Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 12-1/320 Хаты
«Параграф» ақпараттық жүйесінде жариялау үшін 2012 жылғы 1 қаңтарда күштеріне енген
1. 2010 жылғы 18 қарашадағы Санкт-Петербург қаласында жасалған Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы Келісімнің;
2. 2010 жылғы 19 қарашадағы Санкт-Петербург қаласында жасалған Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы Келісімнің;
3. 2010 жылғы 19 қарашадағы Санкт-Петербург қаласында жасалған Көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы Келісімнің;
4. 2010 жылғы 19 қарашадағы Санкт-Петербург қаласында жасалған Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы Келісімнің;
5. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Мәскеу қаласында жасалған Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау туралы Келісімнің;
6. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Мәскеу қаласында жасалған Келісілген макроэкономикалық саясат туралы Келісімнің;
7. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Мәскеу қаласында жасалған Өнеркәсіптік демеуқаржылар ұсынудың бірыңғай қағидалары туралы Келісімнің;
8. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Мәскеу қаласында жасалған Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары туралы Келісімнің;
9. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Мәскеу қаласында жасалған Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы Келісімнің;
10. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Мәскеу қаласында жасалған Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы Келісімнің;
11. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Мәскеу қаласында жасалған Өнеркәсіптік субсидияларды берудің бірыңғай қағидалары туралы Келісімнің;
12. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Мәскеу қаласында жасалған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы Келісімнің;
13. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Мәскеу қаласында жасалған Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердегі қызметтер көрсету саудасы және инвестициялар туралы Келісімнің;
14. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Мәскеу қаласында жасалған Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы бірыңғай реттеу қағидаттары туралы Келісімнің;
15. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Мәскеу қаласында жасалған Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеу және даму тәртібі туралы Келісімнің;
16. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Мәскеу қаласында жасалған Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалы жүйелері арқылы газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу қағидалары туралы Келісімнің;
17. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Мәскеу қаласында жасалған Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігінің қызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы Келісімнің оларға қол қойылған барлық тілдердегі мәтіндерінің көшірмелерін жіберіп отырмыз.
Қосымша: аталған, 498 парақта
Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші - ХҚД Директоры | З. Аманжолова |