54) 170-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның үш айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның он айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
55) 172-бапта:
тақырыбы «жария ету» деген сөздерден кейiн «, тарату» деген сөзбен толықтырылсын;
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацында:
«, сол сияқты» деген сөздер «не» деген сөзбен ауыстырылсын;
«мәлiметтер жинау» деген сөздерден кейiн «, сол сияқты мемлекеттiк құпияларды құрайтын, заңсыз алынған мәлiметтердi тарату» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы «жұмыс бабымен» деген сөздерден кейiн «не қылмыстық, азаматтық iс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге байланысты, сол сияқты жедел-iздестiру шараларын дайындау немесе жүргiзу барысында» деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi бөлiкте:
бiрiншi абзацта:
«жұмыс бабымен» деген сөздерден кейiн «не қылмыстық, азаматтық iс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге байланысты, сол сияқты жедел-iздестiру шараларын дайындау немесе жүргiзу барысында» деген сөздермен толықтырылсын;
«ауыр» деген сөздiң алдынан «iрi залал келтiруге немесе өзге де» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы «немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
төртiншi бөлiктiң екiншi абзацы «сегiз» деген сөздiң алдынан «үш жылдан» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы Кодекстiң 172, 173 және 386-баптарында iрi залал деп қылмыс жасалу сәтiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асып түсетін сомада келтiрiлген залал танылады.»;
56) 173-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
бiрiншi абзац «ауыр» деген сөздiң алдынан «iрi залал келтiруге немесе өзге» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы «немесе сотталған адамның он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiкте:
бiрiншi абзац «ауыр» деген сөздiң алдынан «iрi залал келтiруге немесе өзге» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы «немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
57) 175-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің в) тармағы «қоймаға» деген сөзден кейiн «не көлiк құралының салонына» деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi бөлiкте:
а) тармағы алып тасталсын;
екiншi абзацтағы «он» деген сөз «жетi» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«4. Мынадай:
а) ұйымдасқан топ жасаған;
б) аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық, -
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
Ескерту мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы тараудың баптарында аса iрi мөлшер немесе залал деп қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен екі мың есе асып түсетiн мүлiктiң құны немесе залалдың мөлшерi танылады.»;
58) 176-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiктiң а) тармағы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
мүлкi тәркiленiп және белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айырып, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
59) 177-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiкте:
а) тармағы алып тасталсын;
екiншi абзацтағы «бес жылдан он жылға» деген сөздер «үш жылдан жетi жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
60) 178-бапта:
үшiншi бөлiкте:
а) тармағы алып тасталсын;
екiншi абзацтағы «алты жылдан он екi» деген сөздер «бес жылдан он» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
61) 179-бапта:
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «он екi» деген сөздер «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiкте:
а) тармағы алып тасталсын;
екiншi абзацтағы «сегiз жылдан он бес» деген сөздер «жетi жылдан он екi» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
62) 181-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiкте:
а) тармағы алып тасталсын;
екiншi абзацтағы «жетi жылдан он бес» деген сөздер «бес жылдан он» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
63) 183-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
64) 184-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
65) 184-1-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
66) 185-баптың бiрiншi бөлiгінiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
67) 189-бап алып тасталсын;
68) 190-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бес жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып не онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бір мыңнан бір жарым мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
ескертулер мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертулер.
1. Осы Кодекстiң 190 және 191-баптарында сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс - iрi мөлшердегi табыс деп, сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс аса iрi мөлшердегi табыс деп танылады.
2. Осы Кодекстiң 190-бабында құны бір мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын тауарлар саны едәуір мөлшердегi тауарлар деп танылады.
3. Осы тараудың 190, 191, 192-1, 215, 216, 217, 219 және 220-баптарында ірі мөлшердегі залал деп қылмыс жасау сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен мың есе асатын сомада азаматқа келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомада ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал танылады.
4. Осы тараудың 194, 198, 199, 200, 202-1, 203, 204, 205 және 218-баптарында ірі мөлшердегі залал деп қылмыс жасау сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомада азаматқа келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал танылады.»;
69) 191-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сегіз жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
70) 192-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «алты жүз елу» деген сөздер «алты жүз елуден екі мыңға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«екі мыңнан бес мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«үш мыңнан алты мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
ескертулер мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертулер.
1. Осы Кодекстің осы бабында және 192-1-бабында құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтін мәмілелерге кредиттерді заңсыз алуға, салық төлеуден жалтаруға, тыйым салынған қызметті жасыруға, заңсыз табыс табуға және (немесе) өзге де мүліктік пайда алуға бағытталған мәмілелер, сондай-ақ көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесу жатады.
2. Осы бапта ірі мөлшердегі залал деп азаматқа айлық есептік көрсеткіштен мың есе асатын сомада келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомада келтірілген залал танылады.»;
71) 192-1-баптың екінші абзацындағы «бес жүз» деген сөздер «бес жүзден екі мыңға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
72) 193-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «жетi жүзге» деген сөздер «бір мыңға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеті жүзден бір мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бір мыңнан екі мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайларда мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
ескертуде:
«Ескерту» деген сөз «Ескертулер» деген сөзбен ауыстырылсын;
бұл түзетудің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;
«он» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
73) 194-баптың бірінші бөлігінің екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға,» деген сөздер «айыппұл салуға,» деген сөздермен ауыстырылсын;
74) 196-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
75) 198-баптың екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
76) 199-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
77) 200-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
78) 202-баптың екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
79) 202-1-баптың екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
80) 203-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
81) 204-баптың екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының не өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
82) 205-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның он айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
83) 207-баптың бірінші бөлігінің екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
84) 208-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталушының бестен жетi айға дейiнгi кезеңi iшiндегi жалақысы немесе өзге де кiрiсi мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталушының бес айдан он айға дейiнгi кезеңi iшiндегi жалақысы немесе өзге де кiрiсi мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
85) 209-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
«екi жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның мүлкі тәркіленіп не онсыз,» деген сөздер «мүлкі тәркіленіп не онсыз, бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
«немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік г) тармағындағы «мөлшерде жасалса, -» деген сөздер «мөлшерде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
д) тармағымен толықтырылсын:
«д) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса, -»;
үшінші бөліктің төртінші абзацындағы «үш жылға дейiнгi мерзiмге» деген сөздер «мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейiнгi мерзiмге» деген сөздермен ауыстырылсын;
86) 213-бапқа ескертудегі «он» деген сөз «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
87) 214-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
88) 215-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бiр мыңнан бір жарым мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жеті жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеті жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
89) 216-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеті жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
90) 216-1-баптың екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның алты айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
91) 217-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сегіз жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
92) 218-баптың екiншi абзацында:
«немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
«немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
93) 219-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»;
94) 220-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бес жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз және үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бір мыңнан екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз және үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»;
95) 221-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«екі жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бес жүзден үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
Ескертудегі «бес жүз» деген сөздер «екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
96) 222-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның алты айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде» деген сөздер алып тасталсын;
ескертуде:
«екі» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
«бес» деген сөз «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;
97) 224-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
98) 226-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бір мыңнан үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
99) 227-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бір мыңнан екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
100) 227-1-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бір мыңнан екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
101) 228-баптың екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның алты айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
102) 229-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
103) 231-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
бірінші абзац «пайдалануы үшін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы «немесе сотталған адамның бес айдан бір жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның сегіз айдан бір жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiкте:
бірінші абзац «пайдалануы үшін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы «немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөлікте:
бірінші абзац в) тармағындағы «байланысты жасалған болса -» деген сөздер «байланысты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
г) тармағымен толықтырылсын:
«г) ірі мөлшерде жасалған болса, -»;
екінші абзацта:
«немесе сотталған адамның бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
«айналысу құқығынан айыра отырып,» деген сөздерден кейін «мүлкі тәркіленіп немесе онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын;