парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемесін;
жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын;
көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін белгілейді;»;
30) тармақшада:
үшінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігінің субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 36-1) - 36-4), 38-1) - 38-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«36-1) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;
36-2) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі жұмыс органын айқындайды;
36-3) Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды мақұлдайды;
36-4) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласында кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттейді;»;
«38-1) Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық шарттарын іске асыру бойынша орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;
38-2) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарын іске асыруды ұйымдастырады;
38-3) Қазақстан Республикасының халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі ұлттық органның функциясын жүзеге асырады;
38-4) метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
38-5) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін есептеу үшін бағдарламалық кешендерді қолдануды келіседі;
38-6) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы және халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты негізделген алдын ала келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарының міндеттемелерін орындау шеңберінде, жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.»;
6) 19-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қоршаған орта сапасының әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі нысаналы көрсеткiштерiн өз құзыретi шегiнде бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) аумақтарды дамыту бағдарламаларын және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды бекітеді;»;
7) 20-бапта:
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) аумақтарды дамыту бағдарламаларын және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлейді және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.»;
8) 25-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «нормативтері жатады.» деген сөздер «нормативтері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру нормативтері жатады.»;
9) 26-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көздері үшін эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері техникалық регламенттерде белгіленеді.»;
10) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi нормативтерi, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері
1. Парниктік газдар шығарындыларын қоспағанда, ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері қоршаған орта сапасының нормативтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ететiндей шартпен эмиссиялардың әрбiр стационарлық көзi және тұтастай кәсiпорын үшін есептеулер негiзiнде белгiленетiн эмиссиялардың шамалары болып табылады.
2. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi нормативтерi, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері қоршаған ортаға эмиссияларға арналған рұқсаттар беру кезiнде стационарлық және жылжымалы көздер, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін эмиссиялардың нормативтерінің есептеу мәндерiн, техникалық үлестік нормативтерінiң белгiленген мәндерiн қамтитын жобалар құрамында пайдаланылады. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шекте белгіленген қолданылу мерзімі, өндіріс және тұтыну қалдықтарын нормативтік орналастыру мерзімі жобаларда қамтылған нормативтерге берiлген мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының қолданылу мерзiмiмен айқындалады.»;
11) 28-баптың 1 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоршаған ортаға эмиссия нормативтері көзделген шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау құрамында не жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін жеке құжаттар түрінде негізделеді.»;
«6. Атмосфераға ластаушы заттар шығарудың жылжымалы көздерінен туындайтын эмиссия нормативтерi белгіленбейді. Шығарылған газдардағы атмосфералық ауаны ластайтын негiзгi заттардың шектi концентрациясы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасымен айқындалады.»;
12) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:
«34-1 бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы стандарттар
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның келісімімен Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындығы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін әзірлейді және бекітеді.
2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу субъектілері өз қызметінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган таныған және рұқсат еткен стандарттарды басшылыққа алады.»;
13) 38-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тапсырыс беруші мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарының дәйектілігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
14) 39-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «атмосфералық» деген сөздің алдынан «парниктік газдар шығарындыларының әсерін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 41-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «, ниеті туралы декларацияны» деген сөздер алып тасталсын;
16) 47-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Парниктік газдар шығарындылары мемлекеттік экологиялық сараптама объектісі болып табылмайды.»;
17) 51-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету тұрғысынан құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдаудан бұрын жүргізілуге тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаса, жобаны іске асыруға тыйым салынады.»;
3-тармақтағы «ол белгiлеген мерзiмде» деген сөздер алып тасталсын;
18) 57-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін І және ІІ санаттағы объектілер үшін әзірленген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары қоғамдық тыңдауға шығаруға жатады.»;
19) 60-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Парниктік газдар шығарындылары қоғамдық экологиялық сараптама объектісі болып табылмайды.»;
20) 68-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Эмиссиялардың барлық стационарлық көздерінен қоршаған ортаға эмиссияларды экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыруға тыйым салынады.
Парниктік газдар шығарындылары экологиялық рұқсаттың нысанасы болып табылмайды.»;
21) 70-бапта:
3-тармақтың 21) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру бөлігінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру кезінде табиғат пайдалану шарттарына қалдықтарды басқару бағдарламасының рұқсаттың қолданылу кезеңінде қалдықтар көлемінің азаюын және олардың қоршаған ортаға зиянды әсерінің төмендеуін бейнелейтін көрсеткіштері енгізіледі.
Күкіртті орналастыру бөлігінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру кезінде табиғат пайдалану шарттарына рұқсаттың қолданылу кезеңінде күкірттің жинақталған көлемін азайту және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету жөніндегі бағдарламаның көрсеткіштері енгізіледі.»;
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «iс-шаралар бағдарламасын» деген сөздер «іс-шаралар жоспарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 71-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Өндірістік объектілердің санитариялық сыныпталуына сәйкес сыныпталмайтын қызмет түрлері ІІ санатқа жатады.»;
3-тармақтағы «хабарлау декларациясының негізінде» деген сөздер алып тасталсын;
23) 72-бапта:
2-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын және 6) тармақшадағы «бағдарламасының жобасын;» деген сөздер «бағдарламасының жобасын қамтиды.» деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
3-тармақтың 23) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«Табиғат пайдаланушы өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру тұрғысынан қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін қалдықтарды басқару бағдарламасын да ұсынады.
Мұнай операцияларын жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы күкіртті орналастыру тұрғысынан қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін аумағында күкіртті орналастыру жүзеге асырылатын облыстың жергілікті атқарушы органымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген, күкірттің жинақталған көлемін азайту және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуді төмендету жөніндегі бағдарламаны да ұсынады.»;
3-тармақтың 4) тармақшасындағы «бағдарламасының жобасын;» деген сөздер «бағдарламасының жобасын қамтиды.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. IV санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн құжаттар топтамасы:
1) рұқсат алуға арналған өтінімді;
2) қоршаған ортаға эмиссиялардың есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген нормативтерін қамтиды.»;
5-тармақтағы «және хабарлау декларациясының» деген сөздер алып тасталсын;
24) 73-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатқа енгізілген табиғат пайдалану шарттарының орындалуы туралы есепті рұқсат берген органға тоқсан сайын ұсынып отыруға міндетті.»;
25) 74-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Рұқсат алуға өтінім беру осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен кеш берілген жағдайда, рұқсаттың қолданылу мерзімі берілген күннен бастап есептеледі.
Рұқсатта белгіленген эмиссиялар лимиттері, рұқсаттың қолданылу мерзімі ескеріле отырып, эмиссиялар нормативтеріне сәйкес болуға тиіс.»;
26) 75-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер табиғат пайдаланушы рұқсат алуға қажетті өтінімді және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін ұсынған болса, оған IV санаттағы объектiге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берiлуге тиiс.»;
27) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«77-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тарту, оны тоқтата тұру, жою, одан айыру және қайта жалғастыру
1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретiн органдар мынадай:
1) рұқсат алу үшiн ұсынылған материалдар толық емес және дәйексіз болған;
2) сұратылып отырған табиғат пайдалану шарттары осы Кодекстiң 73-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартады.
2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тартуға байланысты даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
3. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Егер табиғат пайдаланушыға рұқсат бірнеше өндірістік объектілерге берілген жағдайда, рұқсаттың қолданылуы бұзушылыққа жол берілген объект бойынша тоқтатыла тұрады.
4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берген орган оны жаңа рұқсат берiлген күннен бастап жояды.
5. Табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.»;
28) 78-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресiмдеу қоршаған ортаға жүктемені арттыруға әкеп соқтырмайтын, табиғат пайдаланушының атауын немесе ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерткен, ол қайта ұйымдастырылған жағдайларда бір ай мерзімде жүзеге асырылады.»;
29) 79-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Кешендi экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
30) 80-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Парниктік газдар шығарындылары экологиялық аудит жүргізу кезінде талдау нысанасы болып табылмайды.»;
31) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«89-бап. Экологиялық аудиторлар палатасы
1. Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлардың және мемлекеттік органдарда экологиялық аудиторлық ұйымдардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін білдіру үшін құрылады.
Экологиялық аудиторлар палатасы өз мүшелерінің жалпы жиналысында бекітілетін жарғысының негізінде әрекет ететін және мүшелік жарналар есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіптік және өзін-өзі басқаратын ұйым болып табылады.
2. Экологиялық аудиторлар палатасының негізгі міндеттері:
1) экологиялық аудиторлардың қызметін материалдық-техникалық, анықтамалық-ақпараттық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
2) экологиялық аудиторлық қызметтің жүзеге асырылуына кәсіби бақылауды ұйымдастыру болып табылады.
3. Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың қызметін реттейді, халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық аудит стандарттарын әзірлейді.
4. Экологиялық аудиторлық ұйымдардың экологиялық аудиторлар палатасына мүшелігі міндетті болып табылады. Экологиялық аудиторлар экологиялық аудиторлық қызметті дара кәсіпкер ретінде жүзеге асырған жағдайда олар мүшелікке қабылданады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы болған кезде экологиялық аудиторлар палатасына қабылдаудан бас тартуға болмайды.
5. Экологиялық аудиторлар палатасынан шығару:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензиядан айырылған немесе оның қолданысы тоқтатылған;
2) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын және нормаларын өрескел не бірнеше рет бұзған;
3) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан өздерінің кәсіби міндеттерін орындай алмайтыны анықталған жағдайларда;
4) экологиялық аудиторлар палатасының құрылтай құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда жүргізіледі.
6. Экологиялық аудиторды немесе экологиялық аудиторлық ұйымды осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шығару қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның талап-арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылатын, экологиялық аудиторлық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтатуға әкеп соғады.»;
32) мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын:
«9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу
94-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі ережелері
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласында мемлекеттік реттеу:
1) табиғат пайдаланушыларға парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуді;
2) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірулерінің нарықтық тетіктерін белгілеуді;
3) табиғат пайдаланушыларды әкімшілендіруді қамтиды.
94-2-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар
3-тармақтың 32) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. Қызметін экономиканың мұнай-газ, энергетика, тау-кен металлургиясы, химия салаларында, ауыл шаруашылығында және көлікте жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың парниктік газдар шығарындыларын жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасына тең келетін мөлшерден асатын парниктік газдар шығарындыларына квоталар алмай қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.
2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес беріледі.
3. Табиғат пайдаланушы есепті кезең ішінде жұмыс істеп тұрған әрбір қондырғыға парниктік газдар шығарындыларының көлеміне квота алады.
4. Парниктік газдар шығарындыларына квота қондырғы паспортының деректері негізінде айқындалады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін парниктік газдар шығарындыларына сертификатта жазылады.
3-тармақтың 32) тармақшасының он үшінші - он алтыншы абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. Табиғат пайдаланушыларға, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті кезеңдегі парниктік газдар шығарындыларына сертификатта белгіленген квотадан асып түсуге тыйым салынады.
6. Табиғат пайдаланушылар есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті кезеңдегі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің нақты көлемі туралы есепті, сондай-ақ сатып алынған және иеліктен шығарылған квоталар бірлігі, жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған және берілген көміртегі бірліктері туралы мәліметтерді ұсынуға тиіс.
7. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар белгіленген көлемнен асып түскен жағдайда табиғат пайдаланушы парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі өз міндеттемелерін парниктік газдар шығарындыларына квоталардың белгіленген көлемінің резерві бар басқа табиғат пайдаланушыдан сатып алған квоталар бірліктерімен және (немесе) жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтеуге құқылы.
8. Егер табиғат пайдаланушыда парниктік газдар шығарындыларына квоталардың белгіленген көлемімен және парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелерімен салыстырғанда парниктік газдар шығарындыларына квоталар резерві бар болған жағдайда, ол квоталар бірліктерін басқа табиғат пайдаланушыларға сата алады.
Белгіленген көлеммен салыстырғанда өндірісті азайту есебінен алынған квоталар резерві сауда нысанасы болып табылмайды.
9. Табиғат пайдаланушылар парниктік газдар шығарындыларына квоталар алу және көміртегі бірліктерінің саудасына қатысу мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тәуелсіз аккредиттелген ұйым растаған мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) есепті жыл үшін парниктік газдарды түгендеу туралы есеп;
2) қондырғы паспорты;
3) парниктік газдар шығарындыларын азайту бағдарламасы;
4) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары.
94-3-бап. Парниктік газдар шығарындыларына арналған сертификат
1. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат табиғат пайдаланушыға парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі өз міндеттемелерін орындау және көміртегі бірліктерінің саудасына қатысу мақсатында берілетін парниктік газдар шығарындыларының рұқсат етілген көлемін белгілейтін құжат болып табылады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 94-2-бабының 9-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап бір ай мерзімде қондырғыдан (қондырғылардан) не оның бөліктерінен шыққан парниктік газдар шығарындыларына құқық беретін сертификат береді.
Парниктік газдар шығарындыларына сертификат бір оператор басқаратын, сол бір өнеркәсіптік алаңдағы бір немесе бірнеше қондырғыға берілуі мүмкін.
3. Сертификат мынадай ақпаратты қамтиды:
1) қондырғы операторының атауы және мекенжайы;
2) қызмет түрлерінің сипаттамасы және парниктік газдар шығарындылары квоталарының көлемі;
3) қондырғыға қолданылатын мониторинг стандарты көрсетілген мониторингке қойылатын талаптар;
4) есептілікке қойылатын талаптарды, сондай-ақ сертификатты және осы қондырғының парниктік газдар шығарындыларының есепті жылдағы нақты көлемі туралы аккредиттелген тәуелсіз ұйым растаған есепті тапсыру мерзімі.
4. Парниктік газдар шығарындыларына сертификатты берген кезде көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде жазба жүргізіледі.
94-4-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына арналған сертификатты қайта ресімдеу
1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті кезең ішінде қондырғылардың сипатында немесе жұмыс істеуінде жоспарланған өзгерістер болған немесе парниктік газдардың жаңа көздерін енгізген жағдайларда парниктік газдар шығарындыларына берілген квоталар көлемін қайта қарау үшін өтініш жасайды.
2. Қондырғының операторы ауысқан (заңды тұлға иеліктен шығарылған, қайта ұйымдастырылған, ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы өзгерген) жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган растаушы құжаттар негізінде, өтініш беруші жүгінген кезден бастап бір ай мерзімде жаңа оператордың атауын және мекенжайын көрсете отырып, сертификатты қайта ресімдейді.
Сертификатта белгіленген міндеттемелер міндетті түрде жаңа операторға өтеді.
3. Таратылған заңды тұлғаның парниктік газдар шығарындыларына квотасы Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервіне өтеді.
4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
94-5-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары
1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті кезеңге бекітеді.
2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында экономика салалары бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталардың жалпы көлемі және табиғат пайдаланушылар үшін квоталар көлемі белгіленеді.
3. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларына сәйкес әзірленеді және табиғат пайдаланушылар қондырғылары паспорттарының деректеріне негізделеді.
4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономиканың басым секторларында жаңа қондырғылар пайдалануға берілген жағдайда шығарындыларға квота бөлу үшін қажетті квота көлемінің резервін құрайды.
Квоталар көлемінің резерві опцион шартымен сату үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйымға басқаруға беріледі.
94-6-бап. Табиғат пайдаланушыларды әкімшілендіру субъектілері
1. Табиғат пайдаланушыларды әкімшілендіру субъектілері (бұдан әрі - әкімшілендіру субъектілері) экономиканың мынадай салаларында: мұнай-газ, энергетика, тау-кен металлургиясы, химия салаларында, ауыл шаруашылығында, көлікте, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығында көлемі жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасына тең келетін мөлшерден аспайтын парниктік газдар шығарындыларымен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.
2. Осы Кодекс нормаларының күші, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуді субъектілер жүзеге асыратын рәсімдер бөлігінде әкімшілендіру субъектілеріне қолданылмайды.