8-Бөлім. Шартты сотталған адамдарға бақылау жасау
24-тарау. Шартты сотталғандардың жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыру
ҚР 16.07.01 ж. № 244-II Заңымен; 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 181-бап өзгертілді
181-бап. Шартты сотталғандардың жүрiс-тұрысын бақылауды жүзеге асырушы органдар
1. Шартты сотталғандардың жүрiс-тұрысын бақылауды сынақ мерзiмi iшiнде сотталғандардың тұратын жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциялары, ал шартты сотталған әскери қызметшiлер жөнiнде олардың әскери бөлiмдерiнiң командованиесi жүзеге асырады.
2. Шартты түрде сотталған адамдардың жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен ішкі істер органдарының қызметкерлері тартылады.
ҚР 16.07.01 ж. № 244-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 182-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 182-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
182-бап. Шартты сотталғандардың жүрiс-тұрысын бақылауды жүзеге асыру тәртібі
1. Қылмыстық-атқару инспекциялары сынақ мерзiмi iшiнде сотталғандардың жеке есебiн жүргiзедi, iшкi iстер органдарының қызметкерлерiнiң қатысуымен сотталғандардың қоғамдық тәртiптi сақтауын бақылайды.
2. Сотталушыға қосымша жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясы осы Кодекстiң 24-29-баптарында көзделген шараларды толық көлемiнде жүзеге асырады.
3. Сотталушы мiндеттi әскери қызметке шақырылған жағдайда жергілікті әскери басқару органына үкiмнiң көшiрмесi, қажет болған жағдайларда қызметтен өту орны бойынша сотталушының жүрiс-тұрысын бақылауды жүзеге асыруға керектi өзге де құжаттар жiберiледi. Әскери бөлiмнiң командованиесi он күн мерзiмде қылмыстық-атқару инспекциясына шартты сотталғандарды есепке қойғаны, қызмет аяқталған соң - әскери бөлiмнен кеткенi туралы хабарлауға мiндеттi.
4. Шартты сотталғандар қылмыстық-атқару инспекцияларының және әскери бөлiмдер командованиелерiнiң алдында өзiнiң жүрiс-тұрысы туралы есеп беруге, сот жүктеген міндеттерді орындауға айына екі рет тіркелу үшін, сондай-ақ шақыру бойынша қылмыстық-атқару инспекциясына келiп тұруға мiндеттi. Дәлелдi себептерсiз келмеген жағдайда шартты сотталушы ерiксiз келтiрiлуi мүмкiн.
5. Шартты сотталушы бақылаудан жалтарған жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясы оның жүрген жерi мен жалтару себептерiн анықтау жөнiнде алғашқы шараларды қолданады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылады (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 183-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
183-бап. Сынақ мерзiмiнiң есептелуi
1. Сынақ мерзiмi сот үкімі заңды күшiне енген кезден бастап есептеледi.
2. Сынақ мерзiмi бiткен соң шартты сотталушының жүрiс-тұрысын бақылау тоқтатылады, сөйтiп ол қылмыстық-атқару инспекциясының есебiнен шығарылады.
3. Сынақ мерзімінің өтуі соттың шартты түрде сотталған адамды іздестіру жариялау туралы қаулысы шыққан сәттен бастап тоқтатылады және соттың шешімі бойынша қайта басталады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 184-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 184-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 184-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
184-бап. Шартты түрде сотталған адамдардың жауаптылығы
1. Сотталған адам қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасап, сол үшін оған әкімшілік жаза қолданылған, тіркеу үшін келмеген, қылмыстық-атқару инспекцияларының рұқсатынсыз тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясы сынақ мерзімін ұзарту, бірақ бір жылдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы сотқа ұсыныс енгізеді, сондай-ақ оны шартты сотталудың күші жойылуы мүмкін екендігі туралы жазбаша түрде ескертеді.
2. Жеткілікті негіздер болған жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясы сотқа сынақ мерзімін бір жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс жібереді.
3. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген бұзушылықтарды қайталап жасаған, заңды талаптарға бағынбаған, сол сияқты шартты сотталған адамның тәртібіне бақылауды жүзеге асыратын орган қызметкерлерін қорлаған не оларға қатысты зорлық іс-әрекеттер жасаймын деп қорқытқан не егер сотталған адам бақылаудан жасырынған жағдайда, сотқа шартты жазаның күшін жою туралы ұсыныс жіберіледі.
4. Қылмыстық-атқару инспекциясына тіркелу үшін келмеген сәттен бастап он бес күннен астам уақыт ішінде тұратын жері анықталмаған, шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынған деп танылады.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қосымша
Сот үкімі бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiктер
ТIЗБЕСI
Сотталушы мен оның асырауындағы адамдар үшiн қажеттi, оған жеке меншiк құқығында тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын мынадай мүлiк түрлерi мен нәрселер тәркiленуге жатпайды:
1. Егер сотталушы мен оның отбасы тұрақты тұрып жатса, тұрғын үйi, пәтерi немесе олардың жекелеген бөлiктерi.
2. Тәркiленуге жатпайтын үй мен шаруашылық құрылыстары орналасқан жер учаскелерi, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық жүргiзуге қажеттi жер учаскелерi.
3. Негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болып табылатын адамдарда шаруашылық құрылыстары мен саны оның отбасының қажеттерiн қанағаттандыруға қажеттi үй малы, сондай-ақ малға арналған жемшөп.
4. Кезектi ауыл шаруашылық дақылдарын егуге қажеттi тұқым.
5. Үй жабдығы заттары, керек-жарақтар, киiмдер:
а) киiлiп жүрген киiм, аяқкиiм, iшкиiм, қолданылатын көрпе-төсек, ас үй және асхана заттары. Мех және басқа қымбат киiм-кешек, асхана сервизi, қымбат металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдiк жағынан құнды нәрселер тәркiленуi мүмкiн;
б) сотталушы мен оның отбасы мүшелерi үшiн қажетi шамалы жиhаз;
в) балалардың барлық керек-жарақтары.
6. Сотталушы мен оның отбасы мүшелерi үшiн, егер сотталушының негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болса, жаңа өнiмге дейiн қажеттi мөлшердегi азық-түлiк, ал қалған жағдайларда - азық-түлiк өнiмдерi мен жалпы сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мөлшердегi ақша.
7. Ас дайындауға және отбасының тұрғын-жайын жылытуға арналған отын.
8. Сотталушының кәсiптiк iсiн жалғастыруға қажеттi мүкаммал (оның iшiнде оқулықтар мен кiтаптар), бұған сотталушы тиiстi қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе мүкаммал оның қылмыс жасауы үшiн пайдаланылған жағдайлар қосылмайды.
9. Мүгедектердiң жүрiп-тұруына арнайы арналған көлiк құралдары.
10. Сотталушы марапатталған халықаралық, мемлекеттік және өзге де сыйлықтар.