Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа, террористік
және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар):
1) мазмұнында:
екі жүз алпыс жетінші абзац «Терроризмді» деген сөзден кейін «не экстремизмді» деген сөздермен, «терроризм» деген сөзден кейін «не экстремизм» деген сөздермен толықтырылсын;
екі жүз алпыс тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«233-3-бап. Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизге өзге де жәрдемдесу»;
мынадай мазмұндағы екі жүз жетпісінші абзацпен толықтырылсын:
«233-4-бап. Террористік не экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе дайындау не қаруландыру»;
екі жүз жетпіс бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«235-бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу»;
мынадай мазмұндағы екі жүз жетпіс екінші, екі жүз жетпіс үшінші, екі жүз жетпіс төртінші және екі жүз жетпіс бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«235-1-бап. Қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу
235-2-бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу
235-3-бап. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу
235-4-бап. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті жинау, сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу»;
2) 28-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық жасаған адам, сол сияқты ұйымдасқан топты, қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды), трансұлттық ұйымдасқан топты, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты (трансұлттық қылмыстық ұйымды) немесе тұрақты қарулы топты (банданы) құрған не оларды басқарған адам ұйымдастырушы деп танылады.»;
3) 31-бапта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-бөліктермен толықтырылсын:
«4-1. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы екі және одан да көп мемлекеттің аумағында не бір мемлекетте жасаса, бірақ оны дайындау, жоспарлау, басқару немесе оның зардаптары басқа мемлекетте орын алса немесе бір мемлекетте, бірақ басқа мемлекеттер азаматтарының қатысуымен жасаса, ол трансұлттық ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.
4-2. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында құрылған ұйымдасқан топтар бірлестігі екі және одан да көп мемлекеттің аумағында не бір мемлекетте жасаса, бірақ оны дайындау, жоспарлау, басқару немесе оның зардаптары басқа мемлекетте орын алса немесе бір мемлекетте, бірақ басқа мемлекеттер азаматтарының қатысуымен жасаса, ол трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ұйымдасқан топты, қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды), трансұлттық ұйымдасқан топты, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты (трансұлттық қылмыстық ұйымды) немесе тұрақты қарулы топты (банданы) құрған не басқарған адам осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда оларды ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін, сондай-ақ егер қылмыстар оның қаскүнемдiк ниетiмен қамтылса, ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған барлық қылмыстар үшiн қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) басқа қатысушылары осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда, оларға қатысқаны үшiн, сондай-ақ өздерi дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.»;
4) 34-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерінің не осындай органның тапсырмасы бойынша осы органмен ынтымақтасып жұмыс істейтін өзге адамның заңға сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын орындауы кезінде жасаған, осы Кодексте қорғалатын мүдделерге зиян келтірген әрекеті, егер бұл әрекет адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқық қорғау мүдделеріне келтірілген зиян аталған қылмыстармен келтірілетін зиянға қарағанда аздау болса, және егер оларды болғызбауды, ашуды немесе тергеуді, сол сияқты қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеуді өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаса, ол қылмыс болып табылмайды.»;
5) 41-бапқа ескертулердің 2-тармағы:
«168-171,» деген цифрлардан кейін «233-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«233-3,» деген цифрлардан кейін «233-4,» деген цифрлармен толықтырылсын;
6) 51-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) не тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыстар жасағаны үшін, сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен алынған не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сотталған адам басқа адамдардың меншігіне берген мүлік тәркілеуге жатады.»;
7) 54-баптың бірінші бөлігінің в) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың), террористік топтың құрамында қылмыс жасау;»;
8) 63-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қылмыстардың қауiптi немесе аса қауiптi түрде қайталануы кезінде не адамды ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында жасалған қылмыс үшін соттаған кезде адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды.»;
9) 65-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс жасаған адам, егер ол ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарға басқа да қатысушыларды әшкерелеуге белсендi түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.»;
10) 70-бапта:
үшінші бөліктің г) тармағындағы «төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін» деген сөздер «төрттен үшін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы д) тармағымен толықтырылсын:
«д) ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында жасалған қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.»;
сегізінші бөлік «қылмыс жасаған,» деген сөздерден кейін «террористік қылмыстар үшін сотталған адамға,» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 71-бапта:
екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Террористік қылмыстар үшін сотталған адамдарға жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру қолданылмайды.»;
12) 74-баптың екінші бөлігіндегі «Ауыр» деген сөз «Террористік қылмыстар үшін сотталған адамдарды қоспағанда, ауыр» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 131-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) қылмыстық қызметіне кәмелетке толмаған адамды тартуға байланысты әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
14) 164-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац «пайдалана отырып» деген сөздерден кейін «, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни араздықты немесе алауыздықты насихаттайтын әдебиет пен өзге ақпарат жеткізгіштерді тарату жолымен» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «екі жылдан алты жылға» деген сөздер «үш жылдан жеті жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «үш жылдан он жылға» деген сөздер «жеті жылдан он екі жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 233-бапқа ескертулердің 2-тармағы «233-3,» деген цифрлардан кейін «233-4,» деген цифрлармен толықтырылсын;
16) 233-1-бапта:
тақырып «Терроризмді» деген сөзден кейін «не экстремизмді» деген сөздермен, «терроризм» деген сөзден кейін «не экстремизм» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзац «Терроризмді» деген сөзден кейін «не экстремизмді» деген сөздермен, «терроризм» деген сөзден кейін «не экстремизм» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «бес жылға» деген сөздер «үш жылдан жеті жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзац «жасаған» деген сөзден кейін «не бір топ адам жасаған» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «үш жылдан сегіз жылға» деген сөздер «бес жылдан он жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 233-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«233-3-бап. Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесу
1. Террористік немесе экстремистік қызметті жүзеге асыру үшін жеке адамға, бір топ адамға немесе террористік не экстремистік ұйымдарға көрінеу заңсыз ақша және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беру немесе жинау, сондай-ақ сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдықтар, демеушілік және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсету не қаржылық қызмет көрсету, -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған нақ сол әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
Күш қолдану қатерімен террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыруды және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесуді жүзеге асырушы және ол туралы ерікті түрде мәлімдеуші, сондай-ақ қылмыстың ашылуына немесе жолын кесуге белсенді түрде жәрдемдескен адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге де қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
18) мынадай мазмұндағы 233-4-баппен толықтырылсын:
«233-4-бап. Террористік не экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе дайындау не қаруландыру
1. Террористік не экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе дайындау не қаруландыру -
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе кәмелетке толмағандарға қатысты жасаған нақ сол әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
19) 235-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«235-бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу
1. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру, сол сияқты оны басқару -
мүлкi тәркiленiп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында құрылған ұйымдасқан топқа қатысу, -
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
мүлкi тәркiленiп, сегіз жылдан он үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
Осы Кодекстің 235, 235-1, 235-2, 235-3, 237-баптарында ұйымдасқан топқа, қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға), трансұлттық ұйымдасқан топқа, трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа (трансұлттық қылмыстық ұйымға) немесе тұрақты қарулы топқа (бандаға) қатысуын өз еркімен тоқтатқан және ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасайтын немесе жасаған қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге белсенді түрде жәрдемдескен адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге де қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
20) мынадай мазмұндағы 235-1, 235-2, 235-3 және 235-4-баптармен толықтырылсын:
«235-1-бап. Қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу
1. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру не оны басқару, сол сияқты ұйымдасқан топтар басшыларының немесе өзге де қатысушыларының бірлестігін құру немесе дербес әрекет ететін ұйымдасқан топтардың қылмыстық іс-әрекеттерін үйлестіру -
мүлкi тәркiленiп, он екі жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ұйымдасқан топтар басшыларының қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға) қатысуы -
мүлкi тәркiленiп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қылмыстық іс-әрекеттерді үйлестіру, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып үйлестіру мақсатында ұйымдасқан топтар басшыларының, өзге де қатысушыларының жиналысына қатысу, -
мүлкi тәркiленіп, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
мүлкi тәркiленiп, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген әрекеттерді ұйымдасқан топтардың басшылары арасында жетекші орындағы адам жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Қылмыстық іс-әрекеттерді үйлестіру деп бірлесіп қылмыстар жасау мақсатында ұйымдасқан топтар арасында оларды келісуді (ұйымдасқан топтар басшыларының немесе өзге де қатысушыларының арасында тұрақты байланыстар орнатуды, қылмыс жасау үшін жоспарлар әзірлеп, жағдайлар жасауды, сондай-ақ қылмыстық ықпал ету аясын, қылмыстық әрекеттен түсетін табысты бөлісуді) түсіну керек.
2. Жетекші орындағы адам деп ұйымдасқан топтардың басшылары қылмыстық іс-әрекеттерді үйлестіру жөніндегі өкілеттіктерді берген адам танылады.
235-2-бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу
1. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық ұйымдасқан топ құру, сол сияқты оны басқару -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында құрылған трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысу, -
мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
мүлкi тәркiленiп, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
235-3-бап. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу
1. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру, сол сияқты оны басқару -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа (трансұлттық қылмыстық ұйымға) қатысу -
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
мүлкi тәркiленiп, он жеті жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
235-4-бап. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті жинау, сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу
1. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыру -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) не трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) қатысушысының мүлікті жинауы, сақтауы, бөлуі, сондай-ақ қаржыландыру арналарын әзірлеуі,-
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
мүлкi тәркiленiп, жеті жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қылмыстық қызметін қаржыландыру деп қылмыстық әрекетін жүзеге асыру мақсатында ұйымдасқан топқа, қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға), трансұлттық ұйымдасқан топқа, трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа (трансұлттық қылмыстық ұйымға) немесе тұрақты қарулы топқа (бандаға) мүлікті беруді, қаржылық қызмет көрсетуді түсіну керек.
2. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыруды күш көрсетіп қорқыту арқылы жүзеге асырған және бұл туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
21) 237-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
«сегіз жылдан он бес» деген сөздер «, он екі жылдан жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің екінші абзацында:
«алты жылдан он екі» деген сөздер «, он жылдан он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктің екінші абзацында:
«он жылдан он бес» деген сөздер «, он бес жылдан жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын.
22) 337-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «үш» деген сөз «алты» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «бес жылға» деген сөздер «үш жылдан жеті жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «бір жылға» деген сөздер «алты жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 337-1-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «үш жылға» деген сөздер «алты жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «екі жылға» деген сөздер «алты жылға» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар):