жеке тұлғаға - елу, лауазымды адамдарға - жүз, заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып салуға әкеп соғады.»;
төртінші бөліктің бірінші абзацы «ұйымының,» деген сөзден кейін «сақтандыру холдингінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 175-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы, сақтандыру бойынша деректер базасына қатысу шартын жасасуы, сақтандыру бойынша деректер базасына ақпарат беру жөніндегі талаптарды орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан көрінген Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын бұзуы -
лауазымды адамға - елу, заңды тұлғаға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып салуға әкеп соғады.»;
13) 175-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«175-1-бап. Қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау (сайлау) тәртібіне қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу
Қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымына тағайындау (сайлау) тәртібіне қойылатын талаптарды қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің бұзуы -
заңды тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
14) 179-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацындағы «оларға» деген сөзден кейін «, қаржылық есептілік депозитарийіне» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 190-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«190-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану
1. Инсайдерлердің бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалану, инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға заңсыз беру, үшінші тұлғаларға бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу туралы инсайдерлік ақпаратқа негізделген ұсынымдарды немесе ұсыныстарды беру жөніндегі іс-әрекеті, сондай-ақ эмитенттерге инсайдерлер деп танылған заңды тұлғалардың осы эмитенттерге қатысты ақпаратты беруі жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындамауы, егер осы іc-әрекеттер ірі залал келтірмеген болса, -
жеке тұлғаға - екі жүз, лауазымды адамға - төрт жүз, заңды тұлғаға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Эмитенттердің эмитент туралы және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратқа билік етуді және пайдалануды бақылауды жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы -
лауазымды адамға - төрт жүз, заңды тұлғаға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
16) 193-бапта:
тақырыбындағы «дұрыс емес мәліметтер табыс ету» деген сөздер «мәліметтер бермеу не дұрыс емес мәліметтер беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы «уәкілетті органға» деген сөздерден кейін «бағалы қағаздар рыногының қызметіне тексеру жүргізу барысында» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 194, 195, 196, 196-1 және 199-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«194-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар құқықтарының бұзылуы
1. Акционерлердің акционерлiк қоғам iстерiн басқару құқықтарының, табыс бөлiгiн бөлу (дивидендтер төлеу) тәртiбiнің, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу, қоғамның қызметi туралы ақпарат алу құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу -
лауазымды адамға - екі жүз, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Облигациялар бойынша сыйақылар төлеудің және (немесе) оларды өтеудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу -
лауазымды адамға - екі жүз, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Бағалы қағаздар эмитентінің өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алу тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда бұзуы, сондай-ақ өздері орналастырған бағалы қағаздарды сатып алуды Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда жүзеге асырмауы -
лауазымды адамға - екі жүз, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
195-бап. Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу тәртібін, сондай-ақ мәмілелер жасасу шарттарын бұзу
Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн, сондай-ақ мәмілелер жасасудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарын бұзу -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
196-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар бойынша құқықтарды есепке алу және растау тәртiбiн бұзу
1. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы, сол сияқты бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн бұзуы, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамға - екi жүз, заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесін немесе номиналды ұстау жүйесiн құрайтын құжаттар мен мәліметтерді бағалы қағаздар рыногының басқа кәсiби қатысушысына беру тәртібі мен шарттарын бұзуы -
лауазымды адамға - үш жүз, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
196-1-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың шарттары мен тәртiбiн бұзуы
1. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттары мен тәртiбiн, оның ішінде қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитенттің, осы баптың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, облигациялар шығару проспектісінде белгіленген облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдалану шарттары мен тәртібін бұзуы -
лауазымды адамдарға - үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Эмитенттің бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттары мен тәртiбiн бұзуы -
заңды тұлғаларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақша сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«199-бап. Бағалы қағаздар эмитентінің өз қызметі туралы ақпаратты ашудың тәртібі мен шарттарына қойылатын талаптарды орындамауы
Бағалы қағаздар эмитентінің өз қызметі туралы ақпаратты ашудың Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) қор биржасының ішкі қағидаларында белгіленген тәртібі мен шарттарына қойылатын талаптарды орындамауы, сондай-ақ эмитенттің өз қызметі туралы толық емес немесе дәйексіз ақпаратты ұсынуы -
лауазымды адамдарға - екі жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
18) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «194,» деген цифрлар алып тасталсын;
19) 573-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«573-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 88 (бірінші, 1-1, 1-2 және алтыншы бөліктері), 158-1, 158-2, 167-1 (бірінші бөлігі), 168-2 (бiрiншi - тоғызыншы, он екінші және он үшінші бөлiктері), 168-4, 170, 170-1, 171, 172, 172-1, 172-2, 173, 174, 175 (бірінші және үшінші бөлiктері), 175-1, 175-2, 179-3, 191, 193, 194, 194-1, 195, 195-1, 196, 196-1, 197, 197-1, 198, 199, 201, 201-1, 218, 357-2 (бiрiншi бөлiгi) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қаруға және әкімшілік айыппұл салуға құқылы.»;
20) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (158, 167-1 (екінші және үшінші бөліктері), 168-3, 184, 184-1 (үшінші бөлігі), 190, 192, 200, 202, 356-баптар);»;
отыз үшінші абзацтағы «195,» деген цифрлар алып тасталсын;
отыз жетінші абзацтағы «193, 196,» деген цифрлар алып тасталсын.
6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., №2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-баптың 1-тармағының 37) тармақшасы «жүзеге асыратын» деген сөздерден кейін «және осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының қаржы нарығынан және (немесе) халықаралық қаржы нарығынан қарыз алуды жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын.
7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат, 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50- құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 541-бап мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) облигация ұстаушылардың өкілдері - эмитенттің облигация шығару проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша облигация ұстаушылардың атынан талап-арыз берген кезде; »;
2) 581-баптың бірінші бөлігінде:
5) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшада белгіленген міндет бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға да қолданылады;»;
10) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшада белгіленген міндет банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға да қолданылады;».
8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат):
1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнің мәртебесі және қызметiнiң құқықтық негiзi
Қазақстанның Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, валюталық реттеуді және бақылауды, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының жұмыс істеуін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін және мемлекеттік статистиканы жүргізетін мемлекеттік орган болып табылады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады.».
2) 8-бапта:
к-1) тармақша «ұйымдардың» деген сөзден кейін «және Қазақстан Даму Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
л-2) тармақшадағы «барлық қаржы ұйымдарының» деген сөздер «қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат):
4-баптың 8-тармағының үшінші бөлігіндегі «жүзеге асыруға лицензиясы бар» деген сөздер «жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат):
1) 2-бапта:
1) тармақшада:
екінші абзацта:
«заңды тұлғалардың» деген сөздер «заңды тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
«басқа тұлғаның», «басқа» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бір тұлғаның заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған;»;
төртінші абзацтағы «бір» деген сөз алып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде шешімдерін бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) банк конгломераты - банк холдингінен, банктен, сондай-ақ банк холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) банктің еншілес ұйымдарынан және (немесе) капиталына банк холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы.
Банк конгломератының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк холдингі, сондай-ақ капиталына еншілес ұйымдар және Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының резиденті еместер болып табылатын ұйымдар кірмейді.»;
4) тармақшаның бірінші абзацы «табылатын жағдайларды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды» деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым
1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымды осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының жүз пайызына ие Ұлттық Банк құрады.
2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым қызметтің мынадай түрлерін:
1) жарғылық капиталды құру үшін акциялар шығаруды, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығаруды;
2) меншікті орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алуды;
3) күмәнді және үмітсіз активтерге, оның ішінде заңды тұлғаларға қойылатын күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарына және оларға қойылатын өзге де талап ету құқықтарына бағалау жүргізуді;
4) банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуды және оларды өткізуді;
5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның банктерден сатып алған талап ету құқығы қойылатын заңды тұлғалардың акцияларына және (немесе) жарғылық капиталына қатысу үлестеріне бағалау жүргізуді;
6) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның банктерден сатып алған талап ету құқығы қойылатын заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуды;
7) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның банктерден сатып алған талап ету құқығы қойылатын заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізуді;
8) күмәнді және үмітсіз активтері сатып алынған банктер шығарған және орналастырған акцияларға және (немесе) облигацияларға бағалау жүргізуді;
9) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқығын сатып алған банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды сатып алуды;
10) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқығын сатып алған банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларын өткізуді;
11) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым банктерден сатып алған заңды тұлғаларға талап ету құқықтары бойынша мүлікті жалға беруді немесе осындай мүлікті тегін уақытша пайдаланудың өзге нысанын пайдалануды;
12) ақшаны бағалы қағаздарға, сондай-ақ банк шоты мен банк салымы шарттары талаптарының негізінде екінші деңгейдегі банктерге және Ұлттық Банкке орналастыруды;
13) талап ету құқықтарын және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым сатып алған басқа да күмәнді және үмітсіз активтерді секьюритилендіру бойынша операциялар жүргізуді;
14) банктердің, басқа қаржы ұйымдарының, кәсіби сарапшылардың және халықаралық аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың заңды тұлғаларға талап етудің сатып алынған құқықтарының және басқа да күмәнді және үмітсіз активтердің құнын бағалау, сенімгерлік басқару, қайта құрылымдау және қалпына келтіру (арттыру) бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның осы тармақта көзделген қызмет түрлерін, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды жүзеге асырудың тәртібі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.