17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде мемлекеттік орман қоры учаскелерін орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру кезінде орман иеленушіге орман зиянкестерімен және ауруларымен күресті ұйымдастыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ оған мемлекеттік орман қорының орман пайдалану үшін бөліп берілген учаскелерінде орман зиянкестері мен ауруларының пайда болуы туралы оған уақытылы хабарлауға;»
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) орман пайлалануға берілген учаскелерде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының талаптарына сәйкес орман қорының жер учаскелерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;»;
18) тармақша алып тасталсын;
20) тармақшада:
«, орман пайдалану төлемақысының мөлшерін анықтау» деген сөздер алып тасталсын;
«аумақтық органдарына» деген сөздер «аумақтық бөлімшелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 39-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «тоқтатыла тұруы мүмкін» деген сөздер «тоқтатыла тұрады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «шектелуі мүмкін» деген сөздер «шектеледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
31) 40-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында «немесе орман пайдаланудың төлемақысын» деген сөздер «немесе төлемақыны» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 42-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болу тәртiбi мен шарттары мемлекеттiк орман қорының санатымен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрімен, аумақтың абаттану деңгейiмен және орман пайдаланудың түрiмен айқындалады.
2. Жеке тұлғалардың, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатына жатқызылған өсімдіктер дүниесі объектілерін қоспағанда, демалыс өткiзу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық iс-шараларға қатысу, жабайы өскен жемiстердi, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшiн жинау мақсатында мемлекеттiк орман қоры аумағында тегiн рұқсаттама құжаттарынсыз болуға құқығы бар.
3. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында жабайы өскен жемiстердi, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшiн жинауына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi органының шешiмiмен бекiтiлген нормалар шегiнде рұқсат етiледi.»;
33) 44-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «мен орманды саябақтар» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың 3) тармақшасы «қызметінің режимі - » деген сөздерден кейін «жапырақты сүрекдiңдерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
34) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаш аймағын мемлекеттік орман иеленушінің орман орналастыру жобасының құрамында уәкілетті орган бекітеді.»;
35) 49-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде «аумақтық орган» деген сөздер «аумақтық бөлімше» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Аумақтық органның» деген сөздер «Аумақтық бөлімшенің» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 55-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «шаруашылық iшiнде ұйымдастырылуын анықтау» деген сөздер «шаруашылықiшiлік ұйымдастырылуын айқындау, оның ішінде орманшылықтарға, орман шеберiнiң учаскелерiне және орман қарау аймағына бөлу» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) артықшылығы бар, қалыпты және кемiстiгi бар екпелерді қоса алғанда, орман екпелерін селекциялық тұрғыдан бағалау;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жанама орман пайдалану мен қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтаждары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану, оның ішінде сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру мөлшерiн айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) орман шаруашылығын жүргiзуге кешендi баға беру кезінде өткен тексеру кезеңi iшiнде орман қоры аумағында өрттен және ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды айқындау;»;
2-тармақтағы «ормандарды түгендеуге» деген сөздер «оны түгендеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 56-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орман орналастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу қағидаларына және уәкiлеттi орган бекіткен нұсқаулыққа сәйкес бiрыңғай жүйе бойынша орындалады.»;
2-тармақ «ұйымдары» деген сөзден кейін «аэрофототүсірілімі мен ғарыш түсірілімінің материалдарын қолдана отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
38) 57-баптың 1-тармағы «баға беріледі,» деген сөздерден кейін «орман шаруашылығы іс-шаралары жоспарланады және» деген сөздермен толықтырылсын;
39) 58-баптың 1-тармағындағы «оған ведомостволық бағыныстағы ұйымдар өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде» деген сөздер «мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
40) 59-бапта:
2-тармақ «уәкілетті органмен» деген сөздер «уәкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.»;
41) 60-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік орман кадастрын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.»;
2-тармақтағы «орман пайдаланудың» деген сөздер «ормандарды пайдаланудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 61-бапта:
«және ормандарды молықтыру, орман қорын пайдалану,» деген сөздер «мен пайдалану және ормандарды молықтыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ормандардың мемлекеттік мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.»;
43) 62-баптың 4) тармақшасы «түбірімен босату» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу» деген сөздермен толықтырылсын;
44) 63-баптың 1-тармағындағы «аумақтық органдары» деген сөздер «аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 64-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орман шаруашылығы объектiлерiнде мемлекеттiк өрт қадағалау өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi облыстың уәкілетті органымен және (немесе) жергілікті атқарушы органымен жасалған келiсiмімен регламенттеледi.»;
46) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«65-бап. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар
1. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүргізу саласында маманданған ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
2. Ормандарды өрттерден күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындау үшін орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүргізу саласында маманданған ұйымдар мемлекеттік метеорологиялық қызметтің қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді ауа райы болжамдарымен қамтамасыз етіледі.»;
47) 66-баптың 1-тармағындағы «қатыса алады» деген сөздер «қатысуға құқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 67-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және олармен күресу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
49) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«68-бап. Жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктердің орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз етуге қатысуы
Жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз етуге қатысады.
Халық орман қорын күзетуге, қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсіруге жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы қатысады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар орман қорын күзетуге, қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсіруге байланысты жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жәрдем көрсетеді.
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мақсатында құрылған қоғамдық бірлестіктер ормандардың биологиялық әр алуандығын, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін, мәдени және табиғи мұраны сақтау, орман ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, мектеп орманшылықтарын дамыту, қоғамдық өрт сөндіру бірлестіктерін құру жөніндегі өздерінің қызметін және орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы басқа да қызметті орман мекемесімен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.»;
50) 69-баптың 5-тармағы «тәртiппен» деген сөзден кейін «айырым белгілері бар» деген сөздермен толықтырылсын;
51) 73-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мемлекеттік орман қорында орман дақылдарын, питомниктерді, орманның табиғи қалпына келуіне жәрдемдесу шаралары жүргізілген және табиғи өсуге қалдырылған алаңдарды түгендеу уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.»;
52) 75-баптың 2-тармағында «ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның» деген сөздер «ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 77-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Орман тұқымы плантациялары мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен және осы салада маманданған жобалау-іздестіру немесе ғылыми ұйымдар әзірлеген жобалар бойынша құрылады.
Тұрақты орман тұқымы учаскелері осы салада маманданған жобалау-іздестіру және ғылыми ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес қалыптасады.»;
54) 78-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «дақылдары жатады.» деген сөздер «дақылдары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) орман генетикалық резерваттары жатады.»;
55) 80-бапта:
3-тармақтағы «орман тұқымдарының егу сапасын,» деген сөздер «орман тұқымдарына сараптама жасауды» деген сөздермен және «сәйкестігін айқындауды» деген сөздер «сәйкестігі туралы құжаттар беруді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
56) 81-бапта «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарына» деген сөздер «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
57) 82-бапта:
тақырыбындағы «Қала ормандары мен орманды саябақтарда» деген сөздер «Қала ормандарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«мен орманды саябақтар» деген сөздер алып тасталсын;
«мәдени-сауықтыру және спорт шараларын» деген сөздер «сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да шараларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
58) 83-баптағы «Мемлекеттік шекара туралы заңдарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
59) 84-бапта:
1-тармақтағы «Кодекстiң талаптарына сәйкес» деген сөздер «Кодекске сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «аумақтық органдары» деген сөздер «аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 60) тармақшасы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
60) 88-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.» деген сөздер «пайдалану;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.»;
61) 92-бапта:
2-тармақтағы «өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік орман қорының мынадай:
1) шектеулі шаруашылық қызметі аймақтарында «мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ ормандары» және «мемлекеттік өңірлік табиғи саябақ ормандары»;
2) «жапырақты сүрекдіңдерді қоспағанда, «өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi»;
3) шектеулі шаруашылық қызметі аймағындағы «мемлекеттік қорық аймақтары ормандары» санаттарында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленеді.
Мемлекеттік орман қорының «өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi» санатында шаруашылық қызмет Қазақстан Республикасының орман және су заңнамаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
62) 93-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
«су жайылған жерлердегі өскіндерінен жаңарып шығатын жапырақты сүрекдіңдерінде» деген сөздер «жапырақты сүрекдіңдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«су қоймалары» деген сөздерден кейін «, каналдар» деген сөзбен толықтырылсын;
63) 94-бапта:
2-тармақтағы «санитарлық» деген сөз «іріктеп санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «сүрек дайындау көлемі» деген сөздерден кейін «жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу жөніндегі,» деген сөздермен толықтырылсын;
64) мынадай мазмұндағы 102-1 және 102-2-баптармен толықтырылсын:
4-тармақтың 64) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«102-1-бап. Мемлекеттік орман қорының учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану
1. Мемлекеттік орман қорының учаскелері ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзімді орман пайдалануға шарт талаптарымен беріледі.
2. Арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қорының тек ормансыз жерлерге жататын учаскелері бөлінеді.
102-2-бап. Орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу
1. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу уәкілетті орган берген рұқсаттың негізінде және уәкілетті органмен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша жүзеге асырылады.
2. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткеннен соң орман пайдаланушының шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға артықшылықты құқығы бар.
3. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде құрылыс объектілерін пайдалану құқығының ауысу мәселелері ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында айқындалады.
4. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, орман пайдаланушы құрылыс объектілерін уәкілетті органның жазбаша хабарламасына сәйкес басқа тұлғаға беру не шартта өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы учаскені қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізуге міндетті.
5. Жер учаскелеріндегі құрылыс объектілерін бөлшектеуді және сыртқа шығаруды орман пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз тәсілмен жүзеге асыруға тиіс.»;
65) 103-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде «пайдалану» деген сөз «орман пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
66) 106-бапта:
1) тармақшада «заң» деген сөз «заңнамалық» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «жолымен жүзеге асырылады.» деген сөздер «және жекеше орман өсіруді дамытуды мемлекеттік қолдау;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге, жекеше орман питомниктерін құру мен дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу жолымен жүзеге асырылады.»;
67) 108-баптың 2-тармағындағы «ормандарды күзету, қорғау,» деген сөздер «орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
68) 110-бапта:
8) тармақшада:
екінші абзацтағы «аурулардан» деген сөз «орман ауруларынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«орман шаруашылығын жобалау;»;
8) тармақшадағы «iс-шараларды қаржыландыру жүзеге асырылады.» деген сөздер «іс-шараларды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге, жекеше орман питомниктерін құру мен дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеуді қаржыландыру жүзеге асырылады.»;
69) 112-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацта мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аралық мақсатта пайдалану үшін және өзге де мақсаттарда ағаш кесу және басқа да, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесу кезінде алынған сүректі өңдеуден алынған тауарлар мен өнімдерді, сондай-ақ жанама орман пайдалану өнімдерін өткізу және сүрек өңдеу жөнінде қызметтер көрсету;»;
мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) орман мекемелерінің аумақтары шегінде халыққа жүк тасымалдау жөнінде көлік қызметтерін көрсету;
4) орман пайдаланушымен жасалған шартқа сәйкес сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру есебінен қаражаты болуына құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен табыс алу мақсатында орман мекемелері мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуға құқылы.»;
70) мынадай мазмұндағы жаңа 18-1-тараумен толықтырылсын:
«18-1-тарау. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау
112-1-бап. Жекеше орман өсірудің мемлекеттік қолдауға жататын бағыттары
1. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларын плантациялық өсіру;
2) орман питомниктерін құру және дамыту.
2. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың жерлерінде де, мемлекеттік орман қоры жерлерінде де жүзеге асырылады.
112-2-бап. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау субъектілері
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіру, жекеше орман питомниктерін құру мен дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары және мемлекеттік емес заңды тұлғалары жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау субъектілері болып табылады.
112-3-бап. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау және оны жүзеге асыру мерзімдері
1. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау:
1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге жұмсалатын шығыстарды өтеу (елу пайызға дейін);
2) жекеше орман питомниктерін құру және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу (елу пайызға дейін) арқылы жүзеге асырылады.
2. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау мынадай мерзімдерден аспай жүзеге асырылады:
1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларын плантациялық өсіру - он-он бес жыл;
2) жекеше орман питомниктерін құру мен дамыту - бес-он жыл.»;
71) 114 және 116-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«114-бап. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.»;
«116-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн жойғаны немесе зақымдағаны үшiн жауаптылық
Осы Кодекстiң 6-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлгеннен басқа, орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн заңсыз жою немесе зақымдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».
5. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «жануарлар мен өсімдіктер» деген сөздер «өсімдіктер мен жануарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұны мынадай мазмұндағы 19-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«19-1-бап. Мемлекеттік орман қорының су объектілері»;
3) 11-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы «су объектiлерi болып бөлiнедi.» деген сөздер «су объектілері;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) мемлекеттік орман қорының су объектілері болып бөлінеді.»;
4) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:
«19-1-бап. Мемлекеттік орман қорының су объектілері
1. Мемлекеттік орман қорының су объектілерін құру тәртібі, күзету режимі, сондай-ақ олардағы қызмет шарттары Қазақстан Республикасының су және орман заңнамасында белгіленеді.
2. Су объектілеріне іргелес мемлекеттік орман қоры аумақтарын күзету режимі Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес су объектілерін санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде сақтап тұруды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау үшін белгіленеді.
3. Мемлекеттік орман қорының су объектілерін пайдалануға беру осы Кодеске сәйкес жүзеге асырылады.»;
5) 37-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау тәртібін әзірлейді;»;
6) 37-1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен елді мекендер шегінде ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін әзірлейді;».;
7) 116-бапта:
1-тармақтағы «Су объектiлерi» деген сөздер «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері мен мемлекеттік орман қоры құрамына кіретін су объектілерін қоспағанда, су объектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын.
6. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстант Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат, 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланәан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):