындағы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қосымша шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыруды және балық шаруашылығын ұйымдастыруды өткізбей-ақ - алдыңғы тексерулер материалдарының негізінде қайта бекітіп беріледі.
4. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы мүдделі жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері аумағына немесе акваториясына кіретін учаскелерде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу және аң аулау мен балық аулауды жүзеге асыру мақсаттарында сервитут беруді қамтамасыз етуге міндетті.
41-бап. Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану
Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерi мен тiршiлiк ету өнiмдерiн шаруашылық мақсаттарда пайдалану уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен жүзеге асырылады.
42-бап. Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жинау үшін пайдалану
Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнгеннен басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жинау үшiн пайдалану уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
43-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту саласындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсiпорындар
Қазақстан Республикасының Үкіметі жануарлар дүниесiнiң саны азаюға ұшыраған жекелеген түрлерiнің популяциясын қорғауды жүзеге асыру үшiн мемлекеттік мекемелердi және тектiк қорды сақтау мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды түрде өсiру үшiн республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды құрады.
8-тарау. Жануарлар санын реттеу
44-бап. Жануарлар санын реттеудiң мақсаттары
Жануарлардың санын реттеу:
1) халықтың денсаулығын сақтау;
2) ауыл шаруашылығы мен үй жануарлары ауруларын болдырмау;
3) экономикаға зиян келтiрудi болдырмау;
4) биологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсатында жүзеге асырылады.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 45-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
45-бап. Жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын реттеудiң негiздерi
Жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын реттеудiң негiздерi:
1) халықтың, ауыл шаруашылығы мен үй жануарларының жұқтырушылары жануарлар дүниесiнiң объектiлерi болып табылатын ауруларды жұқтыру немесе онымен ауыру қатерiнiң туындауы;
2) экономикаға елеулi зиян келтiру қатерiнiң туындауы;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жануарлардың жекелеген түрлерi санының азаюына және басқа жағымсыз салдарларға әкеп соққан жануарлар дүниесi мекендейтiн ортада қалыптасқан табиғи баланстың бұзылуы;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) балықтардың жаппай қырылуына әкеп соғуы мүмкін су айдындарының және (немесе) учаскелерінің гидрохимиялық және өзге де режимдерінің бұзылу қаупінің туындауы болып табылады.