13) ресми хабар - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы одан әрi тарату мақсатымен мемлекеттiк органдар беретiн ақпарат;
14) суицидті насихаттайтын ақпарат - адамды өз өмірінен әдейілеп айырылуға итермелейтін ақпарат;
15) таратушы - меншiк иесiмен, баспагермен шарт бойынша немесе өзге де заңды негiздерде бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
16) теле-, радиоарна - кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату торына сәйкес қалыптастырылған теле-, радиобағдарламалар мен дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы;
17) теле-, радио, кинохроникалық бағдарлама - тиісті атауы, хабар тарату көлемі бар және теле-, радиоарнаның басқа бөліктеріне қарамастан пайдаланылуы мүмкін теле-, радиоарнаның мазмұнды аяқталған бөлігі;
18) цензура - бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын және материалдарын мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және өзге де ұйымдармен олардың талап ету бойынша немесе өзге де негiздер бойынша хабарламалар мен материалдарды не олардың жекелеген бөлiктерiн таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатымен алдын ала келiсу;
19) эфирге шығу - ұқсас және цифрлық электромагниттi жүйелердi пайдалана отырып, теле-, радиобағдарламаларды, дыбыс-бейне жазбаларды тарату;
20) эротикалық сипаттағы өнім - гениталийлерді қоспағанда, адамдардың жыныстық қатынастарын, адам денесінің ұятты тұстарын көрсететін және порнография элементтерін қамтымайтын баспасөз басылымы немесе теле-, радиобағдарлама.».
2) 3-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
3) 4-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.»;
4) 4-2-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды;»;
3) тармақша алып тасталсын;
5) 4-3-бапта:
3), 4), 5), 6) тармақшалар алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзедi;»;
6) 4-4-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асырады;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) уәкiлеттi органға шетелдік баспасөз басылымдарын есепке алу жөнiндегi ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөнiндегi мәлiметтердi табыс етедi.»;
7) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға тиесілі.
Бұқаралық ақпарат құралы заңды тұлға нысанында да, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi нысанында да құрылуы мүмкiн.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарламалар мен материалдарды таратуға теле-, радиоарнасын, мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiк негіздеме болып табылады.
Бұл талаптар интернет-ресурстарға қолданылмайды.»;
8) 12-баптың бесінші абзацы алып тасталсын;
9) 13-баптың 2, 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тоқтата тұру деп басылымдардың бiр немесе бiрнеше нөмiрiнiң шығарылуын, теле-, радиобағдарламалардың, теле-, радиоарналардың эфирге шығуын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды уақытша тоқтату түсiнiледi. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды тоқтата тұруға үш айдан аспайтын мерзiмге жол берiледi.
3. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, суицидті насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгiттеу, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды тарату, сондай-ақ кино және бейнеөнімдерді көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгiт жүргiзу, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, ереуiлге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, тосқауылдар мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы, интернет желісіндегі авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану, сондай-ақ осы Заңның 3-бабында, 10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу, сондай-ақ 15 және 16-баптарының талаптарын бiр жыл iшiнде қайталап бұзу заңда белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң таратылуын тоқтата тұруға негiз болып табылады.»;
10) 14-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі, 3-1-тармағы алып тасталсын;
11) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Мерзiмдi басылымдардың мiндеттi даналары мен телерадиобағдарламалардың материалдарын сақтау
1. Мерзiмдi басылымдардың мiндеттi тегiн даналарын, соның iшiнде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарын олар әзiрленген күнi бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi немесе оның тапсыруы бойынша үшiншi тұлға Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасына, Ұлттық кiтапханаға, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң кiтапханасына, уәкiлеттi органға жiбередi.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының (теле-, радиоарналардың) редакциялары өздерінің эфирге шығарылған теле-, радиобағдарламаларының жазбаларын бiр ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өздерiнiң эфирлiк жұмысының тiркеу журналында көрсетуге және оны осы журналда соңғы жазба жасалған кезден бастап кемiнде бiр жыл сақтауға мiндеттi. Тарихи немесе мәдени жағынан құнды жазбалар уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен сақталады.»;
12) 25-баптың 3-тармағының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
6. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 77-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Журналистердiң және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өкiлдерiнiң спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын теле-, радиоарналар арқылы таратуы, сондай-ақ спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын жазып алуы, оның iшiнде дыбыс-бейне жазу техникасы, киноға және суретке түсiру құралдарын пайдалана отырып жазып алуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
7. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
1) 3-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жарнама таратушы - мүлiктi, оның iшiнде телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;
2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама
1. Жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнама, жүгiртпе жолды қоспағанда, тәулiк iшiнде берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң жиырма пайызынан аспауға тиiс.
Жарнаманы трансляциялау кезiнде оның дыбысы трансляцияланатын бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиiс.
2. Жарнаманы қосарластыру түрiнде, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану кезiнде оның көлемi кадр алаңының жетi жарым пайызынан аспауға және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиiс.
3. Ресми хабарламалардың, Қазақстан Республикасы Президенттiгіне және өкiлдi органдар депутаттығына кандидаттар сөздерiнің, бiлiм беру және дiни телебағдарламалардың трансляциясын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар телебағдарламалары көрсетiлiмдерiн жарнамамен, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен де бөлуге тыйым салынады.
4. Ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнамаға тыйым салынады.».
8. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 2-баптың 45) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«45) трансляция - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалану арқылы теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату;»;
2) 7-баптың 14-3) және 14-4) тармақшалары алып тасталсын;
3) 8-баптың 1-тармағында:
19-3) тармақша «бағаларды» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
19-5) тармақша алып тасталсын;
4) 12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) конкурс өткізбей бөлінеді.»;
5) 19-бап алып тасталсын;
6) 20-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Телекоммуникация және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.».
7) 21-баптың 10, 11-тармақтары алып тасталсын.
9. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-баптың 16-2), 16-3), 16-4), 16-5), 16-6) және 16-7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«16-2) фильмге дубляж жасау - қатысушы адамдардың буындық артикуляциясына сай келетін аударма жолымен фильмнің дыбыстық қатарының тілдік бөлігін синхронды түрде қайта жасаудан тұратын шығармашылық және өндірістік қызмет;
16-3) Фильмдердiң мемлекеттiк қоры — Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, ұлттық фильмдердi, бiрлесiп түсiрiлген фильмдердi, сондай-ақ олардың бастапқы материалдарын сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
16-4) Фильмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмi — прокатталуы және көпшiлiкке көрсетiлуi (демонстрациялануы) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын фильмдердiң тiзбесi;
16-5) фильмдi прокаттау — көпшiлiкке көрсету (демонстрациялау), телеарналарда (шетелдік телеарналарды қоспағанда) тарату, жалға беру, сондай-ақ өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған тәсiлмен фильмдi тарату;
16-6) фильмнiң таралымын көбейту — тарату мақсатында жеткiзгiштiң кез келген түрiнде және түпнұсқа форматында фильмнiң бiр немесе одан көп көшiрмесiн (таралымын) дайындау;
16-7) фильм шығару — нәтижесiнде дыбыс-бейне туындысы жасалатын автордың шығармашылық ниетiн iске асыру процесі;».
2) 28-3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «НА» индексті фильмнің жариялы көрсетіліміне (демонстрациясына) жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн осы мақсаттарға арналған кинозалдар мен өзге орындарда жол берiледi.»;
Телеарналарда (шетелдік телеарналарды қоспағанда) «Е18» индексті фильмдi - жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн, «НА» индексті фильмдi жергiлiктi уақытпен сағат нөлден таңғы сағат 06-ға дейiн көрсетуге жол берiледi.»;
3) 28-4-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шетел телеарналарынан ретрансляцияланған фильмдерді қоспағанда, прокаттау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн (жеткiзiлетiн) барлық фильмдерге 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақ тiлiнде дубляж жасалуға тиiс.».
10. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы лицензиялау
Теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.».
11. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат):
Заңға қосымшаның 1-тармағы мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:
«49-1) телерадио хабарларын тарату саласында;».
12. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 12, 111-құжат):
1-баптың 42-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң, 1-баптың 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қаңтардың 18-і.
№ 546-IV