Бұл ретте, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң жазбаша өтiнiшi (еркiн нысанда) негiзiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi бөлiнетiн бюджеттік бағдарламалар есебiнен iс-шаралар өткізуге байланысты шығыстарға тақауын қояды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 264-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
264. Төмен тұрған бюджеттер ағымдағы қаржы жылы жоғары тұрған бюджеттiң бөлiнетiн бюджеттік бағдарламасынан алынған қаражатты жете пайдаланбаған кезде жоғары тұрған бюджеттің бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті резервтен қаржы бөлу туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулыларын әзірлейді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қабылданған қаулысының негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюжет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер енгізу жолымен тиісті жергілікті бюджетті түзетуді жүзеге асырады. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюжет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысының негізінде осы Ереженің 5-тарауында белгіленген тәртіппен төлемдер бойынша түсімдердің және қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
Төмен тұрған бюджеттің бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоғары тұрған бюджеттің бөлінетін бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджет түсімдері сыныптамасының тиісті кодынан жоғары тұрған бюджеттің бөлінетін бюджеттік бағдарламасынан алынған пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.
33-тарау. Нысаналы трансферттер бойынша
нәтижелер туралы келісімді әзірлеу тәртібі
265. Тәртіп Бюджет кодексіне сәйкес Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) әзірлеуге бірыңғай амалды қамтамасыз ету үшін әзірленді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 266-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
266. Келісім:
шешіміне нысаналы трансферттер бөлінетін мақсат пен міндеттерді;
нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуге тиіс тура және түпкілікті нәтижелер;
жергілікті атқарушы органның қол жеткізілген тура және түпкілікті нәтижелері туралы есепті тиісті жоғарғы тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ұсынуы туралы міндеттемені;
тараптардың шешімі бойынша анықталатын басқа да талаптар.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 267-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
267. Келісім бір қаржы жылына осы Ереженің 93-қосымшасына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірмей:
жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің.
Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілген нысаналы трансферттерді одан әрі бөлген жағдайда, аудандар бюджеттері арасында (облыстық маңызы бар қалалар) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы мен аудан әкімі (облыстық маңызы бар қала) арасында жасалады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 268-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
268. Келісім әрбір нысаналы трансферттер бойынша жеке жасалады:
Дамытуға арналған нысаналы трансферттер бойынша бірнеше инвестициялық жобалар болған жағдайда - 1, 2 және 3-қосымшаларды инвестициялық жобалар бойынша толтырылады.
Бірнеше нысаналы трансферттер бойынша бір Келісімді жасауға рұқсат беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 269-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.08.12. № 1321 Қаулысымен 269-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
269. Келісім жасасу кезіндегі негізгі сәттер:
1) Келісім жасасу кезінде мақсаттарды, міндеттерді, тікелей және соңғы нәтижелерді ескерген жөн, онда:
«Мақсаттары» деген 2.2-тармақта мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына сәйкес түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге бағытталған мақсаттары көрсетіледі;
«Міндеттері» деген 2.3-тармақта мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына сәйкес мақсатқа қол жеткізуге бағытталған міндеттері көрсетіледі;
«Тікелей нәтижелер» деген 2.4-тармақта Әкімнің нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізуі тиіс орындалатын мемлекеттік функциялардың, көрсетілетін қызметтердің, іс-шаралардың (оның ішінде сандық сипаттамасының) көлемі көрсетіледі. Нысаналы даму трансферттері бойынша жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ағымдағы қаржы жылына ұсынған бюджеттік өтінімге сәйкес нысаналы даму трансферттері шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобалардың атауы бойынша тізбесі көзделеді. Бұл ретте жалғаспалы сипаттағы объектілерді іске асырған жағдайда ағымдағы қаржы жылында орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі көрсетіледі, ал олар аяқталған жағдайда ағымдағы қаржы жылында аяқталған инвестициялық жобалардың атаулары көрсетіледі.
«Түпкілікті нәтижелер» деген 2.5-тармақта бюджеттік бағдарламаның және мемлекеттік орган қадағалайтын саланың (жүйенің) мақсатына қол жеткізуге тура нәтиженің әсер ету деңгейі (дәрежесі) көрсетіледі.
Түпкілікті нәтижені айқындау кезінде саладағы (қызмет аясындағы) бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға байланысты проблемалардың шешілуін көрсеткен жөн.
3.2-тармақта (аудару мерзімі) нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша немесе нысаналы даму трансферттері бойынша нысаналы трансферттің түрін ескерген жөн;
2) Келісімнің 1-қосымшасын толтыру бойынша:
Бұл қосымшада нысаналы трансферттерді айларға бөлу келтіріледі, бұл ретте бөлу жоғары тұрған бюджеттің төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына, төмен тұрған бюджеттің төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес болуы тиіс;
Келісімнің 1-қосымшасы мынадай тәртіппен жасалады:
«Нысаналы трансферттің атауы» деген жолда жоғарғы тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферт іске асырылатын бюджеттік бағдарламаның атауы көрсетіледі;
«Кезең» деген жолда жоғары тұрған бюджеттің нысаналы трансферттерді бөлу кезеңі көрсетіледі;
«Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражат сомасы» деген жолда жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердің сомасы көрсетіледі;
«Өлшем бірлігі» деген жолда өлшем бірлігі көрсетіледі;
«Бағдарлама» және «Кіші бағдарлама» деген бағандарда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер іске асырылатын төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының және кіші бағдарламасының атаулары толтырылады;
«Барлығы» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің жалпы сомасы көрсетіледі;
«Қаңтар», «Ақпан», «Наурыз», «Сәуір», «Мамыр», «Маусым», «Шілде», «Тамыз», «Қыркүйек», «Қазан», «Қараша», «Желтоқсан» деген бағандарда жоғарғы тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке аударуға жататын нысаналы трансферттердің сомасы көрсетіледі;
3) Келісімнің 2-қосымшасын толтыру бойынша:
Нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізулер туралы аралық есепте тікелей нәтижелерге нақты қол жеткізу туралы, осы кезеңге жоспарланған нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептерін көрсете отырып, нысаналы трансферттер сомасының белгілі бір уақыт кезеңіндегі игерілуі туралы деректер келтіріледі.
Келісімнің 2-қосымшасы мынадай тәртіппен жасалады:
«Мемлекеттік органның атауы» деген жолда Келісім жасасқан жергілікті атқарушы орган көрсетіледі;
«Нысаналы трансферттің атауы» деген жолда жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының атауы көрсетіледі;
«Есеп кезеңі» деген жолда есепті қаржы жылының жарты жылдығы көрсетіледі;
«Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы» деген жолда 1 шілдедегі жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердің сомасы көрсетіледі;
«(бюджеттік бағдарламаның атауы)» және «(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды» деген жолдарда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер іске асырылатын төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының (кіші бағдарламасының) атаулары мен коды толтырылады;
«Тікелей нәтиже» деген жол бойынша:
«Көрсеткіштер атауы (жоспардағы іс-шаралар)» деген бағанда жасасқан Келісімде көзделген, жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуі тиіс жоспарланатын (орындалатын) іс-шаралар көрсетіледі. Нысаналы даму трансферттері бойынша бұл бағанда іс-шаралар әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша көрсетіледі;
«Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы» деген бағанда іс-шаралардың нақты орындалуы, яғни жартыжылдық қорытындылары бойынша жұмыстар неше пайызға орындалғаны және қызметтер көрсетілгені, жұмыстар мен қызметтердің орындалу кестесінің сақталуы көрсетіледі, жұмыстар мен қызметтердің жартыжылдықтағы орындалу (тауарларды сатып алу) сатысы сипатталады. Нысаналы даму трансферттері бойынша тікелей нәтижелер әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша толтырылады;
«Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері» деген бағанда атқарылмау сомасына байланысты нысаналы трансферттер бойынша тікелей нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері егжей-тегжейлі сипатталады. Жоспарланған іс-шаралар кестеден кешіккен жағдайда кешігу себептері көрсетіледі;
«Жоспар мың теңгемен» және «Факті мың теңгемен» деген бағандарда есепті қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жоғарғы тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомасы мен олардың есепті қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша нақты атқарылуы көрсетіледі;
«Ауытқуы мың теңгемен» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомасы мен олардың есепті қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша нақты атқарылу сомасы арасындағы айырма көрсетіледі;
4) Келісімнің 3-қосымшасын толтыру бойынша:
Нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізулер туралы қорытынды есепте тікелей және түпкілікті нәтижелерге нақты қол жеткізу туралы, нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері көрсетіле отырып, ағымдағы қаржы жылының нысаналы трансферттер сомасының игерілуі туралы деректер келтіріледі.
Келісімнің 3-қосымшасы мынадай тәртіппен жасалады:
«Мемлекеттік органның атауы» деген жолда Келісім жасасқан жергілікті атқарушы орган көрсетіледі;
«Нысаналы трансферттің атауы» деген жолда жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының атауы көрсетіледі;
«Есеп кезеңі» деген жолда есепті қаржы жылы көрсетіледі;
«Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы» деген жолда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердің сомасы көрсетіледі;
«(бюджеттік бағдарламаның атауы)» және «(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды» деген жолдарда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер іске асырылатын төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының (кіші бағдарламасының) атаулары мен коды толтырылады;
«Тікелей нәтиже» деген жол бойынша:
«Көрсеткіштер атауы (жоспардағы іс-шаралар)» деген бағанда жасасқан Келісімде көзделген, жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуі тиіс жоспарланатын (орындалатын) іс-шаралар көрсетіледі. Нысаналы даму трансферттері бойынша бұл бағанда іс-шаралар әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша көрсетіледі;
«Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге кол жеткізу сатысы» деген бағанда іс-шаралардың нақты орындалуы, яғни, жыл қорытындылары бойынша жұмыстар неше пайызға орындалғаны және қызметтер ұсынылғаны, жұмыстар мен қызметтердің орындалу сатысы көрсетіледі, жұмыстар мен қызметтердің есепті жылдағы орындалу (тауарларды сатып алу) сатысы сипатталады. Нысаналы даму трансферттері бойынша тікелей нәтижелер әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша толтырылады;
«Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері» деген бағанда атқарылмау сомасына байланысты нысаналы трансферттер бойынша тікелей нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері егжей-тегжейлі сипатталады. Жоспарланған іс-шаралар кестеден кешіккен жағдайда кешігу себептері көрсетіледі;
«Жоспар мың теңгемен» және «Факті мың теңгемен» деген бағандарда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомасы мен олардың ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша нақты атқарылуы көрсетіледі;
«Ауытқуы мың теңгемен» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомалары мен олардың ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша нақты атқарылу сомасы арасындағы айырма көрсетіледі;
«Түпкілікті нәтиже» деген жолда:
«Жоспарланған көрсеткіштер (іс-шаралар)» деген бағанда жасасқан Келісімде көзделген түпкілікті нәтижелер, яғни, кол жеткізілген тікелей нәтиженің мақсаттарға қол жеткізуге күтілетін әсері көрсетіледі. Нысаналы даму трансферттері бойынша түпкілікті нәтижелер әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша толтырылады;
«Нәтижелерге нақты қол жеткізу» деген бағанда түпкілікті нәтижелердің нақты орындалуы, яғни, қол жеткізілген тікелей нәтиже салаға қандай әсер көрсеткені, ондағы проблема қаншалықты шешілгені көрсетіледі. Нысаналы даму трансферттері бойынша түпкілікті нәтижелер әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша толтырылады.
«Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері» деген бағанда түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері егжей-тегжейлі сипатталады;
5) 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген есептерге еркін нысанда толтырылған, нысаналы трансферттер есебінен саладағы (қызмет аясындағы) проблемалардың шешілуі, қол жеткізілген мақсаттар, нәтижелердің көрсеткіштері туралы түсіндірмелерді қамтитын талдамалық жазба қоса беріледі.
Талдамалық жазба облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалануы туралы ақпаратты қамтиды, олардың есепті кезеңдегі жұмсалуының негізгі бағыттарын, қол жеткізілген мақсаттар мен нәтиже көрсеткіштерінің талдауын, нысаналы трансферттер бойынша нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу негіздемелері және себептерімен бірге нысаналы трансферттердің игерілген және игерілмеген сомаларының сипаттамасы қамтылады;
Нысаналы даму трансферттері бойынша қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың сомасын объектілер арасында қайта бөлген жағдайда талдамалық жазбада оларды қайта бөлу себептері көрсетіледі.
6) Нысаналы трансферттердің түріне және бағытына қарай Келісімде басқа да ерекше, заңнамаға қайшы келмейтін (міндеттер, құқықтар, жауапкершілік, Келісімге өзгерістер енгізу шарттары) шарттар көзделуі мүмкін.
34-тарау. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден
бюджеттік субсидиялар төлеу тәртібі
270. Бюджеттік субсидиялар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және жергiлiктi атқарушы органның немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттар шешiмiнде, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңын немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiн iске асыру туралы қаулысымен анықталған сомалар шеңберiнде берiледi.
ҚР Үкіметінің 2011.27.10. № 1211 Қаулысымен 270-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
270-1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бюджеттік субсидиялар бөлу көзделген болса, оларды бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
271. Бюджеттік субсидиялар төлеу үшiн оларды алушылар бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiне олардың бюджеттен өтеудi талап ететiн шығындарды жүзеге асырғанын растайтын құжаттар ұсынады. Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi оларды қарағаннан кейiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiнде көзделген тәртiппен және нысанда бюджеттік субсидия беру жүзеге асырылған әр бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік субсидиялардың жүзеге асырылуы тиіс бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны және төлеуге берiлетiн шоттарды қалыптастырады.
272. Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi тиесiлi бюджеттік субсидияларды олардың тiкелей алушыларына аудару үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженiң 75-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiн және төлеуге берiлетiн шоттарды екi данада ұсынады. Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi бюджеттік субсидияларды төлеудiң негiздiлiгiн, бюджеттік субсидия алушыларға тиесiлi соманы есептеудiң дұрыстығын, бюджеттік субсидияларды аудару yшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттарды толтырудың растығын және толықтығын қамтамасыз етедi.
35-тарау. Шетел валютасын айырбастау және аудару тәртібі
273. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің пайдасына шетел валютасында төлемдер мен ақша аударуды жүргiзу үшiн шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды жүзеге асырылады.
274. Валюта түрлерi бойынша ҚР ҰБ белгiлеген лимиттен асып түспейтiн сомаға валюта түрлерi бойынша шетел валютасын сатып алу жөніндегі операция алдын ала мәлiмет ұсынбастан жүзеге асырылады.
275.Валюта түрлері бойынша ҚР ҰБ белгілеген шетел валютасының лимитінен артатын сомаға валюта түрлері бойынша шетел валюталарын қайта айырбастау аумақтық бөлімшелеріне мемлекетік мекеме қайта айырбастау күніне дейінгі келесі мерзімде:
валюта түрі мен сомасын көрсете отырып, шетел валютасын сатып алу қажеттілігі туралы хатты ұсынғаннан кейін;
АҚШ доллары, еуро, ағылшын фунт стерлингi, швейцария франкiсi, ресей рублi - үш күн ішінде;
жапония иенасы - бес күн ішінде жүзеге асырылады.
276. Аумақтық бөлiмшесi сол күні бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық түрде хат жібереді, ол, өз кезегiнде, оларды Ұлттық Банкке дейiн жеткізеді.
277. Мемлекеттік мекеме шетел валютасында төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асыру үшiн мемлекеттік мекеме осы Ереженің 94-қосымшасына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлеуге берiлетiн шотты және шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмдi ұсынады. Шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмдi мемлекеттік мекеме жасайды және екi данада сағат 10-00-ге дейін бередi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 278-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
278. Төлеуге берiлетiн шотта және/немесе шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмде қателер мен түзетулер болған, оларда қандай да бiр талап қажетті деректемелер болмаған, қойылған қойылған қолдардың және/немесе мөр бедерiнің, қойылған қолдар және мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес келмеген, төлеуге берiлетiн шот сомасының шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiм сомасына сәйкес келмеген кезде, төлеуге берiлетiн шот және шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiм қайтару себептерi көрсетiлiп орындамастан мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
«Электрондық нысандағы төлеуге берілетін шотта және/немесе шетел валютасын айырбастауға арналған өтінімде қателер болған, оларда қандай да бір қажетті деректемелер болмаған, қойылған қолдар қойылған қолдардың және мөр бедерінің үлгілеріне сәйкес келмеген, электрондық нысандағы төлеуге берілетін шот сомасының шетел валютасын айырбастауға арналған электрондық нысандағы өтінім сомасына сәйкес келмеген кезде, төлеуге берілетін шот және шетел валютасын айырбастауға арналған өтінім қайтару себептері көрсетіліп, «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы электрондық түрде, орындамастан мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
279. Бағамдық айырмашылыққа байланысты қажеттi төлем сомасы тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiле сомасынан асып түскен жағдайда, аумақтық бөлiмшесi қазынашылық жүйеге енгiзiлген төлеуге берiлетiн шотты және шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмдi бекiтпейдi, ол туралы мемлекеттік мекемені хабардар етеді.
280. Мемлекеттік мекеме сол күнi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бағамдық айырма сомасына: мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтiнiм, шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiм және төлеуге берiлетiн шот бередi.
281. Шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi коды бойынша мiндеттемелер жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жеке жоспары бойынша қабылданбаған міндетемелер сомасы болған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бағамдық айырма сомасына мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтiнiм деректерiн ҚБАЖ-ға енгізудi және хабарлама қалыптастыруды жүзеге асырады.
282. Бағамдық айырма сомасына төлемдер бойынша берiлген бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарының пайдаланылмаған қалдықтары болмаған жағдайда - бұрын қазынашылық жүйеге енгiзiлген төлеуге берiлетiн шот пен шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiм қабылданбайды және төлеуге берiлетiн шотпен, шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiммен және бағамдық айырма сомасына арналған мiндеттемелермен бiрге орындамай мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
283. ҚР ҰБ-дан электрондық түрдегi төлем құжаттары мен шетел валютасындағы кореспонденттік шоттары бойынша үзiндi алғаннан кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган үзiндiнi алған күнi мемлекеттік мекеменiң шетел валютасындағы тиiстi шоттарына шетел валютасының түрлерi бойынша оны есептеу жүргiзедi.
284. Аумақтық бөлiмшесi мемлекеттік мекеменiң шетел валютасындағы тиiстi шоттарына шетел валютасын оның түрлерi бойынша бюджеттік атқару жөніндегі орталық уәкілетт орган есептеген күнi мемлекеттік мекеменiң шетел валютасындағы шоттары бойынша үзiндiлерді қалыптастырады және мемлекеттік мекемеге береді, сондай-ақ аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысының белгiсi соғылған бар және мемлекеттік мекеме ақша аударуға өтiнiшті ұсынуы үшiн шетел валютасындағы шоттарға ақша есептелген күнiн көрсетiп, шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмнiң бiр данасы қайтарылады. Шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмнiң екiншi данасы қазынашылықтың аумақтық бөлiмшесiнде қалады.
285. Ақшаны мемлекеттік мекеме шетел валютасындағы ақшаны аударуды жүзеге асыру үшін аумақтық бөлімшесіне шетел валютасын алушыны енгізуге арналған өтiнiш осы Ереженің 60-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екi данада үсынады.
286. Аумақтық бөлiмшесi шетел валютасында ақшаны аударуға арналған өтiнiштi тексергеннен кейiн деректерді ҚБАЖ-ға енгiзедi.
287.Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiште түзетулер болған, төлем мақсаты, қойылатын қолдар және/немесе мөр асқан құжатқа қойылатын қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерiне қандай да қажетті деректемелер болмаған немесе сәйкес келмеген жағдайда шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiш қайтару себептерi көрсетiлiп орындалмастан мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
288. Ұлттық Банктен шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi және электрондық түрдегi төлем құжаттарын алғаннан кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган үзiндiнi алған күнi мемлекеттік мекеменiң шетел валютасындағы шоттарынан шетел валютасындағы ақшаны есептен шығару жөнiнде операция жүргiзедi.
289. Мемлекеттік мекеменiң шетел валютасындағы шоттары бойынша үзiндiнi қалыптастырғаннан кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы оларды мемлекеттік мекемеге береді және жауапты орындаушының белгiсi соғылып шетел валютасындағы шоттан ақшаны есептен шығарған күнi көрсетiлген шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiштiң бiр данасын қайтарады. Шетел валютасындағы ақшаны аударуға өтiнiштiң екiншi данасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлiмшесiнде қалады.
290. Айырбасталған шетел валютасын мемлекеттік мекеме шетел валютасындағы шотқа есептелген күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде мақсатқа сай пайдалануы тиiс. Шетел валютасын пайдаланбаған не жете пайдаланбаған жағдайда осы мерзiм аяқталғаннан соң келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей аумақтық қазынашылық бөлiмшесi шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм беру қажеттiлiгi туралы мемлекеттік мекемеге жазбаша хабар бередi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 291-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
291. Мемлекеттік мекеме берген шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм негiзiнде шетел валютасы айырбасталған мемлекеттік мекеменiң шығыстардың БСК-ға түсімдердің БСК-ға, мемлекеттік мекеменің демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ-ға, кейiннен оның сомасын теңгеде қалпына келтiре отырып, шетел валютасын қайта айырбастау жөніндегі операция жүзеге асырылады.
36-тарау. Шетел валютасын қайта айырбастау тәртібі
292. Шетел валютасын қайта айырбастау осы Ереженің 95-қосымшағсына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің қайта айырбастауға өтінім негізінде жүзеге асырылады.
293. Шетел валютасын қайта айырбастауға берілген өтінімді мемлекеттік мекеме аумақтық бөлімшесіне екі данада сағат 10-00-ге дейін ұсынады.
294. Тиісті бюджетке және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына есептеуге арналған валюта түрлері бойынша шетел валютасын қайта айырбастауды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган электрондық түрде төлем құжаттары қоса берілген шетел валютасындағы шоттар бойынша Ұлттық Банктен үзінді алған күннен бастап үш күн ішінде жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 295-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)