ең төменгі қажетті соманы жинақтағаннан және тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша барлық шарттарды орындағаннан кейін «ҚТҚЖБ» АҚ-ға сатып алатын тұрғын үй кепілімен жылдық 4,5 % ставка бойынша тұрғын үй қарызын алу үшін құжаттарын ұсынады;
2) «ҚТҚЖБ» АҚ:
Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үй құрылыс жинағы туралы шарт жасасады, оған сәйкес Бағдарламаға қатысушы тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй қарызын алу мақсатында тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан және пайдалануға берілгеннен кейін 5,5 жылдан аспайтын мерзім ішінде «ҚТҚЖБ» АҚ-дағы есеп шотындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша ең төменгі қажетті соманы жинақтауды жүзеге асырады;
Бағдарламаға қатысушы ең төменгі қажетті соманы жинақтағаннан және тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша барлық шарттарды орындағаннан кейін Бағдарламаға қатысушыға сатып алатын тұрғын үй кепілімен жылдық 4,5 % ставка бойынша 10 жылға тұрғын үй қарызын береді;
Бағдарламаға қатысушысымен банк қарызы шартын жасасқаннан кейін жергілікті атқарушы органының (ӘКК) шотына тұрғын үйдің құнына тең мөлшерде қаражат аударады.
3) жергілікті атқарушы орган (ӘКК):
Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үй және/немесе жылыжай салуға және/немесе сатып алуға шарт жасасады;
құрылыс салушыны тарта отырып, Бағдарламаға қатысушы үшін тұрғын үй және/немесе жылыжай салуды және/немесе сатып алуды қамтамасыз етеді;
егер тұрғын үйді салу және/немесе сатып алу мерзімі шарт бойынша қаражат жинақтау мерзімі аяқталған күннен бұрын келсе, онда жергілікті атқарушы органдар (ӘКК) Бағдарламаға қатысушыға тұрғын үйді жинақтау кезеңі мерзіміне жалға береді;
«ҚТҚЖБ» АҚ-дан Бағдарламаға қатысушының тұрғын үй сатып алуға банктік қарыз алуға қажетті соманы жинағаны және банктік қарызды беру мүмкіндігі туралы ақпарат алғаннан кейін Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үйді сатып алу-сату шартын ресімдейді.
Бұдан кейінгі жылдары (10 жылдан асырмай) Бағдарламаға қатысушы банктің тұрғын үй қарыздарын өтейді. Тұрғын үй құрылысына немесе сатып алуға кредит беру кезінде шартқа қатысушылар:
Бағдарламаға қатысушылардың қарыз шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуы жөнінде жергілікті атқарушы органдардың тұрақты мониторинг жүргізуі;
«ҚТҚЖБ» АҚ Бағдарламаға қатысушыларға берілген қарызға есеп жүргізуі, басқаруы және мониторинг жүргізуі сияқты шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
Жергілікті атқарушы органдар қаражат көздейді және магистральдық инфрақұрылым объектілерінің құрылысын, салынатын объектілер бойынша Бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді және тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін жер учаскелерін бөлуді жүзеге асырады.
2009 жылы осы Бағдарлама шеңберінде 2008 жылы «Сарыарқа», «Ертіс» және «Оңтүстік» ӘКК-тың жарғылық капиталына аударылған қаражат есебінен Бағдарламаға қатысушылар қатарынан 1051 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделетін пилоттық жобалар Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында және Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында іске асырылатын болады.
Бірыңғайласып тұру сияқты, жалпы тұруы жағдайында да, тұрғын үймен жайғастыру үшін тиісті әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық құрылым қажет болады.
Балабақшалар, «100 мектеп және 100 аурухана» салу бағдарламасы шеңберінде тұтастай республика бойынша 3 балабақша, 4 мектеп салынатын болады. Бірыңғайласып тұру жағдайын қамтамасыз ету үшін 201,4 км. жол төселіп, 131,92 км. су құбыры желісі, 7 су қабылдау стансасы, 75,74 км. электр желісі мен 1 қазандық іске қосылатын болады.
Жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жұмыс берушілер Бағдарламаға қатысушыларды және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын белгілей алады.
Бағдарламаға қатысушылар алғашқы қоныстану орындарында кемінде үш жыл тұрақты тұруға міндетті. Қоныстану аймағынан белгіленген мерзімнен бұрын кеткен жағдайда, Бағдарламаға қатысушылар алған өтемақы қаражатын толық көлемде қайтаруға тиіс.
5.4. Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2218 Қаулысымен 5.4. бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Стратегиялық бағдарламаларды және өндірістік күштерді аумақтық орналастыру жоспарларын ескере отырып Бағдарламаға қатысушыларды түрлі салаларда - өнеркәсіпте, құрылыста, ауыл шаруашылығында, азаматтық қызметте (білім беру, денсаулық сақтау, басқару, әлеуметтік қызмет көрсету) жұмыспен қамту көзделеді. Бұл ретте жұмыспен қамтудың түрлі нысандары: жалдамалы еңбек, шағын және орта бизнеске қатысу пайдаланылатын болады.
Бағдарламаға қатысушылардың тиісті білім, біліктілік деңгейі мен экономиканың белгілі бір секторындағы жұмыс тәжірибесі болуы керек, ал қажет болған кезде жергілікті атқарушы орган ұйымдастыратын оқуға және қайта оқуға дайын болуға тиіс. Бағдарламаға қатысушылар өзінің жеке кәсібін ашуға ниетті болған жағдайда, олардың тиісті машығы мен тәжірибесі, бизнеспен айналысу үшін қажетті белгілі бір қаражаты болуы керек. Шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру үшін ӘКК кредит береді және өзге де жәрдем көрсетеді.
Есеп бойынша Бағдарламаны іске асыру барысында тұтас ел бойынша 30 мың адам жұмыспен қамтылатын болады, оның ішінде үштен екісі экономиканың нақты секторларында - өнеркәсіпте, құрылыс пен ауыл шаруашылығында жұмыспен айналысатын болады.
Солтүстік аумақтық даму осіне қатысты макроаймақтарда, бұл өңірлерде тамақ қауіпсіздігіне байланысты жобалардың іске асырылуына байланысты, жұмыспен қамтудың басым саласы ретінде ауыл шаруашылығы өндірісі жоспарланады.
Қоныстандырудың Орталық осі аудандарында жұмыспен қамтуды ауыл шаруашылығы өндірісінде, сондай-ақ құрылыста қамтамасыз ету жоспарлануда.
Қоныстандырудың Оңтүстік ось аудандарында Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі мүнай-газ және тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетін болады.
5.5. Бағдарламаға қатысушыларды көшіруді және бейімдеуді ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2011.25.06. № 708 Қаулысымен 5.5.1. кіші бөлімі өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
5.5.1. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы
Бағдарламаға қатысушылардың қоныстандыру аймақтарында қоныстануын және бейімделуін жылдамдату мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен бағдарлық анықтама материалдарын әзірлейтін болады.
Бағдарлық анықтама материалдары Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларымен, ішкі және сыртқы саясатпен, республиканың қол жеткізген табыстарымен және жетістіктерімен, халықтың өмір сүру деңгейімен таныстыруға бағытталған. Олар Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, қоныс аудару шарттары туралы, Бағдарламаға қатысушылардың міндеттері мен құқықтары туралы, өңірлік еңбек нарықтарындағы жұмыс күшіне сұраныстың жай-күйі мен құрылымы туралы, тұрғын үй мәселесін шешу мүмкіндіктері туралы ақпаратты қамтитын болады.
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары:
шетелде - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, халықаралық ұйымдар арқылы (ақпараттық материалдар тарату, кездесулер, әңгімелесулер, мәдени алмасуды ұйымдастыру және тағы басқалар);
елдің ішінде - мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдар арқылы (бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалану негізінде хабардар ету, консультация беру, кездесулер) іске асырылатын болады.
Сондай-ақ, Бағдарламаны іске асырудың барысы мен нәтижелерін БАҚ-ты пайдалана отырып кеңінен жариялау қарастырылады.
5.5.2. Қоныс аударуды және алғашқы бейімдеуді ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2010.28.04. № 359 Қаулысымен 5.5.2. бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Шетелде тұратын, сондай-ақ елдің қолайсыз аудандарында тұратын Бағдарламаға қатысушыларды көшіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың тікелей қатысуымен жүзеге асырады.
Осыған байланысты:
1) уәкілетті органға:
қоныс аударудың тәртібін, Бағдарламаға қатысушыларға көрсетілетін бейімдеу қызметтерінің тізбесін және көлемін айқындауды;
Бағдарламаға қатысу туралы қорытынды беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруды және қызметін үйлестіруді;
Бағдарламаны дайындауға және іске асыруға бизнес және өзге де қоғамдық бірлестіктер өкілдерін тартуды;
көшірудің ұйымдастырылуын және алғашқы бейімдеу жөніндегі қызметтердің көрсетілуін бақылауды;
Бағдарламаға қатысушыларға көшуге және қоныстануға жәрдемдесудің өңірлік бағдарламаларының іске асырылуын бақылауды;
2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне:
ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына қоныс аудару мәселелері жөнінде консультациялар беруді;
Бағдарламаға қатысу туралы өтініш білдірген азаматтардың есебін жүргізуді (өтініштер мен Бағдарламаға қатысушы мәртебесін алуға қажетті өзге де құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді және уәкілетті органға жіберуді);
уәкілетті органның оң қорытындысы болған кезде, Бағдарламаға қатысушыларды көшіруге қажетті құжаттарды ресімдеуді;
Бағдарламаға қатысушыларға виза ресімдеуге (қажет болған кезде) жәрдемдесуді;
қоныс аудару уақытын белгілеуді;
Бағдарламаға қатысушыларды тіркеуді және оларға белгіленген үлгідегі куәліктер тапсыруды;
3) жергілікті атқарушы органдарға Бағдарламаға қатысушыларды көшіруге және қоныстандыруға жәрдем көрсетудің өңірлік бағдарламаларын әзірлеуді және іске асыруды жүктеу болжанады, онда:
қоныстандыру аймақтарындағы еңбек нарығында жұмыс күшіне деген қажеттілік;
қатысушылардың саны;
қоныс аударушыларды қабылдау және қоныстандыру аймақтарында жайғастыру, оларға тұрғын үй беру шарттары;
әлеуметтік, инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылымды құру (дамыту) жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
қаржыландыру көздері;
бейімдеу қызметтерін көрсету;
ақпараттық-түсіндіру жұмысы қарастырылады.
Жергілікті атқарушы органдар:
уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінен оң қорытынды болған жағдайда, қоныс аударуға және Бағдарламаға қатысушы мәртебесін алуға қажетті құжаттарды ресімдейді;
Бағдарламаға қатысушыны тіркейді және оған белгіленген үлгідегі куәлікті тапсырады;
қоныстандыру мерзімін белгілейді;
Бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етеді;
алғашқы қоныстандыруды ұйымдастырады.
5.6. Бағдарламаның іске асырылуын басқару
Уәкілетті орган Бағдарламаны үйлестіруші болып табылады.
Бағдарламаны орындаушылар орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар болып табылады.
Бағдарламаны басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында бірыңғай орталықтандырылған ақпараттық деректер банкі қалыптастырылады. Онда Бағдарламаға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелері туралы қоныстандырудың әр сатысындағы (өтініш беру, мемлекеттік шекарадан өту, қоныстандыру аумағына келу, жұмысқа орналасу, уақытша тұруға рұқсат алу, тұру рұқсатын алу, азаматтық алу), сондай-ақ оларға әлеуметтік қолдау көрсетілгені туралы ақпарат шоғырландырылады.
Бағдарламаны іске асыру барысының мониторингі үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ведомствоаралық комиссия қүрылады.
5.7. Бағдарламаны нормативтік қүқықтық қамтамасыз ету
Көші-қон процестерін реттеудегі және әлеуметтік қолдау көрсетудегі жаңа қадамдар тиісінше нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді талап етеді.
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына өзгерістер енгізілетін болады.
Бағдарламаға қатысушылардың санын анықтауды заңнамалық тұрғыдан бекіту үшін оралмандарға арналған көшіп келу квотасын; шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын қалыптастыру тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына және «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына этникалық көшіп келушілердің, сондай-ақ шетелде тұратын және шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған жыл сайынғы квота шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген, Қазақстанның бұрынғы азаматтарының келу және азаматтық алу рәсімін жеңілдетуге байланысты өзгерістер енгізілетін болады.
Көшіп-қонушыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің және оларға әлеуметтік қолдау көрсетудің жаңа тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй, кеден, әлеуметтік және көші-қон салаларын реттейтін заңнамасына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізуді талап етеді.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің, уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Бағдарламаның жұмысты ұйымдастыру жөніндегі ережелерін іске асыру көші-қон процестерін басқару жүйесінде институционалдық өзгерістерді талап етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 561 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.29.12. № 2218 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.11. № 1252 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.06. № 708 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 6-бөлім өзгертілді
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің қаражаты есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.
2009-2011 жылдары Бағдарламаны іске асыруға барлығы 74 378,5 млн. теңге талап етіледі, оның ішінде қосымша 16 297,9 млн. теңге: республикалық бюджеттен:
2009 жылы - 12 441,8 млн. теңге;
2010 жылы - 26 330,8 млн. теңге, оның ішінде қосымша 8 968,5 млн. теңге;
2011 жылы - 20 269,8 млн. теңге, оның ішінде қосымша 7 329,4* млн. теңге;
жергілікті бюджеттерден:
2009 жылы - 25,8 млн. теңге;
басқа көздерден:
2009 жылы - 8 028,9* млн. теңге;
* - Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2008 жылы пилоттық жобаларды іске асыруға «Сарыарқа», «Ертіс» және «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар есебінен, олардың жарғылық капиталына аударылған 7 178,3 млн. теңге.
- Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы жылыжай шаруашылығын дамытуға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ есебінен 850,6 млн. теңге талап етіледі.
Бағдарламаны 2010-2011 жылдары іске асыру шығыстары тиісті қаржылық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда нақтыланатын болады.
Бағдарламаны іске асыруға арналған республикалық бюджет қаражатының нысаналы жұмсалуы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру жолымен қамтамасыз етіледі.
7. Күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру:
этникалық, ішкі және сыртқы көші-қон процестерін реттеуге және оны өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесіне бағындыруға мүмкіндік береді;
этникалық көшіп келушілердің және ішкі көшіп-қонушылардың едәуір бөлігінің өмір сүру сапасының артуына қол жеткізіледі;
Қазақстаннан кеткен әртүрлі ұлт азаматтарының елге қайта оралуын ынталандыратын болады;
көшіп-қонушылардың бейімделу және кірігу қиындықтарына, жұмысыздыққа және бытырап көшіп-қонуға байланысты туындауы ықтимал әлеуметтік қатерлердің алдын алады;
ұлттық шоғырлану процестерінің одан әрі дамуын, әлеуметтік тұрақтылық пен келісімнің нығаюын, демографиялық ахуалдың жақсаруын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 561 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.10.11. № 1803 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.29.12. № 2218 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 703 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.11. № 1252 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.06. № 708 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 8-бөлім өзгертілді
8. 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш»
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р\с № | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар (млн. теңге) | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Бағдарламаны іске асыруды құқықтық қамтамасыз ету |
1. | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-кон процесстері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, ЭБЖМ, АШМ | 2009 жылғы IV тоқсан | Талап етілмейді | - |
2. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің: «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136; «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836; «Оралмандарды көшіп келу квотасына енгізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 29 қыркүйектегі № 858 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы | Еңбекмині (жинақтау), ІІМ | 2009 жылғы III тоқсан | Талап етілмейді | - |
3. | Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелерінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті және олардың аумақтық органдары қызметкерлерінің санын көбейту жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | Еңбекмині (жинақтау), СІМ, ЭБЖМ | 2009 жылғы І тоқсан | Талап етілмейді | - |
4. | Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | Еңбекмині (жинақтау), СІМ, ІІМ, ЭБЖМ, Қаржымині, АШМ | 2009 жылғы І тоқсан | Талап етілмейді | - |
5. | Бағдарлама шеңберінде Тұрғын үйді іске асыру ережесін әзірлеу | Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы | Еңбекмині (жинақтау), Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | 2009 жылғы наурыз | Талап етілмейді | - |
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары |
6. | Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асыру жөнінде ведомствоаралық комиссия құру | Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы | Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2009 жылғы І тоқсан | Талап етілмейді | - |
7. | Бағдарламаға қатысушыларды көшіруге және қоныстандыруға жәрдемдесудің өңірлік бағдарламаларын әзірлеу | Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері | облыс әкімдері | 2009 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | - |
8. | Мыналарды: 1) қоныстандыру аймақтарының санаттарын, олардың әлеует сыйымдылығын, еңбек ресурстарымен, тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін; 2) Бағдарламаға қатысушыларды көшіріп қоныстандыру уақытын (кезеңділігін) айқындау (қабылданған мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға сәйкес) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Еңбекмині (жинақтау), облыс әкімдері | 2009 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | - |
9. | Орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылы жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу | Әдістемелік ұсынымдар | Еңбекмині | 2009 жылғы наурыз | Талап етілмейді | - |
10. | Бағдарламаны іске асырумен айналысатын мемлекеттік органдардың мамандарын оқытуды ұйымдастыру | Семинарлар | Еңбекмині | 2009 жылғы қаңтар - наурыз | 2009 ж. - 0,9 | Республикалық бюджет |
11. | Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөнінде шет елдердің қазақ диаспорасы ұйымдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру | Кездесулер, семинарлар | СІМ, ІІМ | тұрақты | Талап етілмейді | - |
12. | Шетелде тұратын Бағдарламаға қатысушыларға консулдық көмек көрсету | Консулдық көмек | СІМ | тұрақты | Талап етілмейді | - |
13. | Бағдарламаға қатысушылардың есебін қамтамасыз ететін бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру | Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе | Еңбекмині | 2009 жыл | 2009 ж. - 10,0 | Республикалық бюджет |
14. | Бағдарламаны іске асыру туралы мемлекеттік органдар есептерінің нысандарын әзірлеу | Еңбекминінің бұйрығы | Еңбекмині | 2009 жылғы ақпан | Талап етілмейді | |
15. | Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үймен жайластыруға тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы, оның ішінде: 2010 жылы Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында; 2011 жылы Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Жаңатаң ауылында, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Кендірлі ауылында, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында пилоттық жобаларды іске асыруға жеңілдетілген ипотекалық кредиттер беру | ІІМ-ге ақпарат | облыс әкімдері, ҚІжТКША | 2011-2012 жылдар, қаңтар | 2010 ж. - 8 968,5 2011 ж. - 7 329,4* | Республикалық бюджет |
16. | Оралмандарға әлеуметтік көмек көрсету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ІІМ (жинақтау), | 2010-2012 жылдар, қаңтар | 2009 ж. - 12 428,9 2010 ж. - 8 548,9 2011 ж. - 6 866,3 | Республикалық бюджет |
17. | Бағдарламаға қатысушылар орналастырылатын аймақтарда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде 2010 жылы Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында пилоттық жобаларды іске асыруға | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ІІМ (жинақтау), ЭДСМ, БҒМ, облыс әкімдері | 2010-2012 жылдар, қаңтар | 2010 ж. - 2 336,3 2011 ж. - 1 183,2* | Республикалық бюджет |
18. | Бағдарламаға қатысушылар орналастырылатын аймақтарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде: 2010 жылы Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Қостанай облысы Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында, және Мұнайлы ауданының Батыр ауылында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында; 2011. жылы Ақтебе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Жаңатаң ауылында, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Кендірлі ауылында, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкеыт қаласының «Асар» шағын ауданында пилоттық жобаларды іске асыруға | ІІМ-ге ақпарат | облыс әкімдері, ҚІжТКША | 2011-2012 жылдар, қаңтар | 2010 ж. - 5 626,5 2011 ж. - 4 890,9* | Республикалық Бюджет |
18-1. | Пилоттық жобаларды Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылында Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында іске асыру: | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Еңбекмині (жинақтау), Ақмола облысы, ШҚО, ОҚО әкімдері, «Сарыарқа», «Ертіс», «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша) | 2010 жылғы қаңтар | | |
- тұрғын үйлер салу; | Еңбекминіне ақпарат | Ақмола облысы, ШҚО, ОҚО әкімдері, «Сарыарқа», «Ертіс» «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша) | 2009 жылғы желтоқсан | 2009 ж. - 5 771,3 | «Сарыарқа», «Ертіс», «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша) |
- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту | Еңбекминіне ақпарат | Ақмола облысы, ШҚО, ОҚО әкімдері, «Сарыарқа», «Ертіс» «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша) | 2009 жылғы желтоқсан | 2009 ж. - 1 407,0 | «Сарыарқа»,»Ертіс», «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша) |
| Онтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында тәртіп сақтау тірек пункті мен байланыс бөлімшесін салу | Енбекминіне ақпарат | ОҚО әкімі | 2010 жылғы қаңтар | 2009 жыл - 25,8 | Жергілікті бюджет |
19. | Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында жылыжай шаруашылығын дамыту | Еңбекминіне ақпарат | ОҚО әкімі, «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша) | 2010-2011 жылдар қаңтар | 2009 ж. - 850,6 2010 ж. - 850,6 | 2009 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, 2010 жылы-республикалық бюджет |
20. | ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2218 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
Ақпараттық сүйемелдеу |
21. | Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бағдарлық анықтама материалдарын дайындау | Материалдар, БАҚ жарияланымдары, буклеттер, брошюралар | ІІМ (жинақтау), СІМ | тұрақты | 2009 ж. - 2,0 2010 ж. - 2,3; 2011 ж. - 2,3 | Республикалық бюджет |
22. | ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2218 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |