Егер ақша алушы жеке кәсiпкер ретiнде тiркелмеген жеке тұлға болып табылатын жағдайда 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламада оның қойылған қолы ғана болады.
186. Мемлекеттік мекеме «түпкiлiктi» мәртебесi бар төлеуге берiлетiн шотқа қоса аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ақша алушының қойылған қолдары және мөр бедерлері бар 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарламаны ұсынады.
«Түпкiлiктi» мәртебесi бар төлеуге берiлетiн шотты жүргiзгеннен кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi осы Ереженің 70-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарламаны (бұдан әрі - 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама) екi данада қалыптастырады. Хабарламаға 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің жауапты атқарушысы қол қояды және құжатты қайта өңдеу күнiн қоя отырып, оның мөртабанымен куәландырады. 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаның бiр данасы орындалған және тіркелген міндеттемелердің есебін жүргізу үшін мемлекеттік мекемеге, екінші данасы - мемлекеттік мекеменің қабылданған міндеттемелерін жабу үшін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
187. Бюджет қаражатының жұмсалуына мониторингті және мемлекеттік мекеменің қабылданған міндеттемелері бойынша егжей-тегжейлі ақпарат алуды қамтамасыз ету үшін аумақтық қазынашылық бөлiмшесi осы Ереженің
71-қосымшасына сәйкес 4-09 «Мерзімді міндеттемелер бөлшектері» нысанындағы есебін және қажеттілігіне қарай мемлекеттік мекеменің сұратуы бойынша берілетін осы Ереженің 72-қосымшасына сәйкес 4-12 «Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері» нысанындағы есебін және ай сайын осы Ереженің 31-қосымшасына сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысанындағы есепті қалыптастырады.
23-тарау. Төлемдер мен ақша аударымдарын ұлттық
валютамен жүзеге асыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.08.12. № 1321 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 188-тармақ өзгертілді
188. Мемлекеттік мекемелердiң төлемдерi мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттік мекемелер шоттарындағы қалдықтар, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке жоспардың жоспарлы тағайындаулары мен шартты тіркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегiнде жүргiзiледi. Мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының және шетел валютасындағы шоттарының жеке сәйкестендiру кодтары осы Ережеде белгiленген тәртiппен берiледi және тиiстi аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi мен мемлекеттік мекемелердің қаперіне жеткiзiледi.
Жеке жоспар шығыстарының бюджеттік сыныптамасының тиiстi коды бойынша жоспарлы тағайындау болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi төлеуге берiлетiн шотты орындаусыз қайтарады.
Тиісті бюджеттердің ҚБШ-да ақша жеткіліксіз болған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесі бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалған бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдер жүргізеді, қалған төлемдер төлеуге берілетін шоттардың түсу кезектілігі тәртібімен жүргізіледі. Бұл ретте қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде түскен ҚБАЖ-ға енгізілген төлеуге берілетін шотты орындау үшін жеткілікті сомада ақша болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда, төлеуге берілетін шот қайтару себебін негіздей отырып, төлеуге берілетін шот келесі күнге орындамастан мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Тиiстi қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда салықтың және басқа да бюджетке міндетті төлемдердің, салық органдары және (немесе) уәкілетті органдардың құзыреті шегіндегі салықтық емес төлемдердің артық төленген сомаларын салық төлеушілерге қайтаруға төлем тапсырмаларын аумақтық қазынашылық бөлiмшесi орындауға қабылдамайды.
БҚШ-дан ақшаны есептен шығару бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ҚР ҰБ белгiлеген тәртiппен ҚБЕО төлем жүйелерi арқылы жiберiлген электрондық төлем құжаттары негiзiнде жүргiзiледi.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның немесе мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе мәслихатқа енгізілген күннен бастап бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынған деректер негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның нұсқауы бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесі жоспарлы тағайындауларды азайту жоспарланатын бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар), ерекшеліктер бойынша төлемдер жүргізуді тоқтата тұрады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 189-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
189. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мемлекеттік мекемелерден төлеуге берiлетiн шоттарды қағаз тасығышта қабылдауды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң басшысы бекiткен және мемлекеттік мекемелерге берілген мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесiне сәйкес жергiлiктi уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейiн жүзеге асырады. Бұл ретте, банк кассасынан чек бойынша қолма-қол ақшаны алуға арналған құжаттар жергiлiктi уақыт бойынша сағат 13.00-гe дейiн қабылданады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекемелерден келіп түскен төлеуге берілетін шоттарды электрондық түрде «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы қабылдауды жұмыс күні ішінде сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырады. Сағат 16.00-ден кейін келіп түскен құжаттар келесі жұмыс күні орындалады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 190-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 190-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.20.06. № 667 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 190-тармақ жаңа редакцияда
190. Мемлекеттік мекеме:
мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесінің сақталуын;
төлеуге берілетін шотты ұсыну заңдылығы мен негізділігін;
төлеуге берілетін шотта көрсетілген деректемелердің дұрыстығын;
ақша алушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттемелердің дер кезінде және толық орындалуын;
жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетілген қызметтердің жеткізілуін растаудың дұрыстығын;
аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде - шот-фактураның, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмесін, актілер жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, жұмыстарды немесе қызметтерді орындау кезінде - орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесін немесе тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша аванстық төлемнің сомасын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрін беруді;
ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және олар бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы даярлау құны шарт құнына енген басқа да объектілерді жөндеуге байланысты шығыстар бойынша аванстан кейінгі төлемді жүргізу кезінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін ұсынуды қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады.
Мемлекеттік мекеме негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша төлем жүргізу кезінде, аванстық төлем сомасын қоспағанда, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шот-фактураның, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмесін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеге берген өзге құжат түрінің көшірмесін береді. Бұл ретте көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеменің түпнұсқалық мөрінің бедерімен расталады және әр парағына орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген лауазымды адамның), ал ондайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолы қойылады.
Бұрын мемлекеттік кәсіпорындар жасасқан, аяқталып келе жатқан ұзақ мерзімді шарттар бойынша ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың құрылыстарын, ғимараттарын қалпына келтіру және күрделі жөндеу жүргізу үшін, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша аванстық төлем сомасын қоспағанда, төлем жүргізу кезінде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесін не Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеге берген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеменің түпнұсқалық мөрінің бедерімен расталады және әр парағына орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (орталық атқарушы орган жауапты хатшысының өкілеттіктері белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген лауазымды адамның), ал ондайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолы қойылады.
191. Қолма-қол емес және қолма-қол ақша түрiнде төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру мыналардың:
бюджет қаражаты;
мемлекеттік мекемелер өздерiнiң билiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақша;
мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оны қайтарып алу не белгілі бір жағдайлар басталғанда тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен беретiн ақша;
мемлекеттік мекемелер үшін демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн, олар заңнамалық актілерге сәйкес алатын ақша есебінен төлеуге берілетін шоттарды мемлекеттік мекеменiң қалыптастыруын және аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жүргiзуiн қамтиды.
192. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiне төлеуге берiлетiн шотты ұсынғанға дейiн оны төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналына тiркейдi. Төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналы журналдағы беттердiң жалпы санын көрсете отырып, нөмiрленген, тiгiлген және елтаңбалы мөрi қойылған және мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол өкiлеттiк берген тұлғаның қолымен куәландырылған осы Ереженің 73-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргiзiледi. Төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналындағы жазу төлеуге берiлетiн шоттарды қалыптастыруға қарай хронологиялық тәртiпте жүргiзiледi. Бұл ретте, төлеуге берiлетiн шотта көрсетiлген күн төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналында көрсетiлген тiркеу күнiне сәйкес келуi тиiс. Төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналында ағымдағы қаржы жылы аяқталғанда бос беттер болған кезде келесi жылғы жазулар үшiн пайдалануға болады, бұл ретте, жазулардың нөмiрленуi басынан басталады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 193-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
193. Осы Ереженің 74-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасығыштағы төлеуге берілетін шот және төлеуге берілетін шоттың электрондық түрі онда көрсетілген күннен он күнтізбелік күн ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне беруге жарамды.
«Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы төлеуге берілетін шот осы Ереженің 74-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 194-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
194. Мемлекеттік мекеме төлемдердi жүргiзу және ақша аудару үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 75-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiн, алдын-ала төлеу үшін төлеуге берілетін шоттарды қоспағанда, осы Ереженің 208 және 211 тармақтарда көзделген құжаттарды қоса бере отырып, төлеуге берілетін шоттарды ұсынады. Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмi және төлеуге берiлетiн шоттардың аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада ұсынылады.
Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiнде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынатын барлық төлеуге берiлетiн шоттар көрсетiледi.
«Қазынашылық - Клиент» АЖ арқылы электрондық түрде жіберілген төлеуге берілетін шоттарды жүргізген кезде төлеуге берілетін шоттардың тізілімдері берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 195-тармақ өзгертілді
195. Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнiң жауапты орындаушысы осы Ережеде көзделген жағдайларда қағаз тасығышта оларға қоса берілген төлеуге берілген шоттары мен құжаттармен бірге төлеуге берілген шоттар тізілімінің екі данасын қабылдайды, олардың жинақтылығын, 24-29-тарауларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiне қоса берiлген төлеуге берiлетiн шоттар мен құжаттардың саны, төлеуге берілген шоттар тізілімінде көрсетілген олардың санына және 24-29-тарауларда белгiленген талаптарға сәйкес келген кезде тiзiлiмнiң екi данасына және тізілімге қоса берілген төлеу шоттарына қолын, күнiн және мөртабан бедерін қояды. Төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнiң қол қойылған және мөр таңбаланған данасы мемлекеттік мекемеге қайтарылады, төлеуге берілген шоттарға және құжаттарға қоса берілген төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнің екінші данасы одан әрi орындау үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы төлеуге берілетін шоттың электрондық түрінің және оған қоса берілген құжаттың осы Ереженің 24-29-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және сәйкес келген жағдайда төлеуге берілетін шоттың электрондық түрін бекітеді.
ҚБАЖ -да ақша алушы болмай қалған кезде, жасасқан шарттың аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелуін талап етпейтін БСК шығыстары бойынша шарт жасаспай не шарт жасаса отырып тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу жағдайында осы Ереженің 60, 62-қосымшаларына сәйкес, мемлекеттік мекеме Ақша алушылардың анықтамасына енгізуге өтінімді ақша алушының мынадай құжаттарын:
1) заңды тұлға:
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесін;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болу туралы банктің анықтамасын.
ақшаны алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растама хатын (ақшаны алушы резидент емес болып табылатын жағдайда)
2) жеке тұлға:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесін;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болу туралы банктің анықтамасын қоса бере отырып ұсынады.
ҚБАЖ -да ақша алушының деректемелері болмаған кезде, ол бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінде жасалған шартты тіркеу талап етілмейтін шығыстардың БСК бойынша шарт жасаспай не шарт жасасып тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алған жағдайда, мемлекеттік мекеме, осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 63, 64-қосымшаларына сәйкес, ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінім береді.
Ақша алушыны ақша алушылардың анықтамасына енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің ресімделуінің растығы мен дұрыстығына мемлекеттік мекеме жауапты болады.
196. Төлем жүргiзiлгеннен кейiн төлеуге берiлетiн шоттың екiншi данасы және осы Ереженiң 76-қосымшасына сәйкес 5-15 «Мемлекеттік мекемелердiң төлемдерiн жүргiзу жөніндегі күнделiктi көшiрмесi» нысаны бойынша қалыптастырылған есеп (бұдан әрі 5-15-нысан) төлеуге берiлетiн шотта төлем жүргiзiлген күнді және салыстыру жүзеге асырылған күнді көрсете отырып, салыстырылады, қазынашылық аумақтық бөлiмшесiнің жауапты орындаушысының қойылған қолымен және мөртабан бедерімен куәландырылады және мемлекеттік мекемеге берiледi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.20.06. № 667 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 197-тармақ өзгертілді
197. Қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарында төлеуге берiлетiн шоттарды орындау үшін ақша болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, қағаз тасығышта төлеуге берілетін шот және «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде түскен төлеуге берілетін шот орындалады не орындалмай оны аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қабылдаған күннен кейiнгi күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде қайтарылады.
Қағаз тасығышта төлеуге берілетін шот және «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы электрондық түрде түскен төлеуге берілетін шот мынадай:
кағаз тасығышта төлеуге берiлетiн шот осы Ережеде белгiленген нысанға сәйкес емес нысан бойынша ұсынылған;
түзетулермен, оның ішінде қолмен түзетіліп ұсынылған;
осы Ережеде көзделген растау құжаттарын, оның ішінде магниттік (электрондық) қосымшасыз ұсынылған;
талап етілген жолдарда қойылған қолдардың және /немесе мөр бедерінің болмаған;
қойылған қолдар және /немесе мөр бедері қойылған қолдардың және мөр бедерінің үлгісі бар құжатқа сәйкес келмеген;
құжаттың барлық даналарындағы талап етілген ашық шетіне мөр бедері дәл (анық) қойылмаған;
жазба соманың санмен көрсетiлген сомаға сәйкес келмеген;
төлеуге берілетін шоттарда көрсетілген, бағдарламалық тексеруге жататын деректердің ҚБАЖ - ға енгізілген деректерге сәйкес келмеген;
төлем мақсатының Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымына сәйкес шығыстардың бағытына сәйкес келмеген;
төлеуге берілетін шоттардың деректерінің төлеуге берілетін шоттарға қоса берілген (осы Ережеде белгiленген жағдайларда құжаттар қоса берілген кезде) растаушы құжаттардың деректеріне сәйкес келмеген;
төлем сомасының қаржыландырудың жеке жоспарларының тиісті кезеңдегі (өспелі қорытындылармен) төлемдері бойынша пайдаланылмаған қалдығы сомасынан асып кеткен;
аванстық төлем пайызы республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруды қоспағанда, осы Ереженің 156 - 161-тармақтарында көзделген мөлшерінен асып кеткен;
төлеуге берілетін шоттың бірінші данасының деректемелері төлеуге берілетін шоттың екінші данасының деректемелеріне сәйкес келмеген;
төлеуге берілетін шоттың қолданыс мерзімінен асатын мерзімде берілген;
ұсынылған төлеуге берілетін шоттар саныны төлеуге берілетін шоттар тізілімінде көрсетілген санға сәйкес келмеген;
ҚБЕО белгілеген хабарламалар пішімінде магниттік (электрондық) тасығышта қателер анықталған жағдайларда орындалмай мемлекеттік мекемеге қайтарылады;
осы Ереженің 185-тармағының екінші абзацында көзделген талаптарды сақтамастан төлеуге берілетін шотқа хабарламаны «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы бекіту.
«Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде түскен төлеуге берілетін шот қабылдау және одан әрі өңдеу кезеңінде жоғарыда санамаланған талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде төлеуге берілетін шот қайтару негіздемесі міндетті түрде көрсетіле отырып, электрондық түрде мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Төлеуге берілетін шот қабылдау кезеңінде жоғарыда санамаланған жағдайларға сәйкес келмеген кезде төлеуге берілетін шот қайтарылуы туралы белгі соғылған бар хатпен ресімделмей төлеуге берілетін шот тізілімінің бірінші данасында - мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының қойылған қолы, екінші данада - аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты хатшысының қолы қойылып қайтарылады. Тексеру барысында қабылдағаннан кейін сәйкессіздік анықталған кезде онда төлеуге берілетін шот аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының немесе оған уәкілеттік берген тұлғаның қолы қойылған жазбаша негіздемемен қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 198-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
198. Мемлекеттік мекеменiң қағаз тасығыштағы және «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде түскен төлеуге берiлетiн шотының атқарылу күнi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бекiткен 5-15 нысанындағы есепке бекітілген төлеуге берiлетiн шотты енгiзген күнi болып табылады.
