Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 22 маусымдағы № 851 қаулысы
(2002.20.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1036 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1036 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің жедел басқару құқығында «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1036 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып мыналар белгіленсін:
1) мемлекеттік құпияларды қорғау саласында қызметтер көрсету;
2) ақпаратты қорғау саласында мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
4. ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1036 қаулысымен алынып тасталды
5. ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1036 қаулысымен алынып тасталды
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі