__________________________________________________________________
11. Қару мен патрондардың қажетті санына арналған мәліметтер мыналардың негізінде жасалды ___________________________________
__________________________________________________________________
(тиесілілік нормалардың атауы, қашан және кім белгіледі)
М.О.
Заңды тұлға басшысының қолы _________________________
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен біліктілік талап өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 13 тамыздағы
№ 692 қаулысымен бекітілген
Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
1. Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
1) толық сауалнамалық деректерді (кадрларды тіркеу жөніндегі жеке парағы), қаруды иелену үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қарсы көрсеткіштердің жоқтығы туралы медициналық қорытындыны қоса бере отырып, қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтердің;
2) соттылығының жоқтығы және қаруды қолдануда қауіпсіздік ережесін білуін тексеру туралы анықтаманың болуын қамтиды.
2. Қару мен оның патрондарын әзірлеуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) заңды тұлғаның басшысы мен оның орынбасарының жоғары техникалық білімінің, сондай-ақ тиісті Қауіпсіздік ережелерін білуі;
жеке тұлға үшін - жоғары техникалық білімінің, сондай-ақ тиісті Қауіпсіздік ережелерін білуі;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережелерін білуін тексеруден өткен білікті мамандардың;
3) қаруды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттардың жиынтығы түрінде ғылыми базаның, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондардың типтеріне конструкторлық құжаттамалардың;
4) мыналарды:
мамандандырылған өндірістік ғимараттарды (үй-жайлар), жабдықтарды, стендтерді, сынақ өткізу зертханасын, бақылау-өлшеу аппаратурасын;
қару мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі цехтың белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген жұмыс жобасын;
бөлшектерді, құрастырылған бөліктерді есептеу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негізгі бөліктерді (оқпан, бекітпе, барабан, жақтау, оқпанды қорап және т.б.) дайындау жөніндегі механикалық өндіретін және құрастыру цехын (учаске);
техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған қару мен патрондардың әзірленген жиынтықтарын сақтауға арналған мамандандырылған үй-жайларды қамтитын қару немесе патрондардың тәжірибеден өткен үлгілерін дайындау және сынау үшін меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық базаның;
5) қару мен оның патрондарын әзірлеуге жоспарланған тактикалық-техникалық мінездемелердің;
6) қару мен оның патрондарының тәжірибеден өткен модельдерін қауіпсіз әзірлеу жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттардың;
7) қызметтің мәлімделген түрін жүзеге асырудың санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы қызмет қауіпсіздігі саласындағы талаптарға сәйкес;
8) қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес;
9) үшінші тұлғаларға келетін залалды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шартының болуы қосымша талап етіледі.
3. Қару мен оның патрондарын жасауға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) заңды тұлғаның басшысы мен оның орынбасарының жоғары техникалық білімінің, сондай-ақ тиісті Қауіпсіздік ережелерін білуі;
жеке тұлға үшін - жоғары техникалық білімінің, сондай-ақ тиісті Қауіпсіздік ережелерін білуі;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережелерін білуін біліктілік тексеруден өткен білікті мамандардың;
3) қару мен оның патрондарын жасау мәселелері бойынша нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттардың жиынтығы түрінде ғылыми базаның;
4) мыналарды:
мамандандырылған өндірістік ғимараттарды, көлік құралдарын, жабдықтарды, стендтерді, сынақ өткізу зертханасын, тексерілген бақылау-өлшеу аппаратурасын;
қаруды және оның патрондарын әзірлеу жөніндегі цехтың белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген жұмыс жобасын;
бөлшектерді, құрастырылған бөліктерді есептеу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ететін оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негізгі бөліктерді (оқпан, бекітпе, барабан, жақтау, оқпанды қорап және т.б.) дайындау жөніндегі механикалық өндіретін цехты (учаске);
бөлшектерді, құрастырылған бөліктерді есептеу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін, өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын құрастыру цехын;
техникалық нығайтылу жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған оқшауланған жеке үй-жайларда орналастырылатын дайын қару мен патрондарды сақтауға арналған мамандандырылған қоймаларды;
өндіріс процесінде қару мен оның патрондарының негізгі жарамсыз бөлшектерін сақтауға арналған ақау изоляторын;
санитарлық және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына жауап беретін жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық базаның.
Өндірістік базаның аумақтарына мынадай талаптар қойылады: оқшауландыру, қоршаудың, тәулік бойы қарулы күзеттің, техникалық нығайтылудың, өртке қарсы қауіпсіздіктің болуы, санитарлық нормаларды сақтау, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын және өндірістік объектілерден қауіпсіз арақашықтықта орналастыру;
5) қару мен оның патрондарын жасауға ниеттену туралы хаттаманың немесе қаруды сатып алу және пайдалану құқығына ие субъектімен шарттың (келісім-шарттың);
6) қару мен оның патрондарын жасауға жоспарланған тактикалық-техникалық мінездемелердің;
7) жұмысты қауіпсіз жасау жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттардың, сондай-ақ материалдарды, жартылай дайындалған өнімдерді (дайындамалар), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және ақау бұйымдарды есепке алу, сақтау:
бөлшектерді, құрастырылған бірліктерді және дайын бұйымдарды жасау, тасымалдау және сақтау процесінде оларды есепке алу;
кірісті және шығысты есепке алу журналын жүргізу (дайындамаларды, бөлшектерді, қосалқы бөлшектерді нөмірлеп есепке алу, сандық есепке алу, сандық немесе өлшеп есепке алу) жөніндегі құжаттардың;
8) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жұмыста пайдалануға рұқсатының, сондай-ақ режимдік іс-шаралардың қамтамасыз етілуі және олардың жеткілігі;
9) қызметтің мәлімделген түрін жүзеге асырудың санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы қызмет қауіпсіздігі саласындағы талаптарға сәйкес;
10) қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес;
11) үшінші тұлғаларға келетін залалды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шартының болуы қосымша талап етіледі.
4. Қару мен оның патрондарын жөндеуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) қаруды жөндеу жөніндегі білікті мамандардың;
2) техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған меншік немесе жалға алу құқығындағы мамандандырылған шеберхананың;
3) арнайы жабдықтар мен құрылғылардың;
4) жұмысты қауіпсіз жасау жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттардың;
5) қаруды қабылдауды және өткізуді есепке алу журналының;
6) қызметтің мәлімделген түрін жүзеге асырудың санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы қызмет қауіпсіздігі саласындағы талаптарға сәйкес;
7) қару мен оның патрондарын сақтау, олардың сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес болуы қосымша талап етіледі.
5. Қару мен оның патрондарын сатуға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні сақтауға, өткізуге арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жайдың;
2) түскен, сатылған қару мен оның патрондарын есепке алу жөніндегі құжаттаманың;
3) қызметтің мәлімделген түрін жүзеге асырудың санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы қызмет қауіпсіздігі саласындағы талаптарға сәйкес;
4) қару мен оның патрондарын сақтау, олардың сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес болуы қосымша талап етіледі.
6. Қару мен оның патрондарын сатып алуға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеуге және (немесе), жасауға және (немесе), жөндеуге және (немесе), сатуға және (немесе), коллекциялауға және (немесе) экспонаттауға лицензиялардың;
2) күзет қызметіне арналған лицензиялардың (күзет қызметі субъектілері үшін);
3) банкноттар, ақшалар мен құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензиялардың (инкассациямен айналысатын заңды тұлғалар үшін);
4) техникалық нығайту талаптарына жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын сақтауға және (немесе) өткізуге арналған арнайы жабдықталған үй-жайдың;
5) қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесінің;
6) қару мен оның патрондарының спецификациясын қоса бере отырып (қаруды сатуды жүзеге асыратын ұйым үшін), оларды жеткізуге дайындаушы өнеркәсіппен шарттың (келісім-шарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесінің;
7) жарақаттайтын патрондары бары қарудың және электр қаруының зақым келтіру факторларының адамға әсер етуіне жол берілген нормаларына аталған қарудың сәйкестігі туралы уәкілетті органның қорытындысының (қару сатуды жүзеге асыратын ұйымдар оны сатып алуға ниеттенген кезде);
8) аумақтық ішкі істер департаменттерімен және (немесе) Ішкі істер министрлігімен келісілген қолда бар және қажетті қару мен оның патрондары туралы мәліметтердің (ерекше жарғылық міндеттерді бар заңды тұлғалар, күзет қызметі субъектілері, спорттық ұйымдар үшін) қосымша болуы талап етіледі.
7. Қару мен оның патрондарын коллекциялауға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін қосымша қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін және оларға бөгде адамдардың қол сұқпауын қамтамасыз ететін жағдайлардың болуы талап етіледі.
Қаруды коллекциялау мынадай тәртіппен:
1) мұражайлы - күзет сигнализацияларымен жабдықталған, жекелеген, осы мақсаттарға арнайы арналған үй-жайлардағы кілтпен жабылатын витриналарда, сейфтерде немесе металл шкафтарда;
2) жеке - қару мен оның патрондары иелерінің тұрғылықты жері
бойынша үй-жайлардағы кілтпен жабылатын сейфтерде немесе металл шкафтарда жүзеге асырылуы мүмкін.
Коллекцияланған қару заңнамада белгіленген тәртіппен аумақтық ішкі істер органдарында міндетті түрде тіркелуі тиіс.
8. Қару мен оның патрондарын экспонаттауға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) кілтпен жабылатын витриналары, сейфтері немесе металл шкафтары бар күзет сигнализациясымен жабдықталған жекелеген үй-жайлардың;
2) үй-жайды тәулік бойы күзету (күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың);
3) бұйымдарды есепке алу, кезеңдік тексеру және сақтау жөніндегі құжаттамалардың;
4) қару мен оның патрондарын сақтау, олардың сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес болуы қосымша талап етіледі.