| және алу туралы белгілері/ | | және есептен шығару/ |
| Отметки о выдаче и изъятии | | Прием на воинский учет и |
| мобпредписаний | | снятие с учет |
|____________________________| |_____________________________|
|Жұмнұсқамасы | Жұмнұсқамасы | |Есепке алынды/| Есептен |
| берілді/ | алынды/ | |Принят на учет| шығарылды/ |
|Выдано моб- | Изъято моб- | | | Снят с учета |
|предписание | предписание | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
|_____________|______________| |______________|______________|
____________________________ _____________________________
| _ | | _ |
||8| | | |9||
||_| | | |_||
|____________________________| | |
|Есепке алынды/| Есептен | | |
|Принят на учет| шығарылды/ | | |
| | Снят с учета| | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| 7. Әскери міндеттіліктен | | |
|босату туралы белгі/Отметки | | |
|об освобождении от воинской | | |
| обязанности | | |
|19. _______________________ | | |
|___________________________ | | |
|___________________________ | | |
|шақыру комиссияның қорытынды| | |
| жасаған күні/дата, | | |
| заключение призывной | | |
| комиссии | | |
| М.О./М.П. ________________ | | |
| атағы, қолы/ | | |
| звание, подпись | | |
|20. Әскери есептен шығарылды| | |
| /Исключен с воинского учета| | |
| 20__ж.»____________" | | |
| шекті жасқа жетуіне | | |
| байланысты/за достижением | | |
| предельного возраста | | |
| М.О. | | |
| М.П. ________________ | | |
| атағы, қолы/ | | |
| звание, подпись | | |
|____________________________| |_____________________________|
Қазақстан Республикасында
әскери міндеттілер мен
әскерге шақырылушыларды
әскери есепке алуды жүргізу
тәртібі туралы ережеге
9-қосымша
№_________ЖОЛДАМА
Азамат________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы)
Сіз стационарлық тексеруге (емделуге) жіберілесіз_____________
____________________________________________________________________
(емдеу-алдын алу ұйымының атауы
____________________________________________________________________
және ұйымның мекен-жайы)
____________________________________________________________________
Емдеу-алдын алу ұйымына сағ. келсін.
20___ж.»___"________________
МО ________________ қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім)
______________________
(әскери атағы, қолы)
20__ж.»____"_____________
--------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
ХАБАРЛАМА
Кімге_________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ұйым басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес _____________________________________
___________________________________________________________________)
(тегі, аты, әкесінің аты)
____________________ стационарлық тексеруге (емделуге жіберіледі)
____________________________________________________________________
(емдеу-алдын алу ұйымының атауы
____________________________________________________________________
және ұйымның мекен-жайы)
Осыған байланысты Сізге оған стационарлық тексеру (емдеу)
курсынан өту үшін уақыт беруіңізді сұраймын.
МО ______________ қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы
____________________
(әскери атағы, қолы)
20___ж.»___"________________
Әскери билеттерді толтыру жөнінде түсініктеме
1. Әскери билеттер мерзімді әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының күллі азаматтарына, әскери оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде запаста тұрған сарбаздарға (матростарға), сержанттарға (старшиналарға) толтырылады.
Әскери билеттерге негізгі түсі жарық көлемі 3х4 (кеудесі және бетінің алды, бас киімсіз) фотосуреттері жапсырылады. Әскери билетті берген жергілікті әскери басқару органдарының толық атауы көрсетіледі. Әскери билет берген айдың атауы жазбаша жазылады.
Әскери билетке тек қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығына немесе оны алмастыратын адамға ғана қол қоюға рұқсат етіледі. Әскери билетке қол қойған лауазымды адамның әскери атағы мен тегі қол қойған кезде көрсетіледі. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің елтаңбалы мөрінің бедерлемесі айқын қойылады және бедерлеменің бөлігі фотосуретте болуы, бірақ фотосуретте бейнеленген әскери билет иесінің бетіне тимеуі керек.
2. Әскери билеттер тек қара түсті тушьпен, кіршіксіз және түзетусіз анық түсінікті жазумен толтырылады. Әскери билеттегі деректер жазбасын басқа сиямен, шарикті қаламмен және қарындашпен толтыруға тиым салынады.
3. Әскери билеттің титул парағының сыртқы бетінде тегі, аты және әкесінің аты, сондай-ақ туған жылы мен күні, айы, туған жері деген бірінші тармақта төлқұжаттарындағы, жеке куәліктеріндегі немесе тууы туралы куәліктеріндегі жазбалар негізінде толтырылады. Туған жері мынадай жүйелілікпен толтырылады: село, аудан, қала, облыс немесе қала, облыс. Мысалы: «Имантау. Бексейіт с.Мамлют ауданы Солтүстік Қазақстан облысы немесе Ерейментау қаласы Ақмола облысы».
4. 2-тармағында төлқұжатында немесе жеке куәлігінде жазылған ұлты көрсетіледі.
5. 3-тармағында орта техникалық немесе жоғары білімі бар адамдарда оқу орнының толық атауы, қай жылы және қандай мамандық бойынша бітіргені көрсетіледі. Арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын бітірмеген жағдайда неше сыныбын немесе курсын аяқтағаны көрсетіледі. Егер әскери міндетті бірнеше оқу орнын бітірсе, онда неғұрлым жоғары білім дәрежесін беретін оқу орны көрсетіледі. Кәсіптік-техникалық оқу орнын бітірген адамдарға, қандай, қашан және қандай мамандықтар бойынша бітіргені көрсетіледі. Оқушыларға орта мектептің қай сыныбында немесе оқу орнының қай курсында оқитыны осы тармақта көрсетіледі. Мысалы: «Орта мектептің 10-сыныбында оқиды немесе «Еуразия мемлекеттік университеті тарих факультетінің 3-курсында оқиды». Тек қана жалпы орта білімі бар адамдарға мынадай жазу жазылады: «Орта мектебі, 11 сынып бітірген», «Толық емес орта мектеп, 9 сынып бітірген».
6. 4-тармағында білімі немесе практикалық жұмысындағы разряды немесе сыныбы нәтижесінде алған негізгі азаматтық мамандығы көрсетіледі.
7. 5-тармағында азамат қандай жергілікті әскери басқару органымен мерзімді әскери қызметке шақырылғаны және жинау пунктінен әскери бөлімге жіберілген күні көрсетіледі. Әскери бөлімге жіберілген күні мерзімді әскери қызметке шақырылған күні болып табылады. Қандай жергілікті әскери басқару органымен азамат бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында саптық емес қызметке жарамды деп танылғаны, әскери міндеттілердің есебіне қоюға тапсырылған күні.
8. 6-тармағында жұмылдыру бойынша шақыру күні немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметке айқындалған күні көрсетіледі. Келісім-шарт бойынша әскери қызметке өз еркімен қабылданған жағдайда осы тармақта әскери бөлімі штабының бастығы мынадай мазмұндағы жазба жазады: «58848 әскери бөлімі командирінің 2002 жылғы 21 қарашадағы № 184 бұйрығы. 2002 жылғы 23 қарашадан бастап 2005 жылғы 23 қарашаға дейін үш жыл мерзімге «В» түрі бойынша келісім-шарт».
9. 7-тармақ әскери бөлімнің штабында толтырылады. Онда әскери бөлімдерде қызмет өткеру хронологиялық тәртіппен көрсетіледі. Әскери бөлімдер шартты атаулар бойынша жазылады. Тәртіптік батальонда жазасын өтеген адамдарға, лауазымның орнына «Ауыспалы құрам» деп толтырылады, ол «Тәртіптік әскери бөлім» дегенді білдіреді. Жиындарды өткеру, сондай-ақ әскери бөлімнің штабында жазылады.
10. 8-тармағында қашан (жылы, күні, айы) және қандай бөлімде әскери ант қабылдағаны көрсетіледі. Жазба әскери бөлім штабы бастығының қолымен және мөрімен куәландырылады. Әскери ант қабылдамаған адамдарға бұл тармақ толтырылмайды.
11. 9-тармақ қай уақыттан қай уақытқа дейін, қандай әскери бөлімнің құрамында ұрысқа қатысқанын көрсететін тиісті құжаттар негізінде толтырылады.
12. 10-тармағында босатылушыны әскери даярлығы мен алған тәжірибесін ескере отырып, соғыс уақытында неғұрлым мақсатқа сәйкес пайдалану туралы әскери бөлім қолбасшылығының қорытындысы көрсетіледі. Мысалы Т-72 танк командирі ӘЕМ-113194А.
13. 11-тармағында мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде берілген әскери атағы мен мамандығы бойынша сыныптылығы жазылады. Есеп карточкасына соңғы атағы ғана жазылады.
14. 12-тармақ әскери бөлім штабында запасқа босатар кезінде толтырылады.
15. 13-тармақ тарату немесе келісім-шартты бұзу және запасқа босату кезінде толтырылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2002 жылғы 12-маусымдағы № 264 бұйрығына сәйкес келісім-шарттың тармағы мен негізі көрсетіліп жазылады.
16. Әскери билеттің 3-бөлігінің 14-18 тармақтары жергілікті әскери басқару органдарында толтырылады. Бұл ретте 14-тармақ әскери қызмет мерзімінің ұзақтығына немесе ұрыс қимылдарына қатысуына байланысты «1» немесе «2» санымен толтырылады; 15-тармағында «ҚР ҚК», «ҚР РҰ», «ҚР ҰҚК», «ҚР IIМ», «ҚР ТЖМ» есебінің тобы көрсетіледі, ол әскери бөлімдердің тиістілігіне негізделе отырып айқындалады.
16-тармақ берілген әскери атақтарға сәйкес толтырылады. «Қатардағы жауынгер» және «ефрейтор» әскери атағы бар адамдарға сарбаздар; «матрос» және аға матрос» - «матростар»; «кіші сержант», «сержант», «аға сержант», «3-сыныпты сержант» - «2-сыныпты сержант» - «1-сыныпты сержант» - «штаб-сержант» - «шебер-сержант»; «2-сатылы старшина», «1-сатылы старшина», «бас старшина», «3-сыныпты старшина» - «2-сыныпты старшина» - «1-сыныпты старшина» - «штаб старшина» - «шебер старшина» деп жазылады.
17-тармағында алғашқы үш саны әскери-есептік мамандығын білдіретін, кейінгі үш саны - лауазымының кодын және жетінші (әріп) белгісі қызметінің айрықша белгілерін көрсететін әскери мамандығының толық кодтық белгісі толтырылады.
18-тармағында ӘЕМ толық жеті санының белгісіне, лауазымының кодына және қызметінің айрықша белгілеріне сәйкес келетін әскери міндеттінің лауазымдық біліктіліктері жазылады. Басында әскери міндетінің даярлығы бойынша лауазымы, кейіннен оның әскери-есептік мамандығы мен қызметінің айрықша белгілері көрсетіледі.
Мысалы, 113189 А коды бойынша осы тармақта лауазымдық біліктілігі - «Орта танк командирі» деп жазылуы керек.
Әскери билеттің 3-бөлігінің 14-18-тармақтарына жазылатын әскери-есептік белгілері аудандық (қалалық) әскери комиссарлармен мыналардың негізінде айқындалады және нақтыланады:
әскери билеттің әскери қызмет өткеру бөлігіндегі жазбалар;
соғыс уақытында пайдалану туралы әскери бөлім қолбасшылығының қорытындысы;
әскери міндеттілердің азаматтық оқу орындарында немесе Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін құнды мамандықтар бойынша практикалық жұмыста алған қажетті даярлығы туралы тиісті құжаттарды ұсынуы;
әскери есепке тұрғызылған әскери міндеттілермен жеке әңгімелесу.
Енгізілген әскери-есептік белгілер сержанттар (старшиналардың) мен сарбаздардың (матростардың), келісім-шарт бойынша әскери қызметшілердің, әскери міндеттілердің азаматтық мамандықтарының әскери-есептік мамандықтары мен штаттық лауазымдарының тізбесіне және көрсетілген әскери міндеттілердің лауазымдары бойынша тарифтік тізбесіне (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2002 жылғы 14 қаңтардағы № 06 бұйрығы) сәйкестендірілуі тиіс.
17. 4-бөлігіне «Ерекше белгілер» мынадай жазбалар жазылады:
жоғалған немесе жарамсыздыққа келтірілгеннің орнына әскери билет беру туралы;
паспортын немесе жеке куәлігін беру, қайтару туралы;
бақылау органдарының рұқсаттама барлығы туралы;
мемлекеттік наградалармен, кеуде белгілерімен және бағалы сыйлықтармен наградталуы туралы;
әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындықтан өтуі туралы;
медициналық куәландыруды өтуі туралы.
18. Әскери билеттің 5-бөлігінде жергілікті әскери басқару органдарымен жұмылдыру нұсқамасын беру немесе алу туралы мөртаңба қойылады.
19. Әскери билеттің 6-бөлігінде жергілікті әскери басқару органымен әскери міндеттілердің есебіне қабылданғаны немесе алынғаны туралы мөртаңба қойылады.
20. Әскери билеттің 7-бөлігінде жергілікті әскери басқару органымен әскери міндеттен босату туралы белгілер қойылады.
19-тармағында шақыру комиссиясының қорытындысы және әскери қызметтен шығару туралы негіз толтырылады.
20-тармағында жергілікті әскери басқару органдарымен шекті жасқа жетуі бойынша әскери есептен шығарылғаны туралы белгі қойылады.
Қазақстан Республикасында
әскери міндеттілер мен
әскерге шақырылушыларды
әскери есепке алуды жүргізу
тәртібі туралы ережеге
10-қосымша
___________________
| ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ |
| НЫШАНЫ |
| СИМВОЛ |
| ВООРУЖЕННЫХ СИЛ |
|___________________|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы
КУӘЛІК
УДОСТОВЕРЕНИЕ
о приписке к призывному участку
МИНИСТЕРСТВО ОБОРОНЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН