Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық
қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2012.26.12. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; №15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; №9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат, № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 209-баптың ескертуі мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың төртінші бөлігінің мақсаты үшін асып түсуді айқындау кезінде Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 335-бабының 3-тармағына және (немесе) 338-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығына жүргізілген түзетуге байланысты түзілген асып түсу есепке алынбайды.»;
2) 218-1-баптың 7-тармағы алып тасталсын;
3) 636-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
«жергілiктi атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (127, 165, 237-1, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктері), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктері), 342, 343, 357-2 (екінші бөлігі), 346, 347, 348, 350, 351, 352-баптар)» деген сөздер «жергілiктi атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (127, 237-1, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктері), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктері), 342, 343, 357-2 (екінші бөлігі), 346, 347, 348, 350, 351, 352-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілiктi атқарушы органдарының (163-6, 349-баптар) уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілiктi атқарушы органдарының (163-6, 165, 226 (бірінші және екінші бөліктері) 349-баптар) уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат, № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат):
1) 14-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «(реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту мақсаттары үшін,» деген сөздер «(реконструкциялау) мақсаттары үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдар, мұнай және газ өңдеу объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары үшін жер учаскелерін беру, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін магистральдық құбыржолдар салу, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару;»;
3) 48-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінің 18) тармақшасындағы «корпорацияларға берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.» деген сөздер «корпорацияларға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.».
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж. № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-тармақтың 1) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) мазмұны 31-тараудың мынадай мазмұндағы жаңа 244-4-баптың тақырыбымен толықтырылсын;
«244-4-бап. Тазартылған алтынға салық салу»;
3-тармақтың 2) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 14-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртіппен, Кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталатын акцизделетін тауарларды (жеңіл автомобильдерді қоспағанда) алдағы уақытта алатыны туралы салық органдарына хабарлауға міндетті.»;
3-тармақтың 3) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 84-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) ивестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия негізінде пайлық инвестициялық қор активтерін сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компаниялар үшін - Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық инвестициялық қорлар алған және мұндай басқарушы компанияның сыйақысын қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың кастодианы солай деп таныған инвестициялық табыстар.»;
4) 99-баптың 1-тармағында:
3-тармақтың 4) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер осы тармақтың 1-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, тәуекелдiк инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiндердi қоспағанда, дивидендтер;
1-1) мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде:
дивидендтерді есептеу күніне салық төлеуші тәуекелдік инвестициялаудың осындай акционерлік инвестициялық қорының акцияларына немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелік етсе;
технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтының тәуекелдік инвестициялаудың осындай акционерлік инвестициялық қорының жарғылық капиталына қатысуы жиырма бес пайыздан астамды құраса, тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiн дивидендтер;»;
3-тармақтың 4) тармақшасының жетінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызметтен акционерлiк инвестициялық қорлар алған және акционерлік инвестициялық қордың кастодианы ескерген инвестициялық табыстар;»;
3-тармақтың 5) тармақшасы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 133-баптың 1-тармағы 4) тармақшадағы «мүліктің құнын азайтуға құқығы бар.» деген сөздер «мүліктің құнын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық деп танылған жұмыстарды орындауға тиісті салық кезеңдерінде нақты жұмсалған шығыстардың 50 пайызы мөлшерінде азайтуға құқығы бар. Осы тармақша Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген жұмыстардың нәтижесі енгізілген жағдайда, өнертабысты, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушіге берген, осындай жұмыстарды жүзеге асыру нәтижесінде алынған өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған қорғау құжаттары болған кезде қолданылады.
Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жатқызылатын жұмыстардың тізбесін, Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау тәртібін, сондай-ақ қорытындының нысаны мен оны беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Бұл ретте салық төлеушінің қорғау құжатын алуға арналған шығыстары ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға арналған шығыстар деп танылмайды.»;
3-тармақтың 6) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 237-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.
«1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні:
егер тауар тұрған жерінде берілуге тиіс болса, тауарды шарттың талаптарына сәйкес оның тұрған жерінде сатып алушыға немесе ол айқындаған, тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға немесе ол сенім білдірген тұлғаға беру күні;
егер сатушының тауарды сатып алушыға оның тұрған жерінде беру жөніндегі міндеті көзделмесе, тауарды шарт талаптарында айқындалған орында сатып алушыға немесе ол сенім білдірген тұлғаға беру күні болып табылады.
Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні жұмыстар орындау, қызметтер көрсету күні болып табылады.
Бұл ретте қол қойылған:
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасында қол қойылған, жүктерді темір жол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде темір жол ынтымақтастығы саласындағы шарттарға (келісімдерге) сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күн деп танылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің күні бір күннен артық болған кезде оның неғұрлым ертерек күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.
Егер осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні көрсетілмесе, онда осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ресімделген күн жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Күнтізбелік жыл ішінде осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар болмаған кезде:
1) қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура жазылған күннің;
2) әрбiр төлемдi (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнiнің қайсысы бiрiншi басталса, сол күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
9. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиалдар, өкiлдiктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді сатып алған жағдайда, қол қойылған:
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттер арасында қол қойылған, жүктерді темір жол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде темір жол ынтымақтастығы саласындағы шарттарға (келісімдерге) сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні сатып алу бойынша айналым жасау күнi деп танылады.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні көрсетілмесе, онда осы тармақтың бірінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ресімделген күн жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің күні бір күннен артық болған кезде оның неғұрлым ертерек күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.»;
3-тармақтың 7) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) 243-бапта:
1-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында «жүктің кедендік декларациясы» және «жүктің толық кедендік декларациясы» деген сөздер тиісінше «тауарларға декларацияның көшірмесі» және «тауарларға толық декларацияның көшірмесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) және 2) тармақшалардағы «жүктің кедендiк декларациясы» деген сөздер «тауарларға декларацияның көшірмелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) және 4) тармақшалардағы «жүктің кедендiк декларациясының» деген сөздер «тауарларға декларацияның» деген сөздермен ауыстырылсын.»;
3-тармақтың 8) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 244-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер тасымалдауды ресiмдеу осы баптың 3-тармағында белгіленген бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен жүзеге асырылған болса, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшiн тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледi.»;
3-тармақтың 1) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«есеп-қисап кезеңi iшiнде экспорттың және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастырылған тауарларға декларацияның көшірмесі не есеп-қисап кезеңi iшiнде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға декларация;
орындалған жұмыстардың актiлерi, сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерi;»;
3-тармақтың 9) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) мынадай мазмұндағы 244-4-баппен толықтырылсын:
«244-4-бап. Тазартылған алтынға салық салу
1. Алтын өндіруді және шығаруды жүзеге асыратын салық төлеушілердің алтын-валюта активтерін толықтыру үшін өз өндірісі шикізатынан тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізуі бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.
2. Мыналар:
1) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген тазартылған алтын құнын растайтын құжаттардың көшірмесі;
3) тазартылған алтын саны көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тазартылған алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмесі осы баптың 1-тармағында көрсетілген, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар болып табылады.»;
3-тармақтың 10) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 248-бапта:
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) егер осы Кодекстің 244-4-бабында өзгеше белгіленбесе, тазартылған қымбат бағалы металдарды - өз өндірісі шикізатынан дайындалған алтынды, платинаны;»;
16-1) тармақшадағы «бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған:» деген сөздер «егер осы Кодекстің 244-4-бабында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған:» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 11) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 262-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Есепке жатқызудың бөлек әдісін пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушілердің бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде жалпы айналымдағы салық салынатын айналымның үлес салмағын қолдануға құқығы бар.»;
3-тармақтың 12) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 263-баптың 5-тармағының 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының тұрған жерінің почталық индексі көрсетілмеген мекенжайы;»;
3-тармақтың 13) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) 276-12-бапта:
2-тармақтағы «Экспортталатын» деген сөз «Экспортталатын немесе импортталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағының мақсаты үшiн мыналар:
1) экспорттау жағдайында, тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштiң көшiрмесi;
2) импорттау жағдайында, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған салық төлеушіден алынған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштiң көшiрмесi;
3) орындалған жұмыстардың актiлерi, сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерi;
4) шот-фактуралар растайтын құжаттар болып табылады.
4. Жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттің бірінің аумағынан сол немесе Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу мынадай құжаттармен:
1) орындалған жұмыстардың актiлерiмен, сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерiмен;
2) шот-фактуралармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымалдау деп есептеледі.»;
3-тармақтың 14) тармақшасы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 387-бап мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесінде көзделген инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруды Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғалар инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.