«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1638 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лауазымдық жалақылардың мынадай мөлшерлері айқындалсын:
1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» АҚ) басқарма төрағасына 759 264 (жеті жүз елу тоғыз мың екі жүз алпыс төрт) теңге;
2) «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарма мүшелері - басқарма төрағасының орынбасарларына 736 486 (жеті жүз отыз алты мың төрт жүз сексен алты) теңге;
3) «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарма мүшелеріне 714 390 (жеті жүз он төрт мың үш жүз тоқсан) теңге.
2. «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 291-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерінің айлық лауазымдық жалақыларының шекті мөлшерін және еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
3. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |