ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47. Бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы бекітілген анықтамалардың негізінде салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға республикалық бюджет кірістері түсімдерінің жоспарын жібереді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 48-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
48. Салықтық және бюджетке түсетін басқа да міндетті түсімдердің, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомасының, қарыздардың бюджетке түсетін түсімдерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган кредиттік шарттарға, қарыз шарттарына, борышты қайта құрылымдау келісіміне енгізілген өзгерістердің негізінде және осы Ереженің 30-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттің қаржы активтерін сату жоспарын өзгертудің негізінде аталған түсімдер тізбесі бойынша оларға өзара қатынасы бар органдардың өтінімдері бойынша жүзеге асырады.
Түсімдердің болжамдық жылдық сомасын өзгертуге кезекті қаржы жылына арналған бюджетті нақтылаған кезде ғана жол беріледі.
Түсімдердің жиынтық жоспарына және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылардың, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін бюджеттік кредиттерді өтеу сомасының жоғары тұрған бюджетке түсетін түсімдер жоспарына өзгерістер енгізуді төмен тұрған бюджеттер кірістерінің жоспарын асыра орындаудың, кредит шарттарының талаптарын өзгерту негізінде және жоғары тұрған бюджет түсімдерінің бірдей ай сайынғы сомасын және төмен тұрған бюджеттердің тиісті шығыстарының сомасын сақтап қалу мақсатында төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдардың өтінімі бойынша жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
49. Кірістердің түсімдері, кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдерді, қарыздарды өтеу жоспарларын өзгертуге өтінімдер қабылданбаған кезде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бас тарту себептері мен негіздемесін көрсете отырып, өтінім берген мемлекеттік органға, төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жоспарларды өзгертуден бас тартатыны туралы хабардар етеді.
50. Жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгертулер енгізу туралы анықтаманы Ереженің осы бөлімінде белгіленген тәртіппен және төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің 29-30-қосымшаларына сәйкес жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы негізінде қалыптастырады.
Төмен тұрған бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттерге тарнсферттерді беруіне, борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуге байланысты шығыстар бойынша төмен тұрған бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы Ереженің осы бөлімінде белгіленген тәртіппен және жоғары тұрған бюджеттің уәкілетті органы ұсынған жоғары тұрған бюджет түсімдерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама негізінде төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
51. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманың бір данасын оларды бекіткеннен кейін екі жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз және магнит тасығыштарда береді.
52. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық дерекқор түрінде есептіден кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмейтін мерзімде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша кірістер түсімдерінің нақтыланған жиынтық жоспарын ұсынады, кейіннен ілеспе хатты қағаз тасығышта растайды. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган салық, және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органға жергілікті бюджеттердің кірістері түсімдерінің нақтыланған жоспарын жібереді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 53-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
53. Республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау кезінде мемлекеттік мекемелер қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарларын, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган -бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын осы Ереженiң 5-тарауында белгiленген тәртiппен оларға өзгерістер енгізу жолымен нақтылайды.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңын іске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулыларын қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жылдық жоспарлы сома өзгертiлген бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтiнiм ұсынады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi қосымша бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға осы Ереженiң 2-11-тармақтарына сәйкес мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының жобаларын тапсырады.
Бюджет нақтыланған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның кезекті қаржы жылына арналған бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес түсімдердің жылдық болжамдық сомаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң немесе мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі қабылданған күннен бастап 5 күннің ішінде бекітіледі.
54. Бюджет нақтыланғанға дейін кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджеттердi түзетулер негiзiнде (бұдан әрi - бюджеттi түзету) жиынтық жоспарларға енгізілетін түсiмдер мен шығыстар сомасының барлық ағымдағы өзгерістерi, сондай-ақ оларды ай сайынғы бөлгендегі өзгерістерді бекітілген бюджеттiң электрондық дерекқорының қайталама көшiрмесiнде жүзеге асырылады.
Бекiтiлген бюджеттiң электрондық дерекқорының қайталама көшiрмесiне енгiзiлетiн түзетулер нәтижесiнде түзетiлген бюджет қалыптастырылады.
55. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға немесе мәслихаттың шешіміне сәйкес қалыптастырылған, бөлiнетiн бюджеттік бағдарламаларды бөлуге байланысты түзетуден басқа, сол сияқты бюджеттi нақтылауға дейiн жүргiзiлген түзетудi де ескеретiн түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған бюджетке сәйкес келедi.
Нақтыланған бюджет бойынша жиынтық жоспарларды қалыптастыру бюджеттің нақтыланған көрсеткіштері бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлуге байланысты түзетулерді қоспағанда, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге анықтамалар енгізу арқылы түзетілген бюджеттің электрондық дерекқорында жүзеге асырылады.
56. Бюджет кодексiнiң 111-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бiр бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бойынша бюджетте бекітілген бюджеттік бағдарламаның қаражатын түрлi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi арасында бөлу туралы шешiм қабылданған кезде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган осы Ереженiң 5-тарауында белгiленген тәртiппен бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган қалыптастыратын түсiмдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың негiзiнде түсiмдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен түзетiлген бюджетте осы өзгерістердi көрсетедi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 57-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
57. Бюджет кодексінің 104-бабының 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген шығыстарды қаржы жылының басындағы қаражат қалдықтарының есебінен қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ағымдағы жылдың 20 қаңтарына қарай мынадай құжаттардың дайындығын жүзеге асырады:
1) бюджет қаражатының қалдықтары туралы ақпаратты;
2) өткен қаржы жылында iс-шараларды толық орындамау себептерiн көрсете отырып, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша ақпаратты, инвестициялық жобалар тұрғысында бюджеттік бағдарламалар; бір қаржы жылынан астам дайындалу және жеткізу мерзімімен активтер мен басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар; бір қаржы жылынан астам қызмет көрсету мерзімімен қызметтер бойынша төленбеген шарттар тізбесін, сондай-ақ сыртқы қарыздар, гранттар және бюджеттік кредиттер қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік даму бағдарламасын қоспағанда, жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қаржы жылының бас кезінде пайдаланылмаған қалдықтың сомасы туралы ақпаратты береді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 58-тармақ өзгертілді
58. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган осы Ереженiң 57-тармағында көрсетiлген негiздерде бюджет комиссиясының қарауына белгiленген тәртiппен бюджеттік бағдарламалар тізбесін бюджет қаражатының қолда бар қалдықтары шегінде оларды ағымдағы қаржы жылы қаржыландыру жөніндегі ұсыныспен енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 59-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 59-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен 59-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
59. Бюджет комиссиясының шешімі негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын арттыру жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын ұлғайту жөніндегі қаулысының жобасында ағымдағы нысаналы трансферттер бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде, нысаналы даму бағдарламалары - инвестициялық жобалар бөлінісінде көрсетіледі.
60. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган осы Ереженiң 59-тармағында санамаланған нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде осы Ереженiң 5-тарауында айқындалған тәртiппен түсiмдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгiзедi.
61. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу кезiнде төмен тұрған бюджеттi, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша түзету осы Ереженiң 5-тарауында белгiленген тәртiппен кейiннен түсiмдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзе отырып, жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы мәслихатта бюджеттi нақтыламастан жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 62-тармақ өзгертілді
62. Қаржы жылының iшiнде орталық мемлекеттік органдарды, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердi құрған, таратқан, қайта ұйымдастырған, олардың функцияларын өзгерткен жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган таратылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдардың құқықтық мирасқорлары жаңадан құрылған мемлекеттік органдардың және оның ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң функцияларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде ҚР ББС-ке өзгерістер мен толықтырулар енгiзедi.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдарды, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді құруға, таратуға, қайта ұйымдастыруға, функцияларын өзгертуге байланысты бекітілген (нақтыланған) бюджет көрсеткіштерін түзету жөніндегі қаулының жобасын әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженiң 5-тарауында белгiленген тәртiппен жоспарлы тағайындауларға көшіру бөлігінде берілетін, бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген берілген бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде көшіру бөлiгiнде өзгерістер енгiзедi. Жүргізілген кассалық шығыстарды көшіруді аумақтық қазынашылық бөлімшелер жүзеге асырады.
Жоспарлы тағайындаулар мен бұрын жүргізілген кассалық шығыстарды көшiруді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның хатының негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшелері мынадай жағдайларда:
мемлекеттік органдарды, мекемелерді құрған, қайта ұйымдстырған, таратқан немесе қосқан;
республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерді нақтылау;
ҚР ББС-ға өзгерістер ензіген;
аумақтық қазынашылық бөлімшеде мемлекеттік мекеменiң қызмет көрсетілу орны өзгерген;
шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерінің құрылымына шығыстардың түрлерін өзгерту бөлігінде өзгерістер енген;
ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті орталықтандыру/орталықсыздандыру туралы шешім қабылдаған жағдайда жүзеге асырады.
3-бөлiм. Бюджеттiң атқарылуы
6-тарау. Бюджеттiң атқарылуы туралы жалпы ережелер
63. Бюджеттiң атқарылуы бюджетке барлық бюджет түсiмдерiнiң түрлерiн толық және уақтылы төлеумен, оларды Бiрыңғай қазынашылық шотына (бұдан әрi - БҚШ) есепке алумен және бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған iс-шараларды iске асыру мақсатында БҚШ-дан төлемдер мен аударымдарды уақтылы жүзеге асырумен қамтамасыз етiледi.
64. Бюджеттiң атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады. БҚШ-ға түсiмдердi есепке алу және оларды БҚШ-дан есептен шығару жөніндегі операциялар ақша нысанында есептеледi.
Түсiмдер мен шығыстар бойынша есептердi беру нысанын, тәртібі мен мерзiмдерiн бюджеттi атқару бойынша орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4-бөлім. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және мемлекеттік
мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі
7-тарау. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары
65. Қолма-қол ақшаның бақылау шоттары (бұдан әрі - ҚБШ) мына:
1) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді есептеумен және республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізумен;
2) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызмттерді) өткізуден түсетін ақшаны есептеумен және олардың есебінен шығыстарды жүргізумен;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына аударумен;
4) олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес алған мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны есептеумен және жұмсаумен;
5) тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға белгілі бір жағдайлар басталған кезде олардың қайтарамдылық негізінде не аудару шарттарында жеке және (немесе) заңды тұлғалар мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны аударумен;
6) бюджеттік ақшаны есептеумен және оларды ерекше шығыстарды жүргізуге пайдаланумен байланысты операцияларды есептеуге арналған.
66. Республикалық және жергілікті бюджеттердің түсімдерін есептеу мен республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрі - тиісті бюджеттердің ҚБШ) бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ашылады.
Тиісті бюджеттің ҚБШ түрлері:
республикалық бюджеттің ҚБШ;
облыстық бюджеттердің ҚБШ;
республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ҚБШ;
аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің ҚБШ.
67. Тиісті бюджеттердің ҚБШ-сынан түсімдер және жүргізілген төлемдер мен ақша аударымдары бойынша операциялар ҚР ББС және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.
8-тарау. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру
68. Республикалық және/немесе мемлекеттік бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жеті мәнді кодтар беріледі. Мұнда бірінші үш белгі ҚР ББС-қа сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодын білдіреді, келесі төрт белгі әр мемлекеттік мекеме үшін жеке болып табылады.
69. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге кодтар беру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің (бұдан әрі - СТН) көшірмелерін қоса бере отырып, осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім береді.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге кодтар беру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 10-тарауында көзделген құжаттар жинағын қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім жібереді.
Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінімде көрсетілген деректемелердің шынайылығын қамтамасыз етеді.
70. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей кодтар беріледі.
71. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер кодтар берген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық түрдегі хат арқылы берілген кодтар туралы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және аумақтық қазынашылық бөлімшелесіне хабарлайды.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан хат алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей берілген кодтар туралы жерлікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне хабарлайды.
72. Мемлекеттік мекемелердің берілген кодтарын тіркеу ҚБАЖ-да қалыптастырылатын мемлекеттік мекемелер анықтамалығында жазылады.
73. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекемелердің кодтарын ашқаны туралы тиісті салық органына салық қызметінің тиісті органдарына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды ашқаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
9-тарау. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік мекемелерге қолма-қол ақшаны бақылау
шоттары мен шетел валютасындағы шоттар ашуы
74. Мемлекеттік мекемелердің мынадай қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және шоттары болуы мүмкін:
1) мемлекеттік мекемелер өздерінің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан қалған қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - ақылы қызмет ҚБШ);
2) демеушілік, қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі - демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ);
3) ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі - ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ);
4) нысаналы қаржыландырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі - нысаналы қаржыландыру ҚБШ);
5) шетел валютасындағы шоттар.
75. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-ны ашу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және жергілікті уәкілетті орган осы Ереженің 33-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсат береді;
76. Демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашуға рұқсат тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухатының негізінде беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты мынаны қамтуы тиіс:
ҚБШ ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;
ашу талап етілетін ҚБШ-ның атауы;
мемлекеттік мекеме қаржыландырылатын бюджет түрі;
мемлекеттік мекеменің заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы;
қаржыландыру көздері;
баптың, тармақтың, тармақшаның нөмірлерін көрсете отырып, бюджет қаражатынан басқа өзге қаржыландыру көздеріне жол беретін заңнамалық актінің атауы және күні.
77. Мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашуға рұқсат бір рет беріледі және осы Ереженің 12-тарауында көзделген жағдайлардағы олар жабылғанға дейін әрекет етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 78-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
78. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге шетел валютасындағы шоттарды ашу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ереженің 34-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсат береді.
Шетел валютасындағы шотты ашуға рұқсат валюта түрлері және шығыстар түрлері бойынша рұқсаттың әрекет ету мерзімі ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін көрсетілген, тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты негізінде валюта түрлері және шығыстар түрлері бойынша беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты мынаны қамтуы тиіс:
шот ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;
СТН;
шоттың атауы;
валюта түрі;
қаржыландыру көздері;
шығыстарды бағыттау мақсаттары;
шетел валютасында шотты ашу үшін негіз.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 79-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
79. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар туралы заңнамасына сәйкес жасалған халықаралық шарттар мен халықаралық ынтымақтастықты және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру көзделген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайлардан басқа, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес резидент емес жеткізушілермен жасалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға арналған шарттар бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шетел валютасында шоттар ашуға қолдаухатты ұсынуына негіз болып табылады.