24-тарау. Төлеуге берiлетiн шотты ресiмдеу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 199-тармақ өзгертілді
199. Қағаз тасығыштағы және «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде түскен төлеуге берілетін шот былайша толтырылады:
«№ төлеуге берiлетiн шот» ашық жолағында мемлекеттік мекеменiң жетi мәнді кодынан тұратын, төлем мен ақша аудару жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екi саны бөлшек сызығы арқылы, дефис арқылы - төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналындағы жазбаның реттiк нөмiрiне сәйкес келетiн реттiк нөмiрiнен тұратын төлеуге берiлетiн шоттың нөмiрi көрсетiледi;
«Күнi» ашық жолағында төлеуге берiлетiн шот үзiндiсінің күнi көрсетiледi;
«Мемлекеттік мекеме» бөлiмiнде:
«ММ-нің Коды» ашық жолағында Мемлекеттік мекемелердiң анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменiң жетi белгiден тұратын коды көрсетiледi;
«Атауы» тор көзiнде мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес келетiн мемлекеттік мекеменiң толық атауы көрсетiледi; аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мен мемлекеттік мекеменің жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанның атауын және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі;
«СТН» («БСН») ашық жолағында мемлекеттік мекемеге салық қызметi органы берген салық төлеушінің тiркеу нөмiрi (бизнес сәйкестендіру нөмірі) көрсетiледi;
«АҚБ» ашық жолағында мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететiн аумақтық қазынашылық органының атауы көрсетiледi;
«БСК» ашық жолағында бюджет атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;
«ЖСК» ашық жолағында:
мыналар:
мемлекеттік мекеменiң қаржыландыру көзiне қарай республикалық бюджетке (облыстық бюджетке (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджетiне) не аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер;
мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаны аудару және олардың есебінен есеп айырысулар жүргізу;
мемлекеттік мекемелер үшiн демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес алатын ақшаны есептеу және жұмсау;
мемлекеттік мекемеге қайтарымды не белгілі бір жағдайлар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алу;
ерекше шығыстарды жүргізуге арналған бюджет ақшасын есепке алу және оларды пайдалану бойынша операцияларды есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шотының тиісті жеке біріктірілген коды көрсетіледі.
«Қаржыландыру көзi» ашық жолағында қаражатының есебiнен төлем мен ақшаны аудару жүзеге асырылатын қаржыландыру көзiнiң түрiн бiлдiретiн нышан көрсетiледi:
1 - үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражатының есебiнен;
2 - үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатының есебiнен;
3 - мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаның есебiнен;
4 - демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдердiң қаражаты есебiнен;
5 - жеке және (немесе) заңды тұлға қайтарымды шарттарда мемлекеттік мекемеге беретiн ақшаның есебiнен;
8 - ерекше шығыстардың есебiнен;
«Бюджет түрi» ашық жолағында қаражатының есебiнен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрiн бiлдiретiн нышан көрсетiледi:
01 - республикалық бюджет;
02 - облыстық (республикалық маңызы бар қала (астана)) бюджет;
03 - аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi;
«Шығыстардың БСК» ашық жолағы бюджет қаражатының немесе мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаның есебiнен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезiнде ғана толтырылады; онда кезектiлiкпен үш мәнді бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiнiң, бюджеттік бағдарлама, шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi кодтарын бiлдiретiн он екi мәнді код көрсетiледi;