9) мұнай өнімдерін өндірудің белгіленген ең аз көлемін орындауға міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қолданылмайды.
3. Мұнай өнімдерін өндірушілерге:
1) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізуге;
2) құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіруді жүзеге асыруға;
3) екі және одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануына;
4) осы Заңның 18-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын сатып алуға, сондай-ақ өңдеуге қабылдауға;
5) авариялық жағдайдың дереу алдын алу қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспестен, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтатуға тыйым салынады.
4. Осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген тыйым салушылық қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қолданылмайды.
13-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар
1. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
2. Мұнай өнімдері, сондай-ақ оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату үдерістері мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу объектілері болып табылады.
3. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы кезінде пайдаланылатын жабдық пен техникалық құралдар Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ техникалық регламенттерге сәйкес болуға тиіс.
4. Мұнай өнімдерін өңдеу, тасымалдау және бөлу жөніндегі объектілерді жобалау мен салу кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы, өрт қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптары сақталуға және төтенше жағдайлардың туындау қаупі ескерілуге тиіс.
14-бап. Мұнай өнімдерінің бағаларын мемлекеттік реттеу
1. Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында маңызды әлеуметтік мәні бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасына елеулі ықпал ететін мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен мемлекеттік реттеу белгіленуі мүмкін.
2. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағалар белгілейді.
3. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер мұнай өнімдерін өткізу кезінде бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге белгіленген шекті бағалардан аспауға міндетті.
4. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу бағаларын мемлекеттік реттеу жағдайларында шекті бағалар айына бір реттен артық белгіленбейді.
15-бап. Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға арналған ағымдағы шот
1. Мұнай өнімдерін өндіруші инвестициялық бағдарлама келісілгеннен және бекітілгеннен кейін ағымдағы шот ашады, оның қаражаты тек қана инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру мақсатына жұмсалады.
2. Мұнай өнімдерін өндірушінің негізгі қаражатқа салымдарының инвестициялық бағдарламаларда көзделген көлемдері (инвестициялық құрамдастар) ағымдағы кезеңге және орташа мерзімді перспективаға реттелетін тауарлар бағаларын есептеу кезінде ескеріледі.
3. Осы баптың күші қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қолданылмайды.
16-бап. Мұнай өнімдерінің айналымын декларациялау және камералдық бақылаудың нәтижелері
1. Мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялар тапсыруға міндетті.
2. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялардың, ілеспе жүкқұжаттардың және есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің негізінде камералдық бақылау жүргізеді. Жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан бөлшек сауда арқылы өткізу жүзеге асырылған жағдайда, камералдық бақылау мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялар және ілеспе жүкқұжаттар негізінде жүргізіледі.
2012 жылғы 1 қаңтарға дейін 16-бабының 3-тармағының екінші бөлігіндегі «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «тіркеу нөмірі» деген сөздер болып есептеледі
3. Камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптардың орындалмағаны анықталған жағдайларда, мұндай бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мұнай өнімдерін өндірушіге, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушіге немесе бөлшек сауда арқылы өткізушіге хабарлама тапсырылады.
Хабарламада мұнай өнімдерін өндірушінің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушінің немесе бөлшек сауда арқылы өткізушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе толық атауы, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі, салық қызметі органының атауы, хабарламаның берілген күні, хабарламаны жіберу үшін негіздеме, шағым жасау тәртібі көрсетіледі.
4. Хабарлама мұнай өнімдерін өндірушіге, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушіге немесе бөлшек сауда арқылы өткізушіге немесе олардың өкілдеріне жеке қолдарын қойғыза отырып немесе оны жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс.
Хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы не хабарлардың кепілді түрде жеткізілуін қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы электрондық түрде жіберілген хабарлама жауапты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы алған күннен бастап не хабарлама электронды түрде жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін тапсырылған деп саналады.
Мұнай өнімдерін өндіруші, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші немесе бөлшек сауда арқылы өткізуші хабарлама тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде оны орындауды жүзеге асырады.
17-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерді аккредиттеу
17-бабының 1-тармағы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
1. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органда аккредиттеуге жатады.
2. Аккредиттелетін субъектілер мынадай талаптарға сай болуға:
2-тармағының 1) тармақшасы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
1) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерінің базасына немесе резервуарға иелік етуге;
17-бабының 2-тармағының 2) тармақшасы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) олардың орнатылған есепке алатын бақылау аспаптары болуға тиіс.
17-бабының 3-тармағы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
3. Аккредиттеу аккредиттелетін субъектінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады және аккредиттеу туралы куәлікпен расталады.
17-бабының 4-тармағы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
4. Аккредиттеу үшін мынадай құжаттар:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) жеке тұлға үшін - өтініш берушіні дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе заңды тұлға үшін - ұйым жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі және ұйымды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) өтініш берушінің меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдері базасының немесе резервуарының болуын растайтын, құқық белгілейтін немесе өзге де құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
17-бабының 5-тармағы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
5. Аккредиттеу туралы құжаттарды қарау мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға олар келіп түскен кезден бастап есептелетін он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне тиісті жазба енгізіледі және мұндай шешім қабылданған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге аккредиттеу туралы куәлік беріледі.
17-бабының 6-тармағы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
6. Аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды, мерзімі белгіленбеген, иеліктен шығарылмайтын болып табылады және оны басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруге болмайды.
17-бабының 7-тармағы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
7. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттар осы баптың 2 және 4-тармақтарының талаптарына сай болмаған жағдайларда аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Аккредиттеуден бас тартылған кезде мұндай шешім қабылданған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде бас тартудың себептері көрсетіле отырып, дәйектелген жазбаша жауап жіберіледі.
17-бабының 8-тармағы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
8. Аккредиттеу туралы куәлікті қайтарып алуды мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
1) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушінің жазбаша өтініші болғанда;
2) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде дәйексіз ақпарат бергенде;
3) мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иелену тоқтатылғанда;
4) жеке тұлға қызметін тоқтатқанда, заңды тұлға таратылғанда, заңды тұлға бөліну нысанында қайта ұйымдастырылғанда жүзеге асырады.
17-бабының 9-тармағы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
9. Осы баптың талаптары:
1) мұнай өнімдерін өндірушілерге;
2) өздері өндірген және (немесе) импортталған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу нәтижесінде өндірілген мұнай өнімдерін өткізетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге қолданылмайды.
18-бап. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуді және мұнай өнімдерін беруді мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
1. Мұнай өнімдерін өндірушілер қуаттарының барынша жүктелуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ішкі нарығының мұнай өнімдеріне қажетін қанағаттандыру мақсатында жыл сайын, 15 желтоқсаннан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган алдағы күнтізбелік жылға, қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өңдеу жоспарын бекітеді.
2. Мұнай өңдеу жоспары шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының көлемін айқындайды, оны мұнай өнімдерін өндіруші Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерінің болжалды тұтынылуын ескере отырып, күнтізбелік жыл ішінде мұнай өнімдерінің тиісті түрлерін өндіру үшін ай сайын өңдеуге міндетті.
3. Мұнай өңдеу жоспары көктемгі егіс-дала және жиын-терін жұмыстары кезеңінде - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді, сондай-ақ жылу беру маусымы кезеңінде - жылумен жабдықтаушы ұйымдарды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді есепке ала отырып жасалады.
4. Мұнай берушілер жыл сайын, 30 қарашадан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға алдағы күнтізбелік жылға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының жоспарланған көлемін, берілу мерзімдерін және өндірілген мұнай өнімдерін беру бағыттарын көрсете отырып, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беруге өтінімдер жібереді.
5. Мұнай өнімдерін өндіруші мынадай:
1) мұнай берушіде сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін растайтын құжаттың болуы;
2) мұнай берушіде берілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының сапасын растайтын құжаттың болуы;
3) өзіне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі автожанармай құю станциялары немесе резервуарлар арқылы өңдеу нәтижесінде алынған мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын мұнай берушіні қоспағанда, мұнай өнімдерін беру жоспарына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағына өндірілген мұнай өнімдерін беруді көздейтін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушімен және (немесе) бөлшек сауда арқылы өткізушімен мұнай өнімдерін беруге жасалған шарттың болуы талаптары сақталған жағдайда мұнай берушілерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінімдерді ескере отырып, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай берушілер үшін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру кестесін бекітеді, онда мұнайды өңдеу жоспарын қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнімдерін өндірушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру көлемдері мен мерзімдері көрсетіледі. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын алдағы күнтізбелік жылға беру кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын, 15 желтоқсанға дейін бекітеді және оны бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің назарына жеткізеді. Мұнай берушілер шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беруді шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын берудің бекітілген кестесіне сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
7. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтарына бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру кестесінің және мұнай өнімдерін тұтыну болжамының негізінде жыл сайын, 15 желтоқсанға дейін алдағы күнтізбелік жылға мұнай өнімдерін беру жоспарын бекітеді.
8. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін берудің бекітілген жоспарына сәйкес шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының көлемінен өндірілген, бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыруға міндетті.
9. Осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасында аталған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесінің берілуі мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай берушілермен шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу туралы шарт жасасуының талабы болып табылады.
10. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген, Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру кестесінің және мұнай өнімдерін беру жоспарының орындалуы туралы есеп береді.
11. Мұнай өнімдерін өндірушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға әкімшілік есепке алу нысаны бойынша, мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі үшін қажетті мәліметтер ұсынуға міндетті.
19-бап. Мұнай өнімдерін өткізу шарттары
1. Қазақстан Республикасының аумағында құрамында металл қосындылары бар (дизель отыны үшін статикаға қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) бензин мен дизель отынын және қанықпаған мұнай өнімдерін әкелуге және өткізуге, оның ішінде оларды одан әрі өңдемей сақтауға тыйым салынады.
2. Осы Заңның талаптарын ескере отырып, мұнай өнімдерін өткізуге, тек қана:
1) мұнай өнімдерін өндірушілерге;
2) мұнай өнімдерін берушілерге;
3) мұнай өнімдері базаларынан мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге;
4) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға жол беріледі.
3. Мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) жөнелтуді:
19-бабының 3-тармағының 1) тармақшасы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) мұнай өнімдерін өндiрушiлер, мұнай берушілер, мұнай өнімдері базасынан немесе резервуарлардан мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер;
19-бабының 3-тармағының 2) тармақшасы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) мұнай өнімдерін жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларында бөлшек сауда арқылы өткізуді қоспағанда, мұнай өнiмдерiн автожанармай құю станцияларында бөлшек сауда арқылы өткізушілер мұнай өнiмдерiн міндетті түрде есепке алатын бақылау аспаптары арқылы өткізе отырып, жүзеге асырады.
4. Мұнай өнімдерін көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткізу кезінде, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнің экспорты кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.
Мұнай өнімдерін автожанармай құю станцияларында бөлшек сауда арқылы өткізу кезінде ілеспе жүкқұжаттар ресімделмейді.
5. Екі және одан да көп жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мұнай өнiмдерiн кейіннен өткізу мақсатында резервуарды өткізу, сондай-ақ сақтау үшін пайдалануына тыйым салынады.
20-бап. Шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау шарттары
1. Қауіпті жүктерді тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған және тасымалдауға рұқсат етілген көлік арқылы шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдауға жол беріледі.
2. Мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) жөнелту кезінде, сондай-ақ темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.
Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, мұнай өнімдерінің ішкі тасымалдануын жүзеге асыратын тұлғалар алушыларға мұнай өнімдерімен бірге ілеспе жүкқұжаттарын көлік арқылы беріп жіберуге міндетті.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
1) мұнай өнімдерін сатып алушы болып табылатын заңды тұлға, ол алушы ретінде көрсеткен осы заңды тұлғаның филиалы;
2) ішкі тасымалдау кезінде мұнай өнімдерін алушылар болып табылатын заңды тұлға, оның филиалы;
3) мұнай өнімдерін, сондай-ақ ішкі тасымалдау кезінде мұнай өнімдерін сатып алушы болып табылатын жеке тұлға алушы болып танылады.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бір жеке тұлға немесе заңды тұлға ішінде мұнай өнімдерін тасымалдауға байланысты тасымалдау ішкі тасымалдау болып танылады.
Ілеспе жүкқұжаты интернет-ресурс арқылы электронды түрде ресімделеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ішкі тасымалдауды жүзеге асырған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу талап етілмейді.
3. Шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдауға байланысты құжаттар қауіпті жүктерді тасымалдау үшін көліктің әрбір түріне белгіленген талаптарға сай болуға тиіс.
4. Темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және пайдалану шарттары техникалық регламенттердің талаптарына сай болуға тиіс.
21-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу
21-бабының 1-тармағының бірінші бөлігі алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
1. Осы Заңның 17-бабының 9-тармағында көрсетілген мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерді қоспағанда, тек мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда ғана мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуге жол беріледі.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің талаптарын сақтаған кезде мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің, сондай-ақ мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің мұнай өнімдерін өткізуін қоспағанда, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер басқа мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
Басқа мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерден мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер тек мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге ғана мұнай өнімдерін өткізуге құқылы.
2. Мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыру басталғанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне дербес сәйкестендіру нөмір-кодының берілуіне өтінім жіберуге тиіс.
3. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнiмдерiн тек мұнай өнiмдерiнің базаларында және (немесе) резервуарларда сақтауды жүзеге асыруға міндетті.
22-бап. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу
1. Осы баптың 2-тармағының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың өздері меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін автожанармай құю станциялары және (немесе) резервуарлар арқылы мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуіне жол беріледі.
2. Тұрғындарының саны он мың адамға дейінгі елді мекендерде контейнерлік үлгідегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткізуге жол беріледі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникалары жинақталған орындарда жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткізуге жол беріледі.
3. Бір мезгілде екі және одан да көп мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнiмдерiн сақтау және бөлшек сауда арқылы өткізу үшін автожанармай құю станцияларын пайдалануына тыйым салынады.
4. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына сәйкес адам саны он мыңнан астам елді мекеннің немесе әкімшілік ауданның аумағында бір мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушінің не адамдар тобы деп танылған мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің нарықтық үлесі осы нарықтың жалпы көлемінің отыз бес пайызынан аса алмайды.
23-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі
1. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мынадай мониторингті жүзеге асырады, оған:
1) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдері көлемінің, олардың түрлері бойынша мониторингі;
2) Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерін өткізудің, оның ішінде мұнай өнімдерінің экспорты мен импортының мониторингі;
3) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерінің көтерме саудадағы және бөлшек саудадағы бағаларының мониторингі;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мұнай өнімдерін қажетсінуінің мониторингі кіреді.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға:
1) көтерме сауда арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген;
2) жылу беру кезеңінде жылумен қамтамасыз ететін ұйымдардың мұнай өнімдерін тұтыну жөніндегі болжамды ұсынады.
3. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған мұнай өнімдерін өткізу туралы мәліметтерді ұсынады.