4) технопарктерді, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, салалық конструкторлық бюроларды, технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысады;
5) экономиканың басым секторларын технологиялық дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық ресурстарды, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
6) іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар, енгізілген технологиялар туралы, технологиялық болжау бойынша жүргізілген талдамалық зерттеу нәтижелері туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
7) технологиялық бизнес-инкубациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансферті, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейту бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруға қатысады;
8) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға сараптамалық қорытындыларды және (немесе) ұсынымдарды береді;
9) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар беру жөнінде қызметтер көрсетеді;
10) технологиялық даму саласында ақпарат жинауды және индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін талдауды жүзеге асырады;
11) тәуекелдік инвестициялаудың инвестициялық қорларын дамытуға жәрдемдеседі.
4. Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
1) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді;
2) жергілікті қамтуды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ішкі нарықта тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерді мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы тиімділігін талдау бойынша қызметтер көрсетеді;
4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі нарықта жылжыту жөніндегі шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша қызметтер көрсетеді;
5) жергілікті қамту бойынша сараптаманы жүзеге асырады.
5. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық даму институты:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;
2) шетелдік инвесторлардың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, оның ішінде инвесторлардың мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастырады, инвестиция тақырыбы бойынша бизнес-форумдар, конференциялар мен семинарлар өткізеді, шетелдік инвесторлардың дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді;
3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджін жылжытады, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат ұсынады;
4) шетелдік инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылу мониторингін жүргізеді;
5) шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалардың мониторингін жүргізеді.
6. Экспортты дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық даму институты:
1) сыртқы нарықтарға талдау жүргізеді;
2) отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша жәрдемдеседі;
3) отандық экспорттаушыларға олардың сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлеуетті экспорттық нарықтарды іздестіру және олардың тауарларын, көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға жылжыту мәселелері бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын жылжыту бойынша іс-шаралар жүргізеді;
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу жөнінде қызметтер көрсетеді;
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету мақсатында шетелдік өкілдіктер құрады.
11-бап. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым
1. Мыналар:
2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) арнайы экономикалық аймақтар, оның ішінде дербес кластерлік қор;
2) индустриялық аймақтар;
3) технопарктер;
4) тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары;
5) технологияларды коммерцияландыру орталықтары;
6) салалық конструкторлық бюролар;
7) технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтары;
8) инновациялық кластерлер индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтері болып табылады.
2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Индустриялық-инновациялық қызмет арнайы экономикалық аймақтарда - «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, индустриялық аймақтарда «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тәуекелді инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорларының қызметі «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Технопарктер қызметінің негізгі түрі - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде оларға үй-жайлар, жабдықтар беру, бухгалтерлік есеп жүргізу, заңдық, ақпараттық және консультациялық қолдау, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін қажетті өзге де қызметтер көрсетуді білдіретін технологиялық бизнес-инкубациялау болып табылады. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай көрсетілетін қызметтер құнын айқындау қағидаларын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
5. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары қызметінің негізгі бағыттары: коммерцияландыру үшін технологиялар іздестіруді және оларды бағалауды, маркетингтік зерттеулерді, зияткерлік меншікті қорғау саласында консультациялық қызметтер көрсетуді, технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзірлеуді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің технологияларды коммерцияландыру саласында шарттар жасасуы мақсатында олардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, технологияларды коммерцияландыру жөніндегі қызметтер кешенін көрсету болып табылады.
Технологияларды коммерцияландыру орталықтарын әдіснамалық, консультациялық жағынан және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгедей түрде қолдауды технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.
6. Салалық конструкторлық бюролардың негізгі міндеті индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жаңа немесе жетілдірілген тауарларды жасауда, оның ішінде технологиялар трансферті, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы сатып алу, бейімдеу, әзірлеу, оны кейіннен индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне өтеулі негізде беру және оның негізінде тауарлар өндірісін ұйымдастыру үшін қажетті қызметтер көрсету арқылы жәрдемдесу болып табылады.
7. Технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шетелдік әріптестерімен бірлесіп іске асыратын индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрады.
8. Инновациялық кластерлер өзара іс-қимыл жасасу және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесе пайдалану, білім мен тәжірибе алмасу, технологияларды тиімді түрде беру, тұрақты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпаратты тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметті ынталандырады.
12-бап. Индустриялық-инновациялық жүйе құралдары
1. Индустриялық-инновациялық жүйені жоспарлау құралдарына технологиялық болжау және басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасы жатады.
Технологиялық болжауды тұрақты негізде үш жылда бір реттен кем емес қорытындылар шығара отырып, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
Технологиялық болжау индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін технологиялық болжауды жүргізу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Технологиялық болжау процесін шетелдік және отандық сарапшыларды тарту, сауалнама мен талдамалық зерттеулер жүргізу, технологиялық болжау қорытындыларын шығару үшін алынған мәліметтерді жинақтап қорыту және ұсынымдарды қалыптастыру жолымен технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық даму институты қамтамасыз етеді.
Технологиялық болжау қорытындылары:
1) Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді перспективадағы дамуы үшін сындарлы технологиялар тізбесін және инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау мен өзекті етуге;
2) технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтына жәрдемдесу кезінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган іске асыратын нысаналы технологиялық бағдарламаларды қалыптастыруға;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ғылыми-технологиялық дамудың салааралық жоспарын әзірлеуіне және өзекті етуіне негіз болып табылады.
Басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасы Қазақстан Республикасында өндіру үшін стратегиялық бәсекелестік артықшылықтарға ие, экономиканың әрбір басым секторы бойынша айқындалған және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдаудың басымдықтары болып табылатын тауар топтарының, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін білдіреді.
2. Индустрияландыру картасы индустриялық-инновациялық жүйе мониторингінің (іске асырылуының) құралы болып табылады және белгілі бір қаржыландыру көздері, оларды іске асыру жөніндегі кестелері мен іс-шаралар жоспарлары бар республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілген индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіреді.
3. Инновацияларды ақпараттық қолдау және технологияларды коммерцияландыру индустриялық-инновациялық жүйені ынталандыру және дамыту құралдары болып табылады.
Инновацияларды ақпараттық қолдауды технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты жеке және заңды тұлғалардың өнертапқыштық қызметін және инновациялық белсенділігін ынталандыратын конкурстарды ұйымдастыру, баспа және электрондық өнімді шығару және тарату арқылы технологияларды құру, енгізу, коммерцияландыру процестерін тарату мақсатында жүзеге асырады.
Технологияларды коммерцияландыру:
1) лицензиялық шартты және (немесе) зияткерлік меншік объектісіне айрықша құқықтардың басқа тұлғаға ауысуы туралы шартты жасасу;
2) технологияларды коммерциялық пайдалануы үшін заңды тұлға құру;
3) жеке және заңды тұлғаларға шарттық негізде қызметтер көрсету арқылы технологияларды пайдалану;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
Технологияларды коммерцияландыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жәрдемді осы Заңның 20-бабына сәйкес технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты көрсетеді.
4. Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау индустриялық-инновациялық жүйені талдау құралы болып табылады.
Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау әдістемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
4-тарау. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
13-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып, осы Заңмен айқындалады.
Мемлекеттік қолдау түрлері мен деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларына:
1) қоса қаржыландыруды қоса алғанда, жобаларды қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру;
2) қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілдімелер беру;
3) қаржы институттары арқылы кредиттеу;
4) қаржы институттарына берілетін кредиттер бойынша сыйақы және облигациялар бойынша купондық сыйақы ставкаларын субсидиялау;
5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру;
6) кепілдендірілген тапсырыс;
7) инновациялық гранттар беру;
8) білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету;
9) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
10) жер учаскелері мен жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру;
11) ішкі нарықта қолдау;
12) шетелдік инвестицияларды тарту;
13 отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және жылжыту жатады.
3. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінде қызметті жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
4. Арнайы экономикалық аймақтарда қызметті жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін дамытуды ынталандыру «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
5. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметін ынталандыру «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
6. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган, өзге де мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын қарау, келісу және ұсыну кезінде мына критерийлердің бірін:
1) инновациялық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жасау жолымен қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруға бағыттылықты;
2) бәсекеге қабілеттілік - қол жеткізілетін нәтиженің оны алуға кеткен шығындарға қатысы ретінде айқындалатын, қол жеткізілетін экономикалық және әлеуметтік тиімділік деңгейінде көрінетін ұқсас индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырғандағы артықшылықты;
3) ауқымдылық - Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту үшін индустриялық-инновациялық жобаны іске асырудың маңыздылығын басшылыққа алуға міндетті.
14-бап. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық- инновациялық жобаларды қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру
1. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландыруды, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған лизингтік қаржыландыруды Қазақстан Даму Банкі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.
2. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшін жүзеге асырылады.
3. Лизингтік қаржыландыру индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне он жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
4. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, жобаларды қаржыландырудың, лизингтік қаржыландырудың шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
15-бап. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну
1. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсынуды индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне берілетін екінші деңгейдегі банктердің қарыздары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті жүзеге асырады.
2. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
16-бап. Қаржы институттары арқылы кредит беру
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агентінің қаржы институттарында қаражатты шарттастырылған түрде орналастыруы арқылы жүзеге асырылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру өзінің жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкін, соның ішінде ақша ұсыну арқылы қатысқан жағдайда, жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшін жүзеге асырылады.
3. Қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
17-бап. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау
1. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшін, олар өзінің жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкін, оның ішінде ақша ұсыну жолымен қатысқан жағдайда, жүзеге асырылады.
Айналым қаражатын толтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жүзеге асырылмайды.
2. Қаржы институттары индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері эмиссиялайтын облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті жүзеге асырады.
3. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялаудың шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
18-бап. Жарғылық капиталдарға тартылатын инвестицияларды жүзеге асыру
Индустриялық-инновациялық жоба мынадай шарттарға:
1) еңбек өнімділігін арттыруға және экономиканың басым секторларын дамытудың ынталандырылуын қамтамасыз етуге;
2) мәні индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық саясатын регламенттейтін ішкі құжаттарында айқындалатын болжамдық экономикалық және қаржылық параметрлер бойынша тартымдылыққа;
3) технологиялық әлеуетін арттыруға бағыттылығына, өндіріс және көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және көлемін ұлғайтуға, шикізаттар мен материалдарды өңдеуді тереңдетуге, жоғары технологиялық өнімдерді шығаруға сәйкес келген кезде, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталына тартылатын инвестицияларды индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық қызметінің нәтижелері барлық индустриялық-инновациялық жобалар бойынша инвестициялық табыс негізінде айқындалады.
19-бап. Кепілдендірілген тапсырыс
1. Технологиялық меморандумдарды индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ұлттық басқару холдингтерімен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен үлестес заңды тұлғалармен жасайды және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесін айқындайды.
2. Жасалған технологиялық меморандумдардың негізінде ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді беруге индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен шарттар жасасу жолымен кепілдендірілген тапсырысты орналастырады. Көрсетілген шарттардың талаптары бағаны, сапаны, қолжетімділікті, тасымалдау шарттарын қоса алғанда, ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың коммерциялық мүдделеріне сай келуі тиіс және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне қайшы келмеуге тиіс.
3. Кепілдендірілген тапсырыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгілік қағидалар негізінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді барлық әлеуетті жеткізушілер арасында сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру арқылы орналастырылады.
20-бап. Инновациялық гранттар беру
1. Инновациялық гранттар беруді инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық даму институтын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне инновациялық гранттар индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу және (немесе) төлеу арқылы беріледі.
3. Инновациялық гранттар:
1) технологиялар сатып алуға;
2) өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге беріледі.
Осы тармақшаның мақсаты үшін өнеркәсіптік зерттеулер деп индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі жүзеге асыратын өндірістік процестерді және (немесе) шығарылатын тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің сипаттамаларын жақсарту мақсатында ол жүргізетін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар түсініледі;
3) инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шет елде арттыруға;
4) дамудың бастапқы сатысында жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға;
5) шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге;
6) технологияларды коммерцияландыруға;
7) жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға;
8) консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға;
9) басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге беріледі.
Инновациялық гранттарды беру кезінде отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып, тәуелсіз сараптама жүргізіледі.
4. Технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде инновациялық гранттар беруге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті - екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражаттың қалдықтары индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатпайды, ал келесі қаржы жылында инновациялық гранттар беруге жұмсалады. Инновациялық гранттар беруге арналған ақшаның жалпы көлемі барлық инновациялық гранттар арасында бөлінеді.
21-бап. Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету экономиканың басым секторлары үшін мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері ұсынған тиісті мамандарға қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау қажет етілетін мамандықтардың тізбесін айқындау бойынша ұсыныстарды құрастырады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау салысындағы уәкілетті орган ұсынатын мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау қажет етілетін мамандықтардың тізбесін айқындауға және оның негізінде мемлекеттік білім тапсырысын қалыптастыруға міндетті.